Білімділік: О?ушыларды? ?аза?ты? ?лтты? киімдері туралы ал?ан ма?л?маттарын естеріне т?сіре отырып, білімдерін бекіту;
Дамытушылы?: Сауатты жазу?а, с?йлеуге, ?з дігінше ж?мыс істеуге баулу,с?здік ?орын молайту ж?не ?аза? тілінде еркін с?йлей білу ?рекеттерін жетілдіру;
Т?рбиелік м?ні: Мемлекеттік тілді ??рметтеуге, отанс?йгіштікке, адамгершілікке, ?дептілікке т?рбиелеу. ?аза? тілі ж?не ?дебиеті, тарихы, салт- д?ст?рі мен ?неріне ?ызы?ушылы?тарын арттыру.
О?ушылармен амандасу. О?ушылар?а саба?та табыс тілеу.
Сыныппен диалог:
-?азір жылды? ?ай мезгілі?
-?азір ?андай ай?
- Айды? ?ай к?ні?
-Ауа райы ?андай?
-И?, б?гін ауа райы суы?, ал ауа райы ??былмалы екенін біз жа?сы білеміз. Бірде жылы, бірде суы?, жа?бырлы, боранды болады. Адамдар ауа райы ерекшеліктеріне бейімдеп ?здеріне киім-кешек тіккен. ?азір біз киімдер туралы бейнек?рініс тамашалаймыз.(?лтты? киімдер туралы бейнек?ріністен ?зінді)
Балалар, бейнек?рініс не туралы? Д?рыс,?аза?ты? ?лтты? киімдері туралы. Сіздер де б?гін ?лтты? киім киіп келді?іздер. Ендеше, д?птерлері?ізді ашып, б?гінгі к?н мен саба?ты? та?ырыбын жазы?ыздар. Б?гінгі саба?ымызда ?аза? ?лтты? киімдері туралы ал?ан білімдерімізді сараптай отыра грамматика бойынша ал?ан білімдерімізді ?р т?рлі тапсырмалар орындау ар?ылы ?орытындылаймыз. ?лемдегі барлы? ?лт секілді атам ?аза? та ежелден ?зіндік киімдермен ерекшеленген.?азакы киімні? барша сымбаты мен ою-?рнегінде, ?рбір ?шекейінде хал?ымызды? тарихыны?, ой-д?ниесіні? ?айталанбас к?рінісі бар.Ол бізді? ?лтты? м?дениетіміз.
?йге берілген тапсырма бойынша біз ерлер ж?не ?йелдер ?лтты? киімдері жайлы ал?ан білімдерімізді орта?а саламыз. (Балалар?а ?лтты? ерлер ж?не ?йелдер киімдері туралы презентация жасау?а берілген. Сол презентация о?ушыларды? назарына ?сынылады)
-Грамматикалы? та?ырыпты ашу ?шін м?тінге та?ы да назар аударайы?. ?арамен берілген с?здерге с?ра? ?ойып, ?ай с?з табынан екенін айтып бері?іздер. И?, етістік.
Лексикалық тақырып: Қазақтың ұлттық ерлер және әйелдер киімі
Грамматикалық тақырып: Есімше
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың қазақтың ұлттық киімдері туралы алған мағлұматтарын естеріне түсіре отырып, білімдерін бекіту;
Дамытушылық: Сауатты жазуға, сөйлеуге, өз дігінше жұмыс істеуге баулу,сөздік қорын молайту және қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру;
Тәрбиелік мәні: Мемлекеттік тілді құрметтеуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қазақ тілі және әдебиеті, тарихы, салт- дәстүрі мен өнеріне қызығушылықтарын арттыру.
Оқушылармен амандасу. Оқушыларға сабақта табыс тілеу.
Сыныппен диалог:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір қандай ай?
- Айдың қай күні?
-Ауа райы қандай?
-Иә, бүгін ауа райы суық, ал ауа райы құбылмалы екенін біз жақсы білеміз. Бірде жылы, бірде суық, жаңбырлы, боранды болады. Адамдар ауа райы ерекшеліктеріне бейімдеп өздеріне киім-кешек тіккен. Қазір біз киімдер туралы бейнекөрініс тамашалаймыз.(ұлттық киімдер туралы бейнекөріністен үзінді)
Балалар, бейнекөрініс не туралы? Дұрыс,қазақтың ұлттық киімдері туралы. Сіздер де бүгін ұлттық киім киіп келдіңіздер. Ендеше, дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбын жазыңыздар. Бүгінгі сабағымызда қазақ ұлттық киімдері туралы алған білімдерімізді сараптай отыра грамматика бойынша алған білімдерімізді әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы қорытындылаймыз. Әлемдегі барлық ұлт секілді атам қазақ та ежелден өзіндік киімдермен ерекшеленген.Қазакы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар.Ол біздің ұлттық мәдениетіміз.
Үйге берілген тапсырма бойынша біз ерлер және әйелдер ұлттық киімдері жайлы алған білімдерімізді ортаға саламыз. (Балаларға ұлттық ерлер және әйелдер киімдері туралы презентация жасауға берілген. Сол презентация оқушылардың назарына ұсынылады)
II. Негізгі бөлім.
-Балалар, қазір ұлттық киімдер туралы білімдерімізді толықтыру мақсатында мәтінмен жұмыс істейміз.
Мәтін:
Қазақ халқының ұлттық киімдері климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүр бойынша тігілетін. Әйел адамдардың киімдері ашық түсті болған. Қамзол, шапандарын ою-өрнекпен безендірген. Бас киімдері: тақия, сәукеле, бөрік, тымақ т.б. Қазақ халқының ұлттық киімдері өте сәнді және көрікті. Біркиер киім қымбат матадан тігілген. Оны той-думанға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киген. Ерлердің ұлттық киімдеріне желет, ішік, күпі, шекпен, саптама етік т.б. , ал әйелдер ұлттық киімдеріне көйлек, кимешек, қамзол, тақия, сәукеле, кебіс, мәсі т.б. жатады.
А) Бірінші мұғалім оқиды.
Ә). Сөздікпен танысу, сөздікке жазу.
Ескеріліп- учитывались
Ашық түсті – светлых тонов
Етектері – подол(платья)
Желбіректер – валаны
Безендірген – украшали
Біркиер – одежда на выход
Зергерлік-ювелирные
Б) Түсіндірме сөздік.
Сәукеле-свадебный головной убор девушки
Кимешек –головной убор замужней женщины
Мәсі – мягкие сапоги
Ішік- верхняя одежда,сшитая мехом вовнутрь и сверху покрытая тканью
Кебіс – надевают на мәсі,похожие на туфли на толстой подошве.
В) Мәтінді орыс тіліне аудару.
Г) Диалог құрастыру (жұптық жұмыс)
- Жылдар өте келе қазақ ұлттық киімдері тек тойларда, мерекелерде ғана киілсе де, еліміз тәуелсіздік алғалы қайта жаңғырып, ұлттық нақышта тігілген киімдерді сататын сауда орталықтары көптеп ашылуда.Сонымен қазақ ұлттық киімінің қазіргі жағдайы қандай екенін Толкачева Анастасия баяндап береді.(бейнетаспа, презентация)
Қорытынды: Қазақ ұлттық киімдер заманға сай өзгерді, бірақ өзінің мәртебесін жоғалтқан жоқ.
-Грамматикалық тақырыпты ашу үшін мәтінге тағы да назар аударайық. Қарамен берілген сөздерге сұрақ қойып, қай сөз табынан екенін айтып беріңіздер. Иә, етістік.
-Етістік дегеніміз не?
-Етістіктің мағыналық ерекше түрлерін атаңдар.
-Есімше дегеніміз не?
-Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
-Есімше қандай сөйлем мүшелерінің қызметін атқара алады?
Бұл сұраққа жауап беру үшін берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаймыз.