Просмотр содержимого документа
«М?хтар ?уезов «К?ксерек» ??гімесі»
«№41 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Күні:23.01.2016 жыл
Пәні: әдебиет
Сынып: 7 «А»
Пән мұғалімі:М.У.Жарылкапова
Қарағанды 2016
Сабақтың мақсаты:
білімділік: көркем шығарманың мазмұнын меңгерту, шығарманы оқып-үйренудің әдіс-тәсілдерін дұрыс қолданып, талдай білуге баулу, қасқырдың тағылық жолға түсу жолдарын суреттеудегі жазушының шеберлігін таныту;
дамытушылық: шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай білуін, нақты сөйлей білуін дамыту, сөздік қорын,бір-бірін тыңдап, ой бөлісе алуға дайындау;
тәрбиелік: әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді дамыту.
Сабақтың идеясы: .
Айналаны қоршаған табиғаттың заңы, өзіндік ерекшелігі бар, оны адамның түсіне білуі қажет деген ойды білдіреді.
Хайуанатқа жасаған қиянатың,
Адамзатқа жасаған опасыздық. (Қадыр Мырза Әлі)
Күтілетін нәтиже: оқу үрдісін қалыптасырады, оқушының қисынды ойлауы жетіледі, танымдық іс-әрекеттер арқылы шығармашылығын дамыта отырып, қызығушылығы артады.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын пысықтау:
«Менің шығармадан алған әсерім» шығарманы тексеру(3мин) Ыстық орындық.Үй жұмысын бағалау
Сабақтың барысы
Топқа бөлу
Топтастыру Төрт топқа «Адам», «Қасқыр», «Табиғат», «Шығарма» сөздері жазылған плакат беріледі.Осы сөздер бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза бересіз. (3мин) Топты бағалау
Әр топтың жетекшісі өз тобынан жауап берген оқушыларды белгілеп отырады.
Кубизм әдісі бойынша мына кубикті топтарға кезекпе-кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз Дайынбыз ба?
1.Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.
2. Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.
3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?
4.Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
6.Талда. Көксеректің қатігездігін қай тұстарда байқадыңыз?
Сергіту сәті.Логикалық сұрақтар.
1.Бір жүз екі құлақ неше адамның құлағы?
2.Аспанда үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың бірін атып алды.Аспанда қанша түйеқұс қалды?
Толғаныс. Синквейн- әдісі бойынша «қасқыр», «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.
1.Қасқыр
2. Жыртқыш,қомағай.
3. Ұлиды, шабуылдайды, жортуылдайды
4. Қасқыр-түз тағысы, перзенті.
5. Бөрі,көкжал.
1. Аңшы
2. Қырағы,сақ
3. Атады,көздейді, аулайды,
4. Аңшы қансонарда аңға шығады.
5. Мерген.
Асық ойыны. Сұрақтар қояды.
Шығармашылық жұмыс: Қасқырға байланысты мақал-мәтел айтады.
Әр топтан бір оқушыдан шығады
Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.
Қасқырдың аузы жесе де қан,жемесе де қан.
Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.
Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар
Қорытынды: Қасқырдың болмысы адам тәрбиесіне көнбейді екен,түз тағы да
өмір сүруге құқылы.Адамдар табиғат заңдылығын бұзса,ол өзіне қауіп төндіреді.Сабағымызды табиғатын бастап едік,табиғатпен аяқтайық.Жер бәріміздің ортақ үйіміз.Ол аңға да,адамға да жетеді.Сондықтан да сыйысып-сыйласып тату өмір сүрейік.Әңгімедегі бейкүнә бала Құрмаштың өлімі-табиғаттың адамға берген жауабы секілді,екі аяқты пенделер,біздер табиғат заңдылығын бұзуға хақымыз жоқ.
Себебі,адам мен табиғаттың арасындағы үйлесімділік сақталуы тиіс.
Табиғат-Ана!
Табиғаттың сырын танып,білейік,
Табиғаттың тілін ұғып көрейік,
Тыныштығын сақтап өмір өзеннің,
Ізгіліктің шамын жағып жүрейік!
Адам рухани дүниесінен сыртқы табиғат құрылысын тану арқылы табиғат құрылысын тану арқылы қалыптасады.
(Ш.Айтматов.)
Білімді бекіту: Оқушылар бүгінгі күн сабағының қалай өткенін, стиккерлермен, ұсыныстарын білдіре отыра жазады.
Білімді бағалау: Топ басшыларынан бағалау парақшаларын алып, бүгінгі сабаққа белсене отырған балаларлы бағалаймын.
Үйге тапсырма: «Адамның ең жақсы қасиеті-жақсылығы» тақырыбында шығарма жазу.