Әдебиеттік оқу Алматыкітап баспасы 2013 ж | Ашық сабақ Күні 06.05.2016 жыл | Аубакир Кумисай |
Сабақтың тақырыбы: | Шона Смаханұлы. Бұлбұл мен Тоқылдақ ( мысал) | |
Мақсаты: | Мысалды түсініп оқу арқылы ондағы негізгі ойды, идеяны түсіндіру.Автор жайлы мәлімет бере отырып, ақынның ойын жетілдіре түсуге үйрету және мысал туралы түсініктерін кеңейту.Болжау арқылы өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету. Ойлауын, ауызекі сөйлеу тілін, таным қабілеттерін дамыту. Пәнге қызығушылықтарын арттыру. Адам бойындағы жақсы қасиеттерге баулып, жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. | |
Күтілетін нәтижелері: | Пәндік нәтиже: табиғаттағы тіршілік иелерінің бір-бірімен байланысты туралы түсінік беру. Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: мысалдан түсінгенін мазмұндау, пікірталас туғызу арқылы сөздік қорлары мен сөйлеу мәдениетінің дамуына мүмкіндік жасау. Тұлғалық нәтиже: кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін талдау арқылы адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. | |
Сілтеме | Оқулық: Әдебиеттік оқу 2-сынып, Алматыкітап баспасы 2013 жыл. Бейнефильм, слайд | |
Қолданылатын әдіс-тәсілдері | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, сто стратегиясын пайдалану, диалогтік оқыту. АКТ,оқытуды басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту. | |
Ресурстар | маркерлер, стикерлер, қосымша дерек көздері, суреттер. | |
Сабақтың өтілетін уақыты | 45 минут | |
Сабақ жоспары | Ұйымдастыру кезеңі Топқа бөлу Үй тапсырмасын сұрау Жаңа тақырып: СТО стратегиясы бойынша Үйге тапсырма | |
Сабақтың барысы: | Мұғалімнің іс-әрекеті. | Оқушының іс-әрекеті. |
| 1.Ұйымдастыру. І топ «Қыран» ІІ топ: «Сұңқар» Психологиялық дайындық: Жадыраған Күндейміз, Күндейміз! Жайнап өскен Гүлдейміз, Гүлдейміз! Тұнық таза Ауамыз, Ауамыз! Сылдыраған Сумыз біз, Тазамыз, Тазамыз! Құстармен біз, Доспыз, Доспыз! | Өлеңді мәнерлеп оқиды. |
| 2.Үй тапсырмасын сұрау. І топ: Көгершін туралы мәлімет жинап, ән айтады. ІІ топ: Қарлығаш туралы мәлімет айтады. | Әр топ оқушылары өздерінің дайындап келген құстары туралы айтып, ортаға салады. |
| «Құстарға қамқорлық жасайық» тақырыбына бейнеролик көрсетіледі. Мәтінмен жұмыс: Топтастыру стратегиясы. Әр топ өздеріне берілген құстар туралы мәлімет жасайды. І топ: Бұлбұл ІІ топ: Тоқылдақ | Оқушылар тамашалайды. Қандай әсер алғандарын ортаға салады. Оқушылар жеке жұмыс жасап,мәтінге ат қойып, одан кейін топтастырады. |
| «Болжау» Сабақтың мақсатын хабарлау Мысал деген не? Мысал – адамның жағымсыз қасиеттерін, мінез-құлқын жан-жануарлардың іс-әрекеттерін суреттеп жазған шығарма түрі | Оқушылар білетіндерін айтады. . |
| 1.Автор туралы мағлұмат беру. Шона Смаханұлы туралы слайд-презентация арқылы түсінік берді. Мұғалім рөлмен оқып береді. | Оқушылар Ш.Смаханұлы туралы мәліметпен танысты. Мысалдың негізгі түйінін анықтады |
| Шығармашылық тапсырма: 1.Мәтінді іштен оқу 2.Топпен жұмыс | Оқушылар өз бетімен мәтінді іштей оқиды. топтар бұлбұл, тоқылдақтың сөзін тауып оқиды, сөздік жұмысын жүргізеді, сахналайды. |
| Сергіту сәтін ұйымдастырды. Қане, қанат жаяйық, Қарлығашқа ұқсайық. Ұшып, ұшып алайық, Орнымызға қонайық. | Жұмбақ шешеді. Қимылын жасайды. |
| Топтық жұмыс: І топ: Тоқылдақтың Бұлбұлға айтқан сөзіндегі шындық не? ІІ топ: Тоқылдақ сияқты орманға қандай пайда келтірер еді? | |
Сабақты қорытындылау: | | Оқушылар топпен жұмыс жасайды. |
| І топ: Венн диаграммасымен жұмыс | |
| ІІ топ: Тоқылдаққа бес жолды өлең құрастырады. | |
Рефлексия | Ой толғаныс. Сабақты қорытындылап, бағалау парағының ұпай сандарын анықтады. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, өздері қолдан жасаған ағашқа іледі. Топ басшылары қойған бағаларын айтады. |
Үйге тапсырма | Өлеңді мәнерлеп оқу. Мысалды рөлге бөліп оқу, сурет салу. | |