kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Рухани – адамгершілік тәрбие беру бағытындағы тәрбиешінің рөлі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Рухани – адамгершілік тәрбие беру бағытындағы тәрбиешінің рөлі»

Теориялық бөлім:

  1.  «Сиқырлы кобдиша»  тренингі
  2. Рухани адамгершілік дегенді қалай түсінесіз? Ой тастау
  3. «Рухани – адамгершілік тәрбие беру бағытындағы тәрбиешінің рөлі» баяндамасы

Практикалық бөлім:

  1. Ертегі желісі бойынша көрініс (2 топқа бөліну)
  2. Мақал –мәтел (жалғасын табу)

І.  «Сиқырлы кобдиша» тренингі

Мақсаты: Педагогтар арасында қарым – қатынасты нығайту. Адамның жақсы қасиеттерін айту.Жақсы көңіл – күй сыйлау.

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.

Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды.

Сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке – жеке қошемет көрсетейік.

           «Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса кішіден сұра!»

Болашақ ұрпақ тәрбиесі өте жауапты іс. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген қазақ даналығы бекер айтылмаса керек. Бала тәрбиесі негізінде ана құрсағында жатқанда басталады.

Адамның табиғи жаратылысы тән мен жаннан тұрса: жан дегеніміз – рух, ал тән  - нәпсі. Жан тазалығы мен тән тазалығы адамгершілік,имандылықтың ең жоғарғы шыңы десе болады.

Бесік жыры арқылы әуезді әуенмен, ана сүтімен, ұлттық менталитетімізге лайықты рухани байлығымыз жаңа туған нәресте бойына мысқылдап сіңеді. Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, кішіпейілділік, құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жеткіншектердің ақыл – парасатына азық ете білу үшін әрбір тәрбиеші ұлттық педагогиканы, сан ғасырлап қалыптасқан әдет – ғұрып, салт – дәстүрлерді жан – жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адами құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны, тәні таза адам болуы шарт дер едім.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагог тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асырса, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог тәрбиешілер істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиеленушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.

Бүлдіршіннің жеке тұлғасын қалыптастыратын жаңа тәрбиелік міндеттерді тиімді ұйымдастыра білу, ең алдымен, тәрбиеші педагогтің кәсіби даярлығының сапалығына, біліктілігі мен оқу тәрбие жұмысы барысындағы дайындығына байланысты. Халықтың тілі мен дінін, дәстүрін, әдеп сақтау мен мінез – құлық, қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыру, имандылыққа, кішіпейілдікке жетелеу әрбір озық ойлы, тәрбиеші ұстаздың міндеті.

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» - деп Абай Құнанбаев көрегендікпен айтқан. Бала тәрбиесі бесіктен басталады. Ұлды да, қызды да өскен соң тәрбиеге үйретемін деу бекершілік. Әсіресе қыз бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, талап қоя білу – анасының басты парызы.
        Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс- әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.
       Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
        Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
       Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие — балалардың адамгершілік сана-сезімін, мінез- құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері. Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. 
Жасөспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзін-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.
        «Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін осы үш қасиетті бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Рухани – адамгершілік тәрбие беру бағытындағы тәрбиешінің рөлі»»

«Рухани – адамгершілік тәрбие беру бағытындағы тәрбиешінің рөлі»


Теориялық бөлім:

  1. «Сиқырлы кобдиша» тренингі

  2. Рухани адамгершілік дегенді қалай түсінесіз? Ой тастау

  3. «Рухани – адамгершілік тәрбие беру бағытындағы тәрбиешінің рөлі» баяндамасы

Практикалық бөлім:

  1. Ертегі желісі бойынша көрініс (2 топқа бөліну)

  2. Мақал –мәтел (жалғасын табу)

І. «Сиқырлы кобдиша» тренингі

Мақсаты: Педагогтар арасында қарым – қатынасты нығайту. Адамның жақсы қасиеттерін айту.Жақсы көңіл – күй сыйлау.

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.

Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды.

Сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке – жеке қошемет көрсетейік.

«Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса кішіден сұра!»

Болашақ ұрпақ тәрбиесі өте жауапты іс. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген қазақ даналығы бекер айтылмаса керек. Бала тәрбиесі негізінде ана құрсағында жатқанда басталады.

Адамның табиғи жаратылысы тән мен жаннан тұрса: жан дегеніміз – рух, ал тән - нәпсі. Жан тазалығы мен тән тазалығы адамгершілік,имандылықтың ең жоғарғы шыңы десе болады.

Бесік жыры арқылы әуезді әуенмен, ана сүтімен, ұлттық менталитетімізге лайықты рухани байлығымыз жаңа туған нәресте бойына мысқылдап сіңеді. Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, кішіпейілділік, құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жеткіншектердің ақыл – парасатына азық ете білу үшін әрбір тәрбиеші ұлттық педагогиканы , сан ғасырлап қалыптасқан әдет – ғұрып, салт – дәстүрлерді жан – жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адами құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны, тәні таза адам болуы шарт дер едім.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагог тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асырса, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог тәрбиешілер істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиеленушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.

Бүлдіршіннің жеке тұлғасын қалыптастыратын жаңа тәрбиелік міндеттерді тиімді ұйымдастыра білу, ең алдымен, тәрбиеші педагогтің кәсіби даярлығының сапалығына, біліктілігі мен оқу тәрбие жұмысы барысындағы дайындығына байланысты. Халықтың тілі мен дінін, дәстүрін, әдеп сақтау мен мінез – құлық, қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыру, имандылыққа, кішіпейілдікке жетелеу әрбір озық ойлы, тәрбиеші ұстаздың міндеті.

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» - деп Абай Құнанбаев көрегендікпен айтқан. Бала тәрбиесі бесіктен басталады. Ұлды да, қызды да өскен соң тәрбиеге үйретемін деу бекершілік. Әсіресе қыз бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, талап қоя білу – анасының басты парызы.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс- әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие — балалардың адамгершілік сана-сезімін, мінез- құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері. Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. 
Жасөспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзін-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.
«Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін осы үш қасиетті бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.










Тасқала аудандық білім бөлімі

«Бөбек» балабақшасы МКҚК













«Рухани – адамгершілік тәрбие беру бағытындағы тәрбиешінің рөлі»

Семинар











Тәрбиеші: Джумашова Ж.Р














2017-2018 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Рухани – адамгершілік тәрбие беру бағытындағы тәрбиешінің рөлі»

Автор: Джумашова Жулдыз Рахматиллоевна

Дата: 26.03.2018

Номер свидетельства: 463626

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) ""Рухани-адамгершілік тәрбие- елжандылықтың кепілі""
    ["seo_title"] => string(50) "rukhani_adamgershilik_t_rbie_elzhandylyktyn_kepili"
    ["file_id"] => string(6) "513843"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1559915692"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "«ОТБАСЫ – Т?РБИЕ БАСТАУЫ»"
    ["seo_title"] => string(24) "otbasy-t-rbiie-bastauy-4"
    ["file_id"] => string(6) "259689"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1448809677"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Баяндама «Отбасы-тәрбие бастауы»"
    ["seo_title"] => string(32) "baiandama_otbasy_t_rbiie_bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "354461"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1478071683"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Баяндама «Отбасы-тәрбие бастауы»"
    ["seo_title"] => string(34) "baiandama_otbasy_t_rbiie_bastauy_1"
    ["file_id"] => string(6) "354462"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1478071685"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "«Отбасы-тәрбие бастауы»"
    ["seo_title"] => string(22) "otbasy_t_rbiie_bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "354464"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1478071796"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства