Просмотр содержимого документа
«Етістік. Етістіктің түрлері»
Қазақ тілі
ІІІ тоқсан
6 сынып
№1 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Етістік.
Білімділік мақсаты: Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін есепке ала отырып, етістік туралы толық мағлұмат беру. Етістіктің түрлерін ажырата білуге, тіл біліміне танымдық қабілетін арттыру.
Дамытушылық мақсаты: Сөйлеу тілдерін жетілдіру. Шығармашылық іске жұмылдыру. Іздене білім алуға дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсат: Талдауға алынған мысалдар арқылы оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
-оқушылардың сабаққа қатысуы туралы кезекшінің мәліметі;
-оқу құралдарын ретке келтіру;
-сабақтың мақсаты айтылады.
ІІ Өткен тақырыптарға шолу жасау.
Сұрақ-жауап әдісі:
Сөз таптары нешеге бөлінеді, рет-ретімен атап шық.
Атауыш сөздерге нелер жатады?
Біз қандай сөз таптырмен таныстық?
Есімдік дегеніміз не?
Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
ІІІ Жаңа сабақ: Етістік.
Қызығушылықты арттыру:
Сөз жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбы шешіледі: /5 минут уақыт беріледі/
1.Қарағанды қаласындағы өзеннің аты?
2.Дене мүшесі.
3.Тонның басқаша атауы.
4.Уақытты көрсететін затты ата.
5.Рәміздердің бірі.
6.Септік атауы
7.Бейбітшілік құсы.
1
Е
р
т
і
с
2
т
і
с
3
і
ш
і
к
4
с
а
ғ
а
т
5
т
у
6
і
л
і
к
7
к
ө
г
е
р
ш
і
н
Оқушылар етістіктің анықтамасын, оның сұрақтарын өздері айтады.
Етістік дегеніміз-заттың қимылын іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Не істеді? Не қылды?қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.
Тақтаға мысал жазылады:
Көп ойласаң, дана боласың, (ойласаң – сен не істесең? боласың-не істейсің?)
Көп ойнасаң, бала боласың. (ойнасаң – сен не істесең? боласың-не істейсің?)
Бұл сөздер заттардың іс-әрекетін білдіріп тұр.
2.Сызбамен жұмыс:
Тұлғасына қарай
Құрамына қарай
Негізгі
Туынды
Дара
Күрделі
Сөздің түбірі етістіктен болса, ол негізгі етістік болады.
Мысалы: кел, бар, жүр, көр, бер, қойды, айтты т.б.
Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер туынды етістік немиесе туынды түбір деп аталады.
Мысалы:ойна, шегеле, қарайып, көгерген, күшей т.б.
Бір ғана түбірден тұрады: баста, аяқта, тара, байы, тасы т.б.
Кемінде екі сөздің тіркесуі арқылы жасалады. Бірінші сыңары негізгі етістік, кейінгі тұрғандары көмекші етістік болып саналады: Бара жатыр еді, алып кел, жазып отыр, шөлдеп кеттім т.б.
Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай
Мағынасына қарай
Болымды
Болымсыз
Салт етістік
Сабақты етістік
Іс әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.
Мысалы:кел, санады, жаздыр, барды т.б.
Іс әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.
Негізгі және туынды етістікке -ма,-ме, -ба,-бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Мысалы: келме, санамады, жаздырма, бармады т.б.
Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейді.
Мысалы: үйге кел, үйден шық, үйде отыр, үймен хабарлас, үй өртенді.
Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етеді.