kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ 9-сынып Төле би

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ әдебиеті пәнінен 9-сыныпқа "Төле би" тақырыбы бойынша ашық сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ 9-сынып Төле би»



3-сабақ

Сабақтың аты:

Төле би

Ресурстар:

Төле бидің портреті,таратпа материалдар,интерактивті тақта,видеоүзік

http://kiwi.kz/watch/r0xd59q90xxk/

allowfullscreen

Сабақтың міндеті

-Тақырып тұжырымдамасын оқушылардың түсінуі;

-Сабақ сатыларына арналған сұрақтар көмегі арқылы талқылау;

-Ойлы тұжырым жасауға мүмкіндік беру.

Сабақтың мақсаты:

Қара қылды қақ жарған Төле би туралы түсініктерін кеңейту.

Күтілетін нәтижесі:

-Мәтінді оқушылар түсінеді;

-Сұрақтарды талқылауға қатыса алады;

-Сұрақтарға жауап бере алады.

Негізгі идея:

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер,халқымыздың

даналығының үлгісі- шешендік сөздер.

Топқа бөліну

Дайын суреттердің қиындыларын суыру арқылы көбелектер,құстар,үйжануарлары,аққала болып топқа бөлінеді.

Тапсырмалар


1 –тапсырма:

-Сыныптың не білетінін анықтау.

-Бұрынғы өтілгенді қайталау мақсатында сұрақтар.1- модуль Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Диалог.(топтық әңгіме)



2 -тапсырма:Жаңа материалдың тұсаукесері.

4- модуль . Интерактивті тақта. Слайд.

2- модуль. Сын тұрғысынан ойлау. Талқылау.

3- тапсырма:Төле би толғауы «Сұраққа -жауап» тапсырмасы.

2- модуль. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Джиксо әдісі

Сергіту сәті«Қаңқалар биі»

4- модуль.АКТ. интерактивті тақта

4- тапсырма: Таратпа материалдардағы үзінділерді оқып, постерде қорғайды.

1-модуль. Оқыту мен оқудағы жа

тәсілдер. Постер қорғау. Шағын топта.


Төле би туралы арнау өлең жазу (ойтолғау)

5- модуль.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

4- модуль. АКТ. Видеоүзік

Бағалау

Қалыптастырушы бағалау: өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, мұғалімнің бағалауы.

Кейінгі

тапсырмалар:

Төле би туралы сөзжұмбақ құрастыр, қосымша шешендік сөздерінен үзінді жаттау.

Рефлексия


«Екі жұлдыз , бір тілек»







































Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Кіріспе: Байланыс орнату. Сыныппен амандасу. Сынып оқушыларын түгендеу.1-модуль.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалог/1 мин/


Дайын суреттермен көбелектер,

құстар, үйжануарлары, аққала болып топқа бөлінді. Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты және бағалау көрсеткішімен таныстыру, әр топта бір бақылаушы болады.

А.Сыныптың не білетінін анықтау./2 мин/

1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не? Түрлерін ата.

2.Балалар қандай тарауды өтіп жатырмыз?



Б.Бұрынғы өтілгенді қайталау. Сабақ тақырыбына қатысты проблемаларды белгілеу./5мин/

-Қазақтың шешендік өнерінің тарихына шолу жасаңдар.

-Шешендік өнердің құндылығы және қиындықтары туралыайтылған сөздерді еске түсіріңдер.

-Шешендік сөздердің өзіндік ерекшеліктері қандай?


ІІ. Жаңа материалдың тұсаукесері. /10мин/

Қызығушылығын ояту. Слайд көрсетіледі (Билердің ескерткіштері,тірек сызбалар)

-Төле би шешеннің өмірі туралы не білесіңдер?

Талқылау және логикалық ойлауға ықпал ету. Ой қозғау

Топтар сұрақ дайындап, келесі топпен ауысып жауап береді.

-Жас Төленің билігін айтыңдар.

-Төле бидің толғауын айтыңдар т.б.

«Сұраққа -жауап» тапсырмасы.

2- модуль Сын тұрғысынан ойлау. Джиксоәдісі. Бақылаудың негізінде ойлы тұжырым жасауды үйрену.

Талқылау.Үлкен топта.


Оқушылардың не болып жатқанын түсінгенін анықтау.

- Төле бидің шыншылдығын,әділдігін билік сөздерімен дәлелдеңдер.1-модуль.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Постер қорғау. /10мин/


Сергіту сәті. « Қаңқалар биі»/2мин/


ІІІ. Қолдану:Назар аудару және түсіндіру (видеоүзік) /2мин/

-Төле би туралы не білдіңдер?

-Ондай ұлы адамдар туралы не істеу керек? (Шешендік сөздер сайысын өткізу керек)

Төле би туралы арнау өлең жазу (ойтолғау)/2мин/

5- модуль.Талантты және дарынды балаларды оқыту



Қиын сәттерде,жекелеген оқушыларға көмектесу.

/2мин/



Бағалау :/1мин/Сұрақтарға толық жауап берсе -3 балл,орташа болса -2 балл,көшіріпалса 1 балл.Өз ойын түсіндіре отырып дәлелдесе- 3 балл,жартылай айтса-2балл,көшіріп алса -1балл.

1-4 – «3»

5-8 – «4»

9-12 «5»



Оқушының

Аты -жөні

Диалогтік сөйлесу

Сын тұрғысынан ойлау

Пос

тер

Жал

пы ұпай саны

Баға

сы
















ІV Қорытынды: Рефлексия/2мин/ «Екі жұлдыз,бір тілек» кері байланыс.

-Сабақ ұнады ма?

-Қандай тапсырманы орындаған ұнайды?

-Қандай тапсырманы орындау кезінде қиындықтар келтірілді?

-Сабақтың негізгі сәттерін қайталау.

-Сабақта ең құнды мәлімет не болды?

-Сабақта ең жеңіл сұрақ қандай болды?

Сабақ нәтижесін бағалау,оқушылардың тақырыпты түсіну және меңгеру деңгейін анықтау.

Оқушылар мұғаліммен амандасады. Сыныптың сабаққа қатысы туралы хабарлау.


Оқушылар төрт топқа бөлініп,орындарынаорналасты.



Оқушылардың не білетіні туралы болжамды жауаптары:

Бірнеше нұсқасы бар, ауызша айтылып келген мұрамыз.

Түрлері: ертегілер,аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер,жұмбақтар,

жаңылтпаштар, жырлар, шешендік сөздер,т.б. Шешендік сөздер.


Өткен тақырып бойынша оқушылардың болжамды жауаптары:

Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы билерден басталып (ХІІ-ХІІІғғ.),Жиренше шешен,Асан қайғы(ХІV-ХVғғ.) есімдерімен қалыптасып, өркендей түсті.

Шалкиіз,Бұқар (ХV-ХVІІІғғ.),Шортанбай,Дулат,Мұрат,Төле,Қаздауысты Қазыбек,Әйтекелерге жалғасты.

Жаңа тақырып бойынша оқушылардың болжамды жауаптары:Төле би Әлібекұлы ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген.1663-1756 жылдары өмір сүрген.Төле жастайынан араб,парсы тілдерін жаксы меңгерген.

Слайдқа қарап отырып, жаңа сабақ туралы ұғым айтады.Тақырыппен толығырақ танысуүшін берілген парақтағы тапсырмаларды оқып, постерде қорғайды.

Оқушылар бір-бірінің топтарына барып, түсініктерін айтады, ақпарат алысады.


-Таратпа материалдардағы үзінділерді оқып, түсінік айтады.



Оқушылар орындарынан

тұрып, жаттығу жасайды.


Оқушылар видеоүзікті тамашалайды.

Төле би туралы не білгендерін айтады,ой қорытады.


Жекелеген оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жұптағы екінші оқушы жауап береді.




Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, жақсы бағалануға ұмтылады.



Бұл кезеңде оқушылар алған білімдерін толықтыра отырып,

жүзеге асырады.








Берілген парақтарға кері байланыс жасайды.































Мұғалімнің жазбалары

Бүгін бірінші сабағымды өткіздім.Тақырыбы Төле би

Сабақтың мақсаты:Қара қылды қақ жарған Төле би туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақ өткен материалдарды пысықтау сұрақтарынан басталды. Байланыс орнату. Сыныппен амандасу. Сынып оқушыларын түгендеу.1-модуль.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалог/1 мин/Дайын суреттермен көбелектер, құстар, үй жануарлары, аққала болып топқа бөлінді. Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты және бағалау көрсеткішімен таныстыру, әр топта бір бақылаушы арқылы жүзеге асты. Үй тапсырмасын тексеру барысында оқушыларға сұрақ –жауап арқылы болды.

1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не? Түрлерін ата.

2.Балалар қандай тарауды өтіп жатырмыз?

Оқушылардың жауаптары:

Бірнеше нұсқасы бар, ауызша айтылып келген мұрамыз.Түрлері: ертегілер,аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер,жұмбақтар,

жаңылтпаштар, жырлар, шешендік сөздер, т.б. Шешендік сөздер.

Бұл кезеңде оқушылар жақсы жауап берді,диалогтың бір түрі топтық әңгіме болды.

2 -тапсырма: Жаңа материалдың тұсаукесері.

4- модуль. Интерактивті тақта. Слайд.

2- модуль. Сын тұрғысынан ойлау. Талқылау.

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында сұрақ-жауап өткізілді, онда билерді ата, ұлы жүздің биі ? деген сұрақтар арқылы ашылды.

3- тапсырма: Төле би толғауы «Сұраққа -жауап» тапсырмасы.

2- модуль. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Джиксо әдісі.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатында оқушылар слайдта берілген қосымшаға сүйене отырып дайындалды. 2-тапсырма «ой қозғау» жаңа тақырып бойынша Төле би кім,қандай шешендік сөздерін білеміз? Сұрақтарына жауап айтты. Мұнда оқушылар пікірлесіп және сұраққа бірлесіп жауап беру арқылы топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырды. Талқылау уақыты аяқталған соң әр топ дайын болған жауаптарын айтты.

Сергіту сәті «Қаңқалар биі»

4- модуль.АКТ. интерактивті тақта

4- тапсырма: Таратпа материалдардағы үзінділерді оқып, постерде қорғады.

1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа

тәсілдер. Постер қорғау. Шағын топта


Постер қорғау кезінде


Постерде Төле бидің шешендік сөздерін әр топ өздері қорғады. Мұнда дауды шешуі болса, келесі топта толғауы туралы болды.

Төле би туралы арнау өлең жазу (ойтолғау)

5- модуль. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

4- модуль. АКТ. Видеоүзік

Бұл тапсырмада жаңа тақырыпқа байланысты ойтолғау жазу. Бұл кезеңде видеодан Төле бидің нақыл сөздері,толғаулары айтылып жатты, осыларды тыңдау арқылы ойларын жинақтап, Шамханов Қанағат пен Орашова Ұлболсын өз шығармаларын жазып көрсетті.

Өз жұмыстарын қорғап болған соң бағалау критерийлері жазылған бағалау бетшесіне топ бақылаушысы баға қойды. Осы критерийлерге сүйене отырып топтар бірін-бірі бағалайды. Бұл әдістің тиімділігі барлық оқушылардың жаңа сабаққа қамтылуы деп ойлаймын.

Оқушылар біршама дағдыланғаны байқалды. Тапсырманы жақсы орындап, тапсырманы орындау барысында өз ойларын еркін жеткізе білді.

Сабақта жоспарымның барлығын жүзеге асыра алмадым, маған да,оқушыға да оңай емес. Себебі бұл жаңа әдіс– тәсілмен өткізіліп отырған бірінші сабақ болатын.

Кедергілер:уақытты тиімді пайдалана алмау, сөздік қорының аздығы,т.б.

Алдағы уақытта жаңа бағдарламамен санасып, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді меңгереді деп сенемін.

Сәтті шыққан тұстарды айтар болсам, cабақ үстіндегі түсірілімдерге (видео, сурет) мән бермей, өздерін еркін ұстап, белсенділік танытқандары мені қуантты.

Сабақ барысында орындалған тапсырмаларды сыни тұрғыдан талдай келе, оқушылар өздерін «жақсы» деп бағалады. «Қанағаттанарлық» деп бағаламаған себептерін сұрағанымда өкпе-реніш болады деп ойладық деп жауап берді. Дегенмен де шынайылылық болмаса, алға ұмтылу болмайды. Сондықтан бір-бірімізді шынайы түрде бағалайық деп түсінік бердім. Алғашқы сабақ болғандықтан әрі сабаққа деген қызығушылықтарын қалыптастыру үшін оқушылардың «жақсы» деп бағалауларын өзгеріссіз қалдыруды жөн көрдім.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Ашық сабақ 9-сынып Төле би

Автор: Килибаева Гулайна Тулепбергеновна

Дата: 30.11.2017

Номер свидетельства: 441492

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Ашы? саба?    "Жала? ж?не жайылма с?йлем" "
    ["seo_title"] => string(42) "ashyk-sabak-zhalan-zh-nie-zhaiylma-soiliem"
    ["file_id"] => string(6) "160276"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422022686"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "Ша?ын біріктірілген мектептерде ?дебиет саба?ынан ашы? саба?ты? ?лгісі. "
    ["seo_title"] => string(83) "shag-yn-biriktirilghien-miektieptierdie-diebiiet-sabag-ynan-ashyk-sabak-tyn-ulghisi"
    ["file_id"] => string(6) "138355"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417530971"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Ашы? саба?  "Абай ??нанбаев "?ылым таппай ма?танба" ?ле?і "
    ["seo_title"] => string(61) "ashyk-sabak-abai-k-u-nanbaiev-g-ylym-tappai-mak-tanba-olien-i"
    ["file_id"] => string(6) "171028"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423633808"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Ашы? саба?   Ана тілі п?нінен ""Бала Абай" "
    ["seo_title"] => string(39) "ashyk-sabak-ana-tili-p-ninien-bala-abai"
    ["file_id"] => string(6) "196526"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428063488"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Сауат ашу   1-сынып   «?айталау» "
    ["seo_title"] => string(28) "sauat-ashu-1-synyp-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "198017"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428339246"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства