1)Автор:Ж амал – сағынып кѳрген баланың алды болған соң, ата-анасы қолдан келгенше әлпештеп ѳсіріп, жасы тоғызға жетті. Жамалды еркек балаша киіндіріп жүрген соң, білмеген кісі қыз деп ойламаушы еді. Қыз деп айтқан адамдарға ашуланып та қалған күндері болды.Бір күні сәрсенбай әйелдерімен Жамалды оқуға беру туралы ақылдасады.
Сәрсенбай: - Ахметжанның молдасынан оқытуға екі шақырым жерге Жамал барып-келіп жүре алмайды. Онан да бір жастау молда жалдап алсақ қайтеді?
Қалампыр:-Еу Сәрсеке оқусыз ақ жүрмізғой бір үйдіңң келіні боп.НЕқыламыз оны оқытып.
Шолпан:-Қалампыр сен олай деме. Жамалдың арқасында ауыл балаларыда оқыр.
Сәрсенбай:- Иә,біз малдың зекетін берсек, ақысын ауылмен бірдей кѳрерміз.
Автор:Осылайша Сәрсенбай Әйелдерімен ақылдасып Жамалды Ғазиз атты жас молдаға беретін болады.
2)Автор: Күн өткен сайын Жамал оқуын жақсарта береді.Бір күні молда Жамалмен оның киініп жүргендігі туралы сөз қозғайды.
Ғазиз: – Жарқыным Жамал жан неліктен сен ер балаша киініп жүрсің?Бұның дұрыс емесқой.
Жамал: – Өй ағатай менің бұлай киініп жүргенім өзімеде ұнайды, не қылам өзгеріп.
Ғазиз: Жоқ жарқыным бұның болмайды. Сен нәзік жанды қыз бала емессіңбе.
Жамал: Білмеймін ағатай! Аз уақыт ішінде өзгере аламын деп уәде бере алмаймын.Бірақ оқу оқып жүргеннен бастап өзгеруге тырысамын.
Автор: Осылайша Жамал ер балаша жүруін тоқтатып,қыз қылықты болуға үйренеді.Жамал бой жетеді. Ауыл ауылға аты таралып айтыскер қыз болып кетеді.
3)Автор: Сәрсенбай ауыл басшысы болу үшін Жамалды Байжанның Жұман атты ұлына тұрмысқа бермекші болады.Жұман таз һәм ақылсыз бала еді.Жамал Жұманға тұрмысқа шыққысы келмейтін.
Бір күні ауыл ішінде жастар арасында отырыс болды.Ол отырысқа Жамалда барды.Көрші ауылдан Ғали атты жас жігіт достарымен келеді.
Ғали: Ассалаумағалейкүм жамағат( күйіз үйге кіріп келе жатып)
Автор: Ғали досы екеуі Жамалдар отқан жаққа жылжиды.
Ғалидің досы :Осы ауылда Жамал атты сөзге бай қыз бар деп естіп едім.
Ғали неге Жамалмен айтысып көрмеске .
Жамал: Келісемін,бір жағынан бір-бірімізді жақынырақ біліп отырармыз.
Ғали: Жамалжан ендеше бастай қой.
Жамал : Ал сѳйле, келді кезек енді, Ғали,
Керілмей ұста қолға домбыраны!
Рух берген мәжіліске, қызмет кѳрсет,
Сайратып тіл мен жақты болса халі
Ѳнерің болса ішіңде шығар сыртқа,
Бұл жерде жасырудың болмас мәні
Ғали Жақсы қыз баға жетпес бір гауһар тас
Он алты, он жетіге жеткенде жас
Жәннаттың пісіп тұрған алмасындай,
Қол жетпес, қандай жігіт ләззат алмас
Жамал Сѳйле, тілім, шешіліп осындайда,
Құрбылармен бір жерге қосылғанда.
Отырмассың үнемі тѳрде бүйтіп,
Еріксіз-ақ қоярсың тосылғанда.
Автор: Бұл күні Ғалимен Жамал әбден сѳйлесіп, әрқайсысы хал-ахуалын біліскен еді. Іштерінен бір-біріне ұнағандығы білініп, «бір кѳрген біліс, екі кѳрген таныс» мұнан былайда кез келіп жүрерміз деп, бұл сапарда айрылысқан еді. Мұнан кейін Ғали Сәрсенбайдың үйіне бір-екі мәрте келіп кеткен уақытта, Ғали менЖамалдың бір-біріне кѳз қарауларын байқап тұрған кісі болса, екеуініңде кѳздерінде: «Мен сені жаным-тәніммен сүйемін», - деген жазуды оқығандай болар еді. Осылайша Ғали,Жамал дос болып, әрбір лайықты уақыттарда жолығып, сұхбаттасып жүріп, қыс ѳтіп, жаз да келді.Ғали Жамалды тау етегінде алып қашатын болып келіседі.Жамал жолға дайындалып,барлық мән жайды Шолпанға айтып кетіп қалады.
Ғали :Тұлабойым қызып, сүйектерім сырқыраған секілді болып тұр.
Жамал :Менің бақытсыздығым ѳз басымнан асып, жаман аты саған да тие бастады, ақыры қайырлы болсын (жылап тұрып)
Ғали : Жылама, алла сақтар, жазылармын, қазынасы кең бір сағатын жіберер.
Жамал :Мен енді қайтемін, сенен қайтіп қаламын, сенсіз дүниеде мен не боламын.
Автор: Барлығы он үш күн ауырып, бейсенбі күні түс кезінде жаңа гүл шашып келе жатқан бақшадай жанып тұрған жас ғұмыр сѳнді. Алла рақмат тілесін... Жұма күні халық кѳп жиналып, жаназа оқып, Кѳкен моласы деген зиратқа апарып қойды. Ғали жан тәсілім қылғаннан бері Жамал ессіз болып жатқан еді. Жамал бейшара аз күннің ішінде сүзектен тұрған кісідей болып, келген ата-аналарымен жылап кѳрісуге де хәлі келмеді .
Автор: Шолпан Жамалды үйіне әкелген соң ,Сәрсенбаймен Жамалдың болашағы туралы сөйлеспекші болады.
Шолпан: Сәрсенбай ау неліктен сен жалғыз қызыңды Байжанның ұлына бермекшісің.
Сәрсенбай: Қойш болды.Үйдің еркегі мен менің айтқаным болады.
Автор :Жамал уақыт өте Жұманның үйіне келін болып баруға келісім береді.Жұман Жамалды өзі келіп алуды намыс көрген соң,Байжанның әйелі келіп алып кетеді.Жамал Жұманның үйіне келген соң,көңіл күйі болмай ойынан Ғали кетпей, бір минут кѳңіл ашып, езу тартып күлмеуші еді. Жұман ерегісіп, бұрынғыларын алдына келтіремін дегенсіп, не сѳйлесе ұрсып, боқтап сѳйлеп, бағзы уақытта түртіп түйіп қалып, қорлап жүрді. Байжан мен қатыны Жамалды шын ықыласымен жақсы кѳрмей, баласына ақыл айтып, кѳп тоқтатпаушы еді. Бір күні Жұман тағы да бір себепсіз боқтаған соң, Жамал шыдай алмай: - Мені ѳлтіретін болсаң біржола ѳлтір, әйтпесе ѳзі күйіп жүрген жанымды күйдірме!
Жұман : - Я, сенің сүйіп болған байыңның күйігі басылмай жүр екен ғой, мен сенің күйігіңді басайын.
Автор :сол жерде тұра салып кеудеге тепкілеп, Жамалды талдырып тастады. Бұлардың үстіне Жұманның шешесі келіп айырып алып, Жұманды үйден қуып шығады.
5)Автор: Жамал бір сағаттан кейін есін жиған соң, ақырғы ақылын жиып
Жамал: мен бүйтіп жүріп тіршілік қыла алмайды екенмін, мұнанда бұл иттің қолынан ѳлгенше басқа жаққа кетіп ѳлейін.
Автор: Жылырақ киім киіп,үйдің алдындағы атқа мініп , үлкен жолмен жөнеледі. Жамалдың ісі әуелде теріске басып келе жатқанмен, бұл сапарда істің 57 сәті болмайтұғын белгісі кѳріне бастады.
Жамал:- Ғали, Ғали, қиналды жаным, қайдасың? жылап тұрып