kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока на тему: М??а?али

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:

А?ын М.Ма?атаевты? ?мірі мен шы?армашылы?ынан м?лімет беру.

О?ушыларды?  поэзия?а  деген  ынтасын  арттыру, ізденімпазды?  ?асиеттерін ?алып-

тастыру, тіл  м?дениетіне  баулу, м?нерлеп  о?у  м?дениетін  жетілдіру.

?нер  адамына, еліне, тілге  деген  патриотты?  сезімдерін ояту,адамгершілікке, ?лтжандылы??а  баулу.

Саба??а керек ??рал-жабды?тар:

Та?тада М??а?али Ма?атаевты? суреттері,кітаптары ж?не естеліктер

?дістері:с?ра?-жауап,ойландыру,баяндау

Т?рі:д?ст?рлі саба?

Типі:жа?а саба?ты ме?геру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока на тему: М??а?али »

ЫРҒЫЗ ОРЫС ОРТА МЕКТЕБІ








АШЫҚ САБАҚ


ТАҚЫРЫБЫ:

М.МАҚАТАЕВ

«ҚАРА ӨЛЕҢ», «ҚАЙЫРЛЫ ТҮН»

ӨЛЕҢДЕРІ




Пән мұғалімі: Г.Нурмаханова




2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев

Мақсаты:

Ақын М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру.

Оқушылардың поэзияға деген ынтасын арттыру, ізденімпаздық қасиеттерін қалып-

тастыру, тіл мәдениетіне баулу, мәнерлеп оқу мәдениетін жетілдіру.

Өнер адамына, еліне, тілге деген патриоттық сезімдерін ояту,адамгершілікке, ұлтжандылыққа баулу .

Сабаққа керек құрал-жабдықтар:

Тақтада Мұқағали Мақатаевтың суреттері,кітаптары және естеліктер

Әдістері:сұрақ-жауап,ойландыру,баяндау

Түрі:дәстүрлі сабақ

Типі:жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

  • Балалар, Класта кезекші кім?

  • Класта кім жоқ?

  • Үйге берілген тапсырма қандай болды?

Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым-Қожа»повестіндегі «Қожа түбінде адам бола ма, жоқ па? деген сұраққа нақты дәлел табу.

Олай болса,тез арада екі топқа бөлініп, өз позицияларынды қорғап шыға қойыңдар.

Сұрақ-жауап: І топқа

-Егер сен Қожаның орнында болсаң не істер едің?

ІІ топқа Автор орындығы/

-Егер сен автор орнында болсаң,повестті қалай аяқтар едің?

Балалар.Мұқағали Мақатаев туралы не білесіңдер? Қандай өлеңдерін білеміз? / «Саржайлау»әнінен үзінді тыңдап,орындау/

-Бұл кімнің өлеңі болды?

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығынан «Қайырлы түн», «Қара өлең»өлеңдерімен танысамыз.

Сабақтың мақсаты айтылады.

2. Кіріспе сөз: Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы Мақатаев 1931жылы

9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында туған.

Балалардың үлкені – Мұқағали еді. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарында өтті.

Әкесі Сүлеймен соғыста қаза тауып, анасы Нағиман мен әжесі Тиынның тәрбиесінде өсті. Ол 10-11 жастан бастап өлең шығара бастайды.

Әйелі – Лашын Әзімжанова. Тұңғыш қызы – Ләззат 1949 жылдың желтоқсанында дүниеге келіп, сәуірде суық тиіп қайтыс болған. Екінші қызы – Майгүл 1951 жылы мамырда дүниеге келген, 1962 жылы Алматыға көшіп келгеннен кейін машина апатынан қайтыс болады. Бұл қаза ақынға қатты соққы болады. Майгүлге арналған өлеңдер циклі баршылық. Қалған балалары – Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шолпан.

Мұқағали орыс, неміс тілдерін жақсы білген.

1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепте мұғалім болды.

1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі әдебиет және өнер институтында оқыды.

Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай», «Інімнің ойы», «Шебер». Өлеңдегі ұстазы – Қ.Аманжолов. Ақынның тұңғыш кітабы – «Ильич», ал кейінгі шығармалары «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», “Чили – шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдері бар. Мұқағали – ақын, жазушы, драматург. Ақиық ақын 1976 жылы 27-інші наурызда 45 жасында Алматы қаласында қайтыс болды.

Фото галерея және кітап көрмесімен таныстыру 3. Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің білімдерін тексереді.

- Мұқағали Мақатаев кім?

- Мұқағали Мақатаев ең бірінші ақын дейміз, сосын драматург, сатирик, публицист, жазушы, аудармашы, ұстаз, журналист деп атап өтеміз.

- М.Мақатаев қай жылы, қайда туған?

- Ол әкесінен неше жасында жетім қалды?

- Оның қандай өлеңдерін білесің?


4.Әңгімелесу. Аз ғана өмір сүрсе де артына өшпес мұра қалдырды. Ол өмірді сүйіп өтті. Ал, енді балалар, Мұқағали ағамыздың өлеңдерін оқып көрелік. /Топтық жұмытар/

«Қайырлы түн» өлеңін мәнерлеп оқу.

Өлең мазмұнына талдау жасау.

1.Әйел-Ана сәбиінің   ұйқысын   қалай бұзбай  сақтаса ,   Жер-ана да дәл солай тәтті   ұйқыда таңға дейін   дем  алуын тілейді

 

2.Алып жерді төсек еткен көк аспанның ешқандай соғысқа ұшырамай,таң атар сәтте боз көрпесін айқара жауып ,тыныштықтың аясында дамылдап,тәтті ұйқыда болуын тілейді


Өлең  түрі: Философиялық   лирика.   Философия –табиғат , қоғам мен ойлаудың даму барысындағы  жалпы заңдылықтары туралы ғылым


Тәсілі: Кейіптеу-орманың  шуламасын,  суларың туламасын,күңіренбесін, жыламасын,шамыңды өшір,айың келіп ақ мойныңа  асылды .

/Жансызды жанды түрде суреттеу/

 


Қайырлы түн,

Жер-анам!

Көк аспанды жамыл да,

Таңға дейін   дін аман,

Тәтті  ұйқыда  дамылда!

 Орманың да шуламасын ,

Суларың да туламасын. Тыныштық.

Ақ басты ала тауларың да

 Күңіренбесін,жыламасын!

 



Шамыңды өшір,

Түсіре ғой пердеңді,

Қайырлы түн,алып жер!

Дүбірлетіп сенің ұлы кеудеңді

Таптамасын танктер.                                Соғысқа  жол  жоқ






Қайырлы түн,

Көк аспан, 

Алып жерді төсен де, 

Таңға дейін тәтті ұйқыда толаста,

Ұшырама кеселге.


Қайырлы түн,

Ақ аспан, 

Алып жерді төсен де, 

Боз көрпеңді айқара жап иыққа, 

Сенің нұрың  тыныштықпен жарасқан 



  Қайырлы түн ұйықта! Нұрлы  өмір.                                                

Шашу  болып жұлдыздарың шашылды,

Айың  келіп ақ мойныңа  асылды.

Шәйіге орап әлдилесін Құс жолы

Тыныштық деп аталатын  жас ұлды.


Дәптермен жұмыс: Түсініксіз сөздерді жазып,мағынасын ашу


Кесел-ауру,дерт

Шәйіге-жібек матаның бір түрі

Құс жолы — кең, ақшыл жолақ болып тұтасқан орасан көп жұлдыз шоғыры. 



Келесі өлеңі «Қара өлең»деп аталады.Мәнерлеп оқиды.


Қалқам,мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинмiн демедiм ешкiмге мен,

Қазақтың қара өлеңi – құдiретiм,

Онда бiр сұмдық сыр бар естiлмеген.

 

Жат жердi жастанғанда жазатайым,

Қанымен жазды, мүмкiн, ағатайым.

...Қасиетiңнен, қара өлең, айналайын,

Қазақтың дәл өзiндей қарапайым.

  

Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қара өлеңi қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан ағызбайын.

 

Ақынмын деп қалай мен айта аламын,

Халқымның өзi айтқанын қайталадым.

...Күпi киген қазақтың қара өлеңiн,

Шекпен жауып, өзiне қайтарамын.

 


-Өлең мазмұны не туралы?

-Лермонтов,Пушкин,Есениндер кім?

-Қара өлең дегеніміз не?

Ол қазақтың ежелгі өлең түрі


Түсініксіз сөздермен жұмыс:

Күпі-матамен тысталған тері тон.

Шекпен-түйе жүннен тоқылған сырт киім


Сабақты қорыту:

-Бүгінгі сабақтан не түйдіңдер?

-Қазақ поэзиясының ХАНТӘҢІРІНЕ айналған ақын туралы не білдік?


Бағалау

Үй тапсырмасы: Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны, «Қайырлы түн»

өлең құрлысына талдау. «Қара өлең » жаттау.













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Конспект урока на тему: М??а?али

Автор: Нурмаханова Гульнура Шамельевна

Дата: 04.06.2015

Номер свидетельства: 217538

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ернест Хемінгуей-конспект уроку "
    ["seo_title"] => string(38) "ierniest-khieminghuiei-konspiekt-uroku"
    ["file_id"] => string(6) "107753"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1403432061"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(193) "Конспект урока русского языка 6 класс "Морфемика. Морфемы, их роль в словообразовании и формообразовании" "
    ["seo_title"] => string(106) "konspiekt-uroka-russkogho-iazyka-6-klass-morfiemika-morfiemy-ikh-rol-v-slovoobrazovanii-i-formoobrazovanii"
    ["file_id"] => string(6) "130104"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415817665"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) "Конспект урока по гимнастике на тему: Лазанье по канату в три приёма. "
    ["seo_title"] => string(73) "konspiekt-uroka-po-ghimnastikie-na-tiemu-lazan-ie-po-kanatu-v-tri-priioma"
    ["file_id"] => string(6) "172814"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423883972"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(129) "конспект урока по литературному чтению на тему "Знакомство с буквой М" "
    ["seo_title"] => string(74) "konspiekt-uroka-po-litieraturnomu-chtieniiu-na-tiemu-znakomstvo-s-bukvoi-m"
    ["file_id"] => string(6) "127674"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415360887"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(213) "Конспект урока по трудовому обучению  в 4  классе Та?ырып/тема: изготовление воздушного змея из картонной  бумаги №1,2 "
    ["seo_title"] => string(128) "konspiekt-uroka-po-trudovomu-obuchieniiu-v-4-klassie-tak-yryp-tiema-izghotovlieniie-vozdushnogho-zmieia-iz-kartonnoi-bumaghi-1-2"
    ["file_id"] => string(6) "114076"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1411281946"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства