І Ұйымдастыру кезеңі. а/. сәлемдесу; ә/ түгелдеу; б/ ақынның өзі шығарған жұмбағын шешу.
Тамам сөзді сөйлейді, сөйле десе,
Етінен ет кесемін, сөйлемесе.
Айт десем, айтпайтұғын жауабы жоқ,
Сүйгенімді сөйлеттім әлденеше.
(Қарындаш)
Бір нәрсе, жұртқа мәлім, көзден ғайып,
Ұстауға еш болмайды, қолдан тайып.
Не сынап, не түстеуге ұқсамайды,
Кейде көп, кейде кетер тіпті азайып
(Жел)
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
1. Шәкәрім туралы ізденген материалы бойынша түсінік айту
ІІІ Жаңа сабақ
Шәкәрім қаламынан туған үш дастаны да ескі қазақ тұрмыс-тіршілігін суреттейді. Бұл дастандар жанрлық тұрғыдан алғанда «Қалқаман-Мамыр» ─ лиро-эпикалық жыр, «Еңлік-Кебек» ─ әлеуметтік дастан, «Нартайлақ-Айсұлу» ─ махаббат драмасы. Сонымен қоса «Ләйлі-Мәжнүн» (Физулиден) дастанын 1907 жылы жазған, «Дубробский әңгімесі» (Пушкиннен) 1908 жылы жазылған және «Қодардың өлімі» дастанын жазады. 1888 жылы «Қалқаман-Мамыр» дастанын, 1891 жылы «Еңлік-Кебек» дастанын жазып, 1912 жылы жеке кітап күйінде Семейде «Жәрдем» баспасында басылып шыққан. «Еңлік- Кебек» дастаны - адам тағдыры, адал махаббат жолындағы күрес, рушылдық құрбаны болған екі жастың қайғылы тағдыры туралы баяндайды.
Дастанының кейіпкерлері бірін-бірі ұнатқан, ғашық болған жастар Еңлік пен Кебек, бірақ дауласқан екі ру тобықты мен найман билері екеуін ат құйрығына сүйреп өлтіреді. Екі жастың төрт айлық баласы тау бөктерінде жылап жетім қалады.
Махаббат жолында құрбан болған,ерлікті аңсау мен зұлымдық қарсылысының бейнесі болған Еңлік пен Кебек есімдері ел есінде сақталды. Семей-Қарауыл тас жолына жақын жерде Еңлік-Кебек ескерткіші бар.
ІҮ Сабақты бекіту
І Шығармашылық диктант. Шәкәрім ... (1858) жылы ШҚО, Абай ауданы, Шыңғыстауының етегінде дүниеге келген. ...(5) жасында оқуға барып, ... (7) жасында жетім қалады. Әкесі Құдайберді ... (1866) жылы ... (37) жасында дүниеден озады. 10 жасында ... (домбыра) , ... (гармонь) музыкалық аспаптарында ойнауды үйренеді. ... (25) жасында болыс болып сайланады. Халық Шәкәрімді «екінші ... (Абай)» деп таныған. Ақын ... (1905) жылы Меккеге қажылыққа барған. Шәкәрім ақын 1931 жылы 2-ші ... күні ... (73) жасында жазықсыз оққа ұшқан.
ІІ Дастанды сатылай кешенді талдау. «Еңлік-Кебек» дастаны
1.Авторы.Ш.Құдайдердіұлы ШҚО, Абай ауданы, Шыңғыстауының етегінде 1858 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Оның «Жастарға», «Насихат», «Қулар», «Ғылымсыз адам хайуан», «Шын сырым» атты шығармалары бар. Ақын 1931жылы 2 қазанда 73 жасында қастандық құрбаны болды.
2. Тақырыбы─ екі жас арасындағы махаббат, әйел теңсіздігі.
3. Жанр түрі поэзия (дастан). Дастан ─ (парсы сөзі тарихи әңгіме, ертегі, батырлар жыры) Таяу және орта Шығыстың, Азияның әдебиеті мен фольклорындағы эпикалық жанр, өлең түріндегі оқиғалы шығарма.
4.Идеясы. Бұл дастанның идеясы ─ескіліктің бұлжымас заңын, көрінісін және ру арасындағы кикілжіңін суреттеп көрсете білуі.
5. Шумақ.3 шумақты. ( Жалпы 131 шумақты)
6. Тармақ ─ өлеңнің әр жолы. 4 тармақты, барлығы
7. Бунақ ─ белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.3 бунақты.
8.Буын саны ─сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты.11-12 буынды.
9.Ұйқас түрі. (-а- а- ә- а) қара өлең ұйқасы.
10. Әдеби теориялық ұғымдар.
Эпитет ─ қос басшысы, жас басы, жасы бала, жаны отты, сабаз жолдас.
Теңеу─ атты жаяу бәріне бірдей мықты.
Портрет ─Көзі өткір, қараторы жігіт екен, Орта бойлы; тапалдау, кең иықты.
1. Авторы – Ш.Құдайбердіұлы 1958 -1931 жылдар аралығында өмір сүрген. Қазақтың ақыны 7 жасында ақындыққа талпына бастайды. Алғашқы өлеңін әкесінің өліміне байланысты шығарады. «Жуандар», «Қайтқан шал», «Қорқақ шал», «Бай мен қонақ» атты өлеңдері бар.
2.Тақырыбы ─ екі жас арасындағы махаббат, әйел теңсіздігі.
3. (Дастан )Поэзия
4. Эпикалық жанр түрі.
4.1. Орта көлемді эпикалық жанр түрі.
4.2. Дастан ─ (парсы сөзі тарихи әңгіме, ертегі, батырлар жыры) Таяу және орта Шығыстың, Азияның әдебиеті мен фольклорындағы эпикалық жанр, өлең түріндегі оқиғалы шығарма.
5. Шығарманың негізгі идеясы. Ескіліктің бұлжымас заңын, көрінісін және ру арасындағы кикілжіңін суреттеп көрсете білуі.
6.Шығарманың композициялық құрылысы шығарманың композициясы сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып реттеп қиыннан қиыстырады.
6.1. Сюжеттің басталуы ─Тобықты руынан шыққан Кебектің бейнесі. Сюжеттің басталуы – оның кіріспесі іспетті. Мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы қал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі.
6.2.Сюжеттік байланыс ─Кебектің Нысан абызға бал аштыруға келуі.
Сюжеттік байланыс─адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы іспетті.Шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді.
6.3.Сюжеттік даму ─аттастырылып қойған Еңліктің Кебекпен бірге қашуы. Сюжеттік даму ─ адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әрекетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістерге байланысты.
6.4.Шиеленісуі ─ екі рудың бірін-бірі шабуы, малға бітім қылмауы. Шиеленісуі ─ оқиғаның адамдар арасындағы әрекеттің шиеленісіп ширығуы.
6.5.Шарықтау шегі ─ Еңліктің соңғы сөзі (үш тілегі). Шарықтау шегі ─ сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы. Адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп,өрбіп жеткен жері, шығармадағы драмалық тартыстың
өрістеп шыққан биігі.
6.6.Шығарманың шешемі ─екі рудың келісімімен екі жасты ат құйрығына
байлап өлтіруі.Шығарманың шешемі ─ суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған үкімі, адамдар арасындағы тайталастардың, күрестердің бітуі,түрліше тағдырлар, тартысынан туған нақты
нәтиже; оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы күйі; күллі құбылыс көріністердің соңғы сахнасы.
7. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі.
7.1.Жағымды- Еңлік, Кебек, Нысан абыз.
7.2.Жағымсыз-екі ру адамдары.
8.Әдеби теориялық ұғымдар.
8.1.Троп немесе құбылту ─ сөздерді тура мағынасында емес, ауыспалы мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту.
9.Түсіндірме сөздік.Барымта ─ жауласқан екі рудың бірінің-бірі мал-мүлкін іштен тартып алып, кек қайтаруы. Ұрын ─ күйеу жігіт жеңгелеріне сый-сияпат беріп, айттырған қыздың ауылына жасырын келуі.
2.Зертте. Ру адамдары неліктен екі жасты өлімге бұйыратынын дәлелде.
3.Салыстыр.Сол ескі заман мен қазіргі заманды салыстыр.
4.Қолдан.Шығармадағы сөз кестелерінен ой айшықтарын тап.
5.Ізден. Шығармадағы салт-дәстүрді тап.
Мені де кедей емес, байға берген,
Күйеуім өткен жазда ұрын келген.
6.Анықта. Еңлік пен Кебек бейнесі қандай образға жатады?
Ү Сабақты қорыту. «Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Бүгінде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді.
«Бұл әңгіме - 1780 жылы шамасында осы Шыңғыс тауында Матай мен Тобықты арасында болған іс. Шариғатта әкесінің атастырғаны жас қызға неке есепті десе де, өзге дүниелік пайдасын ойламай, жалғыз ғана қызының қамын ойлап берер дегені. Әйтпесе «жас баланы сатып, пайдаланып, кем-кетікке беріп обалына қал» демейді. Мен соны ойлап, Еңлік-Кебекті соншалық жазалы демеймін»,- деп қара сөзбен бастаған Шәкәрім ақын.
Ақын поэмасы адам болмысының қыр-сырынан сыр шертуден басталып, кісі бойындағы достық, махаббат, ақыл-парасат жайлы толғайды. Толғай келе «Ақтабан шұбырынды» заманының кейпін айтып, тарихи оқиғалар мен елдің атажұртынан ауа көшуі, кейін хан Абылай заманында өз қоныстарына бытырай келіп қайта қоныстануы жайлы жырлайды. Онан соң Кебек батырдың ер мінезді, кішіні аялап, үлкенді сыйлайтын ақылды, парасатты ер екені, елі мен жері үшін жаудан жасқанбайтын азамат екені жырланады. Бірде Кебек батыр аңға шығып, бұрқасын боранға тап болып, кеш бата адасып кетеді. Бұны жырлаған ақын:
«Бораннан байқай алмай барар бетті,
Түн ішінде адасып Кебек кетті.
Осы Хақан өзеннің аяғында
Қыстаған бір Матайға келіп жетті»,- дейді.
Осылайша Кебек батыр Еңлік сұлудың үйіне тап болады. Сол түнде бірін-бірі сынасқан тұста Кебек Еңліктің бақытсыз екенін, басы шарасыздан қортық еркекке байланғанын біледі. Ақын бұл тұстарды ерекше шеберлікпен суреттеп, қыздың ақыл-парасатын, сөз бен жүйеге жүйрік шешендігін дәлелдейді. Бір айтқан сөзге нана салу ер жігітке сын, сондықтан Кебекке де Еңлікті бірнеше рет сынатып, көңілінен шығарады. Бұл тұста ақындық шабыттың нағыз биік үлгісін көрсеткен Шәкәрім ақын екі жас ортасындағы нәзік махаббат, шарасыздық, екі ел ортасындағы бірлік, халықтың надандығы, тағдыр ісі жайлы айтқандарын өте жоғары шеберлікпен суреттеп, поэзияның тым биік, жоғары деңгейдегі үлгісін көрсетеді.
Осы кездесуден кейінгі кездерді де, ел ісінің ушығуын, Еңлік пен Кебектің кейінгі тағдырын жүрекке жетер шынайылықпен, суреткерлікпен жеткізе білген.
Ақынның позициясы анық аңғарылып отыратын поэмада Шәкәрім екі жастың махаббатын қолдап, елдің ұрда-жық надандығына налып, күйінеді. Халықтың қарабайыр тобырлығы қыршын кеткен екі жастың өліміне себеп болады. Бұл тұстарда ақын тіптен шиыршық атып, буырқана жырлайды.
ҮІ Үйге тапсырма
«Еңлік ─ Кебек» ─ ғашықтық трагедия» атты шағын шығарма жазу.