kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сәкен Сейфуллин«Көкшетау» поэмасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары Сәкен Сейфуллиннің "Көкшетау" поэмасына құрылған қысқа мерзімді жоспар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сәкен Сейфуллин«Көкшетау» поэмасы»


«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова»

Управление образования Восточно-Казахстанской области

Методическая инструкция

СМК МИ-7.5-24-03

Оқу-әдістемелік кешенді құрастыру туралы әдістемелік нұсқаулық/

Методическая инструкция по оформлению учебно-методического комплекса

Издание /басылым

1/2017

Стр/бет.

0 из 2



Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Қазақ әдебиеті


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кунанбаева Б.К.

Топ:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сәкен Сейфуллин«Көкшетау» поэмасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасымен таныстыру, поэманың тақырыбы мен идеясын ашу арқылы поэманың әдеби құндылығына тоқталу.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Поэмадан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін қолданады.Тарихи және көркемдік құндылығына баға береді. Поэманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: поэмадан  негізгі ойды тауып, сызба кесте түрінде жазады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Поэманы оқу арқылы арқылы өзіндік пайымдаулар жасайды.

Бағалау критерийі

Берілген тіркестер, көркемдегіш құралдарды пайдаланып, жазушының тіл шеберлігін ашады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Егей төс, Кегей, шуда, сауын айту

Тілдік дағдылар: шығарманың идеясы, ұлтжандылық, адам тағдыры,

Өз ойын жеткізуге қажетті тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар;

себебін былай түсіндіремін;


Талқылауға арналған сұрақтар:

Ақынның құнды идеялары қайсы деп білесіз?

Поэмадағы ақын ойы несімен құнды, ақын бейнесі туралы қандай ой қалыптастырдыңыз?

Құндылықтарға баулу

Отанға деген сүйіспеншілікке көз жеткізеді. Кейіпкерлер бойынан батырлық болмыс

және адами қасиеттерді үлгі етіп алады.

Пәнаралық байланыс

Өзін- өзі тану,тарих, география

АКТ

Бейнефильм, таныстырылым

Алдыңғы оқу

Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы хабардар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар

Сабақтың басы


I.Ұйымдастыру кезеңі: 

II. Үй тапсырмасын тексеру. «Ғұмырдария»стратегиясы 

1. Сәкен Сейфуллиннің өмір дерегі

2. «Сыр сандық» мәнерлеп оқу

3. Өлең кімге арналған?

4. «Сыр сандық» шумақтарына талдау

5. Сатылай кешенді талдау.

6.Ұйқас құрастыру




Сабақтың ортасы












ІІІ. Жаңа сабақ.

Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы

Сабақтың эпиграфы: «Көкшетау» - Отан туралы поэма» С.Қирабаев

Сабақтың барысында жүргізілетін талдаулар:

1. Ән тыңдау. «Көкшетау»

-Өлең қандай тақырыпта айтылған?

Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы туралы шолу тыңдау

-Сәкен тек реалист ақын емес, ол – лирик ақын. Махаббат, табиғат тақырыбына да арнаған туындылары жетерлік. Сәкенді жан-жақты ақын, жазушы ,зерттеуші еткен сол заман, сол кездегі қоғам. Ендеше, Сәкенді ойшыл ақын еткен дәуір қандай болды екен?

 «Көкшетау» поэмасы дүниеге келіп жатқан кез қандай кез? Тарихта ол кезеңдер қандай оқиғасымен қалды?

Тарихқа шолу.

- Сәкеннің өмір сүрген кезеңі Қазақстан тарихының қиын да, күрделі уақытына тап келді. Балалық шағы қазақ елінің патшалық Ресейдің отары болуымен тұспа-тұс уақытта өтті. 1917 ж. Ақпан буржуазиялық –демократиялық революциясы, одан кейін қазан төңкерісі, яғни Қос өкіметтің орнауы, Сәкеннің саясатқа араласуы, Кеңес өкіметін қолдап, түпкілікті жеңуіне ат салысуы, осы кездегі тарихи оқиғалар өзінің «Тар жол ,тайғақ кешу» романында жақсы көрсетілген. 1918-1920жж. Азамат соғысы Кеңес үкіметінің ұжымдастыру, индустрияландыру саясатын жүргізуі, 1931-33 жж. ашаршылық, 1937-38жж. Кеңестік жаппай лаңкестік жазалау – осының бәрін басынан кешірді.

- Енді өзінің ең үздік шығармаларының біріне тақырып етіп алған Көкшетау елді мекені туралы мәліметті география пәнімен байланыста қарастыралық

- Көкшетау қаласы Ақмола облысының орталығы, республикамыздағы өнеркәсіпті орталықтардың бірі. Өнеркәсіптің басты орындары машина жасау, тамақ өнімдері мен құрылыс материалдарын шығаруға маманданған.

Ірі кәсіпорындардан таразы шығаратын механикалық зауыт, Көкшетау автомобиль жөндеу зауыты, үй құрылысы комбинаты, ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін ет комбинаты, сүт ,балық зауыттары, тігін және кереует фабрикалары бар.

Қала 1842 ж. құрылған. Бүгінгі таңда қалада тоқыма және өнеркәсіптік бірқатар басқа да салалары жұмыс істейді. Жеке бизнес пен кәсіпкерлік ісі қарқынды дамуда. Қала халқының саны 2006 жылдың 1 қаңтарында шамамен 140 мың адам болды.

Көкшетау қаласы облыстың мәдени орталығы болып табылады. Онда орыс драмалық театры, Ш.Құсайынов атындағы музыка-драма театры жұмыс істейді. Кеңес Одағы Батыры Мәлік Ғабдуллин мұражайы және т.б. бар.

«Көкшетау» поэмасы туралы әдеби түсінік.

 «Көкшетау» поэмасы 1929 ж. жарық көрді. Бұл кезең кеңестік өмірдің ең бір белеңді уақытымен шендесіп жатыр. Бұл поэма КазААП-тың сынағына көп ұшыраған. Сәкенге бүгіннен алшақтап өткенді аңсадың, өткен дәуірге көңіл бөлдің деген айып тағылды. Осындай жан-жақты қысымға қарамай Сәкен құнды шығарманы дүниеге әкелді.

Поэма 4 бөлімнен, 47 тараудан құрылған. Бастала бере Көкшенің әдемі табиғатын ,көлі мен терегін, қарағайы мен қайыңын, тау мен тасын, ауасы мен суын тамылжыта суреттейді.Табиғат сұлулығына, ел мен жер тарихын, ескі ақындарын, шежіресін қосып сұлулық пен рухани байлық үйлесімділігін жыр етеді. Ақын Оқжетпес, Жеке батыр, Бурабай атаулары жөнінде аңызды ел, жер тарихымен бірге береді. Өнер адамдары өмірін айтады.

Поэманың негізгі арқауы – қалмақ қызы мен адақ батыр арасындағы сюжет. Жаугершілікте қолға түскен сұлулығымен талай ержүрек батырларды таластырып қойған қалмақ қызының тағдыры арқылы шешіліп, осы ақылды ұға білген Адақ батыр арқылы толықтырады. Ақын табиғат сұлулығына адамдар сұлулығын ,жер, ел тарихының терең тамырын көркем бейнелер жан дүниесінің ізгілігіне сәйкестендіріп, Көкшенің қадір-қасиетін жерімен, онда тіршілік еткен елімен бірге жырлайды.

 Ойлан. Бөліс.

«Көкшетау» поэмасының мазмұнын талдау.

Поэма кейіпкерлері туралы мінездеме.

(Оқушылар өздері дайындаған Адақ, қалмақ қызы, Абылай туралы мінездемелерін оқиды.)

Поэманың негізгі бөлімдерін мәнерлеп оқу.

(«Оқжетпес», «Жеке батыр», «Жұмбақтас», «Бурабай» туралы мәнерлеп оқу.)

Негізгі бөлімдері:

Көкше сипаттары:

-Жеке батыр

-Бурабай

-Оқжетпес

-Жұмбақтас

-Қыз бен жігіт

-Адақ

-Адақ мерген

Поэманың композициялық құрылысын ашу.

1.Басталуы Көкшетаудың сұлу табиғаты. Абылай батырларының тұтқын қызға таласып дауласуы.

2. Дамуы Тұтқын қыздың шарты. Батырлардың бір-бірімен өнер сынасуы.

3. Байланысуы Қыз жұмбағы.

4. Шарықтау шегі Адақ батырдыңоқиғаға араласып қыз жұмбағын шешуі.

5.Шешімі Қыздың азаттық алуы.

Оқулық,





Bilimland.kz














http://smk.edu.kz/


Сабақтың соңы

6 минут

Сабақты бекіту

«Ашық микрофон» әдісі

Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, бүгінгі сабаққа байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.



Үйге тапсырма

Поэмадағы әдеби ұғымдарды табу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сәкен Сейфуллин«Көкшетау» поэмасы

Автор: Кунанбаева Бакытжан Кенжебековна

Дата: 29.03.2019

Номер свидетельства: 505183


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства