Просмотр содержимого документа
«"К?ксерек" ??гімесі »
,Сабақтың тақырыбы: « Көксерек » әңгімесі
Сабақтың мақсаты :
білімділік : Әңгіменің мазмұнын меңгерту , тақырыбы мен идеясын , шығарманың тілін , кейіпкерлер бейнесін талдап , сұрақ беру арқылы оқып-үйрету , шығарманы сахналандыру, рөл орындаушы ақтаушы , даттаушы , сот , куәгер ретінде
сынып оқушыларын топқа бөлу арқылы өз бетінше ойлауға үйрету .
тәрбиелік : оқушыларды табиғатты қорғауға , экологиялық мәдениетті қалыптастыру , адамгершілікке , имандылыққа , сүйіспеншілікке тәрбиелеу .
дамытушылық : өз бетінше ойын еркін жеткізе білуге , қорытынды жасай білуге , сөздік қор мен сөйлеу мәдениетін дамыту .
Сабақтың әдісі : сұрақ- жауап , пікірлесу , шығармашылық жұмысты талдау , сахналау .
Әңгіме бойынша әр топ өздері дайындап келген сұрақтарын бір-біріне қояды .
Өткен тақырыпты төмендегі сөзжұмбақтар арқылы қорытындылаймыз .
Сөзжұмбақ .
Б ө л т і р і к
ө к п е
к ө к
А қ қ а с қ а
Қ а с е н
Қ ұ р м а ш
Б е й с е м б а й
к е н ж е
1. Қасқырдың күшігі .
2. Көксеректің қай жеріне пышақ тығылды .
3. Қасқырдың түсі .
4 . Ит .
5. Аққасқаны баптаушы , иесі .
6 . Әңгімедегі кейіпкер .
7 . Көксерекке пышақ тыққан кім?
8 .Ауылға жеті күшіктің қайсысын әкеледі ?
Қатысушылар:
Ақтаушы .
Даттаушы .
Сот .
Куәгерлер.
Данияр: Сот . Қараадыр ауылында болған Көксеректің қылмысты істеріне байланысты болғалы отырған сотты ашық деп жариялаймын.
Сөз даттаушыға беріледі .
Жансая : Даттаушы : Көксеректі ауыл адамдары үй , ауыл иті үшін күшік кезінен ауылға алып келеді . Бірақ Көксерек өсе келе , ауылдан қашып кетіп, басқа қасқырлармен қосылып , ауыл малын жеп , адамдарға шауып , ақырында өзін баққан Құрмашты өлтірді . Өзі де иттің арланы Аққасқамен шайқаста өлді . Біздің мақсатымыз Көксерек және басқа да қасқырларды адамның ғана емес , табиғат жауы екендігін дәлелдеп , оларды қайда көрсек те жазалау керектігін сұраймыз .
Данияр: Сот: Көксеректің қылмысиы істерін көрген куәлар бар ма ?
Солар шақырылсын .
Куә ( көршісі ): Әдемау : Бір күні түнде оянып кетсем , қой қора жақтан қойлардың маңыраған дыбысы шығады . Ай жарық еді .Шығып қарасам , Көксерек қойларды иіскелеп жүр . Өзі даланы жақсы көретін .Тек иттерден қорыққанынан ғана үйде жататын .
Ақтаушы : Айдана : сұрақ қоюға бола ма ? Көксерек сол түні қой я қозыңызды жаралады ма ?
Куәгер : Нұрбол : Жоқ . Егер уақытында шықпағанда жаралар ма еді?
Куә: Рамазан : Менің қара ала төбетімді бір күні бас салып , алқымынан тістеп , жұлқып жіберді . Өзім келіп араға түспегенде, өлтіретін еді .Сонда мен Құрмашқа айттым :
« Бұны өлтіріп , терісін алу керек . Кәпір , түбінде ел болмайды » , -дедім.Құрмаш тыңдамады .Бір күні төбетім жоқ болып кетті .
Ақтаушы : Ақылбек: Көксерек төбетіңе өзінен- өзі тиісті ме?
Куә : Қуаныш : Жоқ . Көксерек тамақ ішіп жатыр еді.Төбетім бұрын да Көксеректің тамағын тартып ішетін . Онда үндемеуші еді .
Куә: Толқын:
Ақпанның боранды аязды күні . Алысқа шықпай , ауыл маңында қой бағып жүр едім .
Баубек:
Маулен:
Жалғас:
Әнуар:
Бекғали:
Айнұр:
Нұржігіт:
Диляра:
Данияр: Сот:
Аяжан:
Жаһангер:
Данияр: Сот.
І. Ғаламтордан қызықты мәлімет айту.
ІІ. Қасқырға байланысты ырым-тыйым сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестер айту.
ІІІ. Суретпен жұмыс .Оқушы салған суретін таныстырады.
Бекіту .
Бағалау.
Үйге тапсырма : Әңгімені оқу , мазмұнын айту. « Адамзат - табиғат иесі » . шығарма жазу.