Сабақтың көрнекілігі: қала суреттері, оқушылар салған суреттер, оқулықтар интерактивті тақта, буклет.
-Балалар, сабаққа қатысып отырған ұстаздарға жылы жүзділік танытып,ыстық ықыласпен қарсы алайық.
Бүгінгі күнге қуаныш,келер күнге шаттық пен бақыт тілейік. / Оқушылар хормен/
Күнде шат күліп күн,
Өміріміз жайдары.
Мәңгілік бақыттың
Өзіміз – айғағы.
І Психологиялық дайындық / көңіл күйді көтеруге арналған позитивті ролик/
Сабақтың барысы:
ІІ Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару Кезекшімен сұхбаттасу.
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру /сұрақ-жауап -Балалар, «Ата Заңым,алтын Заңым» деп қандай рәміз туралы айтылған? - Қазақстан Республикасының Елтаңбасын сипаттап беріңдер -Венн диаграммасын толтыру.
ІҮ Жаңа сабақ Мағынаны ашу .
Барлық қала жүрегі
Барша қауым тілегі
Әсем қала Астананы
Барлық бала біледі. Ж. Маханбетова
-Балалар, Астана дегенде көз алдарыңа не елестейді? - Астана қандай қала? / жан-жақты жауап алу/
Ү Интерактивті тақтамен жұмыс
ҮІ Бейнеүзік «Астана-сәулетті қала» Оқушыларға Астана қаласының әдемі жерлерін көрсету,әңгімелеу,өз білетіндерін ортаға салу. Астана-біздің еліміздің бас қаласы, Отанымыздың астанасы. Ол бұрын Ақмола, кейіннен Целиноград деп аталып,ал 1992 жылдан бастап Ақмола , 1998 жылдың 6 мамырынан Астана деп тағайындалды.
ҮІІ Сергіту сәті
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкжиектен көкпеңбек
Кемпірқосақ ашылды.
ҮІІІ Оқулықпен жұмыс
1 Өлеңді мәнерлеп оқу / мұғалім/- Балалар ақын Астана қаласын қалай суреттеген?- Астананың болашағы қандай?- Тақырыпқа байланысты кім жатқа өлең оқиды?
ІХ Шығармашылық жұмыс- Балалар ,әркім Астана туралы сурет салып қорғайсыңдар. Көрме ұйымдастырамыз.