Просмотр содержимого документа
«Шығарма " Туған жер"»
«Шолаққарғалы ауылындағы негізгі орта мектеп» КММ-нің
9 «А» сынып оқушысы Муратхан Бұлғынның
«Туған жер»туралы шығармасы
Мына бір жарық дүниенің есігін ашып, кіндік қанымыз тамып, балпаң-балпаң басып жүгірген туған жеріміз біздің рухани байлығымыз бен қасиетті ата мекеніміз, ата жұртымыз. Ата-бабаларымыз аянбай еңбек етіп, қан мен теріні төгіп, күні-түні ұйқтамай қорғаған қасиетті мекенді бізде көркейтіп,қорғауға міндеттіміз.Оның әрбір затын аялап, күтіп, ол үшін аянбай тер төгіп, туған жеріміздің дамуына үлес қосатын болашақ ұрпақ біз! Жүрек түпкірінен ойып тұрып орын алатын туған жер әр кісіге де ыстық –ақІ Осы бір кіндік қанның тамған-туған жерсіз адамның күні жоқ. Алыс кетсең, өз үйіңнің мұржасына дейін сағынасың. Туған жерің түсіңе енеді. Қайда барсаңда туған жерге деген сағыныш пен туған жерге деген алып махаббат бізді алыстан қол бұлғап шақырады.
-Міне, туған жердің құдіреттілігінің өзі қайда жатыр десеңші?! Тіпті оның құдіреттілігін жазып та, ауызбен айтып та жеткізе алмаймыз. Туған жердің құдіреттілігі өте шексіз.
Туған жеріміз біздің рухани байлығымыз бен ата мекеніміз ғана емес, ол бір қайталанбас бейне. Туған жер ол деген-тұнып турған сыр мен сөйлеп тұрған сурет сияқты. Осы бір сырға толы туған жердің көгілдір аспаны біздің кеудеміз секілді. Сол аспаның төсінде түнде жарқырап тұрған жұлдыздар біздің көздерміз секілді.Туған жердің жарық күнімен алысқа қараймыз.Оның жупар атқан жусаны , оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, таңғажайып табиғаты табиғаты оның бәрі-бәрі біздің туған жеріміз. Осындай бір керемет туған жерімізді біз тек көркейтіп ғана қоймаумыз керек. Оның рухани жаңғыруына да қолғабыс етуге тиіспіз. «Бірігіп қөтерген жүк жеңіл»-демекші бәріміз бірге туған тілімізді, рухани байлығымыздың жаңғыруына атсалысайық ертеңгі күніміздің бұдан да жарық болары анық!.