Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Т. 7.2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау; А. 7.6. Кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттау; О. 7.5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну. |
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы жайында тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді. Оқушылардың басым бөлігі: Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсынады, ақпараттың өзектілігін анықтайды. Кейбір оқушылар: Берілген ақпаратты сипаттайды, мәтіннің негізгі мазмұнын баяндайды. |
Жетістік критерийлері | Мәтінді тыңдап түсінеді және оны қысқаша мазмұндай алады, сұраққа жауап бере алады, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін естеріне сақтайды, оларды тиімді қолдана алады. |
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты сөздік қор: |
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, ғаламтор. |
Осыған дейін меңгерілген білім | М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері (уақыты) | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздер |
Басталуы 2 минут | Ұйымдастыру кезеңі Топтарға бөлу. Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады. 1-топ «Адам» 2-топ «Табиғат» 3-топ «Қасқыр» (Әр топта бағалау парақшалары алдарында жатады).
| Слайдтар. |
Алдыңғы біліммен байланыстыру 3 минут | Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, өткен сабақты естерімізге түсірейік. «Түрлі – түсті » қалам арқылы үй тапсырмасын сұрау. 1.Мағжан Жұмабаев кім? 2. «Батыр Баян» поэмасының негізгі идеясы? 3. «Батыр Баян» поэмасының кейіперлері кімдер? 4. Баян батыр поэмада қалай сипатталған? 5.Қалмақ қызы қандай жағдайда қолға түсті? 6.Ноян туралы не білесіңдер? | Слайдтар, фото суреттер, ақындар туралы жазылған қанатты сөздер. |
Сабақтың ортасы 3 минут | Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың мақсаты қандай? Біз бүгін кім туралы білеміз? Сабақтың эпиграфы: «Мұхаңды құрметтеу - елдің тәуелсіздігін құрметтеу, өз еліңді сүю, отаныңды қорғау, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямау!», - деп елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Мұхаң мұрасы жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендеп айқындала түседі. «Мұхтар Әуезов - шақар шабытты және бақытты жазушы»- Николай Тихонов айтты. | Мұхтар Әуезовтың дауысы Аудиожазба көрсетіледі |
5 минут | Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығымен танысамыз. «Жас тілші» әдісі бойынша жазушы туралы мәлімет береді? 1.Мұхтар Әуезов туралы не білесіңдер? 2.Жазушының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі қандай? 3.М.Әуэзовтың шығармашылығы. | |
10 мин | «Ой қозғау» «Көксерек» фильмі жайында бейне сюжет көрсетіледі. «Көксерек» киносын көргендерің бар ма? «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихы қандай? Постер қорғау Әр топқа мәтіндер беріледі. Оқушылар мазмұнымен танысады, өзара талқылайды. «Адам» тобына – Оқиға мазмұнын айту «Табиғат» тобына – Оқиға желісімен таныстыру «Қасқыр» тобына –Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу. | Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
.
|
2 минут | Жаңа сөздермен сөз тіркестерімен жұмыс: Балалар, мәтіннің ішінде қандай қиын, түсініксіз сөздер Жондану- ет алып семіру, әлдену. Тағы –қолға үйренбеген жабайы жан –жануар. Барқылдақ –беталды, көп үре беретін. Шірет –кезек. Сойыл салым жер –өте жақын қашықтықты білдіретін халықтық өлшем. Көбең –ептеп оңалған, ет алған. Бықпырт тию- быт – шытын шығару. |
Оқулық |
| Шығарма мазмұны бойынша «»ПОПС формуласы арқылы білдіреді. | Дәптермен жұмыс |
Сабақтың соңы 6минут | Бекіту. Тест дұрыс жауабын таңдаңыз. «Көксерек» әңгімесінен келтірілген мысал қай жануардың бейнесі? Аяқтарының жуандық сомдығы кем емес. Дене жүні ақсарылау келгенде, маңдайы шаңқиған ақ маңғыл қасқа болатын. Екі көзі шатынап, шарасынан шығып тұрғандай үлкен. Үнемі от шашып тұратын қып-қызыл көз. Жотасы күлдіреуіштей. Құйрықтан ауыз омыртқаға шейін дөң сияқтанып, күдірленіп, дүңкиіп тұрады. Алдыңғы жағы арыстан бейнесіне ұқсайды. Көксеректің Қара төбеттің Аққасқаның Тазы иттің
Дұрыс, бұрысын белгілеңіз | дұрыс | бұрыс | «Көксерек» әңгімесі – адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма. | | | Жұмаш Көксеректі күшік кезінен асырайды. | | | «Көксерек» әңгімесі 1974 жылы жазылды. | | | М.Әуезов күнтізбе бетіндегі боранды күнгі қасқыр суретіне қарай жүріп, бала кезінде күніге аңшылардан естіген әңгімелерін еске түсіріп, «Көксерек» әңгімесін жазған болатын. | | | Көксерек ауыл иттерімен бірге қасқырларға шауып, ауыл малдарына жолатпай қояды. Қажетті сөзді жазыңыз. Кетерде бұның біреуінің қиып қалдырды да, екінші біреуін – ең алып жүріп кетті. Қажетті сөздер: тірсегін, аяғын, кенжесін, желкесін, үлкенін, ортаншысын. | | |
| |
Кері байланыс 4минут | «Көңіл –күй » әдісі арқылы кері байланыс жасаймын. ( «Мен үшін не қызықты болды?», «Мен не үйрендім?», «Мен не түсіндім?», «Не қиын болды?» деген сұрақтар жазылып тұрады. Текшені лақтырғанда әр топтан 2 оқушы сұраққа жауап береді). | Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады |
Үйге тапсырма 2минут | | |
Бағалау 4минут | Оқушылар бағалау парақшаларына бағаларын қойып, мұғаліммен бірлесіп оқушыларды бағалайды. | Бағалау парақшалары. |