Білімділік: Әлемге танымал ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып «Ананың анасы» әңгімесінің мазмұнын , тақырыбы мен идеясын ашу;
Дамытушылық: Оқушының сөйлеу тілін , ой –өрісін , дүниетанымын дамыту, өзіндік ой қорыта білуге дағдыландыру, ізденуге жетелеу;
Тәрбиелік: Туған елге жерге деген сүйіспеншілік , анаға деген құрмет, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстауға тәрбиелеу.
Түрі: Шығармашылық сабақ.
Әдісі: СТО, әңгіме, пікір алмасу.
Көрнекілік: Жазушы портреті, танымдық кестелер , нақыл сөздер.
Пәнаралық байланыс: Тарих , музыка, қазақ тілі.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру. Психологиялық тренинг: «Шын жүректен» (Оқушылар біріне-бірі жылы лебіз білдіріп жүректің суретін сыйлайды.)
Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбы мен эпиграфы ілінеді. «Ғабит Мүсірепов –ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов»деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең , мазмұны әлдеқайда бай.Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керекгі жоқ. Онымен мақтануымыз керек» З.Қабдоллов.
Ғабит Мүсірепов кім? Топтастырып көрейік.
Драматург
Ғ.Мүсірепов.
Жазушы әдебинттанушы
«Ана» тақырыбында көп жазған жазушы.
Көркемсөз зергері Ғабит Махмұтұлы мүсірепов 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Жазушы жиырмадан астам әңгіме, хикаяттар жазған. «Қос шалқар» , «Талпақ танау», «Ана туралы новеллалар» .
30-жылдардыңорта шенінде жазушыны М.Горькийдің ана тақырыбында жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. Ол М.Горькийдің «Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ананың анасы», « Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима» атты әңгімелерін жазды.
Міне көрдіңізбе? Ана туралы көп қалам тербеп аналарды бағалаған үлкен жүректі адамның жазушы екен. Олай болса бүгінгі тақырыбымыз «Ананың анасы әңгімесінің композициялық құрылымымен танысайық.
Басталуы:
Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуға аттануы.
Дамуы:
Қалың жылқыны барымталап айдап келе жатуы.
Байланысуы:
Тезек арқалап келе жатқан қызды олжалап, аттарына мінгестіріп алуы.
Шиеленісуі:
Қыз әкесінің мерт болуы, анасының барымташылардың алдын орап алуы.
Шарықтау шегі:
Анасының өз перзентіне араша түсуі.
Шешімі:
Жалпақ балуанның ана мен қызына бостандық беруі.
Қорытынды:
Жалпақ балуанның жағдайы, елге жеткізу.
Әңгіменің композициялық құрылымы бойынша әңгіме мазмұнына шолу жасау. (Мұғалімні түсініктемесі.)
Жұптық тапсырмалар.
Оқушыларға «Мағынаны тану . Джигсо кестесі.», «Концептуалдық кесте», « Түртіп алу жүйесі – INSERT кестесін» таратып сабақ барысында жұппен жұмыс істеуге тапсырма беремін.
Мағынаны тану .Джиксо.
Кім туралы?
Алынған үзінді,
Көркемдегіш сөздер
Көрінетін мінез қыры
Ана
Менің атым –әйел, мына қыздың анасымын. Бәріңде анадан тудыңдар! Анамен алыспайды да ,атыспайды да. Нең бар еді менің жалғызымда!