Просмотр содержимого документа
«Конспект к урокам»
Атадан қалған асыл сөздерге не жатады?
Асыл сөздерге нақылдар, ырым - тыйым сөздер, мақал - мәтелдер, өтірік өлеңдер, көркем сөздер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер жатады.
Бұларды неге асыл сөздер дейміз?
Өйткені аталарымыз асыл сөздер арқылы ақыл айтып, «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген.
Жәнібек хан халықты жиып: — Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады? — депті. Жиналған халық көп дағдарып: Үш арсыз; ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз. Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып,— деп шешіпті. Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты. Сонда Жәнібек хан: — Елде келмеген кім қалды? — деп сұрапты. — Келмеген Қарабас шешен қалды,— депті халық. Жәнібек Қарабасты шақыртып алып әлгі сөздің шешуін содан сұрапты. Сонда Қарабас: — Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой! — депті де: Оты жоқ жер жетім, Басшысы жоқ ел жетім. Елінен ауған ер жетім, Тыңдаусыз сөз жетім, Жоқтаусыз қыз жетім,— дейді.
Бес қару
1.Садақ
2.Мылтық
3.Найза
4.Қылыш
5.Айбалта
Алты парыз
Адамдардың бір-біріне деген алты парызы бар: 1. Бір-біріне сәлем беру (әдейі барып). 2. Шақырса – бару 3. Кеңес сұраса – ақыл қосу 4. Сұрағына – жауап беру 5. Ауырып қалса – көңілін сұрау 6. Қайтыс болса – жерлеуге қатысу
Жеті жұт
Құрғақшылық
Жұт (мал қырылу)
Өрт
Оба (ауру)
Соғыс
Топан су
Зілзала (жер сілкіну)
Жеті қазына
1.Ер жігіт
2.Сұлу әйел
3.Ақыл, білім
4.Жүйрік ат
5.Қыран бүркіт
6.Берен мылтық
7.Жүйрік тазы (ит)
Жеті ұрпақ
1.Ата
2.Әке
3.Бала
4.Немере
5.Шөбере
6.Шөпшек
7.Немене
1. Жеті атаны ата. 2. Жеті қазына не? 3. Үш арсызды ата. 4. Жолаушының мұраты не? 5. Саудагердің мұраты не? Ал біздің мұратымыз не?
1. Жеті атаны ата. 2. Жеті қазына не? 3. Үш арсызды ата. 4. Жолаушының мұраты не? (жету) 5. Саудагердің мұраты не? (сату) Ал біздің мұратымыз не? (оқып, білім алу)
Қазақта тұңғыш... 1. Ең тұңғыш шешен 2. Ең тұңғыш ғалым, саяхатшы 3. Ең тұңғыш қазақ әліппесін жазған 4. Ең тұңғыш биші 5. Ең тұңғыш елбасшымыз 6. Ең тұңғыш дүниежүзі чемпион атаған алған палуан
Қазақта тұңғыш... 1. Ең тұңғыш шешен (Жиренше) 2. Ең тұңғыш ғалым, саяхатшы (Шоқан Уәлиханов) 3. Ең тұңғыш қазақ әліппесін жазған (Ахмет Байтұрсынов) 4. Ең тұңғыш биші (Шара Жиенқұлова) 5. Ең тұңғыш елбасшымыз (Н. Ә. Назарбаев) 6. Ең тұңғыш дүниежүзі чемпион атаған алған палуан (Қажымұқан Мұңайтбасов)