Просмотр содержимого документа
«"История успешных людей"»
сынып
8
күні
04.04.2017
№
106/4
Сабақтың тақырыбы: Қайырымды табыскер
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға табыс,табыскер,бизнесмен деген сөздердің мағынасын түсіндіру, экономикалық түсініктерді қалыптастыру.
ә/ сөздік қорын дамыту, дұрыс таңдау жасай білуге үйрету;
б/ отбасының әлеуметтік жағдайына көзқарасын қалыптастыру;ұйымшылдыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:тірек-сызбалар, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: экономика,математика
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
* Оқушылармен амандасу.
* Кезекшінің мәлімдемесі.
Оқушыларды сабақтың мақсат – міндеттерімен таныстыру.
Үй жұмысын тексеру, бірнеше сұрақтар қою:
Бюджет дегеніміз не?
Отбасы және жеке бюджеттің айырмашылығы неде?
Ақшаны үнемдеу дегенді қалай түсінесің?
Бизнес дегеніміз не?
Кәсіпкерлік деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Бизнесмен қандай салаларда жұмыс істейді? Не үшін?
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Балалар, сендер бүгін табыскер адамдар туралы білімдеріңді әрі қарай жалғастырасыңдар.Табыскер дегеніміз - бизнеспен айналысушы адам, коммерсант, кәсіпкер. Ол "ақша жасаушы", айналымдағы табыс әкелетін капиталды иеленуші , экономикалық, коммерциялық қызметпен айналысушы адам. Өздеріңе таныс бизнесмендер туралы айтыңдар...
Пікірталас
Әлемдегі ең табысты адамдардың алғашқы кәсіптері Ричард Брэнсон, Virgin компаниясының президенті. Табысы: $4,8 млрд. Алғашқы кәсібі: Шырша сатушы. Virgin компаниясын құрушы кәсіпкердің алғашқы кәсібі Рождество қарсаңында шырша өсіріп, сату болған. Алайда шыршаларының басым көпшілігі қурап кетіп, ісі оңға баспаған. Оның ең алғашқы табысты кәсібі – 15 жасында ойлап шығарған Student деп аталатын мектеп журналы.
Марк Цукерберг, Фэйсбук желісін құраушылардыңбіріТабысы: $34,9 млрд. Алғашқы кәсібі: Фэйсбук әлеуметтік желісі. Марк – барлық белесін өз күшімен бағындырған әлемдегі белгілі миллиардерлердің бірі. Ол әлі өзінің бірінші жұмысында істеп келеді.
Джордж Лукас, кинорежиссер. Табысы: $5 млрд. Алғашқы кәсібі: Оқытушының көмекшісі. Ол Оңтүстік Калифорнияда оқытушының көмекшісі болып қызмет етіп жүріп, америкалық теңіз жаяу әскерлерімен деректі фильм түсіруге қызығады. Ақыры өз дегеніне, алға қойған арманына жетеді. Майкл Делл, Dell компаниясының президенті Табысы: $18,2 млрд кәсібі: Қытай мейрамханасында ыдыс-аяқ жуушы. Жоғары сыныптарда оқып жүргенде Делл қытайлық мейрамханада жұмыс істейді. Ол тапқан табысын жинап, марка жинаушы болып бизнес құрады
Ян Кум, WhatsApp желісінің негізін қалаушы.Табысы: $6,8 млрд. Алғашқы кәсібі: Сыпырушы. Америкаға келгеннен соң Ян анасына қатерлі ісікке қарсы күресуге көмектесіп, 16 жасында жергілікті азық-түлік дүкенінің алдын сыпырды. Yahoo-да жұмыс істеу үшін колледждегі оқуынан шығып кеткен.
Грамматиканы қайталау.Келесі сөздерге фонетикалық талдау жасау.