kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Антонимдер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аталмыш ашы? саба? о?ушыларды? антоним та?ырыбы бойынша білімдерін одан ?рі толы?тырып, пысы?тауды к?здейді. Осы ма?сатта бірнеше ?діс-т?сілдер ?олданылды. Соны? ішінде, топпен ж?мыс, жеке ж?мыс, ж?пты? ж?мыс т?різді т?рлері о?ушыларды? т?рлі ?абілетін ашу?а м?мкіндік береді.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: антонимдерді бас?а ма?ыналы? топтарынан айырмасын ашу, ?р т?рлі ма?сатта?ы жатты?у ж?мыстарыны? т?рлері ар?ылы антонимдерді? ойды к?ркемдеп жеткізудегі р?лін аны?тау.

Дамытушылы?: антонимдерді ?олдана отырып, о?ушыларды? ойын шебер жеткізе білуге, д?п басып айта білуге да?дыландыру, ?исынды ойлау ?абілеттерін арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Антонимдер"»

Сабақтың тақырыбы: «Антонимдер»


Сабақтың мақсаты:


Білімділік: антонимдерді басқа мағыналық топтарынан айырмасын ашу, әр түрлі мақсаттағы жаттығу жұмыстарының түрлері арқылы антонимдердің ойды көркемдеп жеткізудегі рөлін анықтау.

Дамытушылық: антонимдерді қолдана отырып, оқушылардың ойын шебер жеткізе білуге, дөп басып айта білуге дағдыландыру, қисынды ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: омоним, синоним, антоним сөздерді жиі қолдана отырып, ана тіліне деген, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың көрнекіліктері: компьютер, таблицалар, интерактивті тақта.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: мазмұндау, түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) оқушылармен сәлемдесу.

Ә) «Достық» шеңберін ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасы сұралады.

Синоним, аноним сөздерге сурет салып келу.

Пысықтап қорытындыланады.

ІІІ. Жаңа тақырып өтіледі.

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

- Балалар, бүгінгі сабағымыздың эпиграфы:


Өмір деген тұрмайды: Қап-қарадан,

Өмір деген тұрады: Ақ-қарадан.

Ақ-қара, екі арасын ашып өтіп,

Арымен өз бақытын тапқан Адам! (Шөмішбай Сариев)


Мұғалім сөзі: - Балалар, осы өлең шумағының ішінде асты сызылған сөздер қандай сөздер, мағыналары қандай сөздер? (балалар жауабы тыңдалады)

Мұғалім сөзі: - Балалар, ендеше мына слайдқа назар аударайық

(№2 слайд). Суретте не көріп отырмыз? (суретте заттар салыстырмалы түрде көрсетілген, мысалы, жуан-жіңішке, ұзын-қысқа, тегіс-бұдыр т.б.)

Мұғалім: - Енді осыдан келіп, ереже шығарамыз

(№3 слайд).

Ереже: Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.

Мұғалім сөзі: - Антоним сөздердің қазақ тілінде қолдану аясы өте кең. Әсіресе мақал-мәтел, жұмбақтар, өлең жолдарында жиі қолданылады. Мына жағдайларды ескеруіміз қажет:

І. Антоним сөздер ойды көркемдеп, нақтылап, айқындап жеткізу үшін қолданылады.

ІІ. Антоним сөздер әр уақыт өзінің жұбымен қолданылады, сонда ғана қарама-қарсылық мағына танылады.

ІІІ. Грамматикалық жолмен жасалған болымды-болымсыздық мағына антоним бола алмайды. Мысалы, үлкен – үлкен емес, келді – келмеді.

Өтілген тақырыптан берік дағды беру үшін, әрі антоним сөздерді дұрыс қолдана білуді үйрету үшін әртүрлі жаттығу жұмыстары жүргізіледі:

Интерактивті тақтамен жазбаша жұмыс жүргізу.

Балалар интерактивті тақтаға шығып, антоним сөздерге сөз тіркестерін құрастырады. Мысалы, ақ қар – қара жер, ыстық бу – суық су, қараңғы түн – жарық күн, батыр адам – қорқақ қоян.

Мұғалім сөзі: - Балалар, осы антоним сөздерді өз шығармаларында көп қолданған ақын-жазушыларымыздың бірі ұлы данышпан атамыз Абай Құнанбайұлы. Оның өлең жолдарындағы антоним сөздерді табайық

(№4 слайд).


  1. Уайым – аз, үміт – көп,

Ет ауырмас бейнетке,

Бүгін-ертең жетем деп,

Көңілге алған дәулетке.


2. Өмірдің алды – ыстық, арты – суық,

Алды – ойын, арт жағы – мұңға жуық.

Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен,

Өмір сәуле көрсетер судай тұнық.

Жазбаша тапсырма орындалады.

«Өмір», «Сыныпта» тақырыптары бойынша антоним сөздерді қатыстыра отырып, төрт-бес сөйлемнен тұратын шағын әңгіме жазу.

Сергіту сәті.

Слайдта берілген мақал-мәтелдерді есте сақтап, жатқа айтып беру.

  1. Ағаш кессең, ұзын кес,

Қысқартуың оңай.

  1. Ащы мен тұщыны татқан білер,

Жақын мен алысты жортқан білер.

«Антоним» деген сөзден бірнеше сөздер құрастырып жазу.

Мысалы: ат, от, ант, тон, том, ит, ар, ор, ерт, т.б.

Мәтінмен жұмыс істеу

(№5 слайд).

- Қазақтардың ақыл-ой қабілетінің зор екендігіне барған сайын көзім жете түсуде. Қандай әсем сөйлейді! Айтқысы келгеннің бәрін тез түсіндіріп, қарсыласының сөзіне де шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті балаларының ақыл-есі де өте тез жетіледі. (В.В. Радлов)

Мәтін бойынша жұмыс жүргізу.

А) оқып шығу.

Ә) мәтіндегі асты сызылған сөздердің антонимін табу.

Мысалы: тез – баяу, шебер – олақ, зор – тар.

№6 слайд. Ауызша жұмыс жүргізу. Жұмбақтарды оқып, шешімін табу. Антоним сөздердің астын сызу.


1. Бір нәрсе менен биік,

Кейде менен аласа.

Мұндай қызық дүниеде

Көріп пе едің тамаша.


2. Ақ сандық айналадан тауып алдым,

Ішінде не бар, не жоқ таба алмадым.


3. Жиырма баласы бар төртеу ана,

Бірі – ұзын, бірі – қысқа, дара-дара.

Қандайлық істі қоссаң ерінбейді,

Білімпаз мамандығы болған сара.


Жасырын жұмбақты шешу тапсырмасы.


1 сөз: «Сарай» сөзінің синонимі.

2 сөз: «Астында» сөзінің антонимі.

3 сөз: «Ірі» сөзінің антонимі.

4 сөз: «Тау жынысы қатты зат»

Жауабы: «Үй үстінде ұсақ тас» жұмбағы шығады,

жұмбақтың жауабы: жұлдыз.


Сөзжұмбақты шешу. Жасырынған сөз «мағына».


«Автор орындығы»


Тақтаға оқушы шығып, автор орындығына отырып, балалардың қойған сұрағына жауап береді.


Сабақ пысықталып, қорытындыланады.

Үй тапсырмасы беріледі.


  1. 41-42 беттер. Ереже жаттау.

  2. 42-бет, 89-жаттығу. Жазбаша орындау.

Оқушылар еңбегі бағаланады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Антонимдер"

Автор: Каимова Айнур Дауреновна

Дата: 19.02.2016

Номер свидетельства: 296060

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Ашы? саба? "Антонимдер"  5 сынып"
    ["seo_title"] => string(31) "ashyk-sabak-antonimdier-5-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "254248"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447732312"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Антонимдер сабақ"
    ["seo_title"] => string(17) "antonimdier_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "390239"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486722426"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Саба?ты? та?ырыбы: Антонимдер"
    ["seo_title"] => string(31) "sabak-tyn-tak-yryby-antonimdier"
    ["file_id"] => string(6) "304118"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457667851"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Антонимдер кмж "
    ["seo_title"] => string(16) "antonimdier-kmzh"
    ["file_id"] => string(6) "125172"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1414928366"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "Антонимдер "
    ["seo_title"] => string(11) "antonimdier"
    ["file_id"] => string(6) "206497"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1430201406"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства