Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары -Ұйымдастыру бөлімі.Амандасу.Топқа бөлу -Үй тапсырмасын тексеру: 1.Ұнаған шумақтарын жатқа айту 2.Сенің ойыңша жақсы қасиеттер? ( Формативті бағалап отыру) -Бағалау критерийлері: « 5» – 1 – 4 толық қамтылса; « 4 » – 1 – 3 толық қамтылса; « 3 » -1- 2 толық қамтылса ; -Сабақтың мақсаты мен нәтижесін көрсету -Топтық бағалауға парақша тарату -Ой қозғау сұрақтары 1.Абай туралы не білеміз? 2.Қандай өлеңін жатқа білесің? 3.Сұлу сәйгүлік туралы қандай шығармалармен таныстыңдар -Оқулықпен жұмыс: Абай туралы берілген мәтінді оқып,түсіндіріп шығу ( Формативті бағалау) -Жұппен жұмыс: 1.Сызба бойынша бір-біріне «Абай туралы не білдім ? »тақырыбына сұхбаттасу 2.Мәтінмен жұмыс:а) өлеңді оқу ә)Қиын сөздермен жұмыс: Сағақ-жылқы тамағының астыңғы жағы Жерсоғар-ат тұяғының арт жағындағы қатты жері,өкшелігі Ашамайлы- ашамай салынған деген сөз Ашамай-атқа мініпжүре алмайтын жас балалар үшін жасалған арнаулы ер Шідерлік-аттың сирағының шідер салатын жері Шідер- аттың алдыңғы екі аяғы мен артқы бір аяғына қосып салатын тұсау б) Ақын суреттеуінен алған әсерлерің?(түр-тұлғасы,жүріс-тұрысы,шабыс-желісі) -Топтарға ресурс беріледі:Тапсырма Өлеңде айтылған дене мүшелерін рет-ретімен санамалап көрсету -Мұғалімнің түсіндірмесі -Өлеңде кездесетін сөздердің мағынасын ашу – -Оқушыларға С.Жүнісовтің « Ақан сері» романынан үзінді оқып беру -Абайдың аттың сынына шығарған өлеңі мен ұсынылған әңгімені салыстырып,өз ойларыңды білдіріңдер -Талантты,дарынды балаларды қатыстыру(қосымша ғаламтор материалдарынан) -Бекіту сұрақтары 1.Ақын ат суретін қандай ретпен суреттейді? 2.Аттың дене құрылысын бұндай ретпен суреттеудегі ақынның мақсаты не? 3.Сұлу, жүйрік аттың дене мүшелерінің белгілері, қасиеттері қандай ? 4.Абай суреттеуіндегі тұлпардың мінезі қандай? 5. Атқа қандай қарым-қатынасын білдіреді -Бағалау: Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау Үйге тапсырма:1.Бәйге атының сынын қара сөзбен жазу 2.Эпитет, теңеуді табу -Рефлекция кезеңі -Сабақты тренингпен аяқтау |