Просмотр содержимого документа
«Жоғары сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту»
Жоғары сынып оқушыларының коммуникативтік құзіреттіліктерін анықтауға арналған ауызша тестілеу
Түйін сөз: коммуникативтік құзіреттілік, оқушының негізгі құзыреттілігі, ауызша тестілеу
Аңдатпа: Бұл мақалада шетел тілі пәнін оқытуда оқушының коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту туралы айтылды.
Қазіргі таңда білім беру саласында тұлғаның дамуына коммуникативтік құзыреттілікке баса назар аударылып отыр. Бастауыш буында оқушылардың өздерін қоршаған ортада басқа адамдармен, топпен қарым-қатынас орнатуға, жалпы нәтижеге қол жеткізуде өзіндік пікірін білдіруге мүмкіндік беретін коммуникативтік құзыреттілік негізінен ана тілі пәнін оқыту үрдісінде қалыптасады. «Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» — қол жеткізу, сәйкес келу сөзінен шыққан) – оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Ғалым Ф.Ш.Оразбаева «коммуникация» термині туралы былай тұжырымдайды: «коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдік әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді[1,56].
Коммуникативті оқытуда білім беру – оқушының өзін ауызша (тыңдап түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға (оқу және жазбаша) тарту, яғни, оқылып жатқан тілде бүкіл курс бойынша қарым-қатынасын қалыптастыру
деген сөз. Бұл бағыт ағылшын тілін оқытуда қазіргі шыққан әдістемелік кешендерде, оқулықтарда, қосымша кұралдарда кеңінен қолданылып жүр. Осы коммуникативтік әдіс шетел тілін оқытудағы оқу-тәрбие үрдісінің барлық мақсат-міңдеттерін қамтиды. Шындығында, тілді әлеуметтік құбылыс деп қарау оқытудың коммуникативтік бағытын алға шығарады. Тіл арқылы сөйлесіп үйрену, яғни, дыбыстық ауыз екі сөйлесу мен графикалық код, яғни, сөйлесудің жазбаша формасын жүзеге асырады. Осы коммуникативтік оқытуда мынадай ережелерді ұстанған дұрыс деп есептейміз. Оны мына төмендегі кестеден көруге болады.
Міне, осы коммуникативтік бағытты іске асыру үшін сабақтарда сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегияларын қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау, өз алдына мәселе қойып, әркез соған өз бетімен шешім іздеу, баламалар ұсыну, өз көзқарасын қорғай білу болып табылады.
Сын тұрғысынан ойлау – ол алдымен оқытудың оқушыға бағытталған орталықталынған түрі, ол оқушының дамуына, соның ішінде сыны көзқарасы бар жеке тұлғаның дамуына, зерттеуші-оқушының дамуына, оның өзіндік “менің” жүзеге асыруға, оқушының шығармашылық мүмкіндігін ашуға, яғни, бір сөзбен айтқанда, коммуникативті қатынасқа үйрететін бағдарлама.
Өз сабағымда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдаланғанда, мен оқушылардың білімді өз бетімен тауып, зерттеп, бірлесе отырып жаңа идеялар мен тұжырымдарды әр түрлі жолдармен ұсынатындарын, жаңа білімді белсенді түрде талдап, жинақтап, оларды күнделікті өмірдегі жағдаяттармен байланыстыратындарын, бір-біріне деген сенімділіктері мен түсінушіліктерінің дамитынын байқадым.
Ал топтық жұмыстар арқылы оқушылар бойында жауапкершілік, сыйластық достық қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндіктің мол екенін білеміз. Өйткені, әр сабақтың соңында практикалық нәтижесі, яғни, қай оқушының материалды қалай меңгергені көрінеді.
Енді сабақтарда жиі қолданатын стратегияларға тоқталып өтейін. Мысалы, “ассоциация”. Бұл оқушыларды еркін және ашық ойлауға жаттықтырады. Жұмыстың бұл түрін мен, көбінесе, өткенді еске түсіруге, жаңа сабаққа кіріспе кезіңде пайдаланамын. Бұл әдіс маған өте маңызды, себебі, ол оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша лексикалық сөздік қорын, грамматикалық түсінігін, коммуникативті қызметін дамытады.
Оқушылардың біліміне, тәжірибесіне сүйене отырып, оқушылар үнемі лексикалық бірліктер мен модалдық бірліктер іздестіреді, сөздердің мағыналарын ашады. Барлық оқушылар ойлау үрдісімен белсенді айналысады. Оқушылар еркін және қызығушылықпен жұмыс істейді.
Сонымен қатар жаңа лексиканы енгізу барысында, мәтінмен жұмыс алдында, сөздік жұмысы барысында көпшілік жағдайда “Лонгман” баспасының электронды сөздігін пайдалана отырып, жаңа лексиканың дефинициясын яғни, мағынасын түсіндіру арқылы жүргізуге болады. Мысалы, “Отбасы” тақырыбы бойынша былайша құрылады:
to look like – to seem, to be especially by having a particular appearance
to take after- to behave like an old relative
Сөздік жұмысынан кейін мәтінмен жұмыс барысында Венн диаграммасын пайдалана отырып, мәтіндегі кейіпкерлердің немесе сюжеттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын оқушылармен бірлесе отырып анықтаймыз. Әр топ Венн диаграммасын құрастырғаннан кейін галереяны шарлау стратегиясын өткіземін. Бұл кезде оқушылар өз сыныптастарының құрастырған диаграммаларымен танысып, өз ойларын бөлек қағазға жазып жапсырады.
Phrase
Commentary
1. Finally, one succeeds in
understanding his profession.
1.1 think so when you understand your
profession and you do what you have
tried, you will succeed step by step.
2.1 learn more from critics who
honestly criticize my pictures than
2.1 think it is natural that we’ll see our
from those who are devout. And they
mistakes when somebody criticize you
influence me. They help me change
thee we’ll correct our mistakes.
things.
Шетел тілінде дұрыс сөйлеу мәдениеті тек қана лексикамен, мәтінмен жұмыс арқылы жүзеге аспайды, сонымен қатар оқушыларды сергіту, қызығын арттыру мақсатында әнмен жұмыс түрлерін пайдаланамын. Әндер арқылы оқушылардың білімін өмірмен байланыстырып, үйреніп жатқан тілде сөйлейтін елдердің өнерімен, мәдениетімен танысады және өнер жұлдыздары туралы өз білімдерін молайтады. Әнмен жүргізілетін жұмыс түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: әндік диктант, ән мазмұны бойынша әңгіме жазу, әнді оқи отырып таныс грамматикалық жүйелерге талдау жасау, т.б. Әнмен жұмыс үш кезеңнен тұрады.
1.Тыңдау алдындағы тапсырма.
2. Тыңдау кезіндегі тапсырма.
3. Тыңдағаннан кейінгі тапсырма.
Мысалы, «Битлз» тобының танымал «Yesterday» әні бойынша мынадай жұмыс түрлері жүргізілді. Алғашқы жұмыс түрі бойынша бірінші «Битлз» тобының мүшелерін атау, екінші берілген топтамадағы сөздерден сөйлемдер құрап, олардан өлең шумақтарын құрастыру. Келесі жұмыстың түрі бойынша әнді тыңдап отырып, ән шумақтарының кезегін белгілеу. Үшінші кезеңде сұрақтарға жауап беріледі, ауыспалы өткен шаққа байланысты тапсырмаларды орындалды және ән мазмұнына сай сөздермен диктантты толықтырып жазады.
Осылайша өткен материалдар арқылы оқушылардың тілдік қарым-қатынасын қалыптастыру үшін олардың тыңдауға, сөйлеуге, оқуға, жазуға деген ықыласын қамтамасыз ету керек. Тек осы жағдайда шетел тілін коммуникативті оқыту өз деңгейінде жүзеге аспақ.
Қорыта келгенде, шетел тілін үйретуде коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру - заман талабы. Сондықтан оқушыларымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты,шетел тілінде өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым-қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы қажет.
Ал жоғарыда аталып кеткен коммуникативті үлгідегі сабақтар оқушылардың оқу-танымдык ынтасын, белсендендіру міндеттерін шығармашылықпен шешуге, өз көзқарастарын қалыптастыруға, ойлауға, тұжырым жасай алуға, білімдерін жүйелі түрде толықтыруға,тереңдетуге, ағылшын тілінде қатесіз еркін сөйлеу дағдыларын дамытуға жағдай туғызады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Оразбаева, Ф. Ш. Тілдік қатынас: теория және әдісемесі Алматы : РБК, 2000.
«Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері» №3 – 4, 2006 ж.
Пассов Е.И. «Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению» М, 1991
12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасы
К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі» (ғылыми – практикалық конференция материалдары) Алматы – 2008