kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Мұқағали кеші " әдеби - музыкалық кештің әірлемесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әдеби-сазды кеш    / Фанфар! /

Элина: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Арай: Армысыздар, өлең сүйер қауым!

Элина: Бүгін біз қазақ поэзиясында ерекше нұрланып, жұлдыздай жарқырап өткен, Хантәңірдей асқақ тұлғамыз М. Мақатаев жайында сыр шертпекпіз.

Арай : Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден.

Элина: Өлмеу үшін – құлқынды жемдеу үшін,

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін

«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін»,-деп ұлы Абайдан көп нәрсе үйреніп, сөз құдіретін, сөз сарасын ақындық сезіммен қабылдап, өзі қазақ поэзиясында Абай салған соны соқпақ жолда әдеби ұлттық дәстүрді одан әрі жалғастыру жолында Абайға көбірек үңілген, «Ғасыр ақыны» атанған М.Мақатаевты  еске алайық!

Видео «Есіңе мені алғайсың»  Элина, Арай

Арай:  ХХ ғасырдың бел ортасынан аса өлең өлкесінде өзіндік бір өрнек тоқып, құдіреті қуатпен мөлдіреген мұң жамылып, қомдана бастаған қасаң дүрмектен қасиет оздыра шапқан ерен тұлғалардың бірі ақын ағамыз-М.Мақатаев.

«Кең дүние, аш төсіңді мен келемін,»-деп Бұқары мен Ақтамбердісі, Махамбеті бар, Абайы мен Мағжаны, Қасымы бар киелі өлкеге балалық еркелігі мен, азаматтық арыны мен келді.

Ақынның туған жерін ресми тілде айтар болсақ, ол Алматы облысының Райымбек ауданы Қарасаз ауылы.

Ол өзінің «Менің анкетам» деген өлеңінде былай дейді.

«Менің анкетам»  қойылым

Элина: Мұқағали Мақатаевтың азан шақырылып қойған шын аты- Мұхамбетқали. Оны көпшілік біле бермейді.

Кейіннен жеңгелері, туған-туыстары Мұхамбет пайғамбардың да аты аталатын бұл есімді атауға жүрексініп, оны Мұқағали деп кеткен. Ақынның өзі де есейген шағында: «Бұл есімнің қадір-қасиетін түсініп, оны алып жүре алам ба?! Одан да Мұқағали қалғаным дұрыс шығар.»-деп құжатқа да осылай жаздырып алған.

Арай: Мұқағали шаңырақтың тұңғышы болғандықтан, оны әжесі Тиын өз бауырына салды. Мұқғали өзінің әжесі жайында: «Мені сөзге, жырға үйреткен, тәрбиелеген, халықты сүйюге үйреткен-әжем», - дейді. Ақынның әкесі Сүлеймен шаруа адам болған. Колхозда сушы, шалғыншы болып жұмыс істеді. Анасы Нағиман апа да қарапайым адам болған.

Ауыл туралы видео жүріп жатады.

Элина: М.Мақатаев 10 жасқа келгенде сұм соғыс басталып, 32-нің ашаршылығы мен 37-нің нәбетінен халық есін енді жия бастағанда, қайтадан қара жамылды. Ақынның балалық шағының нағыз қызық сәті ойын-күлкісіз өтеді. Ер-азаматтардың орнын жұтатпай, бұғанасы бекіместен колхоздың жұмысына араласады. Мектеп оқушысы Мұқағалидің алғашқы өлеңі де сол соғысқа кеткен әкесіне деген сағыныштан туған. Үш ай бойы хабарсыз кеткен әкесін ойлап, жабырқап жүрген Мұқағали бір күні сабақтан келісімен дәптерін аша салып, әжесі мен шешесіне сол өлеңін оқып береді.

« 1941 жыл – ақпан »: « Вставай страна огромная » мелодия

Арай: Өмір! Табиғат! Адам! Бұлардың бәрі ашылмаған күйсандық. Сандық кілтің тапқан адам ғана сандықтың тылсымына елітіп, сырына үңіле алады. Сандық кілтінің бірі Мұқағали қолына түсті. Ақын өмір-табиғат-адам байланысын зерттеген ғалым іспетті. Өлең өмірінің бір күндік емес, мың күндік болуын көздеп, шабытына қамшы басқан да ақын М.Мақатаев.

«Поэзия» оқитын: Гүлім, Аягөз,

 Видео  поэзия туралы

Элина : «Өмір деген-бір жарқ еткен найзағай,

Өмір деген-көк аспанның күркірі,  Пай, пай, өмір, Өтесің-ай бір күні!»-демекші, қайталанбас құбылыстай жарқ еткен найзағай ғұмыр өте шықты. «Туады, туады әлі нағыз ақын, Нағыз ақын бал мен у тамызатын»- деп Мұқағали өз орнын өзіндей тағы бір нағыз ақынға босатып әдейі кеткен шығар.

« Арыз жазып кетейін » - Анеля

Арай : Мұқағали – туған жерді, Отанды, елді сүю тақырыбына көсіле қалам тартқан қаламгерлердің бірі. Туған жерге, Отанға деген ыстық сүйіспеншілікті үлкен азаматтық сезіммен жырлаған туындылар Мұқағали Мақатаевтың бүкіл шығармашылығының алтын арқауы.

«Отан туралы » оқитын 6 сынып

«Үш бақытым» оқитын -Гүлнұр, « Қарасаз »-  Ғазиза

« Саржайлау» әні - Элина,Арай

Элина : М.Мақатаев балаларды жанындай жақсы көрген. Оларға арнап өзінің күнделігінде былай деген: «Сүйікті балаларым менің! Ақылсыз болмаңдар! Өмір толы қауіп, абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына байыппен, ақылмен қараңдар!.»Ақынның балаларға арнап жазған біраз өлеңдері бар. Олай болса ақынның өлеңдеріне кезек берейік.

3. «Құттықтаймын мама туған күніңмен»  - Айша Асылбек

Проекторда ана мен баланың суреті

Арай: «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, Көзбен көр де ішпен біл,» - деп ұлы Абай айтқандай, махаббат адамзат пен бірге жаратылып, адамзатпен бірге өлетін мәңгі тақырып. Махаббат – қос жүректің әні.

Ақын М.Мақатаев махаббат, екі жас арасындағы сүйіспеншілік, асқақ сезім туралы аз жырламаған. Ақынның махаббат тақырыбына арналған жырларында екі ғашықтың жүрек дірілін бір – біріне деген іңкәрлікті айқын көрсете білген.

Элина : Ең алғаш Фариза апамыз алмалы қаладағы өмірін «Қазақстан пионері» газетінде редактор болудан бастайды. Мұқағали ағамызбен алғаш таныстығы да ерекше. Фариза жырлары нәзік табиғатты қыз балаға жат қылықты жырлар деп саналса керек. Бірақ, өнердегі жақын ағасы ретінде Фаризаға өз көмегін аямаған, және де Фариза апамызға арнап жазған өлеңдері де аз емес.

Ғазиза, Аягөз -  махаббат туралы өлеңдер

 

«Фариза, Фариза ақын, Фариза қыз!» - 8 сынып / Фаризаның фотосы/

Проекторда видео – ақынның  отбасы

Арай: Ақынның жары өз естелігінде: «Мен Мұқағалиды данышпан, көреген әулие дер едім. Оның тек өлеңде емес, өмірде де айтқан болжауы келіп отырады. «Мен 50 жылыдығымды тойлауға қатыса алмаймын, бірақ өзім бұл өмірден кеткенше, қысылмай жететін жырлар жазып кеттім. Ол сендерді де асырайды, туған жерім – Қарасаздың да атын әлемге жаяды» деп жаза келіп, өзінің зарыға күткен алағшқы таңдамалысы - «Өмір дастан! Шыққанда өзіне жіберілген сигналдық 10 дана кітабына өз қолымен жақсы көретін адамдарына автограф жазып қояды. Сонда бәріне наурыз айының 27-сі 1976 жыл деп жазыпты. Сол күн тура өлген күн болды.,» - дейді. Ия, ақын қаламын тастамаған күйі – наурыз айының 27-сі 1976 жылы мәңгілік ұйқыға кеткені аян.

Элина: «Қазақ даласының ең биігі, қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали». Сол хантәңіріне айналған перзент Мұқағали аға елі есенінде, жұрты тынышында халқымен қанаттасып, Қарасазымен санатталып, мәңгі жасайды. Мәңгі есімізде!

6. « Жапырақ  жүрек  жас  қайың » әні - видео

Тақтада ақынның фотосы

Арай : Әрине, суық қайғы,

Көңілің халқың бірақ суытпайды.

Егер де халық өзін ұмытпаса,

Бақұл бол, халқың сені ұмытпайды, - дей отырып, біз бүгінгі кешімізді аяқтаймыз!


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
" Мұқағали кеші " әдеби - музыкалық кештің әірлемесі

Автор: Ескендирова Гульжахан Сарымсаковна

Дата: 12.01.2018

Номер свидетельства: 449540


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства