Баяндама "Қ.Бітібаева – әдебиет әдістемесін зерттеуші"
Баяндама "Қ.Бітібаева – әдебиет әдістемесін зерттеуші"
Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы (1945 - 2014) - Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі.Қанипа Омарғалиқызының қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін жетілдіру бағытындағы ізденістері мен іс-тәжірибелері зор. «Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары», «Әуезов шығармашылығын оқыту», «Сабақ түрлері мен үлгілері», «Мектепте Абай шығармашылығын оқыту», «Әдебиеттану», «Абайды таныту», «М.Әуезов – мектепте», «Әдебиетті тереңдетіп оқыту», «Әдебиет оқулығы», «7-сынып әдебиетін оқыту әдістемесі», «5-9-сынып әдебиетін тереңдетіп оқыту», «10-11-сынып әдебиетін тереңдетіп оқыту» сияқты бірнеше кітабы және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Әдебиетті оқыту әдістемесі» атты оқулығы республикалық ЖОО оқытушылары мен мектеп ұстаздары үшін таптырмайтын көмекші құралға айналды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Қ.Бітібаева – әдебиет әдістемесін зерттеуші"»
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
Баяндама
Тақырыбы: Қ.Бітібаева – әдебиет әдістемесін зерттеуші
Орындаған : Калкаманова Дана
Тобы:ҚТӘ-31
Тексерген: Турганалиева Г.Г.
Орал,2023
Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы (1945 - 2014) - Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі
1945 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылында дүниеге келген. Жаңашыл ұстаз, профессор.
1968 жылы Семей педагогикалық институтын бітірген.Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
1968-1980 жылға дейін Ласты ауылында мұғалім болды. 1980 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы облыстық мектеп-интернатында ұстаздық қызметі жалғасады. Осы кезеңдерде еліміздегі ұстазға берілетін атақ, дәреже мен құрметтің барлығын алды. Ұстаздардың ұстазы, халық мұғалімі аталды. Авторлық мектептің жетекшісіне айналды. Қ. Бітібаеваның есімі, атағы Республика жұртшылығынан асып, ТМД елдеріне дейін жайылды.
1980 жылы Тарбағатай аудандық «Ленин туы» газетінде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы қалыптасқан тәжірибесінен Оқу министірлігі, Шығыс Қазақстан облыстық оқу бөлімі мен облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының ұйымдастыруымен арнайы бет плакат шығарылып, аудан мектептеріне таратылды. Оқу министірлігі мен орталық білімін жетілдіру институтының негізінде республика теледидарының «Шапағат» хабарында «Әдебиеттегі оқытудың тиімді жолдары» атты хабар беріліп, іс-тәжірибесі талқыланды. 1983 жылы Қазақ ССР Оқу министірлігі мен республикалық мұғалімдер білімін жетілдіру институты тарапынан оның «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді жолдары» атты тақырыппен тәжірибесі арнайы бет плакат арқылы шығарылып, республика ұстаздарына таратылды. «Әуезов шығармашылығын оқытудың өзекті мәсәлелері» атты тәжірибесі сараланды. Осы уақыттардан бастап Қанипа Омарғалиқызының Мұхтар Әуезов шығармаларын, Абай ілімін оқытудағы өзіндік жолы, шығармашылығы қалыптаса бастады.
Көлемді де құнды, еліміз бойынша барша оқу орындарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мамандары арасында қолданылып келе жатқан 15 монографиялық еңбек туды. «Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары», «М. Әуезов шығармашылығын оқыту», «Абай шығармашылығын мектепте оқыту», «Абай және Әуезов үндестігін оқыту», «Абайды таныту», «М. Әуезов мектепте», «Әуезовті оқыту әдістемесі» шығармалары республика мұғалімдер қауымынан қызу қолдау тапқан.
Сонымен қатар 6 оқу курсының авторы болып табылады. Олардың қатарында «Абай мектепте», «10-11 сыныптарда қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту», «М. Әуезовты оқыту» атты кітаптары бар. Аталған кітаптар облыстағы қазақ тіліндегі орта мектептерінде негізгі оқулық ретінде тұрақты түрде оқытылып келеді. Республикалық ғылыми-педагогикалық журналдарда жарияланған 50-ден астам ғылыми-әдістемелік мақалалардың да авторы болып табылады.
1991 жылдан Өскемен қаласында Қ. Бітібаеваның республикалық атаулы мектебі жұмыс істейді. Ұстаздың іс-тәжірибесі туралы бірнеше оқу фильмдері түсірілген.
2021 жылы Өскемен қаласындағы көшеге Қ. Бітібаева есімі берілді.
Ұстаз 2014 жылы 9 қыркүйекте дүниеден өтті.
Жаңашыл ұстаздың өз пәндерін адамгершілік-эстетикалық тәрбиемен тоғыстыра оқыту тәжірибесі жоғары бағаланды. Педагогика саласындағы ерен еңбегі үшін Қанипа Бітібаеваға ҚазКСР және КСРО ағарту ісінің үздігі медалі, 1990 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы табысталды. Ол осы атақты мұғалімдер арасынан Кеңес Одағында бесінші, ал Қазақстанда бірінші болып иеленді. Үздік ұстаз туралы сол кезде «Народное образование» журналының тілшісі Л.Красновский, «Учительская газета» тілшісі С.Синицкая материалдар жазды.
Қанипа Омарғалиқызының қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін жетілдіру бағытындағы ізденістері мен іс-тәжірибелері зор. «Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары», «Әуезов шығармашылығын оқыту», «Сабақ түрлері мен үлгілері», «Мектепте Абай шығармашылығын оқыту», «Әдебиеттану», «Абайды таныту», «М.Әуезов – мектепте», «Әдебиетті тереңдетіп оқыту», «Әдебиет оқулығы», «7-сынып әдебиетін оқыту әдістемесі», «5-9-сынып әдебиетін тереңдетіп оқыту», «10-11-сынып әдебиетін тереңдетіп оқыту» сияқты бірнеше кітабы және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Әдебиетті оқыту әдістемесі» атты оқулығы республикалық ЖОО оқытушылары мен мектеп ұстаздары үшін таптырмайтын көмекші құралға айналды.
1991 жылы 19 мамырда Қ.Бітібаеваның ғылыми әдістемелік атаулы мектебі ашылып, оның жетекшілігімен ұстаздар «Әдебиетті тереңдетіп оқыту әдістемесін» жетілдіруге атсалысты. Сол жылы «Қазақ әдебиетін әлем әдебиетімен байланыстыра оқыту» бағдарламасын әзірледі. Жоғары оқу орындарындағы педагог мамандарды оқытуға арналған «Әдебиетті оқыту әдістемесі, технологиясы» атты екі оқулығы да жоғары және орта білім беру жүйесіндегі сабақтастықты дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Осы үшін республикамыздың бүкіл педагогы Қанипа мұғалімді «аға ұстаз», «ұстаздардың ұстазы» деп құрмет тұтты.
Орны бөлек озық ұстаз көзі тірісінде-ақ еңбегі еленіп, құрметке бөленді. «Хан апа», «Қазақтың Қанипасы» атанды. Ұлағатты ұстаздың атында 19 атаулы республикалық ғылыми-әдістемелік зертхана жұмыс істеп тұр. Жыл сайын ұстаздың атында республикалық педагогикалық оқулар мен оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадалар өтеді. Мазмұнды шаралар легі мұнымен іркіліп қалмайды деген үміт мол.
Өмірінің соңында жазған «Егіз өрім» атты кітабында Қанипа Омарғалиқызы 45 жылдық ұстаздық ғұмырын былай сипаттайды: «Таңымды «мектеп» деп атырып, түнімді «мектеп» деп батырып жүргенімде 45 жылдың қалай өткенін білмей де қалдым. 45 минуттан 45 минутқа жалғасып жатқан ғұмыр кешіппін... 45 минут мені дәулет, байлық биігіне көтермесе де, рухани байлық сыйлады, есімімді елге аңыз етіп таратты. Осы 45 жылда мен халқымның қазір өмірде жоқ асыл сөз иелерін тірілтуге, тірісін ұлықтауға тер төктім».
Майталман мұғаліміміз ұлт мақтаныштарын ұлықтау жолында ащы терін аямай төгіп, көз майын тауысқаны рас. Ол ежелгі дәуір әдебиетінен бастап, қазіргі кезең әдебиетінің ірі өкілдері – И.Сапарбай, Иран Ғайып, Н.Оразалин, Т.Әбдікәкімов, Ұ.Есдәулетов, Е.Раушанов сынды ақындардың шығармашылығын оқытудың оқу-әдістемелік бағдарламасын әзірледі. Ұлағатты ұстаздың есімін ұлықтау, өшкенін жандыру, мұрасын насихаттау жолында енді біз, тірілер, тер төгуіміз шарт.
Қанипа ұстаз: «Мені ұстаз етіп қалыптастырған – шәкірттерім» депті бір сөзінде. Қазір ұстаздың авторлық сыныптарын бітірген шәкірттерінің 30-ы – ғылым кандидаты, 6-ауы – филология және педагогика ғылымдарының докторы, 70-ке жуығы – облыстық пән олимпиадаларының бас жүлдегері, 25-і – республикалық олимпиадалардың жүлдегері, апайдың ақын шәкірттері республикалық, халықаралық мүшәйралардың жеңімпаздары, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаттары. Кемел ұлттың негізін осындай дарынды, білімді, мәдениетті ұрпақ қалыптастырады десек, Қазақтың Қанипасының еліміздің дамуына қосқан үлесі өлшеусіз.