kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ Іңкәр көңіл, нәзік сезім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Іңкәр көңіл, нәзік сезім

Сабақтың мақсаты: махаббаттың жалпы адамзаттық құндылық ретіндегі мәнін ашу, адам бойындағы  алғашқы махаббат сезімін, сүйіспеншілікті танып, оны құрметтеуге баулу

Сабақтың міндеттері:адамның ең жоғары нәзік, қастерлі сезімі ретінде  махаббатың тұлғалық мәнін ұғындыру.
Ұнату, алғашқы махаббат сезімдерін ажырата алу дағдыларын дамыту, сүйіспеншілік сезім мәдениетіне тәрбиелеу,  сезімталдыққа, нәзіктікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, үнтаспа, DVD, қазақ әуендері, теледидар, нақыл сөздер, бейнеролик.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: шаттық шеңбері, СТО технологиясының стратегиялары, тапсырма, мәтінмен жұмыс, шығармашылық жұмыс, дәйексөз,  жүректен жүрекке.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Базалық білім: Өмір құндылықтарының жалпы адамзаттық, рухани - адамгершілік мәнін түсіну, өзара адами қарым – қатынастарды тани, бағалай білуді меңгерту.  

I. Шаттық шеңбері. Қайырлы күн! Бүгін сіздермен кездескеніме қуаныштымын! Ортаға шаттық шеңберіне шыға қойыңыздар.

М. Шахановтың «Гүлдәурен» әнін студенттер шеңберге тұрып орындайды.

Асау өмір арнасында

Шалқып сәби сезімменен

Он жыл мектеп партасында

Бірге отырдым өзіңменен

Сездіруге батпадым да

Бала махаббатымды

Терезенің жақтауына

Ойьш жаздым атынды

Елес беріп келешегің

Қимасыңа баладың ба

Қоштасарда неге сенің

Жас толқыды жанарыңа

Сездіруге батпадым да

Бала махаббатымды

Терезенің жақтауына

Ойып жаздым атывды                         

Іңкәр еткен атар таңға

Қош бол енді бала көктем

Бізді алыс сапарларға

Шақырады самолеттер      

Сездіруге батпадым да

Бала махаббатымды

Терезенің жақтауына

Ойып жаздым атынды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ Іңкәр көңіл, нәзік сезім»

Сабақтың тақырыбы: Іңкәр көңіл, нәзік сезім

Сабақтың мақсаты: махаббаттың жалпы адамзаттық құндылық ретіндегі мәнін ашу, адам бойындағы алғашқы махаббат сезімін, сүйіспеншілікті танып, оны құрметтеуге баулу

Сабақтың міндеттері:адамның ең жоғары нәзік, қастерлі сезімі ретінде махаббатың тұлғалық мәнін ұғындыру.
Ұнату, алғашқы махаббат сезімдерін ажырата алу дағдыларын дамыту, сүйіспеншілік сезім мәдениетіне тәрбиелеу, сезімталдыққа, нәзіктікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, үнтаспа, DVD, қазақ әуендері, теледидар, нақыл сөздер, бейнеролик.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: шаттық шеңбері, СТО технологиясының стратегиялары, тапсырма, мәтінмен жұмыс, шығармашылық жұмыс, дәйексөз, жүректен жүрекке.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Базалық білім: Өмір құндылықтарының жалпы адамзаттық, рухани - адамгершілік мәнін түсіну, өзара адами қарым – қатынастарды тани, бағалай білуді меңгерту.

I. Шаттық шеңбері. Қайырлы күн! Бүгін сіздермен кездескеніме қуаныштымын! Ортаға шаттық шеңберіне шыға қойыңыздар.

М. Шахановтың «Гүлдәурен» әнін студенттер шеңберге тұрып орындайды.

Асау өмір арнасында

Шалқып сәби сезімменен

Он жыл мектеп партасында

Бірге отырдым өзіңменен

Сездіруге батпадым да

Бала махаббатымды

Терезенің жақтауына

Ойьш жаздым атынды

Елес беріп келешегің

Қимасыңа баладың ба

Қоштасарда неге сенің

Жас толқыды жанарыңа

Сездіруге батпадым да

Бала махаббатымды

Терезенің жақтауына

Ойып жаздым атывды                         

Іңкәр еткен атар таңға

Қош бол енді бала көктем

Бізді алыс сапарларға

Шақырады самолеттер

Сездіруге батпадым да

Бала махаббатымды

Терезенің жақтауына

Ойып жаздым атынды.

II. Ойланайық, пікірлесейік. Студенттердің қызығушылығын ояту.

I топ. Мөлдір, шынайы махаббат дегенді қалай түсінесіздер?

II топ. Баланың анаға деген махаббатын қалай сезінесіздер?

III топ. Отанға деген сезімдеріңді әңгімелеңдер.

Адам жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады.Өмірді сүю, Отанды, туған жерді сүю, білімге құштарлық та сүйіспеншілікке байланысты болады. Барлық жақсылықтың негізі осы махаббаттан басталып, адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді. Ыстық ықылас, шынайы сүйіспеншілік махаббат сезімін тудырады. Әлемдегі бар жақсылық махаббат арқылы келеді.

III.Оқып үйренейік. Мәтінмен жұмыс.

Г. Сайынқызының «Күн ұрланған күн» әңгімесімен алдын –ала танысып, оқып келу тапсырылады.

Екі студент мәтін мазмұнын айтады. Мәтін бойынша сұрақтар:

1. Егер Күнәйдың орнында болсаңыз, не істер едіңіз, оның шешімін құптайсыз ба?

2. Сырыңызды кіммен бөліскен дұрыс деп есептейсіз?

3. Нәзік сезім дегенді қалай түсінесіз?

4.Осындай сезімді басыңыздан өткіздіңіз бе?

5. Қыз баланың бірінші болып, өз сезімін білдіруіне қалай қарайсыз?
6. Егер біреуді ұнатсаңыз, сезіміңізді ашық айтуға дайынсыз ба?
7. Сырыңызды кіммен бөліскен дұрыс деп ойлайсыз?

Мұғалім сөзі:

Бұл жастағы бозбала мен бойжеткендер өз сезімдерін іште сақтап, сыртқа шығаруға ұялады. Адам сүйе білу керек. Бұл сезімді ұятты қылық деп қарамай, ол да бір қажеттілік деп санау керек. Себебі, сүю - біреуге күш, жігер, қуаныш, сыйлайды, ал екінші біреудің сенімін жоғалтып, қайғы – мұң әкеледі. Ал енді біреулер оған тек құштарлық ретінде қарайды. Сондықтан, іңкәр көңілімізді, пәк сезімімізді ластамай, кірлетпей шынайы таза ұстайық!

IV.Назар аударыңдар! Бейнематериал «Ана жүрегі».

Бейнематериал бойынша сұрақтар:

1. Бейнематериалдан нені көрдіңіздер, қандай сезімде болдыңыздар? Қандай махаббат ?

2. Ұлының орнында болсаңыздар, не істер едіңіздер?

3. Анасының ұлына деген сезімін қалай бағалар едіңіз?

Мұғалім сөзі:Бұл бейнематериалдан ана мен бала арасындағы махаббатты бейнелейтін көріністі көріп отырмыз. Екі жастың арасындағы ессіз(көзсіз) махаббат ананың баласына деген нәзік сезімін басып жаныштады, өшірді.Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Ананың ақ сүті, аялы алақаны, ардақты ақыл –кеңесі, түн ұйқысын төрт бөліп өсірген еңбегі үшін өмір бойы қарыздармыз. Бұрын соңды қазақтың ұғымында болып көрмеген «Қарттар үйі» ұлтымызға, адамгершілігімізге түскен таңба емес пе? Қартайып, өзінен әл кеткен шағында керексіз етіп тастап кету ешбір адамшылыққа жатпайтын күнә.

Анаңды құрметтемесең,

Анадан неге туасың.

Адамды құрметтемесең,

Адамнан неге туасың, - деп жырлаған екен бір ақын. Кез - келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүт беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана жүрегі өте нәзік, сезімтал және махаббатқа толы. Ананың балаға деген мейірімі, махаббаты теңіздей терең, аспандай биік, оттай ыстық, күннің нұрындай шуақты. Ана бойында сарқылмайтын алып күш бар. Бұл бейнематериалдағы екі жастың ессіз сезімі ананың нәзік сезімін басып тастады. Ана қанша ма ауыр сөздер естіп, қанша қиналса да оның балаға деген махаббатын жоғалтқан жоқ, қайта үлкен үмітпен, іңкәр көңілмен баласын күтті. Бірақ бәрі де кеш.

Сүю, махаббат сезімі біреуді алға жетелесе, біреуді артқа тартады. Ессіз махаббат адамның көзін байлап, адастырады. Сондықтан, махаббатқа тек адамзаттық құндылық ретінде қастерлеп, аялап қарау керек.

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жырлағандай:

О, махаббат сен әлі тірі ме едің,

Тірі ме едің, менде енді тірілемін.

Ақ періште алдыңа жүгінемін,

Қолдай гөр ғашықтардың пірі мені, - деп адам баласы махаббатсыз өмір сүре алмайды. Алайда махаббат тек ер мен әйелдің арасындағы бір –біріне деген сезіммен ғана өлшенбейді. Ол жалпы адами құндылықтың басында тұрған таза мөлдір сезім. Оны кірлетіп алу оңай, ал қайта тірілту қиын. Сондықтан жүрегіміздегі іңкәр көңіл, кіршіксіз нәзік сезімімізді сөндіріп алмайық.

V. Оқу ақпараты. Мәтінмен жұмыс.

Жасөспірімдер арасындағы достық кейде үлкен сезімге ұласады. Ұл бала мен қыз баланың арасындағы осындай ізгілікті достық және жеке ықыласты қарым-қатынасынан балауса махаббат сезімі өрістейді. Жүрегіне балауса сезім, алғашқы махаббат ұялаған жан ерекше көңіл-күйге бөленеді. Ол ұнатқан адамына аса бір сүйіспеншілікпен, іңкәр көңілмен қарап, нәзік сезімін білдіруге тырысады. Алғашқы махаббат, балауса сезім әр адамның жүрек қалауынан туындайды. Албырт сезім жүрек қалауын қанағаттандыруға ғана емес, адамгершілік қадір-қасиеттерін өзара құрметтеуге негізделгенде ғана шынайы сезімге ұласады.

(Жаңа ақпаратты студенттерге оқытып, алғашқы мөлдір махаббат деген ұғымның мәнін ашуға тоқталады.)
- Сезім әркез екіжақты бола ма?
- Қыз баланың бірінші болып, өз сезімін білдіруіне қалай қарайсыз?
- Егер біреуді ұнатсаңыз, сезіміңізді ашық айтуға дайынсыз ба?
- Сырыңызды кіммен бөліскен дұрыс деп ойлайсыз?

Мұғалім сөзі:Жасөспірімдер арасындағы достық кейде үлкен сезімге ұласады. ұл бала мен қыз баланың арасындағы осындай ізгілікті достық және жеке ықыласты қарым-қатынасынан балауса махаббат сезімі өрістейді. Жүрегіне балауса сезім, алғашқы махаббат ұялаған жан ерекше көңіл-күйге бөленеді. Ол ұнатқан адамына аса бір сүйіспеншілікпен, іңкәр көңілмен қарап, нәзік сезімін білдіруге тырысады. Алғашқы махаббат, балауса сезім әр адамның жүрек қалауынан туындайды. Албырт сезім жүрек қалауын қанағаттандыруға ғана емес, адамгершілік қадір-қасиеттерін өзара құрметтеуге негізделгенде ғана шынайы сезімге ұласады.

Жаңа ақпаратты студенттерге оқытып, алғашқы мөлдір махаббат деген ұғымның мәнін ашуға тоқталады.

VI.Сергіту сәті. «Орамал тастамақ» ойыны.

VII.Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс.

I. топ – Табиғат тақырыбына мазмұнды сурет салу.

II. топ – Отан туралы эссе жазу.

III.топ - Досыңа деген нәзік сезіміңді хат арқылы білдіру.

VIII. Сабақты қорытындылау:

Сыйластық бар жерде бақыт та, махаббатта бар демекші адам бойындағы ең құнды асыл қасиеттердің бірі – сыйластықты дамыту арқылы махаббатты да, бақытты да табуымызға болады.

IX.Бағалау:

Сабаққа белсене қатысқан студенттерді бағалау

X.Үйге тапсырма:

Махаббат туралы эссе жазып келу.

Тыныштық сәті.
Бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық.Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ашық сабақ Іңкәр көңіл, нәзік сезім

Автор: Ажмагинова Айгуль Рашидовна

Дата: 04.03.2017

Номер свидетельства: 397794

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Ашы? саба? та?ырыбы: Сезім м?шелері ж?не оларды? ма?ызы"
    ["seo_title"] => string(53) "ashyksabaktakyrybysiezimmushielierizhnieolardynmanyzy"
    ["file_id"] => string(6) "279801"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453291030"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "Ана тілі п?нінен ашы? саба? К.Оразбек?лы "Елта?ба мен Ту туралы жыр" "
    ["seo_title"] => string(74) "ana-tili-p-ninien-ashyk-sabak-k-orazbieku-ly-ieltan-ba-mien-tu-turaly-zhyr"
    ["file_id"] => string(6) "236274"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444016917"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "АШЫ? САБА? ЖОСПАРЫ М.МА?АТАЕВ. "
    ["seo_title"] => string(33) "ashyk-sabak-zhospary-m-mak-ataiev"
    ["file_id"] => string(6) "179163"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424956316"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Ашы? саба?, Биікке секіру. "
    ["seo_title"] => string(27) "ashyk-sabak-biikkie-siekiru"
    ["file_id"] => string(6) "199959"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428681163"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Ашы? саба? 4 сынып Ана тілі"
    ["seo_title"] => string(28) "ashyk-sabak-4-synyp-ana-tili"
    ["file_id"] => string(6) "286528"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454346859"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства