Просмотр содержимого документа
«"Әлемге әйгілі - Әуезов" ашық тәрбие сағаты»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы:“Әлемге әйгілі – Әуезов”
Оқытушы: Магденов Р .М.
Семей-2017
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік:Мұхтар Әуезовтің өмір жолы шығармашылық қызметі жайлы мағлұмат бере отырып, жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру. М.О.Әуезовтің қаламынан туындаған көркем әдебиет туындылары жайлы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелік:Әлемге әйгілі, біртуар жазушы, ғасырлық туындының иесі М.О.Әуезовтің шығармашылығын дәріптей отырып, оқушыларды елін, жерін сүюге, алдыңғы буын әдебиет өкілдерін құрметтеп, олардың шығармашылығын терең меңгеріп, ұлттың қамын жейтұғын, отансүйгіш, ұлтжанды тұлға қалыптастыру барысында, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білуге тәрбиелеу;
Дамытушылық:Оқушыларды өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой-өрісін, рухани жан дүиесін байыту. Ойын ашық әрі еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Өзіндік ой-пікірін қалыптастыру, сөздік қорын молайту, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, қара сөзге деген көзқарасын дамыту.
М.О.Әуезовтің өмір жолы
Болашақ суреткер, Мұхтар Омарханұлы Әуезов – 1897 жылы қыркүйек айының 28-жұлдызында қазіргі Шығыс Қазақстан облысына (бұрынғы Семей облысы) қарасты Абай ауданының Шыңғыстау деген жерінде дүниеге келген. Өз әкесі Омархан да, атасы Әуез де ескіше сауатты, көзіқарақты, сөз өнерін қадірлейтін жандар болған. Атасынан ескіше сауатын ашқан Мұхтардың бала кезінен сусындап өскен рухани қазынасы – Абай өлеңдері. Бұл жөнінде жазушы: “Абай шығармаларын мен жастайымнан біліп өстім. Атам Әуез Абаймен дос еді. Ол кісі біз сияқты немерелеріне ақынның өз өлеңдерін де, аудармаларын да көп оқытатын. Әсіресе, Абай аудармаларын, Татьяна жанының нәзік сырын, оған Онегин жауабын жаттатқызатын. Біз болсақ, Татьяна кім, Онегин кім, онда жұмысымыз жоқ, атамыздың айтқанын істеп, жаттай бердік” – деп кейінірек есіне алатын болған.
Әуезов – қазақ болмысы мен мiнезiнiң ғажайып айнасы, қазақ өмiрiнiң кең тынысты көркем әдебиет пен көркем өнердегi келiстi кескiнi, қайталанбас полотносы, реалды шындығы, кемеңгерлiк кестесi. Өзi туған ұлтын бар болмысымен iшiнен үңги отырып тану, зерттеу, соны өзiне ғана, яғни, қазаққа ғана емес, жұмыр жердiң ұлы төсiн жайлаған кез-келген ұлтқа, әрбiр жұмыр басты пендеге түсiнiктi ете отырып, таныту – Әуезов әлемiнiң сиқырлы да сырлы қуаты.
М.О.Әуезовтің драмалық шығармалары:
“Еңлік – Кебек”
“Айман – Шолпан”
“Түнгі сарын”
“Шекарада”
“Абай”
“Қаракөз”
М.О.Әуезовтің прозалық шығармалары:
“Қорғансыздың күні”
“Жетім”
“Барымта”
“Қыр суреттері”
“Кім кінәлі?”
“Ескілік көлеңкесінде”
“Қараш-қараш”
“Қилы заман”
“Іздер”
“Қасеннің құбылыстары”
“Шатқалаң”
“Бүркітші”
М.О.Әуезовтің ғылыми еңбектері:
«Әдебиет тарихы»,
«Әр жылдар ойлары»,
«Уақыт және әдебиет»,
«Абай Құнанбаев»,
«Абайтанудан жарияланбаған материалдар»,
«Абайтану дәрістері»,
«Абай ақындығының айналасы»,
«Ескермедім, қабылдамадым»,
«Абайтану оқулары»,
«Әдебиет танытқыш»,
«Әдебиет теориясы»,
«Ертегі туралы»,
«Қобыланды батыр»,
«Қазақ әдебиетінің тарихы»,
«Бұхар жырау»,
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу»,
«Махамбет»,
«Некрасов өмірі»,
«Қырғыз дастаны – «Манас»»,
«Жақсы пъеса – сапалы әдебиет белгісі» т.б.
М.О.Әуезов очерктері:
«Оңтүстік сапарынан»,
«Америка әсерлері»,
«Индия очерктері»,
«Индия күнделіктері»,
«Түркістан солай туған»,
«Ол күнгі Алматы»,
«Абай ауылында»,
«Ер серігі - сергек ой»,
«Ақын елінде»,
«Асыл нәсілдер»,
«Үшқоңыр жайлауында» т.б.
М.О.Әуезов мақалалары:
«Адамдық негізі – әйел»,
«Қазақтың өзгеше мінездері»,
«Қазақ әйелі»,
«Оқу әдісі»,
«Ғылым»,
«Ғылым тілі»,
«Мәдениетке қай кәсіп жуық»,
«Мәдениет һәм ұлт»,
«Япония»,
«Философия жайынан»,
«Оқудағы құрбыларыма»,
«Бүгінгі зор міндет»,
«Өліп таусылу қаупі»,
«Қазақ оқығандарына ашық хат»,
«Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі»,
«Қызыл сұңқарлар туралы»,
«Сот»,
«Қазақ бөлімдері туралы»,
«Көркем әдебиет туралы»,
«Жалпы театр өнері мен қазақ театры»,
«Қазақстандағы ұлттар»,
«Алтынсарыұлы Ыбырай»
«М.Әуезов – әлем әдебиеті мойындаған тұлға» дейміз, себебі алғашқы жазба кездерi, Шумердiң қыш кестесi, ежелгi мысырдың папирустары, Вавилон мен Аккадтың сына жазуынан бастап мыңжылдықтардың, барлық ғасырлар мен дәуiрлердiң, барлық мәдениет пен өркениеттiң қатаң сұрыптауынан өтiп бiзге жеткен таңғажайып туындыларды жинақтаған ХХ ғасырдың ғаламат басылымы – iрiктелген Данте мен Шекспир, Толстой мен Томас Манн қатарынан, Горький мен Шолохов қатарынан – ұлы ескерткiштер жинағы 250 томының екi томы Мұхтар Әуезовке тиесiлi болуы кездейсоқ жайт емес.
«Абай жолы» эпопеясының өзі дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылса, оның бірқатар шығармалары ағылшын, албан, араб, армян, әзірбайжан, башқұрт, белорус, бенгал, болгар, бурят, венгр, вьетнам, грек, голланд, грузин, испан, қырғыз, серб, француз, қарақалпақ, словак, тәжік, татар, тува, түрік, түркімен, өзбек, хинди, парсы, поляк, пушту, румын, ұйғыр, украин, урду, фин, якут, чех, эстон, қытай, корей, латвия, литва, мари, молдован, монғол, неміс тілдеріне аударылған. Мінекей, осының өзі Мұхтар Әуезовтің – тек қана қазақ әдебиетінің ғана емес, күллі әлемдік әдебиеттің қайталанбас ұлы тұлғасы екендігін дәлелдейді.
Топтастыру:
М.О.Әуезов
Елбасымыз бір сөзінде:
«Мұхтар Әуезов – қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы суреткері. Осы бабамыздың өмірі мен еңбегі еліміздің бүгінгі тәуелсіздігін аңсап өткен. Мұхаңды құрметтеу – елдің тәуелсіздігін құрметтеу, өз еліңді сүю, Отаныңды қорғау, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямау», - деп айтып кетсе,
Н.Погодин«Әуезов Қазақстан үшін екінші Абай, біз үшін Шығыстың Шолоховы еді», - деген болатын.
М.О.Әуезов сынды заңған жазушыға талай ақындар жүрек жарды сүйікті жырларын арнаған. Атап айтқанда:
Қасым Аманжолов«Мұхтар аға!»
Сырбай Мәуленов«Мұқаңа»
Расул Ғамзатов«Мұхтар аға»
Әбдіраштың Жарасқаны«Тарих заңы»
Мұхтар Шаханов«Менің есімімді неге Мұхтар қойған?»