kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Табысты сабақ нәтижесіне жету жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Табысты сабаққа жету жолдары. Әдіс-тәсілдері. Методика

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Табысты сабақ нәтижесіне жету жолдары»

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Портфолио  Табысты сабақ нәтижесіне жетудің жолдары Орындаған: Калкаманова Дана Тексерген: Тұрғаналиева Г.Г Орал- 2023

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Портфолио

Табысты сабақ нәтижесіне жетудің жолдары

Орындаған: Калкаманова Дана

Тексерген: Тұрғаналиева Г.Г

Орал- 2023

Калкаманова Дана Жоламанқызы   Қысқаша өзім туралы: Наурыз айының 5-ші жұлдызында дүниеге келдім.  Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының тумасымын. Білімімді жетілдіру мақсатында Астана қаласындағы ең үздік деп танылған лицейде білім алып, кейін Орал қаласында студенттік шағымды бастаған болатынмын. Ақтөбе қаласында 1 семестр оқып, білім алмастым. Дебат ойындарына қатысып «үздік спикер» атандым. Таным көкжиегімді арттыру мақсатында ағылшын курстарына қатысып, шет тілін игердім.  Өмірлік ұстанымым: Алынбайтын асу, бағынбайтын белес, шешілмейтін түйін жоқ.

Калкаманова Дана Жоламанқызы

Қысқаша өзім туралы: Наурыз айының 5-ші жұлдызында дүниеге келдім. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының тумасымын. Білімімді жетілдіру мақсатында Астана қаласындағы ең үздік деп танылған лицейде білім алып, кейін Орал қаласында студенттік шағымды бастаған болатынмын. Ақтөбе қаласында 1 семестр оқып, білім алмастым. Дебат ойындарына қатысып «үздік спикер» атандым. Таным көкжиегімді арттыру мақсатында ағылшын курстарына қатысып, шет тілін игердім.

Өмірлік ұстанымым: Алынбайтын асу, бағынбайтын белес, шешілмейтін түйін жоқ.

Тақырып өзектілігі: Оқушылардың жоғарғы нәтижеге жеткендігінің айқын дәлелі-сапалы білім болса, ал сол сапалы нәтиже-табысты сабақтың жемісі. Табысты сабақ мақсатына жету үшін мұғалім бірқатар белсенді оқу тәсілдерін тиімді қолдана алуы керек. Тиімді оқытуды жоспарлауда бірқатар мәселелерді ескерге отырып, білім дағдыларын жетілдіру керек.

Мақсаты: Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.

Табысты оқытуды жоспарлаудағы негізгі мақсат — пән бойынша қарастырылған білім әр оқушының жадында түпкілікті сақталып, өмірде қолдана білуі. Ол үшін біріншіден, оқушылардың қазіргі уақытта оқып жатқан пәндік салалар мен бұрын қарастырылған тақырыптар арасында байланыс орнатуына үнемі ықпал ету; екіншіден, сабақтарды «спиральді оқу бағдарламасына» сәйкес жоспарлап, яғни тақырып курстың басында қарапайым деңгейде қозғалса, кейін жоғары деңгейде қайта қаралуын ойластыра отырып табысты сабақ нәтижесіне жету.

Тақырыпты игеруде күтетін нәтижелері мен жұмыс жоспары: Табысты сабақ нәтижелеріне жету жолдарын айқындау, түрлі әдістерді саралай отырып жоғарғы көрсеткішке жету. Тиімді сабақ жоспарын құра алу, табысты сабаққа жетудегі келелі мәселелерді айқындай алу.

Тақырыпты игеруде қолданатын әдіс-тәсілдері: “Блум таксономиясы», SMART, «Сәйкестіктер», «Сабақ мақсатын құрастыру», формативті бағалау түрлері.

«Сабақ беру үйреншікті шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»

Ж.Аймауытов

Сабақ – əр ұстаздың жеке туындысы, жұмысының көзге көрінетін негізгі бір бөлігі. Ал жеке туындыны қалай табысты етсек болмақ?

Табысты сабақтың негізгі белгісі – белсенді сабақ. Белсенді сабақты жоспарлау дайындық жұмыстарынан басталады. Мұғалім оқу бағдарламасындағы сабақтың орнын белгілейді. Оқу мақсаттарына байланысты сабақтың тақырыбын, мақсаттарын анықтайды. Тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдар мен түсініктерді зерделейді. Өткен жəне келесі сабақтарға шолу жасап, осы тақырыппен байланысын ескеру арқылы бүгінгі сабаққа қатысты ойларды толықтырып жинақтайды. Келесі кезекте сабақтың кеңейтілген жоспарын жазып, əдістемелік жобасын құрады. Белсенді сабақты жоспарлау үрдісі əрбір педагогке белгілі келесі қадамдардан тұрады:

- Сабақтың мақсат, міндеттерін анықтау (тақырыпқа байланысты сабақтың оқу мақсаттарын, тілдік мақсаттарын анықтау).

- Бағалау критерийлерін анықтау (белгіленген мақсаттарға жету деңгейін бағамдауға қолданатын бағалау критерийлерін анықтау).

- Оқу материалының мазмұнын саралау.

- Оқыту əдістері мен тəсілдерін таңдау.

- Оқушылардың сабақта жұмыс істеу түрін, оқыту үлгілерін анықтау.

- Бағалауға арналған тапсырмаларды дайындау.

- Үйге берілетін тапсырмаларды таңдау.

- Бақылау, бағалау түрлерін белгілеу.

- Сабақты қорытындылауға қажетті сұрақтарды дайындау, т. б.

Табысты сабақ – сабақ мақсаттары ның талапқа сай болуынан басталады. Осы орайда сабақ мақсаттарын анықтауға көмектесетін Блум таксономиясы бойынша қолданылатын етістіктерді назарға алған жөн.

Оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын жетілдіруге негізделген. Сондай-ақ оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тəжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұм ыс жасай білу дағдылары да қамтылған.

Оқу мақсаттарын анықтауда оқушының оқу материалын меңгеру деңгейін бақылау жəне əр оқушының дамуын қадағалау қажет. Сабақты жоспарлау барысында екінші ескеретініміз белсенді оқу əдістері н қолдану. Сабақта белсенді əдістер қолдану оқушының өзіндік рефлексия жасау дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге; оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, құрдастарымен қарым-қатынасының дамуына, танымдық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұғалімнің сабағын қызықты ұйымдастыруына, оқушыларының танымдық əрекетін күшейтіп, өзінің кəсіби шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал етеді. Сабақтың əдістемелік жобасын құру барысында мұғалім белсенді оқу əдістерін ұтымды қолдану арқылы оқу мақсаттарының орындалуына барынша қол жеткізуді ұстанады. Мұнда оқу-танымдық үдерістің табыстылығына əсер ететін ынталандыру, жағымды психологиялық ахуал орнату, оқушылардың жеке жəне жас ерекшеліктерін ескеру сияқты маңызды мəселелерді басты назарға алу керек.

Үшінші ескеретін компонент – саралау . Тапсырмаларда оқушылардың қажеттіліктері ескеріліп, саралануы тиісті. Яғни тапсырмалардың оқушылардың қажеттіліктеріне бағытталуы, олардың қабілеттері, дағдылардың қалыптасқандығы, қызығушылықтары, ақпаратты қабылдау қасиеті, берілетін ақпараттың түрі назарға алынады. Саралаудың əртүрлі тəсілдерін алдын ала жоспарлау. Оқуды қолдау мақсатында берілетін тапсырмалар, дереккөздер, оқушыларды қолдау тəсілдері сараланып таңдалануы керек. Саралау тек қана тапсырмадан ғана тұрмайды. – бағаланатын оқу мақсаттарынан; – бағалау бойынша ұсыныстар: қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмаларды жоспарлау; – бағалау критерийлері: оқушының оқу мақсатына жетуге анықталатын қадамдардан тұрады. Келесі оқу мен оқытуда оқушылар келесі əрекеттерді атқаруға дайындау керек: бірлескен жұмыс, танымдық, коммуникативтік, əлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту, бастамашылдық, кері байланыс жасау, проблема шешу, шешім қабылдау.

Үшінші ескеретін компонент – саралау . Тапсырмаларда оқушылардың қажеттіліктері ескеріліп, саралануы тиісті. Яғни тапсырмалардың оқушылардың қажеттіліктеріне бағытталуы, олардың қабілеттері, дағдылардың қалыптасқандығы, қызығушылықтары, ақпаратты қабылдау қасиеті, берілетін ақпараттың түрі назарға алынады. Саралаудың əртүрлі тəсілдерін алдын ала жоспарлау. Оқуды қолдау мақсатында берілетін тапсырмалар, дереккөздер, оқушыларды қолдау тəсілдері сараланып таңдалануы керек. Саралау тек қана тапсырмадан ғана тұрмайды.

– бағаланатын оқу мақсаттарынан;

– бағалау бойынша ұсыныстар: қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмаларды жоспарлау;

– бағалау критерийлері: оқушының оқу мақсатына жетуге анықталатын қадамдардан тұрады. Келесі оқу мен оқытуда оқушылар келесі əрекеттерді атқаруға дайындау керек: бірлескен жұмыс, танымдық, коммуникативтік, əлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту, бастамашылдық, кері байланыс жасау, проблема шешу, шешім қабылдау.

Табысты сабақтың төртінші компоненті – бағалау. Бағалау критерийі – мұғалімдер мен оқушылардың оқу мақсатына жетуіне мүмкіндік беретін өлшем. Барлық пəн бойынша критерийлер арқылы бағалаудың іріктелінген оқу мақсаттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет. Ол үшін бағалау келесі қағидаларға сүйенеді:

Бірінші қағида: «Маңыздылық». Бағалау үшін пәннің ең маңызды, бағалауға тұрарлық

күтілетін нәтижелерін таңдап алу керек. Егер оқытушының ойынша нәтиже маңызды болмаса,

оны бағаламаса да болады.

Екінші қағида: «Дәлдік» (Адекваттық). Мұнда оқушылардың қажетті білім, білік, дағды,

құндылықтарды қандай деңгейде меңгергендігін көрсететін бағалаудың дәл құралын таңдап

алуымыз керек.

Үшінші қағида: «Объективтілік» (Дәлелділік). Объективті бағалау болу үшін бағалаудың

нақты талаптарын таңдап алу керек.

Төртінші қағида: «Оқудың ажырамас бөлігі». Бағалау оқу процесінің ажырамас бөлігіне

айналуы керек, яғни «өзіміз үйретпеген нәрсені бағалау әділдікке жатпайды» (Дайана Хесс).

Бесінші қағида: «Жариялылық». Бағалаудың талаптары мен тәсілдері оқушыларға алдын

ала хабарлануы керек. Баға жария түрде қойылып, оқушылар қандай жағдайда қалай

бағаланатындықтарын білулері керек.

Алтыншы қағида: «Қарапайымдылық». Бағалау процесі мен оның формалары қолданыста

қарапайым және ыңғайлы болуы керек

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, үшінші басылым, 2012 ж. 72-73 бет. 2. Мектептегі тəжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар, үшінші басылым, 2012 ж. 18-19 бет. 3. Бастауыш мектепте дарынды жəне талантты оқушыларға арналған оқу жоспарын құру. Dаvіd Fultоn. 4. Тиімді жоспарлау, Мұғалімге кеңес. НМЗ ДББҰ, 2015 жыл Астана

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, үшінші басылым, 2012 ж. 72-73 бет.

2. Мектептегі тəжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар, үшінші басылым, 2012 ж. 18-19 бет.

3. Бастауыш мектепте дарынды жəне талантты оқушыларға арналған оқу жоспарын құру. Dаvіd Fultоn.

4. Тиімді жоспарлау, Мұғалімге кеңес. НМЗ ДББҰ, 2015 жыл Астана

Тақырып бойынша глоссарий, кілт сөздер Белсенді сабақ - оқытушы мен студенттердің сабақтың өн бойында өзара белсенді әрекеті жүзеге асатын оқу мен оқыту әдісі. Табысты сабақ -сабақ мақсаттарының жүйелі құрылуы және оқу нәтижесіне қол жеткізетін сабақ түрі. Оқу мақсаты -белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Бағалау критерийі -оқу мақсаттарына жету қалай тексерілетінін көрсетеді, яғни, оқушы оқу мақсаттарына жеткенін көрсету үшін нені орындау қажеттігін сипаттайды. Қалыптастырушы бағалау -оқыту үшін бағалау, ынталандыру, жетелеу, критерийлерді айқындау арқылы жүргізілетін бағалау жүйесі.

Тақырып бойынша глоссарий, кілт сөздер

Белсенді сабақ - оқытушы мен студенттердің сабақтың өн бойында өзара белсенді әрекеті жүзеге асатын оқу мен оқыту әдісі.

Табысты сабақ -сабақ мақсаттарының жүйелі құрылуы және оқу нәтижесіне қол жеткізетін сабақ түрі.

Оқу мақсаты -белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі.

Бағалау критерийі -оқу мақсаттарына жету қалай тексерілетінін көрсетеді, яғни, оқушы оқу мақсаттарына жеткенін көрсету үшін нені орындау қажеттігін сипаттайды.

Қалыптастырушы бағалау -оқыту үшін бағалау, ынталандыру, жетелеу, критерийлерді айқындау арқылы жүргізілетін бағалау жүйесі.

https://kopilkaurokov.ru/literatura/prochee/baiandama_k_bitibaeva_debiet_distemesin_zertteushi Студенттің жұмыс үлгілері . Баяндама Калкаманова Дана

https://kopilkaurokov.ru/literatura/prochee/baiandama_k_bitibaeva_debiet_distemesin_zertteushi

Студенттің жұмыс үлгілері .

Баяндама Калкаманова Дана

Шығармашылық жұмыстар

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман- эпопеясындағы ұлттық ойындар көрінісін дәлелдеп жазыңыз.

М.Әуезовтың «Абай жолы» романы бүкіл әлемге әйгілі десек те қателеспейміз.Романда Абай атамыздың қызыға да құмарлана ойнаған ойындары арқылы ұлтымыздың ұлттық ойындары көрініс табады.Қазақ халқында ұлттық ойындар өте көп болған.Ұлттық ойындар- қазақилықтың нышандарының бірі.Автор романда Абай образы арқылы ұлттық ойындарымызды таныта алды ма?

Романның «1-кітабының «Өрде» тарауында Құнанбай Абайды Алшынбай аулына қайындатып, 30 шақты кісімен ұрын жіберді.Осыдан 10 жыл бұрын Ділдәні Абайға айттырған болатын.Енді Абай өзі таңдап ұнатқан сүйгені Сүйіндіктің қызы Тоғжанға қосыла алмайтынын білді.Өйткені, бірі- басқаның қалыңдығы, бірі- қыз айттырған күйеу.Екеуінің де ертеңі ата мен ананың әмірінде еді.Бұл жерде қайындау- қайын жұртын аралау дегенді білдірсе; ұрын бару- көне сөз, күйеу жігіттің қыз жеңгелеріне сый- сияпат алып, айттырған қыздың ауылына келуі.Сөйтіп, Алшынбай ауылына Абайдың ұрын келуіне арналған ойын-той өтті.Мұнда тыстағы ойындар:ат шабыс, көкпар, серке тарту, теңге алу, балуан күрестіру т.б ұлттық ойындар аталған.Автор ұрын келген жігітті сынап-мінеу мақсатында жиын тойда ойналған ойындардың өзіндік ерекшелігі бар екенін көрсете білді.

Сонымен қатар, романда Абайдың жақсы көріп ойнаған ойындары да кездеседі.Абай жақсы көріп ойнаған ұлттық ойындар кездеседі.Солардың бірі- «Ақсүйек» ойыны.Абай Жәнібекте, Сүйіндік ауылында, Тоғжанмен осы «Ақсүйек» ойыны арқылы табысып,Тоғжан аузынан «Топайкөк» әнін естиді. «Ақсүйек» ойынынан басқа, Ербол бастаған жастар «Алтыбақан» теуіп, «Серек құлақ» ойынын ойнайды. «Серек құлақ» ойынында Ерболдың өзі қасқыр болып, «қолды болатын» көп «қойлардың» ішінен әуелі Абайды алып қашып, ағаш арасына жасырады да, одан кейін Тоғжанды алып қашып, екеуін кездестіреді.Бұл ойын екі жасты табыстыратын ұлттық ойындардың бірі екен.Романда Абайдың ұнатып ойнаған ойыны арқылы өз ғашығымен оңаша кездесіп,ішкі сезімдерін бір- біріне жеткізуде «Ақсүйек» ойынының сол заманда өзіндік маңызының зор екенін ашып көрсетті.

I томның «Қияда» тарауында ұлттық ойындар, сол кездегі ойын сауықтардың барлығы түгелімен айтылған. Қадырбай ауылында ақын қызы Қуандық пен Қадырбайдың әндерін тыңдап, жастардың сауық кешінің ортасында болады. Романда:

«Отауға барған соң, қонақтар қасына көп қыз келіншек пен жас жігіттер жиылды.Ойын- сауық аса қызу боп басталып, таң аппақ атқанша солғындаған жоқ.Бұл түнде ұзақ әсем ән де шырқалып, «Ләппай тутәлә»,

«Орамал тастау», «Хан жақсы ма», «Мыршым», «Белбеу соқ» т.б күлдіргі ойындарының адам көңіл күйін көтеріп, бір сергітіп тастайтындығын көрсете білген жазушының шеберлігі деп білеміз.

Қорыта келгенде, ұлттық ойындарымыздың ойнау мақсатының өзіндік ерекшелігі бар екндігін жазушы Абай образы арқылы суреттей білген. «Абай жолы» романында да бұл айқын көрініс табады.М.Әуезовта бұл еңбегінде осыны ұмытпай, қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеген және Абай атамызды мысалға ала отырып өз туындысында ұлттық ойындарды көрсету арқылы романның көркемділігін арттыра білген.Қазіргі заманда да осы ойындар өз жалғасын тауып ұрпақтың игілігіне пайдасын тигізіп отыр. «Ережесіз ойын жоқ, аз ойна, көп ойла» демекші ұлттық ойындарымызды ойнаудан жалықпайық.

Сұрақ жауап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің филология факультетінің 4 курс студенті Булатова Сандуғаш Бақбергенқызынан алынған сұрақ жауап нәтижесі.

Сұрақ жауап

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің филология факультетінің 4 курс студенті Булатова Сандуғаш Бақбергенқызынан алынған сұрақ жауап нәтижесі.

Сабақ жоспары Жоспар

Сабақ жоспары

Жоспар

4 дағды бойынша тапсырмалар «Анасын сағынған бала» әңгімесі Айтылым. «Кезбе тілші» әдісі арқылы әр топтан бір оқушы келесі топқа барып, оқыған бөлімін баяндап береді.Кейін оқушыларға ауызша сұрақтар қойылады. Оқушылар қойылған сұраққа ауызша ия\жоқ деп жауап береді. 1. Сержан Есмағанбетке жиен болады ма? (ия) 2. Сержан әкесімен бірге тұрады ма? (жоқ) 3.«Балалы үйдің ұрлығы жатпас» шығарма тақырыбына сай мақал ма? (ия) 4. Әңгімеде қала тіршілігі суреттеледі (жоқ) 5. Сержан мылқау бала ма? (жоқ) 6. Балмұздақтың қалғанын ешкімге бермей, өзім жеймін. (жоқ) Оқылым. Оқушылар мәтіннен Есмағанбет пен Сержанның диологын рөлге бөліп оқиды. Жазылым. «Сиқырлы қалам» әдісі. Әңгіменің негізгі идеясын үш сөйлеммен қорытып жазып, ана туралы мақал-мәтелмен түйіндеу. Тыңдалым. Автор Тынымбай Нұрмағанбетовтің шығармашылығы мен өмірінен видеоролик көрсетіледі.

4 дағды бойынша тапсырмалар

«Анасын сағынған бала» әңгімесі

Айтылым. «Кезбе тілші» әдісі арқылы әр топтан бір оқушы келесі топқа барып, оқыған бөлімін баяндап береді.Кейін оқушыларға ауызша сұрақтар қойылады. Оқушылар қойылған сұраққа ауызша ия\жоқ деп жауап береді.

1. Сержан Есмағанбетке жиен болады ма? (ия)

2. Сержан әкесімен бірге тұрады ма? (жоқ)

3.«Балалы үйдің ұрлығы жатпас» шығарма тақырыбына сай мақал ма? (ия)

4. Әңгімеде қала тіршілігі суреттеледі (жоқ)

5. Сержан мылқау бала ма? (жоқ)

6. Балмұздақтың қалғанын ешкімге бермей, өзім жеймін. (жоқ)

Оқылым. Оқушылар мәтіннен Есмағанбет пен Сержанның диологын рөлге бөліп оқиды.

Жазылым. «Сиқырлы қалам» әдісі. Әңгіменің негізгі идеясын үш сөйлеммен қорытып жазып, ана туралы мақал-мәтелмен түйіндеу.

Тыңдалым. Автор Тынымбай Нұрмағанбетовтің шығармашылығы мен өмірінен видеоролик көрсетіледі.

Студент жетістіктері

Студент жетістіктері

Қорытынды есеп

Портфолиомен жұмыстану барысында тақырыбыма сай түрлі әдістемелік оқулықтармен жұмыстандым. Тақырып мәтіні қысқа, әрі ұғынықты болғанын қаладым. Сол үшінде нақты табысты сабаққа жету жолдарын іріктеп саралаған болатынмын. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің филология факультетінің 4 курс студентінен сауалнама алып, тақырып бойынша көзқарасын білген болатынмын. Сонымен қатар, практикада қандай тиімді әдістерді қолдана алғаны жөнінде қысқаша мәлімет сұрастырдым. Тақырып өте қызықты, әрі ауқымды болғандықтан мұғалімдердің «Табысты сабақ», «Табысты мұғалім-тиімді сабақ», «Белсенді сабақ жоспары» сынды мақалаларын оқып, өзінше көзқарас қалыптастырдым. 4 дағды бойынша тапсырмалар әзірлеп, оқу сайтына баяндама жарияладым. Сабақ жоспарын құрастырып, тақырып бойынша глоссарий жаздым.

Тақырыппен жұмыстану барысында материалдардың аз болуы және табысты сабаққа жетудің жолдары нақты факторға негізделмегендіктен ұзақ ізденісті талап етті. Дегенмен, ізденіс барысында табысты сабаққа жетудің бір емес, бірнеше жолы бар екендігіне көзім жетті.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Табысты сабақ нәтижесіне жету жолдары

Автор: Калкаманова Дана

Дата: 19.12.2023

Номер свидетельства: 642726

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "Баяндама. Та?ырыбы: «П?німді берудегі м?селелер ж?не оны шешуді? жолдары» "
    ["seo_title"] => string(83) "baiandama-tak-yryby-p-nimdi-bierudieghi-m-sielielier-zh-nie-ony-shieshudin-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "239110"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1444723687"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Баяндама: Математика саба?тарында ?лтты? ойындарды пайдалану "
    ["seo_title"] => string(63) "baiandama-matiematika-sabak-tarynda-u-lttyk-oiyndardy-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "190941"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427234826"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Күш пен қозғалыс Қозғалыс дегеніміз не?"
    ["seo_title"] => string(48) "kush_pien_k_ozg_alys_k_ozg_alys_dieghienimiz_nie"
    ["file_id"] => string(6) "380025"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484573715"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Коучинг саба?ына рефлексивтік есеп "
    ["seo_title"] => string(41) "kouchingh-sabag-yna-rieflieksivtik-iesiep"
    ["file_id"] => string(6) "153024"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1420959923"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) ""?аза? тіліндегі біріккен с?здер"  та?ырыбы бойынша саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(70) "k-azak-tilindieghi-birikkien-sozdier-tak-yryby-boiynsha-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "243218"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445669819"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства