Сергіту сәті | 1.Көздеріңізді жауып оқылған сөйлемдердің суреттерді елестетіңіз: Ақбөкенге шабуыл жасайын деп тұрған арыстанды; 2. Құйрығын бұлғаңдатып тұрған итті; 3. Сенің ішейін деп отырған сорпадаңдағы шыбынды; 4. Әсем қораптағы кәмпитті; 5. Қараңғыда ойнаған найзағайды; 6. Сенің сүйікті киіміңдегі дақты ; 7. Күн көзінде жарқыраған асыл тасты; 8. Түнгі жан айқайды ; 9. Бала туғандағы қуанышты ; 10. Сенің әмияныңнан ақша ұрлайын деп отырған досынды. Тапсырма: Ал енді естеріңе түсіріп, визуалдандырылған көріністің аттарын жазып шығыңдар. 2.Оқылған сөздерді жұп-жұптап есте сақтау керек. Тауық - жұмыртқа, қайшы – қию, жылқы - шөп, кітап - оқу, көбелек - шыбын, щетке - тіс, қар - қыс, әтеш – шақыру, сия - дәптер, сиыр - сүт, паровоз - рельс, алмұрт- компот, шам - кеш. Тапсырма: Бірінші сөз оқылғанда екінші сөзді жазу керек: Тауық -, қайшы –, жылқы - , кітап -, көбелек -, щетке -, қар -, әтеш –, сия -, сиыр -, паровоз -, алмұрт-, шам - Қанша сөз жаздыңыз? |
Топқа бөлу: | «Саналу реті» әдісі бойынша Топтық жұмыс: 1. Әр топқа кесте беріледі, кестеде берілген сұрақтарға дәл және толық жауап берулері керек Бағалау: «Екі жұлдыз,бір тілек» Топқа бөлу: «Кемедегілер» әдісі бойынша Тапсырма: 1-топ. «Бала Абайдан дана Абайды тәрбиелеудегі аналар орны» деген тақырыпта дәлелдемелер ұсыну 2-топ. Бала Абайдың ұлы тұлға болуына не себеп болды? деген тақырыпта дәлелдемелер ұсыну |
Сабақты қорыту: | «Дананың кілттері» арқылы /жұптық жұмыс/ 1-жұп.«Керісінше» кілті : «Істей алмайды», «Ешқашан», «Істемейді» сөздерін қатыстырып Абай туралы пікір білдіріңіз 2-жұп.“Егер де....” кілті: «Егер де» деп басталатын сұрақты қойып, бүгінгі тақырыптың маңыздылығын жариялаңыз 3-жұп.“Кемшіліктер” кілті: тақырып бойынша кездескен кемшіліктер тізімін жасаңыз |