Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі Тақырыбы: Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер»
Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер Тақырыбы: Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер Мақсаты: бірігу жолымен жасалған туынды сөздердің жасалу жолын оқушыларға игерту; Дамытушылық : оқушының ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын арттыру, өздігінен жұмысқа үйретіп, қатесіз, әдемі, жылдам жазуға дағдыландыру; Тәрбиелік: оқушыны Отанын құрметтеуге, туған жерге деген сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту Әдісі:сұрақ-жауап, жаттығулар орындату, ойын Көрнекілік: үлестірмелі қағаздар, видеопроектор, слайдтар, оқулық Сабақтың өту барысы: І Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару ІІ Үй жұмысын тексеру Сұрақтары: 1.Сөзжасам дегеніміз не? 2 .Жаңа сөздер қандай жолдармен жасалады?
3.Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер қалай жасалады?
4 . Жұрнақ жалғану жолымен жасалған туынды сөздер қалай жасалады? 5. 374-жаттығу.
Туынды сөздерді табу,теріп жазу. ІІІ Жаңа сабақ Оқушылырға бірнеше мысалдар айтқызу Еңбекақы, Қызылорда, тұсаукесер, Гүлжан, тасбақа т.б Сөздерді оқытып, мағынасын анықтау. -Қызылорда-жердің аты. -Қандай сөздерден құрылған? - «Қызыл» және «орда» деген екі сөзден бірігіп, жаңа сөз туды -Сонда бұл сөздер қалай жасалған туынды сөздер? -Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер. Екі немесе одан да көп сөздердің бірігуі арқылы жаңа мағынаға беретін сөздер жасалады. Лексикалық мағына беретін сөздерді біріккен сөздер дейміз. (Ережені өздері шығарады,) Біріккенсөз екі немесе одан да көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіреді, Мысалы: Екібастұз (Екі+бас+тұз), тасбақа (тас+бақа), «Ой қозғау стратегиясы». Өзіміздің Маңғыстау өлкесінде кездесетін бірігу арқылы жасалған жер атауларын атаңдар.