план конспект игры-урока соответствует ГОСО Республики Казахстан. Предназначена для учителей казахского языка и литературы с казахским языком обучения, работающих в 5-11 классах.
цель урока: Формирование умении использования пословиц и поговорок в устной речи.
Развивать интерес к устному нородному творчеству казахского народа.
задача урока: Привить любовь и уважение к традициям народа.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«конспект игры? урока по казахской литературе»
Тақырыбы : « 1001 мақал , 101 жұмбақ »
Мақсаты : Оқушылардың ой - өрісін дамыту , сөйлеу шеберлігін арттыру . Ана тілінің қадір – қасиетін бағалай білуге , құрмет тұтуға , елін , жерін сүюге тәрбиелеу .
Барысы :
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім :
А) « Мақал – сөз мәйегі » . ( Мақалшылар сайысы )
Ә) « Кім тапқыр ? » ( Жұмбақшылар сайысы )
ІІІ . Қорытынды бөлім . Жеңімпаздарды марапаттау
Жүргізуші :
– Балалар , мектебімізде ана тілі айлығы өтіп жатқаны баршаңызға мәлім . Айлық шеңберінде тілге қатысты көптеген іс – шаралар өткізілуде . Солардың бірі – бүгінгі «Мың бір мақал , жүз бір жұмбақ » сайысы .
Мақал – мәтелдер халық даналығы , тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні . Мақал – мәтелдерді орынды қолдану сөздің әсерлілігін күшейтеді , әрі ойды айқын жеткізуге көмектеседі . І – бөлімді бастамас бұрын сайыс шартымен таныстырайық . Мен мақал мәтелдің алғашқы бөлігін айтамын . Келесі сыңарын жылдам тауып жалғастырған оқушы сайысқа ойыншы ретінде қатыса алады .
1. Көп сөз – көмір , . . . . ( аз сөз алтын )
2. Өз білмегеніңді кісіден сұра , . . . .( үлкен болмаса , кішіден сұра )
3. Шебер – көптің атасы , . ...... ( шешен көптің анасы )
4. Тіл – сүйексіз , . . . . . . ( ақыл – түпсіз )
5. Тіліңмен жүгірме . . . ( біліміңмен жүгір )
6. Сөзде қаңқу жаман , . . . . ( ауруда шаншу жаман )
7. Қаһарлы сөз – . . . . . . . ( қамал бұзар )
Ортаға шыққан ойыншылар өздерін таныстырады . Ойын шарты бойынша І ойыншы тілге байланысты мақал айтады . Келесі ойыншы сол мақалдың ішіндегі кез – келген сөзді алып , сол сөз қатысқан мақал айтады. Реті бойынша үшінші тұрған ойыншы екінші ойыншының мақалынан сөз алып , мақал айтуы тиіс . Мүдіріп қалған немесе жаңылысқан ойыншы ойыннан шығады . Ойын соңғы ойыншы қалғанша жалғасады .
Көрермендерге мақалдың басы жасырылады , жалғасын тауып айтқандарға ынталандыру сыйлығы беріледі .
Жұмбақшылар сайысын бастамас бұрын жүргізуші ортаға жұмбақ жасырады .
1 . Төбедегі көзінен ,
Күн сәулесі түседі .
Бұрышы жоқ төрінен
Самал еркін еседі . ( киіз үй )
2 . Қабырғасы тор көз ,
Төбесінде зор көз ( кереге , шаңырақ )
2 - бет
3 . Суда қалқиды ,
Жылыда балқиды ( мұз )
4 . Сүйреңдеген хайуаннан ,
Бір сылым ет таппайсың ( маса )
5 . Бұталы биіктің екі бетінде екі бұлан жайылып жүр . ( 2 құлақ )
6 . Кішкентай сары безер ,
Жер дүниені кезер ( тиын )
7 . Өзі інде , әрекеті түзде ( тіл )
Жұмбақшылар реті бойынша бір – біріне жұмбақ жасырады . Соңында қалған ойыншы жеңімпаз атанады .
Жүргізуші көрермендерге жұмбақ жасырады .
1. Бетін адам ашады ,
Білім нұрын шашды . ( кітап )
2 . Болса да көкте мекені ,
Кездеспейді екеуі ( ай мен күн )
3 . Шеңбер жасап өседі ,
Желмен бірге көшеді ( қаңбақ )
4 . Үстінде жайнап тұр ,
Астында сайрап тұр . ( көз бен тіл )
ІІІ . Қорытынды кезең
Мақал – мәтелдер мен жұмбақшылар жеңімпазы ортаға шығады . Жүргізуші жұмбақ жасырады . Жұмбақшы шешуін табады . Мақалшы сол сөзге қатысты мақал құрап айтуы тиіс .
Жылт – жылт еткен ,
Жылғадан өткен (су )
Мақалдар :
Судың да сұрауы бар .
Бұлақ көрсең көзін аш
Суы бардың нуы бар т . б .
Алып кілем ,
Гүлге толы ,
Үсті кілең ( жер )
Мақалдар :
Жерің байдың – елі бай
Әркімнің туған жері өзіне Мысыр шәрі
Туған жердей жер болмас ,
Туған елдей ел болмас т . б .
Әділқазылар алқасына сөз беріліп , жеңімпаздар марапатталады .