kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жас ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеуде Абай даналығының маңызы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жас ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеуде Абай даналығының маңызы

Билялова Айтқаш Тулегеновна

қазақ тілі және әдебиет мұғалімі

                                                                                                      «Қостанай қаласы әкімдігінің 

                                                                                          білім бөлімінің №6 орта мектебі» ММ

Ұлы Абай бар асыл ойын өз халқына, келер ұрпағына арнады. Ол педагогикалық психологияның қалыптасуына зор үлес қосып, бұл салада аса құнды пікірлер айтты. Сөйтіп ұлы ойшыл өз халқаның педагогикалық ой-парасаты ақыл тезі, жүрек қылынан өткізі келе, өзіне дейінгі әлем ойшылдарының еңбектерімен таныса отырып, келешек ұрпаққа ғибрат боларлық ой өрбітеді. Көреген ақынның педагогикалық-психологиялық пікірлеріне ой жүгіртіп, астарына терең үңілсек, оның бүгінгі заман талап- тілектерімен жан-жақты астасып жатқанын байқаймын. Абай ең алдымен жастардың алдында тұрған басты міндет-ғылым, білім үйрену жолы екенін атап көрсетті. Адам бойындағы қазынаны үлкен, әрбір жігерлі жастың талпынатын ғылым болуы керектігін ашып айтты. ”Дүниенің кілті өнер мен ғылымда тұр. Соны мақсат қылып ғылым табу керек өзіңе табылмаса балаң тапсын. Ғылымсыз оқыған намаз тұтқан ораза қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды дейді оныншы қара сөзінде”. “Үш ақ нірсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек” дей келе ақын. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз ғылым сол үшеуінің тілін білмек, - деп ғылымды аса жоғары бағалайды. Білім ғылым үйренбекке талап қылушыларға: Адам көңілі мейірленсе білім ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі. Ғылымды үйренгенде ақиқатты мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Басқасына бола үйренбе.” – деп ескерту жасайды. (32 қара сөз). Абай адам бойындағы мінез-құлық, ақыл-парасат, білім-ғылымды бір-бірімен тығыз байланыстырады. “Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, німез, деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де ақымақтық”,-деген қорытынды жасайды. (18 қара сөз). Бұл Абайдың айтып отырған педагогикалық ой толғамдары, келер ұрпаққа беріп отырған кеңесі болатын. Абай жастардың адам болу үшін жаман қылықтардан аулақ болуын қалайды.“Егіннің ебін, сауданың тегін үйреніп мал ізде” - деп ақыл береді.Ұлы Абай өзінің өмірден көрген білгенін, түйгенін екшей келіп”Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрседен асық бол.

Абай бес асыл іс пен бес дұшпанның ара жігін ажыратып, келешек ұрпағына тағылымы мол өсиет қалдырды. Абайдың ойынша тәрбиеге көнбейтін, тәртіпке бағынбайтын, түзелмейтін адам болмайды. “Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам адам мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім”,-дейді.(37 қара сөз). Абай Құнанбаевтың жастарға үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан, ғылым-білім, қанағат-инабат, әділет-шапағат, шынайы достық қай дәуірде болсын көнермейтін, адамды қиыншылық атаулыдан аман-есен алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз. Ұлы ақылгөйдің терең толғаныстарынан туған ғибратты ақыл-кеңестері ұрпақ тәрбиесінде өз құнын мәңгі жоймайды.                  

 Азапқа қалма езбеден,- деп, жастарға насихат айтады. Оларға күншілдіктен аулақ жүріп, бос мақтанға салынбау керектігін ұқтырады, пайданы ойлап ардан безу адамдықты аздыратын қылық екенін. Толық адам болғысы келген әрбір жастың алдына мақсат қойып, соған жету үшін талпынуы, ізденуі, ерінбей еңбек ету керектігін ескертеді. « Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе,күніне бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, не болмаса айына бір өзіңнен өзің есеп ал»-дейді. Ұлы ғұлама надандықты, еріншектікті, зұлымдықты «күллі адам баласын қор қылатынкеселдер» деп есептейді. (38-ші қара сөзінде )

3-ші қара сөзінде еріншек, жалқауға мынадай сипаттама береді: «Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады.Әрбір қайратсыз қорқақ мақтаншақ келеді.Әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз,надан келеді. Әрбір арсыз жалқаудан тойымсыз, тыйымсыз,өнерсіз, ешкімге

 

1

 достығы жоқ жандар шығады. «Залымдық- адам баласының дұшпаны»- дейді Абай. Алдау,

арбау, қулық, екіжүзділік, жалақорлық, күншілдік мінездерді залымдық деп қатаң сынайды.Данышпан ақын жастардың осындай адам баласын қор қылатын, адамдықтың дұшпаны болып табылатын кеселдерден аулақ болуын көксейді.Әрбір саналы жастың пайдалы іспен айналысып, өнер үйренуін талап етеді. 33-ші қара сөзінде «Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек.Мал жұтайды,өнер жұтамайды.

Аздырар адам баласын,-дей отырып еңбекті сүймеушілік,жұмыссыздық адамды теріс жолдарға түсіріп бұзатындығын дәлелдейді. Қазіргі уақытта да жұмыссыз сандалып, жеңіл жүрісті кәсіп еткен жастардың бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Абай адал еңбекті адамның барлық рахатының көзі санайды. « Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық»- дей келе еңбекті сүйген адамның жан қасиеті ізгі болатындығын дәлелдейді. Абай шығармасының сая бағында өсу, тәрбие алу – қазақ халқының бүгінгі ұрпақтарының алдағы тұрған міндеттерінің бірі. Абайға әр оралған сайын «көкірек көзің ашылады», азаматтық ірілік пен адамдық ұғымдардың жаңа қырларына, сырларына жолыққандай боласың. Қазақ халқының алдында енді қазақтың Абайын әлемге таныту, оны Адамзаттың Абайын айналдыру тұр.

Абай – құбылыс, ғасырларда біртуар ғұлама. Туысы бөлек, бесігі өлең, өсуі еркін. Оқуды өмірден алған. Оқуға зерек, ұғымға ұшқыр, талан, мектебі орта болған. Сондықтан да оның түрлі айтыстар мен даулардағы, мәжілістер мен кеңестегі айтқан пікірлері – дара өнеге, нақыл. Ойла-нып жазғандары өлең өнер болған. Абай дүниеге өз көзімен қарап, көргені мен сезгенін жалтақтамай айтқан. Құдай берген даналық оны даралық жолына, даныш-пандық шыңына бастады. Өмір мен қоғамды барлап, болашақты болжап жазған әр шығармасы – осы шыңға шығар жолындағы баспалдақ.

Абай қазақ халқының мінез-құлқындағы келеңсіз, нашар қылықтардың қайдан және қалай туындайтынын саралап, ақиқат пен жалған философиялық категориялар арқылы талдап беріп оты-рады. «Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағанын, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынын, рас сөзі аз болатұғының, қызметке таласқыш болатұғының, өзде-рінің жалқау болатұғының себебі не?» — деген сұрақ қойып алып, ары қарай талдау жасап, ол талдауларды бір топ филосо-фиялық категориялар арқылы таразылайды. Мәселен, Абай бұл тұрғыда тек қана өз халқының туындыларына ғана зер салмай «һәмма ғылымға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған» — деп өзінің ой-өрісінің кеңдігін, дүние жүзіне белгілі данышпан адамдар, ғалымдар, ойшыл-философтардың еңбектерімен таныс екенін білдіре келе: «Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз-қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ – қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз – надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамасақ, өзі тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады» — дейді.                                                                                 

Абай мұрасының тәрбиелік мәні, тағылымдық бағыт бағдары турасында сөз қозғағанда, алдымен ойға оралатын Абайдың өз басының адамгершілігі. Ақыл мен қайратты, білім мен адамгершілікті тең ұстаған ақын шығармаларына деген ілтипатымыз, құштарлығымыз бүгінгі күн санап артқандай болса, ал мынау нарықтық экономика қыспағында қысылып жүрген жағдайда ақын шығармаларына, оның терең мағыналы, күні бүгінге дейін мәнін жоймаған ой-тұжырымдамаларына деген қажеттілік одан да артық. Оның кіршіксіз, таза, ақ жүрегінен тебірене туындаған жырларынан адам жанына әл қуат беретін, жанға жайлы, ыстық леп ескендей. Ақын білімді деген ұғымға өзінше ерекше мән береді. Абайдың түсінігіндегі білімді адам – адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды (әкелі-балалы, алыс-жақын, туыс-тума, үлкен-кіші, ерлі-байлы, жолдастық, достық) дұрыс түсіне білетін адам. Абайдың адамгершілік туралы, Адам деген атқа лайық сілтеген бағыттары, көрсеткен жолдары ақынды бізге жақындата түседі. Абай өткеннің ғана Абайы емес, біздің қасымызда жүрген, қазақ халқының басына қиыншылық түс-кенде дем беруші, рух беруші пайхам-барымыз, рухани көсеміміз.

 

2

Абай 19 ғасырдың ортасында дүниеге келіп, 20 ғасырдың басында бұл дүниеден кетіп қалған жоқ. Абай заттың адамы емес, рухтың адамы. Абайдың адамгершілік туралы этикалық ойлары, пікірлері өз халқының ұрпақтарына әрқашан қуат бере бермек.                                                     

 Поэзияда, музыкада, қоғамдық-азат-тық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шы-ғармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді.

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жас ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеуде Абай даналығының маңызы"»

Жас ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеуде Абай даналығының маңызы

Билялова Айтқаш Тулегеновна

қазақ тілі және әдебиет мұғалімі

«Қостанай қаласы әкімдігінің

білім бөлімінің №6 орта мектебі» ММ


Ұлы Абай бар асыл ойын өз халқына, келер ұрпағына арнады. Ол педагогикалық психологияның қалыптасуына зор үлес қосып, бұл салада аса құнды пікірлер айтты. Сөйтіп ұлы ойшыл өз халқаның педагогикалық ой-парасаты ақыл тезі, жүрек қылынан өткізі келе, өзіне дейінгі әлем ойшылдарының еңбектерімен таныса отырып, келешек ұрпаққа ғибрат боларлық ой өрбітеді. Көреген ақынның педагогикалық-психологиялық пікірлеріне ой жүгіртіп, астарына терең үңілсек, оның бүгінгі заман талап- тілектерімен жан-жақты астасып жатқанын байқаймын. Абай ең алдымен жастардың алдында тұрған басты міндет-ғылым, білім үйрену жолы екенін атап көрсетті. Адам бойындағы қазынаны үлкен, әрбір жігерлі жастың талпынатын ғылым болуы керектігін ашып айтты. ”Дүниенің кілті өнер мен ғылымда тұр. Соны мақсат қылып ғылым табу керек өзіңе табылмаса балаң тапсын. Ғылымсыз оқыған намаз тұтқан ораза қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды дейді оныншы қара сөзінде”. “Үш ақ нірсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек” дей келе ақын. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз ғылым сол үшеуінің тілін білмек, - деп ғылымды аса жоғары бағалайды. Білім ғылым үйренбекке талап қылушыларға: Адам көңілі мейірленсе білім ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі. Ғылымды үйренгенде ақиқатты мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Басқасына бола үйренбе...” – деп ескерту жасайды. (32 қара сөз). Абай адам бойындағы мінез-құлық, ақыл-парасат, білім-ғылымды бір-бірімен тығыз байланыстырады. “Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, німез, деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де ақымақтық”,-деген қорытынды жасайды. (18 қара сөз). Бұл Абайдың айтып отырған педагогикалық ой толғамдары, келер ұрпаққа беріп отырған кеңесі болатын. Абай жастардың адам болу үшін жаман қылықтардан аулақ болуын қалайды.“Егіннің ебін, сауданың тегін үйреніп мал ізде” - деп ақыл береді.Ұлы Абай өзінің өмірден көрген білгенін, түйгенін екшей келіп”Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрседен асық бол.

Абай бес асыл іс пен бес дұшпанның ара жігін ажыратып, келешек ұрпағына тағылымы мол өсиет қалдырды. Абайдың ойынша тәрбиеге көнбейтін, тәртіпке бағынбайтын, түзелмейтін адам болмайды. “Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам адам мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім”,-дейді.(37 қара сөз). Абай Құнанбаевтың жастарға үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан, ғылым-білім, қанағат-инабат, әділет-шапағат, шынайы достық қай дәуірде болсын көнермейтін, адамды қиыншылық атаулыдан аман-есен алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз. Ұлы ақылгөйдің терең толғаныстарынан туған ғибратты ақыл-кеңестері ұрпақ тәрбиесінде өз құнын мәңгі жоймайды.

Азапқа қалма езбеден,- деп, жастарға насихат айтады. Оларға күншілдіктен аулақ жүріп, бос мақтанға салынбау керектігін ұқтырады, пайданы ойлап ардан безу адамдықты аздыратын қылық екенін. Толық адам болғысы келген әрбір жастың алдына мақсат қойып, соған жету үшін талпынуы, ізденуі, ерінбей еңбек ету керектігін ескертеді. « Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе,күніне бір мәртебе , болмаса жұмасына бір, не болмаса айына бір өзіңнен өзің есеп ал»-дейді. Ұлы ғұлама надандықты, еріншектікті, зұлымдықты «күллі адам баласын қор қылатынкеселдер» деп есептейді. (38-ші қара сөзінде )

3-ші қара сөзінде еріншек, жалқауға мынадай сипаттама береді: «Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады.Әрбір қайратсыз қорқақ мақтаншақ келеді.Әрбір мақтаншақ қорқақ , ақылсыз,надан келеді. Әрбір арсыз жалқаудан тойымсыз, тыйымсыз,өнерсіз, ешкімге


1

достығы жоқ жандар шығады. «Залымдық- адам баласының дұшпаны»- дейді Абай. Алдау,

арбау, қулық, екіжүзділік, жалақорлық, күншілдік мінездерді залымдық деп қатаң сынайды.Данышпан ақын жастардың осындай адам баласын қор қылатын, адамдықтың дұшпаны болып табылатын кеселдерден аулақ болуын көксейді.Әрбір саналы жастың пайдалы іспен айналысып, өнер үйренуін талап етеді. 33-ші қара сөзінде «Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек.Мал жұтайды,өнер жұтамайды.

Аздырар адам баласын,-дей отырып еңбекті сүймеушілік,жұмыссыздық адамды теріс жолдарға түсіріп бұзатындығын дәлелдейді. Қазіргі уақытта да жұмыссыз сандалып, жеңіл жүрісті кәсіп еткен жастардың бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Абай адал еңбекті адамның барлық рахатының көзі санайды. « Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық»- дей келе еңбекті сүйген адамның жан қасиеті ізгі болатындығын дәлелдейді. Абай шығармасының сая бағында өсу, тәрбие алу – қазақ халқының бүгінгі ұрпақтарының алдағы тұрған міндеттерінің бірі. Абайға әр оралған сайын «көкірек көзің ашылады», азаматтық ірілік пен адамдық ұғымдардың жаңа қырларына, сырларына жолыққандай боласың. Қазақ халқының алдында енді қазақтың Абайын әлемге таныту, оны Адамзаттың Абайын айналдыру тұр.

Абай – құбылыс, ғасырларда біртуар ғұлама. Туысы бөлек, бесігі өлең, өсуі еркін. Оқуды өмірден алған. Оқуға зерек, ұғымға ұшқыр, талан, мектебі орта болған. Сондықтан да оның түрлі айтыстар мен даулардағы, мәжілістер мен кеңестегі айтқан пікірлері – дара өнеге, нақыл. Ойла-нып жазғандары өлең өнер болған. Абай дүниеге өз көзімен қарап, көргені мен сезгенін жалтақтамай айтқан. Құдай берген даналық оны даралық жолына, даныш-пандық шыңына бастады. Өмір мен қоғамды барлап, болашақты болжап жазған әр шығармасы – осы шыңға шығар жолындағы баспалдақ.

Абай қазақ халқының мінез-құлқындағы келеңсіз, нашар қылықтардың қайдан және қалай туындайтынын саралап, ақиқат пен жалған философиялық категориялар арқылы талдап беріп оты-рады. «Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағанын, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынын, рас сөзі аз болатұғының, қызметке таласқыш болатұғының, өзде-рінің жалқау болатұғының себебі не?» — деген сұрақ қойып алып, ары қарай талдау жасап, ол талдауларды бір топ филосо-фиялық категориялар арқылы таразылайды. Мәселен, Абай бұл тұрғыда тек қана өз халқының туындыларына ғана зер салмай «һәмма ғылымға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған» — деп өзінің ой-өрісінің кеңдігін, дүние жүзіне белгілі данышпан адамдар, ғалымдар, ойшыл-философтардың еңбектерімен таныс екенін білдіре келе: «Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз-қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ – қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз – надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамасақ, өзі тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады» — дейді.

Абай мұрасының тәрбиелік мәні, тағылымдық бағыт бағдары турасында сөз қозғағанда, алдымен ойға оралатын Абайдың өз басының адамгершілігі. Ақыл мен қайратты, білім мен адамгершілікті тең ұстаған ақын шығармаларына деген ілтипатымыз, құштарлығымыз бүгінгі күн санап артқандай болса, ал мынау нарықтық экономика қыспағында қысылып жүрген жағдайда ақын шығармаларына, оның терең мағыналы, күні бүгінге дейін мәнін жоймаған ой-тұжырымдамаларына деген қажеттілік одан да артық. Оның кіршіксіз, таза, ақ жүрегінен тебірене туындаған жырларынан адам жанына әл қуат беретін, жанға жайлы, ыстық леп ескендей. Ақын білімді деген ұғымға өзінше ерекше мән береді. Абайдың түсінігіндегі білімді адам – адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды (әкелі-балалы, алыс-жақын, туыс-тума, үлкен-кіші, ерлі-байлы, жолдастық, достық) дұрыс түсіне білетін адам. Абайдың адамгершілік туралы, Адам деген атқа лайық сілтеген бағыттары, көрсеткен жолдары ақынды бізге жақындата түседі. Абай өткеннің ғана Абайы емес, біздің қасымызда жүрген, қазақ халқының басына қиыншылық түс-кенде дем беруші, рух беруші пайхам-барымыз, рухани көсеміміз.


2

Абай 19 ғасырдың ортасында дүниеге келіп, 20 ғасырдың басында бұл дүниеден кетіп қалған жоқ. Абай заттың адамы емес, рухтың адамы. Абайдың адамгершілік туралы этикалық ойлары, пікірлері өз халқының ұрпақтарына әрқашан қуат бере бермек.

Поэзияда, музыкада, қоғамдық-азат-тық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шы-ғармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді.















































3


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жас ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеуде Абай даналығының маңызы"

Автор: Билялова Айткаш Тулегеновна

Дата: 29.03.2021

Номер свидетельства: 577058

Похожие файлы

object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "«Рухани – адамгершілік тәрбие беру бағытындағы тәрбиешінің рөлі»"
    ["seo_title"] => string(70) "rukhani_adamghiershilik_t_rbiie_bieru_bag_ytyndag_y_t_rbiieshinin_roli"
    ["file_id"] => string(6) "463626"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1522083407"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Ма?ала "Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке т?рбиелеу""
    ["seo_title"] => string(63) "makalamiektiepkiedieiinghibalalardyadamghiershilikkietrbiielieu"
    ["file_id"] => string(6) "318357"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460561675"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "?азіргі білім берудегі ??зіреттілік т?р?ыны? отбасылы? сипаты "
    ["seo_title"] => string(71) "k-azirghi-bilim-bierudieghi-k-u-ziriettilik-tu-rg-ynyn-otbasylyk-sipaty"
    ["file_id"] => string(6) "181898"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425405712"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""Шешендік с?здерді? халы?ты? сипаты""
    ["seo_title"] => string(41) "shieshiendik-sozdierdin-khalyk-tyk-sipaty"
    ["file_id"] => string(6) "317679"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460434608"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Конспект на тему "Тәрбиеші болу-бір бақыт!" Эссе"
    ["seo_title"] => string(51) "konspiekt_na_tiemu_t_rbiieshi_bolu_bir_bak_yt_essie"
    ["file_id"] => string(6) "369399"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481657024"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства