Тәрбиелігі.қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу .
Сабақ түрі:Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау, топпен жұмыс, мәнерлеп оқыту, қызығушылығын ояту. Сабақ көрнекілігі: тірек сызба автордың суретін,наурыз той, наурыз көже суреттер, Интерабелсенді тақта Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі:
-Амандасу,түгендеу.
Психологиялық дайындық:
-Амансың ба Алтын күн?
Амансың ба Жер-ана?
Амансың ба достарым?
Сендерді көріп қуандым
-Сабағымызды бастамас бұрын кейбір қағидаларды қайталайық.
Басқаның пікірін сыйла
Біреу сөйлегенде оның сөзін бөлме.
Басқаның пікіріне құлақ сал
Ойлағаныңды ортаға сал.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
1-топ:Эссе жазп келу «Табиғат»
2-топ: Мазмұнын сұрау
3-топ:Сурет салу(көктем туралы)
Бағалау:әр топ өз өздерін бағдаршам түстері арқылы бағалайды.
Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту:
-Балалар қазір қандай мезгіл?
-Көктемде қанда мейрамдар бар?
-Алда қандай мейрам келе жатыр?
-22 наурыз туралы не білеміз?
-Наурыз –жаңа күн,жыл басы,жаңа жылдың бірінші күні.
Қазақ халқы наурыз күнін «Ұлыстың ұлы күні»деп,жақсылық тілейді.Ескі жылдағы өкпе-араздықты ұмытып, «Ұлыс оң болсын,бәле-жала жерге енсін,ақ мол болсын,ел тоқ болсын!»деседі.Жас кәрісі бірін-бірі құттықтап,құшақтасып көріседі.
Наурыз тойының мақсаты-халыққа молшылық,тоқшылық тілеу.Сол үшін қазан-қазан наурыз көже жасайды.
-Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз «Наурызкөже».
Наурыз көже – ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т. б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады. Бұл күні ағаларымыз бұлақтың көзін ашқан. Бұл күні қариялар ағаш еккен. Бұл күні араздасқан жандар татуласып, ерлер қос қолдасып амандасса әйелдер құшақтасып, бір - біріне игі тілектер айтқан. Бұл күні асылған көжеден тойып ішкен, себебі келер жылы тоқшылық болсын деп ырымдаған екен.
- Ал, енді мына портретке назар аударайық. Бұл кім? - Міржақып Дулатұлы не білеміз? Ақын,жазушы ,педагог
МіржақыпДұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады.
Наурыз тілек – достық көңіл мен тілек-тестіктің, адамгершіліктің белгісі. Әр адам өзіне, отбасына немесе жақын туыс-туғандары мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне кіріп дәм татады.
Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжандық қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайтын болған, ешкімге сыйлауға да болмайды.
Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Оны алғаш көргендер «Наурызкөгім келдің бе» деп шықырып жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды,
Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша»деп атайды.
Сергіту сәті:
Қара жорға биі
Жаңа сабақты бекіту:
Тапсырма:
1-топқа: «Наурызкөже қандай тағамдардан жасалады?» Ассоциация құру.
2-топқа:Маршурут ойыны: Наурызкөже сөзіне соңғы әрпінен сөздер құрастыру
3-топқа:Симантикалық карта:Ия;жоқ
1.Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас-наурызкөже.
2.Наурызкөжені 4 түрлі тағамнан жасайды.
3.Міржақып Дулатұлы жазушы,педагог.
4.Наурызды тек қана Қазақстанда тойлайды.
5.Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі.
Тест 1. Наурызкөжені тап а) алма, ет, орамажапырақ, тұз, су, май, қызанақ ә) бидай, күріш, тары, су, айран, тұз, сүр ет, арпа, бұршақ. б) бидай, тұз, жапырақ, жусан, мейіз, сәбіз, ет. 2. Наурызды көбінде қай елдер тойлайды? а) Үндістан, Иран, Ауған, Бұхар, Кавказ ә) Үндістан, Ресей, Америка, Германия б) Кавказ, Америка, Ресей, Иран 3. Көжеге неше тағам қосылады? а) 7-5 ә) 7-8 б) 7-9
4.Наурыз сөзі қай тілден аударылған?
а) орыс ә) парсы б) қырғыз
5. Наурыз мерекесінде әр үйде пісірілетін ас қалай аталады?
а)Наурызкөже ә) тәтті тоқаштар б)кеспе Рефлексия
Ұлттық киімдерді бояу.
1.Сабақ түсінікті,ұнаған болса жасыл түске бояймыз.
2.Кейбір жерлері түсініксіз болса сары түске бояймыз.
3.Сабақ мүлдем түсініксіз,ұнамаған болса қызыл түске бояймыз. Қорытынды. - Бүгінгі сабағымыз ұнады ма? - Несімен ұнады? - балалар, Ұлыстың Ұлы күні ақсақалдар жаңа жыл құтты, берекелі болсын деген ниетпен елге бата береді екен. Ендеше, бізде сабағымызды қорытындылау келе бата алсақ.
.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс ақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Пәле – жала жерге енсін!
Б) Бағалау. Күнделікке бағаларын қойып, мадақтау. В) Үйге тапсырма. - «Наурызкөже» мәтінін түсініп оқу. - «Қош келдің, Наурыз!» тақырыбында шағын шығарма жазу