Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. Ел үмітін ер ақтар. Денсаулық – зор байлық.
Жұмбақты шешу.
1. Бұл жұмбақ төрт сөзден құралған. Оның біріншісі – сарай сөзінің синонимі, екіншісі – астында сөзінің антонимі, үшіншісі – ірі сөзінің антонимі, төртінші сөз – тау жынысты қатты заттың аты. (Үй үстінде ұсақ тас. Жұлдыз)
2. Бірінші сөзі – көп сөзінің антонимі, екінші сөзі – сөйлемнің ең кішкене бөлшегі, үшінші сөзі – қымбат металл аты болып келетін мақал. (Аз сөз – алтын)
ІІ топ:Қос жазба күнделік.
Мақал-мәтел
Мағынасы
1. Ащы мен тұщыны татқан білер,
Жақын мен алысты жортқан білер.
2. Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.
3. Жаман сөз – жанға кірген тікен,
Жақсы сөз – таптырмайтын ем.
4. Жақсы адам тауып айтады,
Жаман адам итше қауіп айтады
ІІI топ: Шағын мәтіндер жаздыру, мақал-мәтелдермен ыңғайлы аяқтау.
Ү.Қорытынды:
Не білдім? Нені үйрендім? Не білгім келеді?
+ - +
VІ. Үйге тапсырма беру.
Топ мақал мен мәтелді ажыратып, баған түрінде жазу (кестемен жұмыс).
Топ құрамында сан есім бар он мақал жазу.
Шағын әңгіме оқып, мәтіннің мазмұнына қарай мақал-мәтел жазу.