kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Шешендік с?здерді? халы?ты? сипаты"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шешендік с?здерді? халы?ты? сипаты

Шахметова К.Т.

Баянауыл ауданы, ?.Кеме?геров атында?ы жалпы орта білім беру мектебі

?азіргі ?о?амда болып жат?ан ?згермелі жа?дайлар о?ушы т?рбиесін басты назарда ?стауды? е? негізгі м?селе екендігін к?рсетіп отыр.

       Б?гінгі к?ні о?ыту?а ?ойылып отыр?ан талаптарды? бірі – ?мір шынды?ын балалар?а халы? ауыз ?дебиеті шы?армашылы?ы ар?ылы к?рсету, оны? негізінде балаларды? ой –?рісін, ?иялын, эстетикалы? ж?не адамгершілік сезімдерін дамыта отырып оларды? халы? шы?армашылы?ына с?йіспеншілігін, е?бек с?йгіштігін арттыру.

      Т?рбиелік ж?йесінде жеке адамны? моралды? ?асиеттерін ?алыптастыруда ?о?амны? алатын орны ерекше. Халы? ?ашан да ?скеле? ?рпа?ты т?рбиелеуді? м?нін, оны? ?иынды?ы мен ?уанышын, одан шы?атын н?тижені біліп отыр?ан..  [3,19 б.]

Осы т?р?ыдан ?ара?анда, ауыз ?дебиетіні? тамаша ?лгілері – бесік жыры, т?рт т?лік жырлары, ?тірік ?ле?дер, ж?мба?, жа?ылтпаштар, ма?ал-м?телдер, ертегілер, а?ыз ??гімелер, шешендік с?здер, батырлы? жырларды? ?р?айсысы баланы? ой-?рісін, д?ниетанымын, ?иялын, тілін дамытады, т?лім-т?рбиесіне ?сер, ы?пал етеді. 

      ?аза? халы? ауыз ?дебиеті ?лгілеріні? барлы?ы дерлік бала?а ?мір танытарлы? ?ызмет ат?арары с?зсіз. Баланы т?рбиелеу ісіне ?ажетті барлы? м?мкіндіктер ауыз ?дебиеті ?лгілерінен табылады. Сол ар?ылы бала халы?ты? шы?армаларды о?ып-танысу барысында адамгершілік асыл ?асиеттерді? адамды арман-м?ратына жеткізетініне, жаман ?ылы?, жат ?рекеттерді? зияны тиіп, жаманшылы??а ?шырататынына к?з жеткізеді.

       ?аза?стан Республикасыны? Білім туралы За?ында «Білім беру ж?йесіні? басты міндеті – ?лтты? ж?не жалпыадамзатты? ??ндылы?тар, ?ылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды ?алыптастыру?а, дамыту?а ж?не к?сіби шы?дау?а ба?ыттал?ан білім алу ?шін ?ажетті жа?дайлар жасау»дей отырып, бастыміндеттеріні? бірі ретінде «жеке адамны? шы?армашылы?, рухани ж?не дене м?мкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты ?мір салтыны? берік негіздерін ?алыптастыру, жеке басыны? дамуы ?шін жа?дай жасау ар?ылы интеллектін байыту» деп к?рсетілген.

        Сан ?асырлар бойы ауыз ?дебиетіндегі ?рпа?тан-?рпа??а м?ра болып келген халы?ты? т?рбиені? ?неге-?лгілері осы уа?ыт?а дейін ?зіні? педагогикалы? м?мкіндіктеріні? м?ні зор екендігін д?лелдеп келеді. Соны? бірі – шешендік с?здерді? халы?ты? сипаты.

    Шешендік – ?аза? хал?ыны?келе жат?ан д?ст?рлі тіл ?нері. Шешендік с?з тере? ой?а, ?т?ыр шешімге, тап?ыр ?исын?а ??рылады. Шешендік ?нер мен билік ?олма-?ол туып айтылатын, суырыпсалма ж?рекжарды ?діл с?здерге негізделіп шы?армашылы? сипатымен дараланады.?детте, шешендік ?нер айтыс-тартыста дамиды. Сонды?тан, ерді? ??ны, елді? та?дыры тал?ыланатын парламент сарайлары мен сот залдары шешендік ?нерді? ежелгі мектебі бол?ан.  Енді елдікке, бірлікке ша?ыруда, халы? тарихын байыппен саралап, б?гінгі ?рпа? санасына жеткізуде шешендік с?здерді? ма?ызы ерекше. [4,57 б.]Хал?ымыз «С?з ?адірін білмесе?, ?з ?адірі?ді білмейсі?», «С?з с?йектен ?теді», «Шешенні? тілі ?ылыштан ?ткір, ?ылдан н?зік» деп, с?з ?нерін ерекше тани берген.

      Шешендік с?здер ерте замандардан-а? ?лкен м?нге ие бол?ан. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік ?нерді «риторика» деген атпен жеке п?н ретінде о?ы?ан. Д?ние ж?зіне ?йгілі ерте заман шешендері  Пратогор, Демоссфен, Цицерон сия?ты ?з заманыны? мемлекет ?айраткерлері, ел аузына ?ара?ан ойшылдары бол?ан. «Риторика» ?ылыми ?нерді? падишасы ретінде ерекше ба?алан?ан. ?аза?ты? шешендік с?з тарихы Май?ы бимен Аяз билерден басталып (ХІІ-ХІІІ ??). Жиренше шешен,Асан ?ай?ы (Х?-Х?ІІІ ??.), Шалкиіз, Б??ар жырау, Т?ле, ?азыбек, ?йтеке, Дулат, М?рат (Х?ІІІ ?.),  Дат?лы Сырым, Досбол, Шал?ар, Байдалы би, Тіленші би (Х?ІІІ-ХІХ??) есімдерімен ?атысты ?алыптасып, ?р т?рлі сатысында ?мір с?рген, ?р топтан шы??ан адамдар. Олар айт?ан с?здерін сан ??былтып, ?з табыны? к?з?арасынан із ?алдыр?ан. Б?л кісілер хан, с?лтандарды? ке?есшілері, ел мен елді татуластыру, бітістіру ма?сатында?ы ж?мыстарды ат?ар?ан. ?азірігі та?да?ы сот, прокурорлар міндетін ат?ар?ан. (2,80 б.) Халы? сотыны? алдында билерді? бірі талапкерді?, екіншісі айыпкерді? с?зін с?йлесе, ал ?шіншісі – т?ре би болып т?релік с?зін айт?ан. Осындай шешендерді халы? «би» деп ата?ан. Билер ел ішіндегі дау-жанжалды м?м?лемен шешіп реттеп, тал?ылап, билік-бітім с?здерді же?іске жету ?шін халы?ты? сан-санасын, ?деп- ??рпын жетік білумен бірге ой?а ?ш?ыр, тілге шешен болуды талап етті. [3]

       ?аза?ты? шешендік с?здерін ?зге ж?ртты? ата?ты адамдары, ?алымдары жо?ары ба?алады. Шешендік с?здерін жиап, зерттеген белгілі ?алым В.В.Радлов болатын. Ол «?аза?тар. м?дірмей, кідірмей, ерекше екпінмен с?йлейді. Ойын д?л, ай?ын ??ындырады. Ауыз екі с?йлеп отыр?анны? ?зінді с?йлеген с?здер ?й?аспен, ыр?а?пен келетіндігі соншалы?, бейне бір ?ле? екен деп та? ?аласы?», - деп к?рсете отырып, ?сіресе ?аза? тіліні? тазалы?ы мен таби?илы?ын д?рыс а??арып, ?аза?тарды? с?зге тап?ырлы?ы мен шешендігі ?зіне ерекше ?сер еткенін жаз?ан.[6]

     Сондай-а? ?аза?ты? шешендік, тап?ырлы?, на?ыл с?здерін жинап жарияла?андарды? бірі – Ы.Алтынсарин. Ол халы? даналы?ыны? жас ?спірімдерді тап?ырлы??а, ?ткірлікке, адамгершілікке баулитын т?рбие ??ралы екенін жете танып, ?з е?бектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді. Ол ?зіні? «Хрестоматиясына», «Ізбасты», «Бай?лы», «Жаныбек батыр», «Жиренше шешен» детін тап?ырлы?-шешендік с?здерді енгізіп, оларды о?у?а ?сынды. Осы сия?ты ?аза?ты? шешендік тап?ырлы? с?здеріні? ал?аш?ы ?а?аз?а т?скен н?с?аларын А.Васильевті?, ?.Диваевті?, М.Ж.К?пеевті? т.б. ?олжазбаларынан, баспас?здерді? беттерінен ?шырату?а болады.[7]

 Шешендік с?здерді ауыз ?дебиетіні? бір саласы ретінде ал?аш?ы зеттеушілерді? бірі –М.?уезов. «?аза? ?дебиеті тарихы» е?бегінде «Билер айтысы» деген арнаулы та?ырыппен шешендік с?здерді? кейбір т?рлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз ?дебиетінде алатын орны мен халы?ты? сипатына д?лелді ?ылыми т?жырымдама береді. Ауыз ?дебиеті м?раларын зерттеп, жинап, ерекше е?бек сі?ірген ?алым- лингвист А.Байт?рсынов шешендік ?нерді жеке алып ?арастырып, ??нды пікірлер білдірді. Шешен с?з, к?семс?з, дарынды с?з деп ?ш топ?а б?ліп, ?р?айсысын ?олданыс орнына ?арай саясат?а ?атысты, соттау с?йлеу, ?ошемет с?здер, ?алымдарды? ?ылыми та?ырыпта?ы с?зді, діни уа?ыз с?здер,іштей та?ы  беске б?ліп, ?р?айсысына ?ыс?аша т?сініктер, ты? аны?тамалар берген.

Ауыз ?дебиетін ??нттап жинап, зерттеу ісіне ?лкн ?лес ?ос?ан С.Сейфуллин «?аза?  ?дебиеті» кітабында «Билерді? с?здері» деген тарау енгізіп, шешендік с?здерді? дербес жанр деп ?арады. «Билер с?здерінен» к?птеген мысалдар келтіріп, ал?аш рет шешендік с?здер мен ма?ал-м?телдерді? ара ?атынасына назар аударды.

Ауыз ?дебиетінде на?ыл с?здер – ма?ал-м?телдерге жа?ын т?ратын афоризмдерк?п болады. Б?ларды на?ыл с?здер немесе шешендік с?здер дейді. Шешендікті? ?лгісі – халы? данасы Жиренше мен ?арашашты? ?ткір с?здері мен халы? ма?алдарында: «Тая? еттен ?теді, с?з с?йектен ?теді», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жо?», «Аталы с?зге арсыз ?ана то?талмайды», «?ылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді»,- деп с?зді айтушы?а да, о?ан ??ла? ?оюшы?а да биік талап ?ой?ан. Демек, шешенні? е? негізгі ??ралы – с?з. Ол ты?даушыны? ж?регіне жетіп, ерекше сезімге б?ленген.[9]

      С?з туралы Б?лтірік шешен: «С?зден т?тті н?рсе жо?. С?зден ащы н?рсе жо?. С?зі?ді тілі?е билетпе, а?ылы?а билет. А?ылы?ды, с?зі?ді а?ылсыз?а ?ор етпе, а?ылды?а айт, кімге, ?ай жерде, ?ай кезде, ?алай с?йлейтіні?ді біл»,- деп тол?айды. Б?лар – «Ерді? ??нын екі ауыз с?збен бітіретін, жаулас?ан елді? арасына бітім айтатын, к?лгенді жылатып, жыла?анды ж?бата алатын даналы? с?здер иесі». М?ндай с?з білетін, ж?н білетін адам?а ел ісіне араласу?а, халы? атынан с?йлеуге ???ы? берілген. Шешендік ?нер – к?рген-білгенді к?кейге то?ып, к?п ?йреніп ізденуді? ар?асында талай айтыс-тартыс?а т?сіп, жалы?пай жатты?у ар?ылы жететін ?нер. Шешендік ?нерді? ?иынды?ы туралы Б??ар жырау:

. К?ш бастау ?иын емес –

?онатын жерде су бар.

?ол бастау ?иын емес –

Шабатын жерде жау бар.

Шаршы топта с?з бастау ?иын –

Шешімін таппас дау бар, - деп д?рыс а??артады. На?ыз шешен ?шін с?зге шебер болу жектіліксіз. Табанда тауып с?йлейтін тап?ыр, топ алдында тайсалмай, м?дірмей с?з бастайтын батыл, с?з сайысында саспайтын сабырлы болуы ?ажет. [84]

?аза? шешендік с?здері бата-тіліктен бастап ?негелі ?сиет с?здерді, ?мірде кездесетін жер дауы, ер ??ны секілді дау-талап, келіс с?здерді ?амтиды. Шешендік с?здерді атадан бала ?айталап басынан кешіргеналуан т?рлі о?и?аларды? н?тижесінде ту?ан келелі ойды? ?орытындысы, то?сан ауыз с?зді? тобы?тай т?йіні мен т?йір д?ні деуге болады.

     ?аза? ауыз ?дебиетінде жерге, елге, мал?а айтылатын шешендік сынны? алуан т?рі бар. Ж?йрік ат,?ыран ??сты шаппай-?шпай танитын саяткер, ??сбегілер жайында, ?зін к?рмей, ізін к?ріп т?йені? т?гі-т?сін айтатын, ?озы?а ?арап ?оралы ?ойдан енесіне тауып салатын, жо?ал?ан биені? іште кеткен ??лынын ат бол?анда танып алатын саяткер, сыншылар туралы са?тал?ан а?ыздар бар.

     Шешендік мысалдарды? бірі жануар-ж?ндік тіршілігін суреттеп, соларды «с?йлету» ар?ылы ?ибрат береді. Тол?ау с?здерді? бірі – шешендік ж?мба?. ??с салып, ?умай ж?гіртіп к?сіп еткен, алты жастан ат мініп, асау ?йретіп да?дылан?ан халы?ты? тіршілігіне сай ?иялы ?ш?ыр,тілі орамды бол?ан. Ж?мба?ты, астарлы с?з жедел ойлау, шебер с?йлеу ?абілетімен ?атар сыншылды?, ба?ыла?ышты? ?асиеттерді ?ажет етеді.

?аза?ты? байыр?ы шешендік ?нерді? бір бай саласы – шешендік дау. Шешендік арнау – адамдар арасында?ы ?арым-?атынасты, шешендік тол?ау – халы?ты? философиялы? к?з?арасын к?рсетеді десек, шешендік дау – ?аза??ауымыны? затты? ж?не рухани даулы м?селелерді реттейтін ежелгі ?дет за?ын бейнелейді.

     Шешендік дауларды мазм?нына ?арай: жер дауы, жесір дауы, ??н дауы, мал дауы ж?не ар дауы деп беске б?лген.[11]

     Жазба ?дебиетіміз дамы?ан кейінгі д?уірде шешендік с?здер саптан шы??ан жо?. Заман?а сай жа?а мазм?н, жарасымды т?р тап?ан шешендік с?з н?с?алары к?бейді. Шешендік с?зді? шыны – айтыс. М?нда ауыз ?дебиетіне т?н барша ?асиеттер то?ыс?ан. Шешендік с?здер м?н-ма?ынасыны? тере?дігімен ?ана емес, сондай-а? та?ырыбыны? ке?дігімен де ерекшеленеді.Шешендік с?з – тауып айтыл?ан тап?ыр с?з, а?ыл?а ?оз?ау салып, ой т?сіретін даналы? с?з,?иял?а ?сер етіп, сезімі?ді ?оз?айтын к?рікті де ?серлі с?з, тере? ма?ыналы т?йінді с?з.[7.91б.]Шешендік с?з – хал?ымызды? тілдік ?азынасы

     Шешендік с?здер – ?асырдан-?асыр?а ?ласып, халы? игілігіне жарап келе жат?ан ?лтты? м?рамыз. ?ыс?а да н?с?а, бейнелі, ма?ынасы тере?, шымыр, ?исын?а ??рал?ан б?л с?здер ты?даушыны? к??ілінен шы?ып,оны с?зсіз иландыр?ан.

«Барлы? ?азына бабаларды? даналы? с?здерінде, ?р халы? ?здеріні? асыл м?раларын ба?аламай, ?лемдік м?дениетке жете алмайды»- деген екен ??лама жазушы М.?уезов.  С?з  ??діретіні? м?нін т?сініп, ?демі де ?депті с?йлеу-б?гінгі к?нні? талабы. «?нер алды-?ызыл тіл» деп ???ан ата бабамыз «От ауыз, орта? тілді» ділм?р шешендерді? ?сиет с?здерін табан астында та?па?тап айт?ан а?ыл-на?ыл?а толы тол?ау, термелерін?лденше ?асырлар бойы са?тап, кейінгі ?рпа?ына мирас еткен. [2.80 б.]

А.Байт?рсынов пікірімен айт?анда: «?діл билерді? ?олында билік ?аза?ты? неше т?рлі дертін жазатын жа?сы д?рі еді». Демек б?л ?астерлі м?ра – шешендікпен айтыл?ан билер с?зі ?мытылмайды, ?ай кезде болса да халы? жадында.

Пайдалан?ан ?дебиеттер

1. ?аза?стан мектебі  №3. 2009

2. ?аза?стан мектебі  № 4. 2005

3. Б.Адамбаев. ?аза?ты? шешендік с?здері.   Алматы, 2007

4. ?аза? ?дебиеті.  7-сынып.

5. ?аза? тілі мен ?дебиеті  № 2, 2016

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Шешендік с?здерді? халы?ты? сипаты"»

Шешендік сөздердің халықтық сипаты


Шахметова К.Т.

Баянауыл ауданы, Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебі


Қазіргі қоғамда болып жатқан өзгермелі жағдайлар оқушы тәрбиесін басты назарда ұстаудың ең негізгі мәселе екендігін көрсетіп отыр.

Бүгінгі күні оқытуға қойылып отырған талаптардың бірі – өмір шындығын балаларға халық ауыз әдебиеті шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде балалардың ой –өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілігін, еңбек сүйгіштігін арттыру.

Тәрбиелік жүйесінде жеке адамның моралдық қасиеттерін қалыптастыруда қоғамның алатын орны ерекше. Халық қашан да өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мәнін, оның қиындығы мен қуанышын, одан шығатын нәтижені біліп отырған. . [3,19 б.]

Осы тұрғыдан қарағанда, ауыз әдебиетінің тамаша үлгілері – бесік жыры, төрт түлік жырлары, өтірік өлеңдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер, батырлық жырлардың әрқайсысы баланың ой-өрісін, дүниетанымын, қиялын, тілін дамытады, тәлім-тәрбиесіне әсер, ықпал етеді.

Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығы дерлік балаға өмір танытарлық қызмет атқарары сөзсіз. Баланы тәрбиелеу ісіне қажетті барлық мүмкіндіктер ауыз әдебиеті үлгілерінен табылады. Сол арқылы бала халықтық шығармаларды оқып-танысу барысында адамгершілік асыл қасиеттердің адамды арман-мұратына жеткізетініне, жаман қылық, жат әрекеттердің зияны тиіп, жаманшылыққа ұшырататынына көз жеткізеді.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»дей отырып, бастыміндеттерінің бірі ретінде «жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту» деп көрсетілген.

Сан ғасырлар бойы ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келген халықтық тәрбиенің өнеге-үлгілері осы уақытқа дейін өзінің педагогикалық мүмкіндіктерінің мәні зор екендігін дәлелдеп келеді. Соның бірі – шешендік сөздердің халықтық сипаты.

Шешендік – қазақ халқыныңкеле жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.Әдетте, шешендік өнер айтыс-тартыста дамиды. Сондықтан, ердің құны, елдің тағдыры талқыланатын парламент сарайлары мен сот залдары шешендік өнердің ежелгі мектебі болған. Енді елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. [4,57 б.]Халқымыз «Сөз қадірін білмесең, өз қадіріңді білмейсің», «Сөз сүйектен өтеді», «Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік» деп, сөз өнерін ерекше тани берген.

Шешендік сөздер ерте замандардан-ақ үлкен мәнге ие болған. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді «риторика» деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. «Риторика» ғылыми өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы бимен Аяз билерден басталып (ХІІ-ХІІІ ғғ). Жиренше шешен,Асан қайғы (ХҮ-ХҮІІІ ғғ.), Шалкиіз, Бұқар жырау, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Дулат, Мұрат (ХҮІІІ ғ.), Датұлы Сырым, Досбол, Шалқар, Байдалы би, Тіленші би (ХҮІІІ-ХІХғғ) есімдерімен қатысты қалыптасып, әр түрлі сатысында өмір сүрген, әр топтан шыққан адамдар. Олар айтқан сөздерін сан құбылтып, өз табының көзқарасынан із қалдырған. Бұл кісілер хан, сұлтандардың кеңесшілері, ел мен елді татуластыру, бітістіру мақсатындағы жұмыстарды атқарған. Қазірігі таңдағы сот, прокурорлар міндетін атқарған. (2,80 б.) Халық сотының алдында билердің бірі талапкердің, екіншісі айыпкердің сөзін сөйлесе, ал үшіншісі – төре би болып төрелік сөзін айтқан. Осындай шешендерді халық «би» деп атаған. Билер ел ішіндегі дау-жанжалды мәмәлемен шешіп реттеп, талқылап, билік-бітім сөздерді жеңіске жету үшін халықтың сан-санасын, әдеп- ғұрпын жетік білумен бірге ойға ұшқыр, тілге шешен болуды талап етті. [3]

Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздерін жиап, зерттеген белгілі ғалым В.В.Радлов болатын. Ол «Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінді сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласың», - деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.[6]

Сондай-ақ қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ы.Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді. Ол өзінің «Хрестоматиясына», «Ізбасты», «Байұлы», «Жаныбек батыр», «Жиренше шешен» детін тапқырлық-шешендік сөздерді енгізіп, оларды оқуға ұсынды. Осы сияқты қазақтың шешендік тапқырлық сөздерінің алғашқы қағазға түскен нұсқаларын А.Васильевтің, Ә.Диваевтің, М.Ж.Көпеевтің т.б. қолжазбаларынан, баспасөздердің беттерінен ұшыратуға болады.[7]

Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде алғашқы зеттеушілердің бірі –М.Әуезов. «Қазақ әдебиеті тарихы» еңбегінде «Билер айтысы» деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым- лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді. Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай саясатқа қатысты, соттау сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзді, діни уағыз сөздер,іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген.

Ауыз әдебиетін құнттап жинап, зерттеу ісіне үлкн үлес қосқан С.Сейфуллин «Қазақ әдебиеті» кітабында «Билердің сөздері» деген тарау енгізіп, шешендік сөздердің дербес жанр деп қарады. «Билер сөздерінен» көптеген мысалдар келтіріп, алғаш рет шешендік сөздер мен мақал-мәтелдердің ара қатынасына назар аударды.

Ауыз әдебиетінде нақыл сөздер – мақал-мәтелдерге жақын тұратын афоризмдеркөп болады. Бұларды нақыл сөздер немесе шешендік сөздер дейді. Шешендіктің үлгісі – халық данасы Жиренше мен Қарашаштың өткір сөздері мен халық мақалдарында: «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Аталы сөзге арсыз ғана тоқталмайды», «Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді»,- деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тыңдаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөленген.[9]

Сөз туралы Бөлтірік шешен: «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл»,- деп толғайды. Бұлар – «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі». Мұндай сөз білетін, жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сөйлеуге құқық берілген. Шешендік өнер – көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жететін өнер. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау:

... Көш бастау қиын емес –

Қонатын жерде су бар.

Қол бастау қиын емес –

Шабатын жерде жау бар.

Шаршы топта сөз бастау қиын –

Шешімін таппас дау бар, - деп дұрыс аңғартады. Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жектіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет. [84]

Қазақ шешендік сөздері бата-тіліктен бастап өнегелі өсиет сөздерді, өмірде кездесетін жер дауы, ер құны секілді дау-талап, келіс сөздерді қамтиды. Шешендік сөздерді атадан бала қайталап басынан кешіргеналуан түрлі оқиғалардың нәтижесінде туған келелі ойдың қорытындысы, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мен түйір дәні деуге болады.

Қазақ ауыз әдебиетінде жерге, елге, малға айтылатын шешендік сынның алуан түрі бар. Жүйрік ат,қыран құсты шаппай-ұшпай танитын саяткер, құсбегілер жайында, өзін көрмей, ізін көріп түйенің түгі-түсін айтатын, қозыға қарап қоралы қойдан енесіне тауып салатын, жоғалған биенің іште кеткен құлынын ат болғанда танып алатын саяткер, сыншылар туралы сақталған аңыздар бар.

Шешендік мысалдардың бірі жануар-жәндік тіршілігін суреттеп, соларды «сөйлету» арқылы ғибрат береді. Толғау сөздердің бірі – шешендік жұмбақ. Құс салып, қумай жүгіртіп кәсіп еткен, алты жастан ат мініп, асау үйретіп дағдыланған халықтың тіршілігіне сай қиялы ұшқыр,тілі орамды болған. Жұмбақты, астарлы сөз жедел ойлау, шебер сөйлеу қабілетімен қатар сыншылдық, бақылағыштық қасиеттерді қажет етеді.

Қазақтың байырғы шешендік өнердің бір бай саласы – шешендік дау. Шешендік арнау – адамдар арасындағы қарым-қатынасты, шешендік толғау – халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді десек, шешендік дау – қазаққауымының заттық және рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі әдет заңын бейнелейді.

Шешендік дауларды мазмұнына қарай: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал дауы және ар дауы деп беске бөлген.[11]

Жазба әдебиетіміз дамыған кейінгі дәуірде шешендік сөздер саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа мазмұн, жарасымды түр тапқан шешендік сөз нұсқалары көбейді. Шешендік сөздің шыны – айтыс. Мұнда ауыз әдебиетіне тән барша қасиеттер тоғысқан. Шешендік сөздер мән-мағынасының тереңдігімен ғана емес, сондай-ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді.Шешендік сөз – тауып айтылған тапқыр сөз, ақылға қозғау салып, ой түсіретін даналық сөз,қиялға әсер етіп, сезіміңді қозғайтын көрікті де әсерлі сөз, терең мағыналы түйінді сөз.[7.91б.]Шешендік сөз – халқымыздың тілдік қазынасы

Шешендік сөздер – ғасырдан-ғасырға ұласып, халық игілігіне жарап келе жатқан ұлттық мұрамыз. Қысқа да нұсқа, бейнелі, мағынасы терең, шымыр, қисынға құралған бұл сөздер тыңдаушының көңілінен шығып,оны сөзсіз иландырған.

«Барлық қазына бабалардың даналық сөздерінде, әр халық өздерінің асыл мұраларын бағаламай, әлемдік мәдениетке жете алмайды»- деген екен ғұлама жазушы М.Әуезов. Сөз құдіретінің мәнін түсініп, әдемі де әдепті сөйлеу-бүгінгі күннің талабы. «Өнер алды-қызыл тіл» деп ұққан ата бабамыз «От ауыз, ортақ тілді» ділмәр шешендердің өсиет сөздерін табан астында тақпақтап айтқан ақыл-нақылға толы толғау, термелерінәлденше ғасырлар бойы сақтап, кейінгі ұрпағына мирас еткен. [2.80 б.]

А.Байтұрсынов пікірімен айтқанда: «Әділ билердің қолында билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді». Демек бұл қастерлі мұра – шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында.




Пайдаланған әдебиеттер

1. Қазақстан мектебі №3. 2009

2. Қазақстан мектебі № 4. 2005

3. Б.Адамбаев. Қазақтың шешендік сөздері. Алматы, 2007

4. Қазақ әдебиеті. 7-сынып.

5. Қазақ тілі мен әдебиеті № 2, 2016







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Шешендік с?здерді? халы?ты? сипаты"

Автор: Шахметова Кенжегуль Толепбергеновна

Дата: 12.04.2016

Номер свидетельства: 317679


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства