Пән: қазақ тілі Сыныбы: 5 «Ә» Мерзімі: 28.10.2014ж |
Тақырыбы: | Антоним сөздер |
Жалпы мақсаты | Шығармашылық жұмыстар орындату арқылы мағыналары бір – біріне қарама қарсы сөздердің антоним болатындықтарын ұғындыру. Сыныпта ынтымақтастық орната отырып, ауызбіршілікке, бір – бірінің пікірін тыңдауға Топта жұмыс істей білдіру, өз ойларын еркін айтқызу. |
Оқу нәтижесі | Шығармашылық жұмсытар орындау арқылы антонимдерді таба алады, өз ойларын еркін жеткізе алады. |
Түйінді идеялар | ҚР мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ана тілін сүю, құрметтеу, мақтаныш ету – әрбір азаматтың міндеті Н.Ә.Назарбаев |
Сабақ мазмұны |
Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс -әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | Сыныптағы ахуалды анықтау. | Кезекші сынып ахуалын баяндайды. | |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін, оқушыларға қиылған дөңгелекше (қызыл, сары, жасыл) түстерді таңдап алу ұсынылады. | Оқушылар бір-бірлеп түстерді таңдап алу арқылы топқа бөлінеді. | |
Үй тапсырмасын сұрау | Үй тапсырмасын тексерубарысында оқушылармен «Бәйге» ойынын ойнаймыз. Сұрақтары: 1. Көп мағыналы дегенді қалай түсінесің? 2. Көп мағыналы сөздер дегеніміз не? 3.Көп мағыналы сөздер қалай жасалады? | | Өзін-өзі бағалау |
Қызығушылық ояту Жаңа сабақ | - Суреттен не көріп тұрсыңдар? - Олар қандай сөздер? -Балалар, бүгінгі сабағымызды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастаймын. ҚР мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ана тілін сүю, құрметтеу, мақтаныш ету – әрбір азаматтың міндеті.» Осы сөз сабағымызға арнау болсын. Сабағымыз ертегі түрінде өтпекші. Ерте, ерте ,ертеде Сөз деген хан болыпты.Оңың Антоним, Омоним, Синоним деген үш ұлы болыпты. Балалары есейіп, бөлек тұратын болыпты. Бір күні хан нөкерлерін жинап, сұрақ қойыпты. Дүниеде не қатты? Дүниеде не тәтті? Бұл сұраққа нөкерлері әр түрлі жауап беріпті. Осы сұраққа жауапты ұлдарынан сұрамақшы болады. Үлкен ұлы Антонимге келеді.Оның үйінің алдынан «Таным» қақпасы шығады,қақпаның есігін итерсе ашылмайды. Қане, ханға көмектесейік. Өткенді қайталап еске түсірейік. Сұрақтары: 1. Көп мағыналы дегенді қалайтүсінесің? 2. Көп мағыналы сөздер дегеніміз не? 3.Көп мағыналы сөздер қалай жасалады? Балалар, сендер ханға өте жақсы көмектестіңдер, қақпа ашылды. Әкесі келген соң Антоним деген ұлы ет асады. Әкесі ұлына: - Ең тәтті жерінен кесіп берші – дейді.Ұлы сан еттен кесіп береді. Сонда әкесі: - Енді ең ащы жерінен кесіп берші! – дейді. Ұлы тағы сан еттен кесіп береді.Әкесі баласының іс- әрекетіне риза болмай,ортаншы ұлы Синонимге жолға шығады. Синонимнің үйіне келсе , « Білім» қақпасы шығады, ол жабық тұр екен. Ендеше балалар біз көмектесейік. Слайд№4. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Қызғалдақтың қасына Енді тимен мен оған, Қойып едім қондырмай, Ісіп кетті бас- шекем. Бізін сұғып басыма Балы тәтті болғанмен, Шақты- ау ара оңдырмай. Тілі өзінің ащы екен
Мағынасы қарама- қарсы сөздерді тап. /тәтті –ащы/ Сонымен бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Мағынасы қарама –қарсы сөздер» |
Мынау кімнің портреті? Қазақ халқын бүкіл әлемге танытқан ғұлама ақын, данышпан – Абай Құнанбаев. -Оның қандай шығармаларын білесіңдер? Табиғат лирикасына жазылған «Күз», «Қыс», «Жазғытұры» деген өлеңдері бар. Оқушылар өлеңдерді мәнерлеп оқып береді.
Қадыр Мырза Әлінің «Қырсық» өлеңімен ашу Сен оған:- Аласа – десең, Ол саған:- биік,- дейді. Сен оған:- Кіші ғой!- десең, Ол саған:- Үлкен!- дейді… |
| Антонимдер Антонимдер – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер. Антонимдер – грек тілінде anti –қарсы, onota – атау дегенді білдіреді. Қандай пәндерде антонимдер кездеседі? Мысалы: Математика сабағында: Қосу – алу Көбейту – бөлу Үлкен – кіші Биология сабағында: Өлі және тірі табиғат Әдебиет сабағында: Мақал – мәтелдерде: Әдепті бала – арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы бала. Жұмбақтарда: Асты тас, үсті тас, Ортасында піскен ас (таба нан) т.б Балалар, сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар, қақпа ашылды. Синоним деген ұлы әкесінің келетінін естіп, ет асып қойыпты. Әкесі ұлына: - Ең тәтті жерінен, ең ащы жерінен кесіп бер десе,ол да сан еттен кесіп беріпті.Әкесіне ұнамай, кіші ұлына қарай жолға шығыпты.Үйіне тақап қалса, алдынан «Тапқырлық» қақпасы шығыпты.Есігін итерсе ашылмайды.Ханға көмектесейік. Ол үшін «Теңге салу» ойынын ойнайық. Үстел үстінде жатқан теңгелерді сандыққа салады. -Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер? -Антоним сөздерімен таныстық. -Қарама қарсы сөздердің жұбын тауып үйрендік. -Антоним сөздер сын есімнен, зат есімнен болатынын білдік. -Абай ата өлеңдерінен қарама – қарсы сөздер тауып үйрендік.
Сөз атай да риза болды. Кіші ұлы Омоним әкесін күтіп алады.Ол да ет асып қойыпты. Әкесі ұлына : - Ең тәтті жерінен, ең ащы жерінен кесіп бер,- дейді. Ұлы тілден екі рет кесіп береді. Әкесі:- Неге тілден кесіп бердің? -дейді. Сонда ұлы не деген екен, сендер айтыңдаршы! / Оқушылардың жауаптары тыңдалады.Дүниеде тіл тәтті, дүниеде тіл ащы деген қорытындыға келеді.Бұл жауапқа Сөз атай риза болған екен.
| Электронды оқулық |
| Балалар көңіл – күйлерің қалай? Көтеріңкі көңіл күй болса, алдарыңдағы шарларды үрлеңдер. Оқушылар шарларын үрлеп , тақтаға шаттық шеңберіне жиналады. |
Рефлексия Қорытындылау | INSERT –картасын толтыру. Не үйрендім? Не білдім? Нені білгім келеді? |
Бағалау | Оқушылар өз-өздерін бағалайды. Соңында стикер таратып беремін. Оқушылар 2 жұлдыз, 1 тілек жазып қалдырады. |
Үйге тапсырма | Антонимдерге көркемәдебиеттен мысалдар жазу. Оқулықта 93-жаттығу.Өлеңнен антонимдерді теріп жазу. |