kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Салалас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Салалас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері туралы түсіндіру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Салалас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері»

Пән: Қазақ тілі

Сынып: 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері

Мақсаттары: Салалас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері туралы түсініп,талдайды. Мысалдар арқылы білімді нақтылайды. Тыныс белгілерін ережеге сәйкес қоя алады. Грамматикалық сауаттылықтарын дамытып,пунктуациялық сауаттылықты дамытады.

Күтілетін нәтиже : Салаластың түрлерінің жасалу жолдары туралы толық айта алады. Салаластың түрлерінің жасалу жолдарын түсіндіре алады. Тыныс белгілерінің қойылуын түсіндіре алады.

Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)

Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)

Деректер: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары

Әдіс- тәсілдер: Компьютер Миға шабуыл Жигсо әдісі

Дискриптор: 1. Тест тапсырмасы 1-4 сұрақ-1балл, 5-8 сұрақ-2 балл, 9-12 сұрақ-3 балл

2. Жаңа тақырыпты түсіндіру-1-3 балл

3. Жаттығу жұмысы, сұраұтарға жауап -1-3 балл

4. Шығармашылық тапсырмалар-1-3 балл

Сабақ кезеңдері

Уақыт


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті


Білім



2мин

Өтілген тақырыпты қайталауға арналған 12 сұрақтан тұратын тест жұмысы алынады.

Тест жауабы барлық тапсырмады А дұрыс жауап болады.

1.Салаластың қай түріне жатады?

Күн батты,қараңғы түсті

А. ыңғайлас салалас

В.Қарсылықты салалас

С.Себеп-салдар

Д.Түсіндірмелі

Е.Кезектес

2. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз?

А.Аттылар келе жатыр еді,жол екіге айрылды.

В.Жаз жаңбырлы болып, егінге құрт түсті.

С.Туымызда алтын күн,бүркітжәне ұлттық өрнек бейнеленген.

Д.Жол ұзақ,сол үшін демалуымыз керек

Е.Не жұмыс жаса,не қиысықты жөнге сал

3. Қандай сөйлем?

Мал етінің асылдануы сондай-майы аузыңа салдырмайды.

А.түсіндірмелі

В.қарсылықты

С.талғаулықты

Д.кезектес

Е.ыңғайлас

4. Салаластың қай түрі

Тура келдің бе,әлде жолдағы ауылдарға соқтың ба?

А. Талғаулы салалас

В. Кезектес

С. Қарсылықты

Д.Түсіндірмелі

Е. Ыңғайлас

5.Жарқырай шағылысқан сәулесі жоқ ... бұлт астындағы қоңырқай жарықта төңіректің бәрі ап-айқын. Қандай тыныс белгі қойылады.

А. үтір,сызықша

В. қос нүкте

С. үтір

Д.сызықша

Е. сызықша,үтір

6. Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің сыңарлары қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысады?

А. кейде,біресе,бірде

В. бірақ,дегенмен,әйтсе де

С. да.де.әрі,және

Д.өйткені,сондықтан,себебі

Е. жалғаулығы жоқ

7. Тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысатын салаласты тап

А. Талғаулы салалас

В. себеп-салдар

С. Қарсылықты

Д.Түсіндірмелі

Е. Ыңғайлас

8. Күріш тұқымы суға қолмен себіледі... тұқым сепкіш суға жүре алмайлы. Қандай тыныс белгі қойылады?

А. үтір,

В. қос нүкте

С. үтір

Д.сызықша

Е. үтір ,сызықша,

9. Олар қыстаудан шықпайды.... жас төлді қорада ұстау керек. Тыныс белгісін қой

А. қос нүкте

В. үтір,сызықша

С. үтір

Д.сызықша

Е. сызықша,үтір

10. Қандай сөйлем?

Өзі сақ кісінің сөзі де сақ:жарамас іске жуымас

А. түсіндірмелі

В. себеп-салдар

С. талғаулықты

Д.кезектес

Е. қарсылықты

11. Қандай сөйлем?

Жамандық жалын секілді:өзін де,өзгені де жалмай береді.

А. түсіндірмелі

В. себеп-салдар

С. талғаулықты

Д.кезектес

Е. қарсылықты

12. Қандай сөйлем? Екеуінің шұғылданғандығы сондай-ішке кірген кісіні аңғармайды

А. түсіндірмелі

В. себеп-салдар

С. талғаулықты

Д.кезектес

Е. қарсылықты

Жеке жұмыс жасайды. Өзін-өзі тексеру.

1-3 балл

1-4 сұрақ-1 б.

5-8 сқрақ-

2б.

9-12 сұрақ-3 б.

Түсіну

7мин

ЖИГСО 1 әдісі бойынша салалас құрмаластың тыныс белгілерін түсіндіру. Ол үшін арнайы ресурстар беріледі

Сабақты түсінуге арналған тапсырмалар таратылып беріледі.

І. Салалас құрмаластардың тыныс белгілері. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына ретіне қарай үтір, қос нүкте, сызықша және үтір мен сызықша қойылады. Бұл сияқты әр түрлі тыныс белгілерінің қойылуы, біріншіден, салаластың жалғаулық шылау арқылы немесе жалғаулықсыз құрмаласқан салаластың, әр түрлі мағыналық қатынасты білдіруіне байланысты.

1-топ

1. Жалғаулық шылаулар арқылы құрмаласқан салаластың барлық түріне, мағыналарының әр түрлі болғанына қарамастан, үтір қойылады. Ешбір өзгеріссіз су да ақырын тербеледі, қалтқы да жыбыр-жыбыр қозғалады. (Х.Есен) Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен. (Ы.А.) Жанбауырдың тұяғынан түлкі кетпейді, бірақ ол бұталы жерге түспейді. (М.Ә.) Бұл хабарды Гүлнәр қуанышпен қарсы алды, өйткені Телкөл – Сарысу құйылатын жерден алыста. (С.М.) Кейде көзінен тасалауға қимайтын Гүлжаһан сияқты аяулы қарындастар, батыр бауыр, бағылан ағалардың артта қалып бара жатқанына налисың, кейде солардың көкке көтірілген даңқына шаттанасың. (Ә.Ә.)

2.Егер салаластағы жай сөйлемдер және шылауымен байланысса, олардың арасына ешбір тыныс белгісі қойылмайды. Күріш жапырағының өзегі оның өз түсіндей болады және сол өзекшеден бірнеше талшықтар тарап жатады. (Ы.Ж)

3. Жалғаулықсыз ынғайлас салалас үтірмен бөлінеді. Олжабек бұл жолы бөгелген жоқ, жауапты қолма-қол қайырды. Ай таяқ бойы көтеріліпті, маңдай алда дөпдөңгелек болып толықсып тұр. (Ғ.Мұст.)

2-топ

4. Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасса, соңынан үтір қойылады. Бименденің әкесінің аты – Сыздық еді, ауылды Сыздық ауылы дейтін (Ш.С.)

Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың салдар мәнді жай сөйлемі себеп мәндісінен бұрын тұрса, араларына қос нүкте қойылады. Малшы сырын білем мен: қасында өскем жасымнан. (Ж.Ж.)

5. Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың арасына үтір мен сызықша қойылады. Сен дайын ереже ұсынасың, - менің оған көнгім келмейді. (М.И.) Аудан есікті кең ашты, - алғашқы бетте-ақ Жомарт аудан басшыларының кейбіреуінің көңіліне ылғал салды. (Ғ.Мұст.

6. Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы сонша, соншалық, сондай деген сөздерден болса, олардан кейін сызықша қойылады. Көп күлмейтін Олжабектің қатты күлгені сонша – арбадан ауып түсіп қала жаздады. (Ғ.Мұст.) Райханның зәресі ұшқаны сондай – үні шықпай қалды. (З.Ш.)

3-топ

7. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас істің, оқиғаның мезгіл жағынан өте тез, қас қаққандай уақыт ішінде болғандығын білдірсе не ол іс-оқиғаның өзара шарттас мәнде айтылғанын көрсетсе, құрамындағы жай сөйлемдерінің арасына сызықша қойылады. Шатырлап тұрған қурай лап етті – қара түтін бұрқ етті. (Ғ.Мұст.) Біріңді-бірің шын сыйлайды екенсіңдер - өзге бір сүйкімді атпен атасаңдар да болмай ма? (Ғ.С.) Дәмештің дауысы шықты- ақ – Жүніс алдын ала керегін даярлата беретін.

8. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдерінің арасына қос нүкте не сызықша қойылады. Екеуі де жастықты жаңа заманнан бастаған: дала жаңаша гүлдейді, дала адамы жаңы өмір сүреді. Ұсыныс сол: сөз өздеріне берілсін. (М.И.) Сіздерге де айтарым – сағат төртте осында келіңіздер. (Ә.Ә.) 8.

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау: Оқушылар тапсырманы әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылады.Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйрену керек

3 балл

Қолдану

10мин

Тыныс белгілерін қой.

1-топ

Төлеутай әскерге кетті де ....содан қайтып оралмады.

Жанай балуан қайратты әрі үнемі қол бастайтын болат жүректі адам еді. Өзі ешкімге соқтықпайды және ит баласына жібімейді. Бір мезгілде қу шөмшектер дыбысы келді де.... бірдеме қасына тасырлатып жетіп келді.

Ертеңіне жат иістер шықты.... алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естілді.Бір күні ауданнан қос ат жеккен шана келді.... Мыңбұлақтың сақшысындай болып тұрған Байшынарға қарай беттеді.

Әншінің әрі дауысы жағымды... әрі әні сазды екен. Құрылыс жұмысы басталды әрі құрылысшыларды орналастыру керек.

Мен өзімді-өзім ұмыттым және көңілім шалықтап әлдеқайда алып-ұшып кеткен сияқты.


2-топ

Мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым... себебі Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді. Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді ... сондықтан мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым.

Үлкендер көрші ауылға кеткен еді... сондықтан жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады.

Жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады... үлкендер көрші ауылға кеткен еді.

Бұл жолы құрбысымен не ит жығыс түседі... не болмаса оны жеңуге тырысады.

Бірде желбіреген ақ сәулелі дала кездеседі...кейде қызыл бұйра тобылғылы адырлар ұшырасады... біресе көкала қамысты көлдер кездеседі.


3-топ

Ауырғанда жаным көзіме көрініп барады... бірақ анамды қинағым келмейді. 

Балықшылар ауды бірнеше рет салды....балдырдан басқа ештеме ілінбеді.  Атаның баласы болма.... адамның баласы бол.  Көктем шықты... ауада суық ызғар бар.


Ернеудің бір айналма тұсында із екі айырылды...бірі ернеуді бойлап ілгері кетті, екіншісі төмен қарай түскен.

Тасқынның қаттылығы сонша ... жолындағының бәрін жапырып кетті.


Флипчарттағы сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып шығады.

3 балл

Талдау

15мин

Универсиадада өтетін спорт түрлерінің логотипі бойынша сұрақтар жасырылып, жауап беру тапсырылады.

1.Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің сыңарлары қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысады?

2.Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан себеп-салдар салалас құрмаластың арасына қандай тыныс белгі қойылады?

3.Тек жалғаулықты болатын салалас құрмаластарды ата

4.Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің арасына қандай тыныс белгі қойылады?

5.Талғаулы салаластың жалғаулық шылауларын ата.

6.Жай сөйлемдердегі ойдың тек біреуі ғана жүзеге асатын салаластың түрін көрсетіңіз.

7.Салаластың қай түрі екенін табыңыз. Қазақ жері көп еді, – жер пайдасын білетін білімді ері жоқ еді.

8.Салаластың қай түрі екенін табыңыз. Менің артымнан тағы бір қыз туады, әке-шешем атын Балтуған қояды.

9.Қай салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы "сол", "сонша", "сондай" есімдіктерінен жасалатынын көрсетіңіз.

10.Сөйлемде түсіп қалған жағдайда орнына сызықша қойылатын жалғаулықты табыңыз.

Топтың әр мүшесі шығып, бойтұмардың астында жасырулы сұрақтардан қалағанын ашып жауап береді.


Жинақтау

5мин

Универсиада тақырыбында эссе жазу. Тақырыбы «Қанатыңды кең серпі»



3 балл

Бағалау

2 мин

Тақырып туралы бағалау жасау




Үйге тапсырма

1 мин

118-жаттығу

«Менің - сүйікті спортым» тақырыбында эссе жазып келу




Рефлексия

2 мин

Стикерлерді толтыру

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Салалас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері

Автор: Ажибаева Алиман Махмутовна

Дата: 24.10.2017

Номер свидетельства: 434334

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Көп бағыныңқылы құрмаластың тыныс белгілері"
    ["seo_title"] => string(51) "kop_bag_ynyn_k_yly_k_u_rmalastyn_tynys_bielghilieri"
    ["file_id"] => string(6) "409263"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492187854"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "??рмалас с?йлемні? тыныс белгілері "
    ["seo_title"] => string(40) "k-u-rmalas-soiliemnin-tynys-bielghilieri"
    ["file_id"] => string(6) "184911"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426106589"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Саба?ты? та?ырыбы: С?йлем ішіне ?ойылатын тыныс белгілер. ?тір."
    ["seo_title"] => string(59) "sabaktyntakyrybysoiliemishiniekoiylatyntynysbielghilierutir"
    ["file_id"] => string(6) "307499"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1458359824"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Саба?ты? та?ырыбы: С?йлем ішіне ?ойылатын тыныс белгілер. ?тір."
    ["seo_title"] => string(60) "sabaktyntakyrybysoiliemishiniekoiylatyntynysbielghilierutir1"
    ["file_id"] => string(6) "307500"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1458359831"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Салалас ??рмалас с?йлемдерді ?айталау "
    ["seo_title"] => string(42) "salalas-k-u-rmalas-soiliemdierdi-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "188457"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426681354"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства