kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?АЗА? ТІЛІ САБА?ТАРЫНДА ТІЛ ДАМЫТУ Ж?МЫСТАРЫ

Нажмите, чтобы узнать подробности

?АЗА? ТІЛІ САБА?ТАРЫНДА ТІЛ ДАМЫТУ Ж?МЫСТАРЫ

Н?РМА?АМБЕТОВА ТОР?ЫН АМАНГЕЛЬДИЕВНА,

М?ХАМЕДЖАНОВА ГУЛБАРАМ СОВЕТОВНА

«№51 НОМ» КММ,

?АЗА? ТІЛІ МЕН ?ДЕБИЕТ П?НДЕРІНІ? М??АЛІМІ,

?АРА?АНДЫ ?АЛАСЫ

?аза? тілі ?азіргі та?да бізді? ?о?амда ?зара ?арым-?атынас жасап,  пікір алысып,  т?сінісетін ма?ызды ??рал?а айналды.Тілді? сыры «?нер алды-?ызыл тіл» деген даналы? оймен ?рнектелген. Тіл ма?ыналы? жа?ынан мынадай ерекшеліктермен сипатталады: а/ тілді? ?арым-?атынас ??ралы ретінде  ?ызметін ат?аруы; ?/ ауызша ж?не жазбаша с?збен адамны? даралы? ерекшеліктерін, ?зіндік белгілерін білдіруі.Тіл кез-келген ?лтты? тарихы, ой санасы, ?мірі болып табылады. ?р халы?ты? ана тілі тарих беттерінен ?шпес ?шін, сол тіл ?з топыра?ында дамып, ?сіп-?ркендеп, ?арым-?атынас ??ралы ретінде ж?мсалуы за?дылы?. ?ссе тілім, менде бірге ?семін, ?шсе тілім, мен де бірге ?шемін! – деп, а?ын ?бділд? Т?жібаев а?амыз жырла?андай тіл ?ай елде болса да ?астерлі, ??діретті.

Б?гінгі ?аза? тіліні? та?дыры мен болаша?ы, ?адір-?асиеті Елбасын да аз ойландырып, аз тол?андырып ж?рген жо?.?зіні? ?аза?стан хал?ына айтыл?ан Жолдауында «Біз барша ?аза?станды?тарды біріктіруші басты факторларды? бірі- елімізді? мемлекеттік тілін, барлы? ?аза?тарды? ана тілін дамыту?а барша к?ш жігерімізді ж?мсауымыз керек»,  деген с?зінде ?аза? тіліні? ?аза?стан халы?тары ?шін ма?ыздылы?ын ай?ындап, оларды? басын біріктіруші тіл екендігін уа?ыздап отыр.

?азіргі заман талабына сай ?аза? тілі балаба?шадан бастауын алып, барлы? білім беру салаларында басты п?н ретінде о?ытылуда. Сол себепті б?гінгі к?ні ?аза? тілін ?йретудегі ба?дарлама м?селесіне-жа?аша ба?ыт, жа?аша талап керек.

?аза? тілін ж?ргізу кезіндегі тіл дамыту ж?мыстарыны? ма?ызы зор. С?йлеуге ж?не д?рыс жазу?а ?йрету бір-бірімен ты?ыз байланыста болатын процессс.

?аза? тілінде с?йлеуге ?йрету тілді? ерекше дыбыстарыны? орфоэпиясын ме?гертуден басталады. ?аза? тіліні? т?л дыбыстарын жеке-жеке д?рыс айтылуын ?йретуіміз керек.

Тіл дамыту барысында жа?а с?здермен ж?мыс ерекше орын алады. К?нделікті саба? барысында біз ж?мысты? б?л т?ріне ерекше к??іл б?леміз. Жа?а с?здерді керекті с?з тіркестерімен ?олдану?а басты назар аударамыз.Жа?а с?здерді с?з тіркестерімен с?йлемде ?олдануды ?йретеміз.Жай с?йлемдер ??растырудан бастап, жайылма с?йлемдерді ??растыру?а к?шеміз. Бірте-бірте ?з беттерімен толы? ма?ыналы, д?рыс байланыс?ан с?йлемдер жасауды ?йретеміз.

Жа?а с?здерді бекіту сатысында оларды диалог?а кірістіруді ?арастырамыз. Б?л ?діс о?ушыларды? ?аза? тілінде с?йлеу да?дысыны? жетілуіне к?мектеседі.

К?нделікті саба? барысында о?ушыларды? тек с?йлеу да?дысын  дамыту?а ?ана к??іл ?оймай,  оларды? сауатты жазу?а ?йренуіне баса назар аударамыз. Б?л ?шін ша?ын с?здік ж?не диктантты?, мазм?ндаманы? ша?ын к?лемдісі, ??гіме жазу т.б. ж?мыс т?рлерін ж?ргіземіз. Жазба ж?мыстары н?тижелі болу ?шін, алдын-ала т?мендегі ж?мыстар ?ткізіледі.

  1. ?р т?рлі жатты?уларды орындау;
  2. С?йлем элементтерін ауыстыру?а арнал?ан жатты?улар;
  3. Берілген ?лгі бойынша жа?а с?йлем ??рау;
  4. Диалог ??ру;
  5. Монолог ??ру
  6. Ша?ын к?лемді м?тінні? мазм?нын айтып беру;
  7. Сурет бойынша ?р т?рлі ж?мыс ж?ргізу
  8. С?ра?-жауап жатты?уларын орындау;

?рбір жазба ж?мыстарын ж?ргізуді? алдында дайынды? ж?мыстары ?ткізіледі.

С?йлеу тілін дамытуды? тиімді ?дістеріні? бірі-ойын. Ролдік ойындар ?леуметтік т?р?ыдан ?олдануда барынша сезімтал болу?а ?йретеді, о?ушыларды? ?ызы?ушылы?тарын ?алыптастыру?а о? ?серін тигізеді.

?азіргі та?да тіл дамыту ж?мыстарыны? т?рлері с?здік ж?мыстары.

Тіл ?старту екі т?рде: ауызша ж?не жазбаша. ?р саба?та ?айталау ар?ылы жаз?ан немесе ауызша айтыл?ан с?здерді есте сатйды.

?аза? тілі саба?ында ж?ргізілетін басты ж?мыстар-балаларды ?аза?ша с?йлетіп, с?ра??а жауап бергізу, ?здерін бір –бірімен с?йлестіру, о?ы?андарын ауызша айт?ызу, ?з бетінше істеуге да?дыландыру.

Тіл дамытуда ?олданылатын ж?мыс т?ріні? бірі- м?тінмен ж?мыс. Ол ?р т?рлі ж?мыстарды? жиынты?ынан т?рады. Олар:

  1. Дыбыстармен ж?мыс
  2. С?здікпен ж?мыс
  3. С?здік ?орларын жетілдіру;
  4. Тіл дамыту,
  5. Ережелермен ж?мыс;
  6. Ауызша с?йлей білуге да?дыландыру;

Тіл дамыту кезе?індегі сапалы ж?мыс т?ріні? бірі-сурет ар?ылы ж?мыс. Сурет бойынша ж?мыс барысында:

  1. Жекелеген заттар?а, атаулар?а т?сінік беру;
  2. С?здік жаз?ызу;
  3. Суреттегі с?здерді бас?а с?здермен байланыстыра білу;
  4. Сурет бойынша ауызша ??гімелеу;
  5. ??гімелегенін жазбаша орындау;

О?ушылар?а орфоэпиялы? норманы са?тап д?рыс с?йлеу да?дысын беру ?шін білім бекіту жатты?улары ж?ргізіледі.

  1. Дара о?ыту. Кемістігін т?зегенше, ?айталап о?ыту;
  2. Ролдеп о?ыту, о?ан диалог ??рылымды м?тін ?олайлы.
  3. Хормен о?ыту, о?у. К?ркем бір м?тін о?ылады.
  4. ?ле?, ?ара с?зді жаттауы бойынша м?ніне келтіріп айт?ызылады.
  5. С?зге, с?з тіркесіне фонетикалы? талдау жасату;
  6. Конференцияларда, жиналыстарда баяндама жасату;
  7. Т?рліше кестелер жасатылады.
  8. Техникалы? ??ралдар ар?ылы к?ркем с?з шеберлерені? ле?дері, сына? ??гімелері, м?тіндер, монолог ты?датызу;

Осындай ж?мыс т?рлерін ж?ргізу ар?ылы тіл дамыту ісін ж?зеге асырамыз.Белгілі бір та?ырыптарды беру ар?ылы да тіл дамыту ж?мыстарын ж?ргізуге болады. Мысалы; жыл мезгілдеріне, отбасына, досты??а, ту?ан жер, елтану та?ырыбына, ана, ?ке, т.б.Алдымен ауызша ??гімелетіп, кейін ойларын жазбаша т?рде орындат?ызу?а болады.

Тіл дамыту  ?шін о?ушыларды? жеке ерекшеліктерін, зейінін, ойлау ж?не ?абылдау ?асиеттерін жа?сы білу керек. ?ай о?ушыдан ?алай, нені с?рау керектігін м??алім жетік білу керек. Орыс мектептерінде о?итын о?ушылардан  с?здерді? айтылуын талап ету, с?здерді байланыстырып с?йлеу, с?здіктер жаттау, м?тінді ??гімелеп айту, д?рыс о?у, т?сінгенін д?рыс жаза білу т.б. осындай ж?мыстарды орындау ды талап ете білу ?ажет.

Тіл дамыту  ж?мыстарына ма?ал-м?телдер айту, ж?мба?тар, жа?ылтпаштар жарысы да жатады. Б?л к?бінесе сергіту ма?сатында жоспарланады.

Тіл дамыту-о?ушыларды? ойлау ?абілетін арттыруды? тиімді жолы. Тіл дамыту ж?мысында к?рнекі ??ралдарды орынды пайдалануды? да ма?ызы зор. Тіл дамыту ж?мысын саба?та ж?ргізгенде ?р т?рлі карточкалар мен тізбе сызбаларды пайдалан?ан тиімді.ондай ж?мыстарды ?сіресе, 9 т?л дыбыстарды ?ткенде ?ажет. ?азіргі заманда интерактивті та?таны пайдалануды? да ?те тиімді жа?тары к?п. Тіл дамыту саба?тарында интерактивті та?таны пайдалану, о?ушыларды? саба??а деген ?ызы?ушылы?тарын арттыра т?седі.

А?парат к?здеріндегі материалдарды пайдалану, оларды жина?тап тіл дамыту саба?тарында пайдалану, онда?ы би-шешендер с?здерін, к?лдіргі ??гімелер, ма?алаларды жина?тау, туысты? атаулар, ?аза?ты? ?лтты? ??ндылы?тарын д?ріптейтін шы?армашылы? ж?мыстар ж?ргізу тіл дамытуда?ы негізгі сітер.

О?ушыларды? тілін дамыту дегеніміз- болаша? ?рпа?ты? ой-?рісін дамыту.

Тіл адам баласыны? негізі бол?анды?тан тілден елді? елдігі танылады. Тіл ар?ылы халы?ты? тарихын танимыз, ?сіп-?ну д?режесін  к?реміз.

?орыта келгенде, ал?ан білімі мен ?мірді байланыстыра алатын, ?з ойын ?аза? тілінде жеткізе білетін, хал?ыны? ?адірін т?сініп, ?зі т?рып жат?ан жерді? ?лтыны? салт-д?ст?рін, ??ндылы?тарын ??рметтейтін, жа?андану заманында ?зін б?секелеске т?сіре алатын ?рпа??а білім беру бізді? алдымызда?ы басты міндет.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?АЗА? ТІЛІ САБА?ТАРЫНДА ТІЛ ДАМЫТУ Ж?МЫСТАРЫ»

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ


НҰРМАҒАМБЕТОВА ТОРҒЫН АМАНГЕЛЬДИЕВНА,

МҰХАМЕДЖАНОВА ГУЛБАРАМ СОВЕТОВНА

«№51 НОМ» КММ,

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНДЕРІНІҢ МҰҒАЛІМІ,

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ


Қазақ тілі қазіргі таңда біздің қоғамда өзара қарым-қатынас жасап, пікір алысып, түсінісетін маңызды құралға айналды.Тілдің сыры «Өнер алды-қызыл тіл» деген даналық оймен өрнектелген. Тіл мағыналық жағынан мынадай ерекшеліктермен сипатталады: а/ тілдің қарым-қатынас құралы ретінде қызметін атқаруы; ә/ ауызша және жазбаша сөзбен адамның даралық ерекшеліктерін, өзіндік белгілерін білдіруі.Тіл кез-келген ұлттың тарихы, ой санасы, өмірі болып табылады. Әр халықтың ана тілі тарих беттерінен өшпес үшін, сол тіл өз топырағында дамып, өсіп-өркендеп, қарым-қатынас құралы ретінде жұмсалуы заңдылық. Өссе тілім, менде бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.

Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы, қадір-қасиеті Елбасын да аз ойландырып, аз толғандырып жүрген жоқ.Өзінің қазақстан халқына айтылған Жолдауында «Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі- еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін дамытуға барша күш жігерімізді жұмсауымыз керек», деген сөзінде қазақ тілінің қазақстан халықтары үшін маңыздылығын айқындап, олардың басын біріктіруші тіл екендігін уағыздап отыр.

Қазіргі заман талабына сай қазақ тілі балабақшадан бастауын алып, барлық білім беру салаларында басты пән ретінде оқытылуда. Сол себепті бүгінгі күні қазақ тілін үйретудегі бағдарлама мәселесіне-жаңаша бағыт, жаңаша талап керек.

Қазақ тілін жүргізу кезіндегі тіл дамыту жұмыстарының маңызы зор. Сөйлеуге және дұрыс жазуға үйрету бір-бірімен тығыз байланыста болатын процессс.

Қазақ тілінде сөйлеуге үйрету тілдің ерекше дыбыстарының орфоэпиясын меңгертуден басталады. Қазақ тілінің төл дыбыстарын жеке-жеке дұрыс айтылуын үйретуіміз керек.

Тіл дамыту барысында жаңа сөздермен жұмыс ерекше орын алады. Күнделікті сабақ барысында біз жұмыстың бұл түріне ерекше көңіл бөлеміз. Жаңа сөздерді керекті сөз тіркестерімен қолдануға басты назар аударамыз.Жаңа сөздерді сөз тіркестерімен сөйлемде қолдануды үйретеміз.Жай сөйлемдер құрастырудан бастап, жайылма сөйлемдерді құрастыруға көшеміз. Бірте-бірте өз беттерімен толық мағыналы, дұрыс байланысқан сөйлемдер жасауды үйретеміз.

Жаңа сөздерді бекіту сатысында оларды диалогқа кірістіруді қарастырамыз. Бұл әдіс оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу дағдысының жетілуіне көмектеседі.

Күнделікті сабақ барысында оқушылардың тек сөйлеу дағдысын дамытуға ғана көңіл қоймай, олардың сауатты жазуға үйренуіне баса назар аударамыз. Бұл үшін шағын сөздік және диктанттың, мазмұндаманың шағын көлемдісі, әңгіме жазу т.б. жұмыс түрлерін жүргіземіз. Жазба жұмыстары нәтижелі болу үшін, алдын-ала төмендегі жұмыстар өткізіледі.


  1. Әр түрлі жаттығуларды орындау;

  2. Сөйлем элементтерін ауыстыруға арналған жаттығулар;

  3. Берілген үлгі бойынша жаңа сөйлем құрау;

  4. Диалог құру;

  5. Монолог құру

  6. Шағын көлемді мәтіннің мазмұнын айтып беру;

  7. Сурет бойынша әр түрлі жұмыс жүргізу

  8. Сұрақ-жауап жаттығуларын орындау;

Әрбір жазба жұмыстарын жүргізудің алдында дайындық жұмыстары өткізіледі.

Сөйлеу тілін дамытудың тиімді әдістерінің бірі-ойын. Ролдік ойындар әлеуметтік тұрғыдан қолдануда барынша сезімтал болуға үйретеді, оқушылардың қызығушылықтарын қалыптастыруға оң әсерін тигізеді.

Қазіргі таңда тіл дамыту жұмыстарының түрлері сөздік жұмыстары.

Тіл ұстарту екі түрде: ауызша және жазбаша. Әр сабақта қайталау арқылы жазған немесе ауызша айтылған сөздерді есте сатйды.

Қазақ тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар-балаларды қазақша сөйлетіп, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір –бірімен сөйлестіру, оқығандарын ауызша айтқызу, өз бетінше істеуге дағдыландыру.

Тіл дамытуда қолданылатын жұмыс түрінің бірі- мәтінмен жұмыс. Ол әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан тұрады. Олар:

  1. Дыбыстармен жұмыс

  2. Сөздікпен жұмыс

  3. Сөздік қорларын жетілдіру;

  4. Тіл дамыту,

  5. Ережелермен жұмыс;

  6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру;

Тіл дамыту кезеңіндегі сапалы жұмыс түрінің бірі-сурет арқылы жұмыс. Сурет бойынша жұмыс барысында:

  1. Жекелеген заттарға, атауларға түсінік беру;

  2. Сөздік жазғызу;

  3. Суреттегі сөздерді басқа сөздермен байланыстыра білу;

  4. Сурет бойынша ауызша әңгімелеу;

  5. Әңгімелегенін жазбаша орындау;

Оқушыларға орфоэпиялық норманы сақтап дұрыс сөйлеу дағдысын беру үшін білім бекіту жаттығулары жүргізіледі.

  1. Дара оқыту. Кемістігін түзегенше, қайталап оқыту;

  2. Ролдеп оқыту, оған диалог құрылымды мәтін қолайлы.

  3. Хормен оқыту, оқу. Көркем бір мәтін оқылады.

  4. Өлең, қара сөзді жаттауы бойынша мәніне келтіріп айтқызылады.

  5. Сөзге, сөз тіркесіне фонетикалық талдау жасату;

  6. Конференцияларда, жиналыстарда баяндама жасату;

  7. Түрліше кестелер жасатылады.

  8. Техникалық құралдар арқылы көркем сөз шеберлеренің леңдері, сынақ әңгімелері, мәтіндер, монолог тыңдатызу;

Осындай жұмыс түрлерін жүргізу арқылы тіл дамыту ісін жүзеге асырамыз.Белгілі бір тақырыптарды беру арқылы да тіл дамыту жұмыстарын жүргізуге болады. Мысалы; жыл мезгілдеріне, отбасына, достыққа, туған жер, елтану тақырыбына, ана, әке, т.б.Алдымен ауызша әңгімелетіп, кейін ойларын жазбаша түрде орындатқызуға болады.

Тіл дамыту үшін оқушылардың жеке ерекшеліктерін, зейінін, ойлау және қабылдау қасиеттерін жақсы білу керек. Қай оқушыдан қалай, нені сұрау керектігін мұғалім жетік білу керек. Орыс мектептерінде оқитын оқушылардан сөздердің айтылуын талап ету, сөздерді байланыстырып сөйлеу, сөздіктер жаттау, мәтінді әңгімелеп айту, дұрыс оқу, түсінгенін дұрыс жаза білу т.б. осындай жұмыстарды орындау ды талап ете білу қажет.

Тіл дамыту жұмыстарына мақал-мәтелдер айту, жұмбақтар, жаңылтпаштар жарысы да жатады. Бұл көбінесе сергіту мақсатында жоспарланады.

Тіл дамыту-оқушылардың ойлау қабілетін арттырудың тиімді жолы. Тіл дамыту жұмысында көрнекі құралдарды орынды пайдаланудың да маңызы зор. Тіл дамыту жұмысын сабақта жүргізгенде әр түрлі карточкалар мен тізбе сызбаларды пайдаланған тиімді.ондай жұмыстарды әсіресе, 9 төл дыбыстарды өткенде қажет. Қазіргі заманда интерактивті тақтаны пайдаланудың да өте тиімді жақтары көп. Тіл дамыту сабақтарында интерактивті тақтаны пайдалану, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра түседі.

Ақпарат көздеріндегі материалдарды пайдалану, оларды жинақтап тіл дамыту сабақтарында пайдалану, ондағы би-шешендер сөздерін, күлдіргі әңгімелер, мақалаларды жинақтау, туыстық атаулар, қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптейтін шығармашылық жұмыстар жүргізу тіл дамытудағы негізгі сітер.

Оқушылардың тілін дамыту дегеніміз- болашақ ұрпақтың ой-өрісін дамыту.

Тіл адам баласының негізі болғандықтан тілден елдің елдігі танылады. Тіл арқылы халықтың тарихын танимыз, өсіп-өну дәрежесін көреміз.

Қорыта келгенде, алған білімі мен өмірді байланыстыра алатын, өз ойын қазақ тілінде жеткізе білетін, халқының қадірін түсініп, өзі тұрып жатқан жердің ұлтының салт-дәстүрін, құндылықтарын құрметтейтін, жаһандану заманында өзін бәсекелеске түсіре алатын ұрпаққа білім беру біздің алдымыздағы басты міндет.












































22-қыркүйек Тілдер мерекесіне арналған кеш.

Кештің мақсаты: оқушыларды өлең оқып, ана тілі туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу.

Көрнекілік құралдар: Танымал ғалымдардың тіл туралы айтқан ойлары жазылған плакаттар, тіл туралы слайд, Қазақстан туралы бейнероликтер. 

1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 

2-жүргізуші: Бүгін 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса, мерекелік кешімізді бастайық!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

1-жүргізуші:  Тіл деген – алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген.

Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,

Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.

Тіл деген – адастырмас темірқазық,

Өрісі магнитінің өмірге азық.

Қадірін тілдің сұра кереңдерден,

Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.

Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған «Рух пен Тіл» әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Кешіміздің тізгінін көсемсөз шеберлеріне берейік!

1-оқушы: «Қазақ тілі», Мағжан Жұмабаев

Күш кеміді, айбынды ту құлады;

Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады. 

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті, күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың …

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

2– жүргізуші: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,

Қажеті не басқаның өлшемінің?

Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,

Енді міне жетеді көпке үнім.
1-жүргізуші: «Қазақ елі» әнін қабыл алыңыздар!

2-оқушы: Мұзафар Әлімбай

Ана! - десем ана тілі ойға оралар. 
Баладай қуанарсың тойға барар. 
Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл 
Олжам да қанжығама байлап алар. 
Тере білсек бір -бір ауыз қара өлең, 
Неше миллион інжу-маржан шамамен?! 
Қанша гүлден -қазақ тілі бақшасы, 
Қандай дана өлшер қандай бағамен?! 
Ерке тіл, еркелеткіш тілім кенім: 
Еркежан, айналайын, күнім менің, 
Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым, 
Қанша рет жүрек толқып, сүйінгенің! 
Ана тілім ырысты ма, кұнды ма? 
Деп сұрамас, тегін білген сұңғыла. 
Туған тілде ас қайырған сайын да, 
Оқығандай серпіліп қал бір дұға. 
Шұлғытар орыс тілді Олжастарды, 
Жарқырат қазақ тілі алмастарын. 
Халқына олжа салған айта алады, 
Кім қосты сандығыңа мен қосқанды?! 
Жұпарлы қырда алуан гүлдер таптым, 
Өміршең өзіміздің тілден таптым. 
Тіл екен жемістісі, жұпарлысы, 
Аялап халық баққан гүл мен бақтың.

4-оқушы: «Үйрен ана тіліңді», Оразақын Асқар

Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,

Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.

Өз халқыңа бола алмайсың азамат,

Білмей тұрып туған ана тіліңді.

Әлде қалай жоғалтса ана баласын,

Бала іздеп таппай ма өз анасын.

Өгей шеше секілді өзге тіл де өгей,

Өз тіліңмен ертерек тап жарасым.

Сенде айып жоқ, тілің де емес кінәлі,

Ешкімнің жоқ болса да оған күмәні.

Үйренбесең, өз тіліңді білмесең.

Жазықсыз-ақ жазғырып ел тұрады.

Қаның жаның, қазақы ұлттық түрің бар,

Сенен үлгі алар қызың, ұлың бар.

Перзентісің еркін, азат халықтың,

Тәуелсіз ел, мәртебелі тілің бар.

5-оқушы:  «Бір досқа» Әдібай Табылды

Өзге тілді белгенге,

Білімді боп билейсің.

Кергенменен құр кеуде,

Өз тіліңді білмейсің.

Төс қаққанмен күнде сен,

Демес халқың «құлыным».

Өз тіліңді білмесең,

Неге керек білімің?!

1-жүргізуші:  Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.

Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.

2-жүргізуші:  Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң  қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің  қатарына кіргеніне қуаныштымыз.

1-жүргізуші: Көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісіе кеткеніміз жөн сияқты.

2-жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер

6-оқушы: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби  70-ке жуық тілді меңгерген.

Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.

7-оқушы: А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.

Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.

8-оқушы: Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.

Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.

9-оқушы: Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.

10-оқушы: Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1%  неміс тілінен аударылады.

1-жүргізуші: Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет.

2-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз.

1-жүргізуші: Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет!

Кеш Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен салтанатты түрде жабылады.















































22-ҚЫРКҮЙЕК ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН

КЕШ


ӨТКІЗГЕН: НҰРМАҒАМБЕТОВА Т.А.


























15-17 қыркүйек аралығында өтетін Тілдер мерекесіне арналған апталықтың жоспары


Іс-шараның атауы

мерзімі

жауаптылар

1

Апталықтың жоспарын құрып таныстыру, бекіту

15.09.2015

ӘБ жетекшілері

2

Қабырға газеттерін шығару

16.09.2015

Сынып жетекшілері

3

Бастауыш сынып оқушылары арасында суреттер байқауы

17.09.2015

Бастауыш сынып мұғалімдері

4

1-9 сыныптар аралығында ҚР рәміздері бойынша байқау

18.09.2015

ӘБ жетекшілері

5

Қазақ тілін үйренушілер курсына қатысатын мұғалімдердің білімін тексеру /әнұран/

19.09.2015

ҚТ мұғалімдері

6

Мектептің таңертеңгі линейкасында Тілдер күнінің маңыздылығы туралы баяндама

21.09.2015

И.Н.Байпенова

7

Тілдер күніне арналған кеш

5-9 сыныптар үшін

22.09.2015

ӘБ жетекшілері






Директор У.Г.Досымбетова

















15-22 қыркүйек аралығында өткізілген Тілдер мерекесіне арналған апталықтың есебі.


№ 51 негізгі орта мектепте 2015 жылдың 15-22 қыркүйек аралығында Тілдер мерекесіне арналған апталық өтті. Бұл апталыққа қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері бірлестігі мен гумманитралық әдістемелік бірлестігі жауапты болды. Бірлестіктің мүшелері біріге отырып, апталықтың жоспары жасалып, мектеп әкімшілігі тарапынан бекітілді. Жоспарға сай барлық іс-шаралар өтті.

Іс-шараның атауы

мерзімі

жауаптылар

1

Апталықтың жоспарын құрып таныстыру, бекіту

15.09.2015

ӘБ жетекшілері

2

Қабырға газеттерін шығару

16.09.2015

Сынып жетекшілері

3

Бастауыш сынып оқушылары арасында суреттер байқауы

17.09.2015

Бастауыш сынып мұғалімдері

4

1-9 сыныптар аралығында ҚР рәміздері бойынша байқау

18.09.2015

ӘБ жетекшілері

5

Қазақ тілін үйренушілер курсына қатысатын мұғалімдердің білімін тексеру /әнұран/

19.09.2015

ҚТ мұғалімдері

6

Мектептің таңертеңгі линейкасында Тілдер күнінің маңыздылығы туралы баяндама

21.09.2015

И.Н.Байпенова

7

Тілдер күніне арналған кеш

5-9 сыныптар үшін

22.09.2015

ӘБ жетекшілері



Апталықтың қорытындысы ретінде 5-9 сыныптар аралығында өткізілген кеш өте тартымды өтті. Кешке ат салысқан оқушылар мен ұстаздарға алғыс жарияланды. Кештен кейінгі көріністер мектеп сайтында жарияланды. Сонымен қоса 1-9 сынып оқушылары арасында Әнұранды жатқа білу деңгейлері тексерілді. Әнұранды толық білмейтін оқушылармен жұмыс жүргізілді. Мұғалімдердің арасында да Әнұранды білу деңгейлері тексерілді. Барлық мұғалімнің Әнұранды жатқа білетіндері анықталды. Қабырға газеттері шығарылып, бастауыш сынып оқушыларының көрмесі өтті.



ӘБ жетекшісі Нұрмағамбетова Т.А.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?АЗА? ТІЛІ САБА?ТАРЫНДА ТІЛ ДАМЫТУ Ж?МЫСТАРЫ

Автор: Мухамеджанова Гульбарам Советовна

Дата: 10.11.2015

Номер свидетельства: 250694


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства