kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл ұстарту жұмыстарының тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тіл ұстарту жұмыстарынң тиімділігі, Баяндама, Аетова Гулжақан

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл ұстарту жұмыстарының тиімділігі»

5 орта мектеп











Тіл ұстарту

жұмыстарының тиімділігі

Баяндама







Аетова Гүлжахан







Тіл ұстарту жұмыстарының тиіміділігі

Тіл ұстарту сабақтарында диалогты қатынас қалыптастырудың маңызы зор. Диалог грек тілінде сөйлесу, әңгіме – пікір мен репликалардың ұдайы қарым- қатынасынан тұратын ауызша сөйлеудің қалпы болып табылады. Мұнда тілдік құрамға сөйлеушілердің сөйлеуді қабылдау жағдайы да әсер етеді. Диалогтың негізгі бірлігі – алдыңғысы кейінгісімен байланыста – өзара пікір алмасуды білдіретін бірнеше репликаның біртұтас мағыналық (тақырыптық) топтасуы болып табылады [1]. Қолданылу мақсаттары, қатынас жағдаяттары, сөйлеуші адамдардың рөліне қарай диалогтарды: тұрмыстық диалог, іскери әңгіме, сұқбат деген топтарға бөлуге болады [2]. Диалогты сөйлеу екі адам немесе бірнеше адамның қатысуы арқылы жүзеге асады. Сабақта қолданылатын диалогты сөйлеудің өзіне тән бірнеше қасиеттері бар: айтылатын ойдың қысқалығы тілдік емес амалдардың басым болуы, ым- ишарат, жест), дауыс екпіні мен құрамы толымсыз сөйлемдердің көптүрлі болып қолданылуы. Диалогты сөйлеудің құрамында синтаксистік құрылымы қатаң сақталған кітаби сөйлемдерден гөрі қарапайым сөйлемдер белсенді әрі жиі қолданылады. Практикалық сабақтарда бірнеше репликаның бүтіндік сақтауы (шағын диалогтар) диалогты сөйлеуге үйретуде негізгі бірлік болып табылады. Олар бір-бірімен сыртқы құрылымымен байланыста болуы мүмкін, әрі жеке шағын диалогтар біртұтас мағыналық байланыс құрауы тиіс. Диалогты сөйлеуге үйрету белгілі нақты жағдаяттарға құрылған диалогтық мәтіндерге сүйене отырып жүзеге асырылады. Нақты бір тақырыпқа қатысты диалогтардың негізінде студенттер өздеріне тән жеке диалогтарды жасайды, сол арқылы жаңа ақпараттармен алмасып қарым- қатынас жасай алады. Қазақ тілін шет тіл ретінде оқыту сабақтарында қолданылатын диалогты сөйлеудің негізгі кезеңдері ретінде төмендегі кезеңдерді атауға болады: 1) Белгілі бір жағдаятты сөзбен немесе техникалық құралдардың көмегіне сүйеніп түсіндіру; 2) Диалогтың тілдік материалын меңгеру; 3) Диалогқа қатыстырылған әр түрлі репликалардың байланысу формаларын меңгеру; 4) Диалогтың тууы; 5) Үлгі диалогты жағдаяттық компоненттердің көмегі арқылы кеңейту мүмкіндігі. Диалогты сөйлеуге үйретуде бір диалогтардың түрлі варианттарын құрастыртуды әртүрлі жұмыс формасы арқылы жүзеге асыруға болады. Олар: диалог-әңгіме, диалог-инсценировка, студенттердің өзара немесе оқытушылардың қатысуы арқылы диалог құруы, жұппен немесе топпен. Диалогты сөйлеуге үйретудің негізгі құралы оқу құралында берілген жаттығу жұмыстары болып табылады. Оларды орындау үдерісінде тіл үйренушілердің өздеріне керекті ақпаратты сұрап алу мүмкіндігі туады, өзі сөйлесіп отырған, сондай-ақ диалогты сөйлеуге қатысты қалыптарды қолдана алу қабілеті пайда болады, диалог құрастыруда әртүрлі репликаларды үйлестіруді үйренеді. Кез-келген тілді оқытудағы көзделетін түпкі мақсат тіл үйренушіні коммуникативті қатынасқа түсіру болып табылады, қарапайым тілмен айтқанда тіл үйренушіні өзі үйреніп жатқан тілде сөйлеуге жеткізу көзделеді. Демек бұл тұстағы тіл үйретуші үшін коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру басты мақсат екені түсінікті. Коммуникативті құзіреттілікті қалыптасуы арқылы тіл үйренушінің сөйлеуі жүзеге асырылады, өзі сөйлесіп отырған адамның сөзін түсіну мүмкіндігіне ие болады, өзі оқып жүрген тілде жазылған мәтіндерді дауыстап оқығанда түсіне алуға жетеді. Қазіргі кезде ол мақсат барлық тіл оқытушылардың арасында кеңінен таралып келеді. Көптеген тәжірибелер тіл үйренушілердің басым көпшілігі ауызша сөйлеуді түсінуде қиыншылықтарға көп тап болатынын дәлелдейді. Дегенмен, ауызша қарым-қатынас жасау, яғни тілдесу қазіргі кезде маңыздырақ себебі, сөйлеу әрекетінде сөйлесуші қызметіне түсе отырып, сөйлесіп отырған адамның сөзіне жауап қату үшін оны түсініп тыңдау да маңызды болып табылады. Тіл үйретуде «сөйлеудің» негізгі ұғымдары туралы білген жөн. Сөйлеу, сөйлеу әрекетінің өнімді түрі болып табылады. Сөйлеу – мазмұны айтылатын ойдың ауызша формада көрініс табуы. Сөйлеудің негізінде айтылым, лексикалық, грамматикалық біліктілік жатады. Тіл үйрету сабақтарында диалогты сөйлеуге шығаруда сұрақ пен өзекті мәселесіз диалог маңыздылылғынан айрылады. Диалоқа қатысушы адамдардың бір-бірімен бірыңғай келіспеуінен диалог өрбімей тоқтап қалады. Сондықтан тіл оқыту сабақтарында оқытушы диалогтың тоқтап қалмай өрбуі үшін түрлі жағдаяттық тақырыптарды дұрыс таңдап, жетек сұрақтарды беріп отырады. Мұнда студент тақырыпқа қатысты ойын қосымша мәлімет ретінде айтуға талпынады. Оқыту үдерісінде қолданылатын диалог ұғымы үш түрлі мәнде қолданылады. Сабақта қолданылатын әрбір ұғым әртүрлі логикалар, мәдениеттерді түсінудің бірден-бір құралы ретінде диалог танылып жүр. Әртүрлі ғылыми ұғымдарды түрлі логикалардың аражігінде қарастыру тіл оқушыларды оқу үдерісіндегі диалогтан адамзаттық тұрмыстағы мәңгілік проблемаларға шығуға итермелейді. Бұл диалогты логикалар диалогы деп атауға болады. Оқу диалогында тіл оқушылар мен оқытушылар арасында ерекше қатынас пайда болады. Олар бұл кезде ежелгі, ортағасырлық және қазіргі ойлау қырларын анықтап қана қоймайды, оған қоса өздерінің өмірге деген көзқарастарын білдіреді. Оқу диалогы мен кәдімгі диалогтың сәйкес болуы, ойлау мен мәдени блоктар байланысы ойлаушының ішкі диалогымен байланыс тапқанда ғана пайда болады. Бұл кезде микродиалог сыртқы сөйлеуге сәйкес емес, ішкі сөйлеудің ерекше формасы ретінде көрінеді. Қазақ ттілін шет тіл ретінде оқытуда тіл үйренушілерді диалогқа үйрету үшін мынадай мәселелерге тоқталған жөн: 1. Практикалық қазақ тіл сабақтары мен тілге бейімдеу сабақтарында оқытушы диалогтық қарым-қатынасқа негізделген жағдаяттық тақырыптарды таңдай білуі және оны студенттерге жүйелі түрде ұсына білуі тиіс. Айталық әлеуметтік тақырыптар: «Базарда», «Дәрігер мен науқыс», «Телефонмен сұқбат», «Дүкенде» т.б. тақырыптар оқу бағдарламасына сай таңдалынып алынуы керек. 2. Оқу-әдістемелік кешені мен қолда бар оқу құралдарындағы оқу материалдарын оқып білу, танысу. 3. Белгілі нақты жағдаятқа қатысты қарым-қатынас жасайтын тілдік қалыптар мен модельдерді таңдап алып олармен үлгі диалогтарды құрастыру керек. Себебі студенттер ең алдымен сабақта осы дайын диалогтармен танысып олардың негізінде өз диалогтарын құрастырады. 4. Тақырыптарды оқып үйрену үдерісінде түрлі мазмұндағы типтік диалогтарды қолданудың бірізділігін анықтауы тиіс. 5. Студенттерді сабақта ұсынылып отырған диалог тақырыбына қатысты жаңа сөздер мен тілдік құрылымдармен таныстыру. 6. Қажет болған жағдаятқа қатысты сөйлеу қатынасының әлеуметтік мәдени ерекшелігіне сипаттама беріп өтуі тиіс. 7. Диалогты оқып беруі немесе жазылған диалогты рөлге салып ойнап беруі тиіс. 8. Диалогты толық түсінуі мен есте сақтауға бағытталған диалог мәтінімен жұмыс түрлерін ұйымдастыру, сондай-ақ таныс синонимдік модельдерді есепке ала отырып, жеке түрлерін құрастыру. 9. Диалогтың фонетикалық дұрыс дыбысталуына көңіл қойып оқыту, ондағы тілдік емес құралдарды орынды қолдануларына көңіл бөлу. 10. Берілген диалогтарға ұқсас типтік диалогтарды құрастырту. 11. Берілген тақырып бойынша оқу-шығармашылық диалогтарына арналған сөйлеу нұсқаулықтарын қалыптастыру. 12. Тақырыпқа қатысты қандай тілдік, тілдік емес амалдарды нақты тірек ретінде қолдануды алдын-ала жоспарлау. 13. Студенттердің сабақта өздеріне тән жеке диалогтарын құрастыру үшін тіректер: Біз бұл тұста диалогтың негізгі қасиеттері туралы айтып қойсақ жеткіліксіз, себебі оқытушының ең басты міндеті диалогқа қатысты ерекшеліктерді жақсы біле отырып, сол диалогты қалай құрастыру керек деген мәселеге көбірек ойлануы тиіс, оқушылардың бойында диалог құрастыруға деген білімдер мен қабілеттерді қалыптастыруға ұмтылуы керек. Олар: 1. Түрлі типтегі сұрақтар құрастырта білдірту. 2. Қойылған сұраққа логикамен , бірізді және түсінікті жауап беруге үйрету; 3. Қарым-қатынас жасау барысында ерекше көңіл бөлуге, қызығушылық тудыра отырып белсенді түрде сөйлесуге қатысуға шықыратын әртүрлі репликаларды қолдануға үйрету; 4.Әртүрлі бастауыш құрылымдар мен қалып сөйлемдерді қолдануға жаттықтыру; 5. Келісу, келіспеу, қанағаттану, күдіктену, өтініш жасау, сынды әртүрлі сөйлеу қызметтерін көрсететін тәсілдерді қалай қолдану керектігін білдіру. 6. Сабақта оқытушы алдына қойған міндеттен оқу диалогы тууы үшін мұғалім міндеті мен мақсаты тіл үйренушінің өмірге деген көзқарасына қатысты қойылуы керек, оның қызығушылығымен байланыста болуы шарт, нәтижесінде мақсаттан туындаған оқу диалогтары тіл үйренушіні шығармашылыққа жетелеуі тиіс. Оқытушының кәсіптік міндеті тіл үйренушіге ол кездестірген жеке мәселелердің жалпы мәселелер қатарынан қалай орын алатындығын көрсету болып табылады. Ол мәселелер студенттің сабақ үстіндегі келесі мәселерді шешуіне кедергі келтірмеуі тиіс [3]. Біздің мақаламызда диалогтың ғылыми сипаты анықталып, оны құрастыру үшін қандай мәселлерді ескеру керектігі жөнінде айтылды. Мұнда біз диалогтық қарым-қатынасқа түсу үшін диалогтың қыр-сырын анықтап, оларды құрастырудың технологиясы үшін маңызды элементтерге тоқталып өттік. Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1. Мединцев В.А. Диалогическое моделирование психологических взаимодействий. Вопросы психологии / Мединцев В.А. -2005,№5. 2. Батракова С.Н. Педагогическое общение как диалог в культуре/С.Н. Батракова.–2002,№4. 3. Львов М.Р. Риторика.культура речи. Учеб.пособие для вузов/ М.Р. Львов–М.: АСАДЕМ, 2000.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тіл ұстарту жұмыстарының тиімділігі

Автор: Аетова Гүлжақан

Дата: 26.06.2017

Номер свидетельства: 423154

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(209) "доклад                      ?аза? тілі мен ?дебиеті саба?тарында де?гейлік  тапсырмалар мен тірек сызбаларды ?олдану жолдары "
    ["seo_title"] => string(114) "doklad-k-azak-tili-mien-diebiieti-sabak-tarynda-dien-ghieilik-tapsyrmalar-mien-tiriek-syzbalardy-k-oldanu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "138807"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1417610504"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "?АЗА? ТІЛІ САБА?ТАРЫНДА ТІЛ ДАМЫТУ Ж?МЫСТАРЫ"
    ["seo_title"] => string(48) "k-azak-tili-sabak-tarynda-til-damytu-zhu-mystary"
    ["file_id"] => string(6) "250694"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447125509"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(171) "Материал на тему "Мектепке дейінгі ?йымдарда ?ш тілін о?ытуда ойын технологиясыны? ма?ыздылы?ы""
    ["seo_title"] => string(109) "matierial-na-tiemu-miektiepkie-dieiinghi-u-iymdarda-ush-tilin-ok-ytuda-oiyn-tiekhnologhiiasynyn-man-yzdylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "325537"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1462978368"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "Тіл ?старту («Алтын са?а» ертегісі ар?ылы лексикалы? та?ырыптарды ?айталау)."
    ["seo_title"] => string(67) "tilustartualtynsakaiertieghisiarkylylieksikalyktakyryptardykaitalau"
    ["file_id"] => string(6) "305905"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458023189"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Авторлы? ба?дарлама "Тіл дамыту""
    ["seo_title"] => string(31) "avtorlyk-bag-darlama-til-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "265263"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449889681"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства