Әдебиет 6- сынып 1- нұсқа 2- тоқсан
Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл дүниеде жаман болып,
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе?
Жүргенше өмір сүріп, наданболып.
1.Кімнің шығармасы? 2. Өлең қалай аталады?
а) С. Торайғыров а) «Мен кім?»
ә) Б. Майлин ә)«Мен қазақ»
б) М. Жұмабаев б) «Шығамын тірі болсам адам болып» . 3. Өлеңдегі лирикалық кейіпкер кім?
А) халық
Ә) байлар
Б) ақынның өзі
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде - желмін гулеген,
Жер еркесі- желдің жөнін кім сұрар?
4. Қай шығармадан? 5. Өлеңдегі кейіпкер кім?
А) «Қазақ тілі» а) қарт кісі
ә) «Анама хат» ә) ақын
б) « Мен кім ?» б) жастар
6. Авторы кім?
А) С. Торайғыров
Ә) М. Жұмабаев
Б) С. Сейфуллин
Сендерге , қарындастар,
Сендерге , інілер,
Сендерге арналады бұл әндер!
7. Қай шығармадан? 8. Ақын өлеңін кімдерге арнады?
А) «Далада» а) баласына
ә) «Түйебай» ә) қарындасына
б) « Қара бұлт» б) жастарға
9. Ахметтің шығармасы қалай аталады?
А) «Қара бұлт», «Анама хат» ә) «Қазақ тілі», «Мен кім?»
б) «Далада», «Домбыра»
10. «Жас бұлбұлдарға» , «Жастарға», «Жалпы жасқа» кімнің шығармасы?
А) Б. Майлин ә) І. Жансүгіров б) А. Байтұрсынов
11. Түйебай қай шығарманың кейіпкері?
А) «Біржан сал Абай ауылында » ә) «Түйебай» б) «Анама хат»
«Мен келемін! Өнер әкелемін! Танымай көрші, аңдамай байқашы! Сай- сүйегің босамай , алпыс екі тамырың иімей көрші!» Кімнің сөзі?
12. Қай шығармадан? 13. Авторы кім?
А) «Біржан сал Абай ауылында » а) С. Дөнентаев ә)«Түйебай» ә) А. Байтұрсынов
б) «Далада» б) М. Әуезов
14. Кімнің сөзі?
А) Әйгерімнің
ә) Абайдың
б) Біржанның
Әдебиет 5- сынып 2- нұсқа 3- тоқсан
Келеді қаңғырақтап жалғыз өзі,
Тілі жоқ, құр жіректе айтар сөзі.
Шағады шыбын жанның қиналғанын
Жалғыз-ақ мөлдіреген екі көзі.
1.Қай шығармадан? 2. Кімнің шығармасы?
А) «Күй» а) М. Әуезовтің
ә) «Ақсақ киік» ә) І.Жансүгіровтың
б) «Сағындым» б) С.Сейфуллиннің
3. М.Әуезовтың шығармасы қалай аталады?
А) «Жаңа достар», «Қыз Жібек» ә) «Тәтті қауын», «Қажымұқан»
б) «Ақын қонақтар»
Ал, қырғилар, аздап болса да, өнер көрсетіп жіберейік. Өнержылатуға да жарайды, күлдіруге де жарайды. Бұл сиқырдан да керемет....
4. Кімнің сөзі? 5. Қай шығармадан?
А) Шегеннің а) «Лашын»
ә) Балтабайдың ә) «Жаңа достар»
б) Бораштың б) «Қажымұқан»
6. Авторы кім?
А) С.Мұқанов
Ә) С.Бегалин
Б) Ғ.Мүсірепов
7. Қуандық Шаңғытбаев қай жылдары өмір сүрді?
А) 1922-1993ж.ж ә) 1925-2001ж б) 1931-1976
Қиялдап, менің дана, байғұс бабам,
Алайда, атқа мініп, Айға ұшпаған.
Бабамның қиялымен қанаттанып,
Бүгін мен Айға қонып, жайды ұстағам.
8. Авторы кім? 9. Қай шығармадан үзінді?
А) Қ.Шаңғытбаев а) «Фантазия»
ә) Ж.Молдағалиев ә) «Ар-ұят туралы»
б) М.Мақатаев б) «Сабалақ»
А, деген, асқақтатқан, әнін қосқан,
Үн қайтса қосылуға қобыз тосқан.
Кәрі саусақ қалтылдаған қаздаң қағып,
Ойнақтап, үркіп билеп қылда босқан.
Кімнің өлеңі? 11. Шығарманың аты қалай аталады?
А) І. Жансүгіров а) «Ақсақ киік»
ә) С. Сейфуллин ә) «Күй »
б) А.Құнанбаев б) «Сабалақ»
12. Жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды. Бұлай көрсетуді ..... дейді.
А) пейзаж ә) кейіптеу б) аллегория
Жайылып төрге қарай таңның ағы,
Көрінді ауыл-ауыл маңайдағы .
Қарайып, өрген сиыр түйеменен
Ауылдың малға толды әрбір жағы.
13. Кімнің өлеңі? 14. Қай өлеңнен?
А) С. Торайғыров а) «Сағындым
ә) М. Жұмабаев ә) «Өгіз бен бақа»
б) А. Байтұрсынов б) «Шілде»
15. Қайырғали, Шеген қай шығарманың кейіпкерлері?
А) Лашын ә) «Жаңа достар» б) «Бала Шоқан»
Әдебиет 6- сынып 3- нұсқа 2- тоқсан
1.Молдадан қашқан бала Түйебай қай шығарманың кейіпкері?
А) Б. Майлин ә) С. Сейфуллин б) М. Әуезов
2.Сұлтанмахмұт лирикалық кейіпкер болған өлеңдер қалай аталады?
А) «Қара бұлт», «Домбыра» ә) «Анама хат», «Мен кім?»
б) «Мен - қазақ», «Шығамын тірі болсам адам болып»
3. М. Әуезов қай шығармасында қазақ қоғамының өткен ғасырдағы ұнамды қасиеттерін кінің бойына шоғырландырып суреттеген?
А) Әйгерімнің ә) Абайдың б) Біржанның
4. Кімнің кімге айтқаны? 5. Қай шығармадан?
А) Біржанның Абайға а) «Түйебай»
ә) Абайдың Әйгерімге ә) «Біржан сал Абай ауылында»
б) Абайдың Біржанға б) «Далада»
6. Авторы кім?
А) М. Әуезов
Ә) А. Байтұрсынов
Б) С. Дөнентаев
Мен- балаң, жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған.
7. Бұл жолдарды кім айтты? 8. Қай шығармадан?
А) М. Жұмабаев а) «Әнші»
ә) І. Жансүгіров ә) «Атаның әлдиі»
б) С.Торайғыров б)«Шығамын тірі болсам, адам болып»
9. «Мен кім?», «Қазақ тілі» Кімнің өлеңі?
А) Ж. Аймауытов ә) Ж. Жабаев б) М. Жұмабаев
Күй, сені тәтті көрем жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай , жанып, күйіп,
Өмірдің сырын ашып жүрегіме,
Музаның әміріне басымды иіп.
10. Кімнің шығармасы? 11. Қай шығармадан үзінді?
А)І. Жансүгіров а) «Ана тілі»
ә) Ж. Аймауытов ә) «Күйге»
б) С. Сейфуллин б) «Далада»
12.Шығармада қандай өнер туралы айтады?
А) Сурет өнері туралы
Ә) Ән өнері туралы
Б) Күй өнері
«Бар, көр. Шын өнерлі, қызықты болса, елге әкел. Еркімен көсілтіп ойын- сауық ет. Жас буын өнер үйренсін, үлгі алсын. Мен де көмекші болармын »
13. Бұл сөзді кімге кім айтты? 14. Авторы кім?
А) Әмірге Біржан айтқан а) Б. Майлин
ә) Абайдың жастарға ә) М. Жұмабаев
б) Абайдың Әмірге б) М. Әуезов
15. Қай шығармадан?
А) «Түйебай»
ә) «Қара бұлт»
б) «Біржан сал Абай ауылында»
Әдебиет 6- сынып 4- нұсқа 2- тоқсан
Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам,
Арнап хат жазайын деп, алдым қалам.
Сені онда, мені мұнда аман сақтап,
Көруге жазғай еді хақ тағалам!
1.Кімнің шығармасы? 2. Шығарма қалай аталады?
А) М. Жұмабаев а) «Ана тілі»
ә) А. Байтұрсынов ә) «Анам тілі»
б) С. Сейфуллин б) «Анама хат»
3. Қай кезде жазылған еді?
А) Оқып жүргенде
Ә) Ел аралап жүргенде
Б) Семей түрмесінде
4. Мағжанның өлеңдерін тап?
А) «Қазақ тілі», «Мен кім?», «Мен жастарға сенемін»
ә) «Анама хат», «Қарабұлт» б) «Домбыра», «Күйге»
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй!..
5. Кімнің шығармасы? 6. Шығарманың аты қалай аталады?
А) М. Әуезов а) «Мен кім?»
ә) Б. Майлин ә) «Домбыра»
б) С. Сейфуллин б) «Біржан сал Абай ауылында»
7. Кімнің кімге оқып бергені?
А) Балбалаға Әйгерімнің айтқаны
ә) Біржанның Әмірге
б) Абайдың Біржанға
Шақырыңдар, арттағы құлдықта жүрген бауырларыңды! Сендерге- ерік, махаббат жолында бастаған ер қарындастар, інілер- сендерге арналады бұл әндер!
8. Қай өлеңнен? 9. Кімнің шығармасы?
А) «Домбыра» а) С. Сейфуллин
ә) «Анама хат» ә) Б. Майлиннің
б) «Далада» б) М. Әуезовтің
Бұлттай жерге жаумай , суға жауған
Қазақта іс ететін көп адамдар.
Жұмсамай тиісті орнына мал, өнерін,
Біреулер жүреді,оған не амалбар?!
10. Өлең қалай аталады? 11. Бұл қандай адам бейнесінде көрінген?
А) «Анама хат» а) қайырымды адам
ә) «Қара бұлт» ә) кедей адам
б) «Күйге» б) мақтаншақ адам
12.Авторы кім?
А) С. Сейфуллин
ә) С. Дөнентаев
б) А. Байтұрсынов
Үстінде қара мақпал, кең, жеңіл шапаны бар. Омырауы ағытылған «сері жаға» ақ көйлектің сыртынан киген сарғылт түсті, қытайы жібек кемзалы бар...
13. Қай шығармадан? 14. Кімнің киген киімі?
А) «Түйебай» а) Түйебайдың
ә) «Заман кімдікі» ә) Абайдың
б) «Біржан сал Абай ауылында» б) Біржанның
15. Авторы кім?
А) М. Әуезов
Ә) А. Байтұрсынов
Б) Б. Майлин