Мен ?мір?лі Г?лжазира Атырау облысы Жылыой ауданы ??лсары ?аласы №9 жалпы орта білім беретін мектепте бастауыш сынып м??алімі болып ?ызмет етемін. Е?бек ?тілім жиырма т?рт жыл, екінші сынып?а жетекшілік етемін. Сіздерге мен ?зімні? бірінші сыныпта ?ткізген ?дебиеттік о?у п?ні бойынша жаз?ан ашы? саба?ымды ?сынып отырмын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?дебиеттік о?у ашы? саба?. "?ке мен бала"»
Сабақтың тақырыбы: Әке мен бала
Сабақтың мақсаты: а) Әңгімен оқи отырып , алған білімдерін пысықтау.
ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту
б) Үлкенді құрметтеуге сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу І. Ой қозғау. Оқушыларды сабаққа дайындау: Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Барша жанды құрметтеп, Бас иеміз біз. Дәптерді ашып, тақтада көрсетілуі бойынша көркем жазуды жазып шығу. Өткен тақырып бойынша білімдерін еске түсіру, арқылы «Дыбыс» тақырыбына байланысты сызбаны құру. - Дыбыс нешеге бөлінеді? (екіге: дауысты, дауыссыз) - Дауысты дыбыстың қандай түрлерін білесіңдер? (жуан, жіңішке) - Жуан дауысты дыбыстарды ата. - Жіңішке дауысты дыбыстарды ата. - Жұп дауысты дыбыстарды ата. Дыбыс дауысты дауыссыз а, о, ұ, ы жуан жіңішке ә, і, ө, е, ү
ІІ. Мағынасын ашу. 49 – жаттығу: Сөздердің дыбысталуын салыстырып оқу. берілген сөздердегі а, ә дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын анықтау. Сөздік диктант: «Ішіне – сыртына» әдісі арқылы жуан және жіңішке айтылатын сөздерді бөліп жазу. ( Бала, әке, шие, ұста, тиын, егін) ішіне сыртына Бала, ұста, тиын Әке, шие, егін Бұл сөздердің не себепті жуан немесе жіңішке айтылып тұрғанын дәлелдеу. «Әке мен бала» мәтінімен таныстыру. 1. Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет беру: 1841жылы 20қазан - қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. 1850жылы - Орынбордағы орыс - қазақ мектебіне қабылданады. 1857 жылы - мектепті «үздік бағамен» бітіріп шығады. 1889 жылы 9шілде - дүниеден өтеді. 2. Мәтінмен жұмыс: Мәтінді бөлімдерге бөлу. Әр бөлімді топта жеке – жеке оқып талдау. Бөлімдердің тірек сөздерін анықтау. (таға, тиын, шие) 3. Сөздік жұмысы: «таға, ұста» сөздерінің мағынасын талдау, осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырып жазу. ІІІ. Ой толғау: Мәтін мазмұнын талдауға байланысты сұрақтар қою. - Әкесі баласына тағаны неліктен алдырғысы келді? - Баласы тағаны неге алмады деп ойлайсың? - Әкесі тағаны қалай пайдаға асырды? - Әкесі баласына қандай ақыл айтты? Мақалды мәтіннен тауып оқыңдар. «Қарама - қарсы»элементтер арқылы мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме беру. Әке Бала Үлкен кісі, еңбектенді, ақылды адам, тағаны алады, шие сатып алды. Жас бала, еңбектенген жоқ, тағаны алмады, ақылсыз бала, сатып алмады.
Шығармашылық тапсырма: Мәтін мазмұнын көрініспен көрсету. Сабақты қорытындылау: - Бүгінгі сабақтан өздеріңе не алдыңдар? (Әр оқушы өз ойын айтады. Мысалы: үлкенді сыйлау, жалқауланбау...)