Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Абай жолы"»
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы : Мұхтар Омарханұлы Әуезов
« Ақын қонақтар » (Абай жолы романынан ).
( 5 - сынып ).
Сабақтың мақсаты :
Білімділік :
Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу . Ұлы суреткердің алғашқы шығармаларынан көрінетін азаматтық рух , еліне , халқына деген махаббатының мән - мағынасын ашу .
Дамытушылық :
Өнерге айналған өмірді танып білу , өзіндік тұжырым - пікір жасау дағдыларына үйрету . Жазушының суреткер ретіндегі ойшылдық шеберлігіне, тереңдігіне ену , ұғып меңгеру .
Тәрбиелік :
Адамдық , сүйіспеншілік өсиеттеоге баулу.Әдеби тілде сөйлеуге,еңбектеуге,туған халқын,жерін сүйіп өсуге,ізгілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі : Түсіндіру , сұрақ - жауап , кластер , « Сиқырлы сандықша » ойыны .
Ойынның шарты : Сиқырлы сандықша сұрақтармен толтырылады . Сұрақтар қайталау тақырыптарға байланысты қойылады .Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып , дауыстап жауап береді . Оған жауап берген оқушыға ұпай саны қосылады .
3.Жаңа сабақ .
Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897ж Шығыс Қазақстан Облысының Семей өңірі Шыңғыстау бауырында , Абай ауылында 28 – қыркүйекте дүниеге келген . Мұхтардың атасы Әуез,әкесі- Омархан екеуіде сауатты , салиқалы адамдардың бірі болған.Мұхтар атасысының тәрбиесін алады .Мұхтардың Кіп - кішкентай кезінен бастап зергектігін , алғырлығын , байқаған атасы оған Абай өлеңдерін жаттататып ,сөз қадірін үйретті. Бала Мұхтар Абай рухымен ержетті. Ал кейін барлық өмірін Абайға арнады.Мұхтар әкесінен 11 жасында айырылады.Қаладағы немере ағасы Қасымбектің тәрбиесінде қалады.
Әуезов жазушылық жолын драматургиядан бастайды .Көптеген жерлерден оқып білім алады .
4. Кластер құру. Мұхтар Омарханұлы Әуезов.
Жазушы Ұлағатты ұстаз Драматург
Екінші Абай
Мұхтар Омарханұлы Әуезов.(1897-1961).жыл.
Тұңғыш
Режисер Суреткер
Аудармашы Академик
Зерттеуші Ғалым Ойшыл
Мұхтар Әуезовтың
Прозасы
Прозасы
ПовестеріӘңгімелері
«Көксерек» «Жетім»
«Қараш-қараш» Романдары «Қыр суреттері»
«Қилы заман» «Абай жолы» «Кім кінәлі»
«Өскен өркен» «Сөніп – жану»
Т.б.
Аудармасы
Драматургиясы
«Отелло» «Еңлік-Кебек»
«Асауға-тұсау» «Бәйбіше-Тоқал»
«Ревизер» «Қарақыпшақ Қобыланды»
«Қорқыныш» «Қаракөз»
«Ақсүйектер» «Айман-Шолпан»
Т.б. т.б.
Осы схемаларды түсіндіре кете бүгін біздер Әуезовтың романдарынан «Абай жолы»,Ақын қонақтар үзіндісіне тоқталамыз.Абай жолы романы Әуезовтың бас кітабы.Романның бірінші томы-1952ж,екінші томы-1956ж жарық көрді. Бұл роман бүкіл дүние жүзіне қала берді,өз отандастары,керек десеңіз тіпті қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты.Қазақ халқының ұлылығын,оның өткен өмірін,тарихын,ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып ашып жан жақты айқындап терең түсінік берілген.М.Әуезов Абай арқылы әлемге қазақ деген халық барын танытты.М.Әуезов Абайдың өздеріндей бала кезінен бастап,өмірден кеткенге дейінгі ғұмырын жазып шықты.
Бүгінгі сабақтың жаңа сөздігімен таныстыру.(Тақтаға жазылады).
5. «Ақын қонақтар»
Жас Абайдың портреті бейнеленген.Абай 13 жаста болған. Абайдың Әжесі Зере - шебер әрі әңгімешіл бодған.Әңгіменің барлық жерін қызықтырып айтады.Әжесінің Абайға айтатын ертегілері: «Еділ жайық», «Жұпар қорығы», «Құламерген», т.б.
Абай осы әңгімелерді жалықпай ынтыға тыңдайтын.Әжесі шаршап әңгіме айтпай қойса ,анасы Ұлжанға жабысады.Анасы Ұлжан – өлең,айтыс,өсиет,әзілдерді көп айтып береді.Абайдың үйіне бір күні екі бөгде қонақ келеді.Бірі қартаң,бірі жас.
Барлас-Шоқшалау ғана ақ сақалы бар,келбетті,зор дауысты,ақ сары кісі.Ол Абайға ұнады.Барлас «Қобыланды батыр» жырын жырлады.
Бұл қонақтарды Абай үйінен жібергісі келмейді.Абай Барлас және Байкөкшемен жақсы дос болып алды.Абайдың анасы Ұлжан қонақ тарды жақсы күтеді.Барлас Абайдың зергектігіне қатты риза болды.Бір оңашада жай ғана тақпақтап домбырасын ұсынады.Қонақтардың қоштасар кезі келді.Ұлжан сендер келгелі жақсы сөздеріңмен ем әкелгендей болдыңдар,науқас баламды жаздыңдар,қадамы құтты қонақ болдыңдар.
-Тағыда келе жүріңдер.Жолдарың болсын!Келген сапарларыңа тыста бір азырақ ырым байлаттым.Ала кетіңдер...Риза қош боп аттаныңдар.
Абай сөйтіп тысқа шығып қадамы құтты қонақтарын шығарып салды.
6 . Сабақты бекіту:
.Оқулықтағы тапсырмалар бойынша жұмыстану. «Кейіпкерлер әлемі». 7Сабақты қорытындылау. « Сөзжұмбақ» ойлан тап
Бұнда жалпы бүгінгі жаңа тақырып бойынша сұрақ қойылады.
«Абай жолы» романының авторы?( Мұхтар Әуезов)
2 .Абайдың анасының есімі?( Ұлжан )
3. Мұхтардың әкесінің есімі ? (Омархан)
4. Абайдың әкесінің есімі ? (Құнанбай )
5. «Қозы - Көрпеш –Баянды »жырлап берген қай жыршы?(Байкөкше)
6. Е- Е, бұлдыр- бұлдыр , күн өткен, бұрынғыда кім өткен деп,әңгімесін кім бастаушы еді ?( Әжесі Зере )
7. Мұхтарды алты жасынан бастап Абай өлеңдерін айтуға кім үйреткен ? ( Атасы Әуез)
8. Мұхтар он бір жасында ,кімнің тәрбиесінде қалады ?( немере ағасы Қасымбек )
9 . Абайға добырасын бата беріп сыйлайтын қай ақын ?( Барлас)
10. М. Әуезов қай ұлы ақынның бала күнінен бастап, өмірден кеткенге дейін ғұмырын жазып шықты? ( Абай Құнанбайұлы)