Алдыңғы сабақ Қарсылықты бағыныңқы сабақтас және оның жасалу жолдары Үй тапсырмасын сұрау I топ Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем. II топ Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары. III топ 187-жаттығу «Туған жер жайлы бір дерек» тақырыбында география оқулығына сүйене отырып,өздерің туып өскен өңірдің табиғаты туралы мәтін дайындаңдар.Мәтінде қарсылықты құрмаластар болуын ескеріңдер (6-8 ) Кері байланыс | Басталуы. Сыни ойлау (бейнеролик) Жаңа сабақ Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем –бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойға тән іс әрекеттің жүзеге асырылу мезгілін білдіретін құрмаластың түрі Жасалуы Құрамындағы жай сөйлемдерді сабақтаса байланысқан мезгіл бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштары –ша,-ше жұрнақтары есімшеден (-ған+ша,-ген+ше), жатыс жалғауы есімшеден -ған+да,-ген+де), есімшеге септеулік шылауларының (-ған,-ген+соң,кейін,сайын,бері,шейін), мезгіл мәнді көмекші сөздердің (-ған,-ген+кезде,шақта,уақытта) тіркесуі арқылы, көсемшеден (-ғалы,-гелі,-а,-е,-й) және етістіктің түбіріне –са,-се, -ысымен –ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады. Мезгіл мәнді құрмаластың сұраулары: Қашан? Қашанға шейін?Қашаннан бері |
Кері байланыс | Ортасы Топтық жұмыс I топ 188-жаттығу. Мәтіннен мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмаластарды тауып,сөйлем мүшелерінің қызметіне қарай талдаңдар (Бір оқушы тақтаға синт.талдау жасайды) II топ 189-жаттығу. Берілген ойды ары қарай жалғастырып жазыңдар III топ 191-жаттығу. Сергіту сәті Сыни ойлау Іс қимылдар арқылы мезгіл бағыныңқы сабақтасқа мысалдар келтіріп,сөйлем құраңдар |
Аяқталуы Кері байланыс Үйге тапсырма беру. 177-бет , 192-жаттығу. Ереже жаттау Бағалау | 191-жаттығу Көп нүктенің орнына мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлемнің алдыңғы бағыныңқы сыңарын өз ойларыңнан жазыңдар ...... қонақтар тарай бастады. ...... көз ұшымыздан көліктің қарасы көрінді. ...... бір топ адам сау ете қалды. ...... бұл жерден оны қайтып көрген емес. |