Топтық жұмыс 1-Тапсырма. Бірлескен оқылым, Мәтіндегі көтерілген басты мәселені анықтайды, екі-үш проблемалық сұрақ дайындайды.1.Гендік өзгеріске ұшыраған өнімдер туралы ғалымдардың пікірі.2.Қалай ойлайсыңдар,гендік тұрғыда өзгертілген ауылшаруашылық тағамдарының денсаулыққа қандай да бір әсері бар ма? 3.Біз гендік тұрғыда өзгертілген өнімдерді тұтынып жүрміз бе? Оларды табиғи өнімдерден қалай ажыратуға болады? Гендік өзгеріске ұшыраған өнімдер өсімдік геніне жануарлардың генін енгізу, яғни ГМА (гендік модификацияланған ағзалар) арқылы жүзеге асырылады. Оны «трансгендік өнімдер» деп те атайды. Азық-түлік нарығында трансгендік өнімдер (ұзақ сақталатын қызанақ пен соя) алғаш рет АҚШ-та 1994 жылы пайда болған. Осыдан кейін өндірушілер трансгендік өнімдерді бірінен соң бірін ұсына бастады. Гендік өзгеріске ұшыраған өнімдер туралы айтқанда, әлем ғалымдарының пікірі 2-ге жарылады. Біреулер: «Бұл – адамзат үшін өте қажет!» - десе, екіншілері: « Адам денсаулығына зиян, оны зерттеу қажет!» - дейді. Гендік өзгеріске ұшыраған өнімдерді өндірушілер: «40-50 жылдан кейін жер бетіндегі тұрғындардың саны 11 млрд-қа дейін жетуі мүмкін, сол кезде ауылшаруашылық өнімдеріне деген сұраныс та артады, табиғи өнім жетпей, аштық орын алуы мүмкін, бұл – адамзатты аштықтан құтқаратын бірден-бір жол», - деп тұжырымдайды... (сұрақтар арқылы тақырыптың негізгі идеясын анықтайды) Дескриптор: Білім алушы Мәтіннен көтерілген мәселені анықтайды Проблемалық сұрақтар құрастырады «Ашық микрофон» әдісі арқылы топтар бір-біріне дайындаған сұрақтарын қояды. Сергіту сәті: 2-Тапсырма: Тірек сөздерді жазады, жұпта және топта салыстырады. Жұмыстың соңғы нәтижесін сынып алдында талқылай отырып, негізгі тірек сөздерді анықтап алады. Іріктелген тірек сөздерді екінші бір баламаларымен- синонимдерімен жазып шығады. Дескриптор: білім алушы - мәтіннен тірек сөздерді теріп жазады; - синонимдік қатарларды анықтайды. 3-Тапсырма:Оқушыларға мәтіннен баламалары табылған тірек сөздерді қатыстыра отырып, тарау тақырыбы негізінде шағын, жинақы мәтін жазу. (әр топтан үздік деп танылған мәтін сынып алдында оқылады) Дескриптор -75-80 сөзден аспайтын жинақы мәтін жазады. « |