Просмотр содержимого документа
«Шортанбай Қанайұлының өмірі және шығармашылығы.»
«№11 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Рахметова Алуа Рымгазыевна
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлының өмірі және шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:
Шортанбай Қанайұлы туралы тың деректер ала отырып, өмірі және шығармашылығымен танысады. Жаңа мағлұматтар, деректер алады.
Сабақтың міндеті:
Білімділігі:
Шортанбай Қанайұлының қазақ әдебиетіндегі орнын анықтап шығармаларына талдау жасайды. Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын айқындайды
Дамытушылығы:
Ш. Қанайұлының өлеңдеріне тілдік және құрлысына талдау жасай отырып, теориялық білімдері беки түседі. Талдау дағдылары жетілдіріледі, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, ойлау, таным белсенділіктері арттырылады.
Тәрбиелігі:
Ұлттық рухани құндылықтарды бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін ұштай отырып бірін-бірі сыйлауға, пікіріне құрметпен қарауға қалыптасады.
Сабақтың типі: Білім, білік дағдыны бекіту.
Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы, сұрақ-жауап.
Әдіс-тәсілдері: Тапсырмамен жұмыс, сұрақ жауап.
Көрнекіліктер: Таратпа кестелер.сызбалар.
Пәнаралық байланыс: Тарих.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу
ә) Оқушы назарын сабаққа аудару
IІ. Үй тапсырмасын тексеру:
а) Абыл Тілеуұлы мен Майлықожа Сұлтанқожаұлы шығармаларынан үзінді жаттау.
ІІI. Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығымен танысу.
Қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың бірі Шортанбай Қанайұлы. Ол 1818 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында дүниеге келген. Ақын 63 жасында қазіргі Қарағанды облысының Шет ауданында қайтыс болған.
Ой қозғау.
Осы өлеңдер нені дәлелдеу үшін жазылған?
Шортанбай ақынның ойынша заманды аздырушылар кімдер?
Шортанбай не себепті дінге сүйеніп, құдайдың құдіретіне бас июге шақырады?
Ақын заман өзгерісіне сай адам бойында қандай құндылықтардың жоғалып, қандай жаман қылықтардың шығып жатқанына қынжылады?
Зар деген сөзді қалай түсінесіңдер?
ХІХ ғасырда өмір сүрген Дулат, Мұрат тағы басқа ақындар замана жайын отаршылдықтың зиянды кесірі деп қарап, ашына, түңіле күйіну сарынында жырлады. Бұл ақындарды жерлесіміз, заңғар жазушы, классик М. О. Әезов «зар заман ақындары» деп атаған.
Шортанбай Қанайұлының шығармасын алғаш зерттеген орыс зерттеушісі Радлов. ««Зар заман» толғауы арқылы бір дәуірге ат Берген шығарманың астарынан көп нәрсені аңғарамыз» деп, отаршылдықтың қазақ ұлтына әкелген зияны туралы Радлов та айтады.
Оның «Зар заман» өлеңдер топтамасы-адам сипатынан түңілген, халық үшін жаны күйінген жанның толғанысы, дәуір айнасы.
Олай болса Ш. Қанайұлы өз шығармаларында нені жырлады?
Заман сипатынан түңілген, халық үшін жаны күйінген жанның толғанысы өз заманына мысқалдап кіре бастаған сал-дәстүрімізге жат, ұлттық рухымызға тән емес қылықтар еді.
Жаңа сабақты бекіту.
Шортанбай Қанайұлын сендер қаншалықты таныдыңдар, қай жағынан бағаладыңдар. Мына кестені толтыру арқылы өздеріңді тексеріңдер.