урок по казахскому языку для 11 класса вечерней школы на тему "?аза?ты? бас ?аласы". Цель урока воспитание патриотизму, работа в паре, история главного города Казахстана "Астана", Астана столица Казахстана. Использован слайд про Астану, были даны задание по грамматике на тему "Т?уелдік жал?ау"(Окончание притяжательной формы и "Жіктік жал?ау" (личное оконяание). Использованый элементы новый технологии. Такое как ассоциация и обратный связ.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Күтілетін нәтиже: тәуелдік жалғауды қолдана білу, астана туралы өз ойын айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Тілдік ортаға кіру.
I. Жұптық жұмыс. «Өз жұбыңды тап» ойыны.
Ойынның шарты: берілген сұраққа дұрыс жауап немесе оқылған жауапқа қойылатын сұрақты дұрыс таба білу қажет. Оқушыларға араластырылып біреуіне сұрақ, біреуіне жауаптар үлестіріледі. Бірінші отырған бала сұрағын оқығанда оқушы қолындағы жауапты тексеріп, дұрыс болса жауап беру қажет.
1. Қазақстан қай жылы егемен ел боды?
- Қазақстан Республикасы 1991 жылы егемен ел болды.
2. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті қашан сайланды?
- Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті 1991 жылы сайланды.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасы қашан бекітілді?
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасы 1992 жылы бекітілді.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы қашан енгізілді?
- Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы 1993 жылы енгізілді.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
- Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
6. Республика астансы қай жылы, қандай қалаға көшірілді?
- Республика астансы 1997 жылы, Астана қаласына көшірілді?
Мұғалім сөзі: Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, сондықтан өз білімдеріңді жақсылап көрсетуге тырысыңдар.
Бүгінгі сабақта еліміздің басты қаласы туралы әңгімелесіп, жаңа сабақты бастаймыз.
Астана – күн сайын өсіп келе жатқан әдемі, көрікті жерлері көп қала. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі.
II. Ой толғау. Қазір біз Астана қаласы туралы не білеміз соны жазуға тырысамыз.
Сөздік жұмысы. астана - столица
қоныс аударды - переехал
қазақтың мекені - родное отечество
кіндік қала - центральный, главный город
еңсей биіктей берсін - пусть растет
жүрегіне айналды - стал центром
III. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқу. Орысшаға аудару.
Қазақстанның астанасы – бұрынғы Ақмола қаласы.Ақмола қаласы 1953 жылдан бастап «Целиноград» деп аталған. 1955 жылдан бастап «Ақмола» атын қайтып алды. 1998 жылдың жазынан бастап Елбасының жарлығымен «Астана»деген атқа ие болды. Астана – біздің еліміздің бас қаласы. Отанымыздың астанасы. Қала солтүстік Қазақстанда орналасқан. Бұл - көрікті де үлкен қала. Астана – бейбітшілік және достықтың қаласы.
Астана жылдан-жылға көркейіп келеді. Жаңадан салынған ғимараттар мен әдемі алаңдары көз тартады. Қалада үш биге арналған ескерткіш бар. Ескерткіш орталық даңғылында тұр. Жаңа астанада көптегенқұрылыс жүріп жатыр.
1. Тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс не бұрыс екенін анықтаңдар.
1. Қазақтың астанасы Алатаудан Арқаға қоныс аударған.
2. Бүгінде Астананы бүкіл дүниежүзі біледі.
3. ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға 1997 жылы «Бейбітшілік қаласы» атағы берілген.
4. Есіл бойы - қазақтың ежелгі мекені.
5. Кенесары хан ақ ордасын тіккен қазақтың кіндік қаласы жасай берсін!
IV. Грамматикалық бөлім.
2. Тапсырма. 1-ші қатар «Астана» сөзін септеу, 2-ші қатар «Астана» сөзін тәуелдеу. Дәптерлерімен ауысып бір-бірінің жұмысын тексеру.
V. Астана қаласына саяхат (слайд)
Астана қаласына саяхат жасаймыз. Қазір сендер жұптасып диалог құрасыңдар.
VI. Сөзжұмбақ арқылы сабақты бекіту.
1. Қаланың ортасында қандай бес жұлдызды конақ үйі салынған? (Алатау)
2. Ақорда қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
3. Астана сиволы. (Бәйтерек)
4. Астана қаласы қандай далада орналасқан? (Сарыарқа)
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан . Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы,Парламент үйі, “Интерконтиненталь” қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Қаланың ортасында бес жұлдызды “Алатау” қонақ үйі салынды. Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Астана – болашағы үлкен қала.