Күні: | 7 «а» - сыныбы | қазақ әдебиеті Пән мұғалімі Ақжігітова Б.Қ. |
Сілтемелер: | Нұсқаулық 44-бет, 52-бет Александер «Диалог», «Қалай оқу керектігін үйрену», Қазақ әдебиеті оқулығы, «Арман- ПВ» баспасы 2011ж, Блум таксономиясы,СТО технологиясы |
Сабақтың тақырыбы: | Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі |
Жалпы мақсаттар: | Ақынның өзіндік мұратын таныту, «Өзім туралы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу; Оқушының сөйлеу мәдениетін, дүниетанымын кеңейту, өз бетімен жұмысқа, шығармашылыққа дағдыландыру; Қасым поэзиясы арқылы Отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге, қайсарлыққа, табандылыққа тәрбиелеу. |
Негізгі мақсаттар: | Ақын шығармаларының қыры мен сырын ашу. Ақын шығармаларындағы болашақ жастарға айтып кеткен өсиетін насихаттау |
Оқыту нәтижелері: | |
Түйінді идеялары: | «Өзім туралы» өлеңі –ақынның жан сыры, аманат сөзі. |
Сабақтың әдіс – тәсілі: | Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,жұптық -топтық жұмыс, талдау жүргізу, диалогтық оқыту, сұрақ қою техникалары |
Сабақтың көрнекілігі: | Оқулық,бағалау парақшалары, интербелсенді тақта, слайд,маркер, постер |
Кезең | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру | Оқушылармен амандасып, сыныпқа ынтымақтастық атмосферасын орнату.Шаттық шеңберін құру, геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу | Көтеріңкі көңіл-күйде топтарға бөлінеді, топ басшысын сайлайды. |
Үй тапсырмасы | «Ақын өлімі туралы аңыз» өлеңі Сұрақ қою техникалары: Түрткі болу: -Егер соғыста ерлікпен қаза таппағанда Абдолла өмірі қалай болар еді? Сынақтан өткізу: -Егер ақынның орнында сен болсаң не істер едің? Қайта бағыттау: -Қазіргі кездегі Абдолла ізбасарлары туралы не айтар едіңдер? | Ашық сұрақтарға жауап береді, өз ойларын еркін жеткізеді |
Қызығушы-лықты ояту | Сабақтың эпиграфы: Дейсіңдер-ау Қасымның несі басым, Қасым солай болмаса несі Қасым? Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің Әммесінен Қасымның десі басым М. Мақатаев Интербелсенді тақтадан Қасым Аманжолов туралы бейнекөрініс көрсету | Бейнекөріністі көріп, ой түйеді |
| Топтастыру стратегиясы Ітоп Ақынның өмір жолы мен отбасы ІІ топ Ақынның әндері ІІІ топ Ақынның шығармашылығы | Оқушылар Қ.Аманжолов туралы жинап келген деректерді пайдалана отырып, топтық жұмыс жасау арқылы ақынның өмірдегі, қоғамдағы орны мен қызметін топтастырып шығады |
Мағынаны тану | Өлеңді мәнерлеп оқу Сөздік қоржыны (дәптермен жұмыс) Жасық –жігерсіз, былжыр, тартымсыз, әлсіз Көрік – ұста дүкенінде көмірді үрлеп, темірді қыздыру үшін теріден жасалған үрлеуші Тымырсық – сыр ашпайтын, сөйлемейтін Торқа – ең қымбат жібек мата Кестені толтыру: Өлеңнің тақырыбы | Өлеңнің идеясы | Ақынның көңіл -күйі | | | | | Берілген топта бірлесіп жұмыс істейді, тапсырма бойынша орындайды |
Сергіту сәті | Жас ақын Жамбыл Дүйсеновтың «Ақын аға, жан аға!» арнауын тыңдату | Оқушылар өлеңді тыңдайды, сергиді |
| Ітоп Өлең құрылысына талдау ІІ топ РАФТ әдісі бойынша шығармашылық жұмыс ІІІ топ Өлеңдегі теңеу, метафораларды тауып, талдау | Оқушылар өлеңді құрылысына қарай талдайды,монолог оқиды; топта пікірлерімен алмасып, көркемдік ерекшеліктерін табады. |
Ой –толғаныс | «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты концертте орындалған «Өзім туралы» өлеңін тыңдату. Шығармашылық тапсырма «Өзім туралы» немесе «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды...» |
Оқушылар өздері туралы эссе немесе өлең жазады. |
Үйден оқып –үйренуге арналған тапсырма | «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау. Қазақ әдебиеті оқулығы (236-239 беттер) |
|
Қосымша оқуға арналған тапсырма | Қасым Аманжоловтың шығармаларын оқу | Қ. Аманжолов туралы деректер жинайды |
Дерек көздері | Қазақ әдебиеті оқулығы, Қ.Аманжолов шығармалар жинағы, ғаламтор материалдары |
|
Бағалау |
| Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды критерийлер арқылы бағалайды |
Кері байланыс | «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы. Оқушылар сабақтан не білді, не түсінді, нені игерді ? стикерге жазып, смайликке іледі. |