Сүп сүйір, найза шың, құз биік, Төбесі кейде тұрар бұлтқа тиіп,. Қарасаң етегінен шың басына, тіп тік шың көкке қарай кеткен бойлап, Тұрғандай таусылмайтын бір ой ойлап
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Білімділік: Сәкен Сейфулиннің өмір жолына тоқтала отырып, шығармашылығын түсіндіру. Поэманы талдай отырып, табиғат әлеміне шолу жасау. Оқушыларды Көкшетаудың сұлулығымен, қасиетімен таныстыру.Теориялық білімін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойын жеткізе білуге, сыни тұрғыдан ойлай білуге, топпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. Сөздік қорларын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз Отанына, туған жеріне деген патриоттық сезімдерін ояту, шығармашылық ізденіске жұмылдыру, туған жерін, елін, табиғат ананы құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: мұғалім сөзі, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР географиялық картасы, суреттер, кітаптар.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылардың бір-біріне жылы лебіздерін айтуы арқылы топқа бөлу (үш тілде)
2.Оқушыларды, олардың оқу құралдарын түгендеу.
3.Оқушы зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
Кесте арқылы «Қамар Сұлу» романын, үй жұмысын сұрау.
Кіріспе
Қамар мен Ахмет бейнесі
Оқиғаның басталуы
Ахметтің Қамарға ғашық болуы. Қамарды Жорға Нұрымға атастыру
Оқиғаның байланысуы
Олардың қарсылығы,Қалтан қажы мен
Оспан бидің әрекеттері
Шиеленісуі
Қамардың бай туысқандарының ырқымен Нұрымға ұзатылуы
Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру
V. Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі.Сәкен Сейфулиннің өмір жолымен, шығармашылығымен таныстыру.
(Бейнеролик көрсету).
-«Көкшетау» - туған жер туралы,оның ғажап сұлулығы мен тарихы туралы поэма.
Сүп-сүйір бейне найза шың,құз биік,
Төбесі кейде тұрар бұлтқа тиіп.
Қарасаң етегінен шың басына,
Тақияң жерге түсер тұрған киіп.
Тіп-тік шың көкке қарай кеткен бойлап,
Тұрғандай таусылмайтын бір ой ойлап.
Таудың биік екенін төбесі бұлтқа тиюінен және көкке қарай бойлап кетуінен көреміз.
Ал балалар,тік екенін қайдан байқадыңыз?
«Сүп-сүйір бейне найза...» тіркесінен және шың басына қарағанда тақияның жерге түсуінен.
Міне, балалар, ақынның тауды кескіндеуі бұл айтылғандармен шектелмейді.
(Тыңдалым)
VІ.Жаңа сабақты бекіту.
Оқушыладың сабақтан алған білімдерін тиянақтау мақсатында топтық жұмыс жүргізу.
І топ «Оқжетпес» - Көкшетаудың табиғат сұлулығы мен әсемдігіне өлең шығару. ІІ топ «Бурабай» - Көкшетаудың кереметін суреттеу (постермен жұмыс). ІІІ топ «Жұмбақ тас» - «Қайназарым – қасиетті мекенім» эссе жазу. Топтық жұмыс барысында үш тілді қолдану.
VІІ.Жаңа сабақты қорытындылау
Оқушылар,біз бүгінгі сабағымызда табиғат пен адам бойындағы сан түрлі сұлулықты көре білдік.
(Рамазан Стамғазиевтің «Көкшетау» әні)
VIIІ. Үйге тапсырма.
Эссе жазу. «Сәкен – табиғат сұлулығы мен әсемдігінің жыршысы».