Сабақтың мақсаты: Тыңдаушыларға мамандыққа байланысты сөздерді меңгерту арқылы өз мамандығы бойынша айта білуге дағдыландыру. Сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
Көрнекілігі: слайдтар, кино үзінділері.
Әдіс-тәсіл: СТО технологияларының стратегиялары
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың типі: СТО технологиясына негізделген
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу;
Туған күндері бойынша топқа бөлу
І топқа – желтоқсан, қаңтар, ақпан аралығында туылғандар
ІІ топқа – наурыз, сәуір, мамырда туылғандар
ІІІ топқа – маусым, шілде, тамызда туылғандар
VІ топқа - қыркүйек, қазан, қарашада туғандар
Оқытушы: Мен сіздерге жұмбақ жасырамын, ол жұмбақ жыл мезгілдеріне байланысты болмақ. Жұмбақтың шешуін таба отырып, туылған айларына байланысты топқа бөлінетін боламыз.
1-жұмбақ:
Жердің беті ақ көрпеге оранды,
Бет қаритын аяздар көп болады.
Жапалақтап қар жауады аппақ боп,
Бірен-саран боран дағы соғады
2-жұмбақ:
Күн жылынып, қалың қар да ериді,
Жердің бетін бір жылылық тербейді.
Жаңа жылын мерекелеп еліміз,
Бата, тілек бөлеп алар әр үйді.
3-жұмбақ:
Барша жанның орындалып арманы,
Күн шығады, өте ыстық болады.
Сөмкелері кітапқа емес баланың
Құрт, ірімшік, кәмпиттерге толады.
4-жұмбақ:
Сарғаяды жапырақ,
Сарғыштанып атырап.
Балаларды қол бұлғап
Мектептері шақырад.
І. Қызығушылығын ояту
«Бұл не сөз? Тауып көрші» ойыны
Ойын шарты: Сөйлемдерді оқимын. Сол сөйлемнің мағынасына қарай тыңдаушылар сөздерді айта бастайды. Сөздер тақтаға жазылады. Келесі сөйлемді оқимын, тыңдаушылар сөйлемді тыңдай отырып, тағы да жаңа сөздер айта бастайды. Тыңдаушылар менің қандай сөзді мегзеп тұрғанымды тапқанда, ойын аяқталады.
Ол бізде, біздің әріптестеріміздің бәрінде бар.
Тыңдаушылар жауабы әртүрлі болуы мүмкін: қол, сөмке, қалам т.б.
Біз сол арқылы еңбек етеміз, еңбекақы аламыз.
Тыңдаушылар жауабы: ми, бас, банк карточкасы т.б.
Біз оған оқу орнын бітіргенде қол жеткіздік.
Тыңдаушылар жауабы: отбасы, жұмыс т.б.
Ол біздің дипломымызда жазулы.
Осылайша тыңдаушылар жасырынған сөздің «мамандық» екенін табады.
II. Мағынаны ажырату.
1. «Үш қадамды сұхбат» стратегиясы. Мақсаты: Тыңдаушылардың жан-жақты білімдерін тексеру. Әр топ бұрын өтілген тақырыптар бойынша бір-біріне 3 сұрақтан қояды.
2. Жаңа сабаққа кірісу үшін интерактивті тақтадан әр түрлі мамандық иелерінің суреттері(слайд түрінде) көрсетіледі. Тыңдаушылар мамандық иесінің атын айтып, қандай жұмыс істейтінін табуы керек. Мысылы: дәрігердің суреті көрсетілсе, оның атын айтады және адамдарды емдейтінін айтады.
3. ЖИКСО-1 стратегиясы бойынша оқулықтағы «Менің мамандығым» мәтінімен жұмыс
электронды оқулық арқылы тыңдалым;
жекелей оқылым;
топта мәтін негізі бойынша сұрақ құрастыру;
Лексикалық минимуммен жұмыс
электронды оқулықтан тыңдалым;
жекелей және жұппен оқылым;
топтарға тапсырма
1-топ. Осы сөздердің синонимдік қатарын жасау: Мысалы: аяқтадым, бітірдім, 2- топ. Антонимдік жұптарын табу. қажет-қажет емес 3-топ. Осы сөздермен сөз тіркесін, сөйлемдерді құрау. Мен биыл жоғарғы оқу орнын бітірдім.
4. «Талдау» стратегиясы.
Мақсаты: сауаттылыққа дағдыландыра отырып, өтілген тақырыпты тәжірибеде қолдана білуге үйрету. Оқулықтағы 1- тапсырма Жолдасыңыз туралы қажетті ақпаратты жинап кестені толтырыңыз
2-тапсырма. Сөйлемдегі қатені түзетіңіз. Оның мамандығым – инженер. Ол 1995 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін аяқтадым. Ол өз мамандығын жақсы көремін. Сергіту сәті: кинолардан үзінді көрсету арқылы қай кино, қандай мамандық иелерін көргенін айтқызу. Жұмыс дәптермен жұмыс.
1-тапсырма: Сұраққа жауап беріңіз.
Сіздің мамандығыңыз кім? ————————————– Сіз қай оқу орнында оқыдыңыз? ————————————–
III. Ой толғаныс.
Топтастыру стратегиясы бойынша әр топ бірлесе отырып, «Мамандық» сөзіне топтастыру құрады. Мақсаты: Мамандық туралы ойларын жинақтау.
3. «Хат жазу» стратегиясы. Мақсаты:Хат жазу үлгісін үйрете отырып, сабақта не істегенін айта білуге дағдыландыру. «Бүгін сабақтан алған әсерім» тақырыбында бір-біріне хат жазады.