Қазақ әдебиеті сабағында инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі.
Қазақ әдебиеті сабағында инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі.
Бала -қашанда бала.Оны ересектер өмірге дайындайды. Бұл істе ата-анадан кейінгі тұлға мұғалім. Ұстаздың міндеті -жас ұрпаққа саналы білім беру, ғылымға баулу, тәрбие беру. Бұл әдістемелік жұмыстың басты мақсаты.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қазақ әдебиеті сабағында инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі.»
«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің Чапаев негізгі мектебі» ММ.
Қазақ әдебиеті сабағында инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі.
(Мұғалімдерге арналған әдістемелік көмекші-құрал)
Құрастырған: Ергалиева Алтын Шортанбаевна
Қостанай қаласы
2017ж.
Түсінік хат.
Кай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, онымен шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Еліміздің тәуелсіздігін алып, ұлттық дамудың сара жолына түсу, білім беру ісін жолға қоюды талап етіп, әлеуметтік маңызды жұмыстарды орындауға ықпал етті.
Біздің қазақта «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген аталы сөз бар. Халық пәлсапасын түйіндеп айтқанда бұл мақалдың қай заманда қалыптасып, қанша ғасыр өмір сүріп келе жатқанын айту қиын болар. Анығы – тоқсан ауыз сөзді түйіндеп айтуға шебер, шешен қазақ халқының білек күшінен гөрі білімді ерекше бағалап, оны өмірлік мұрат етуді кейінгіге аманат еткен.
Білім жолы – қиын да қастерлі жол. Бұл жолда талмай тынымсыз еңбектеніп, шығармашылық ізденуден, үйренуден жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табысқа жете алады. Ал бүгінгідей кезеңде бодандық құрсауынан құтылып, тәуелсіз ел атанған жас қазақ мемлекетінің жаңаша даму сипатына сай оның білім беру ісінің мазмұны да, көп сатылы құрылымын да толығымен қайта жаңарту үшін шынын айтсақ, жай ғана еңбекшілдік те аздық етеді. Бұл жалындаған патриоттықты, шын мәніндегі отаншылдықты қажет ететін іс. Қазақ елінің қандай болсын қиындықты жеңіп шығып, өркениетті елдер қатарына жылдамдату үшін оның даму айдынындағы сенімді компасы, күш-қуатының қайнар көзі іспетті білім шамшырағы самсай жанып, қазақтың әр баласының жүрегіне өшпес сәуле түсіруі керек. Бұл ұстаздықты нәсіп еткен әрбір зиялы жанның кәсіби ғана емес, адамдық асыл мұратына, биік парызына айналуы тиіс. Сүйікті отанымыздың – туған Қазақстанымыздың мүддесі осыны талап етеді.
Бала – қашанда бала. Оны ересектер өмірге дайындайды. Бұл істе ата-анадан кейінгі тұлға мұғалім. Ұстаздың міндеті – жас ұрпаққа саналы білім беру, ғылымға баулу, тәрбие беру. Бұл әдістемелік жұмыстың да басты мақсаты.
Қазіргі таңда әр ұстаз өзінің сабақ өткізу бағытында сабақтың сапасын, мазмұнын, әдістерін жаңа деңгейге мүмкіндігінше көтеруге тырысу керек. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Сол сабақ нәтижелі, сапалы, жақсы ұйымдастырылған болып өту үшін мүғалім оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін жақсы меңгерген және өз ісінде оны тиімді пайдалана білуі керек. Оқушылардың алатын білім сапасы оқыту дәрежесіне тәуелді. Еліміздің ертеңі, өрімтал ұрпағымызды өз ұлтын сүю, ата-баба рухын, салт-дәстүрін құрметтеуге үйрету ұстаздар алдындағы басты міндет болып табылады.
Білім беру – аса жауапты іс. Өйткені, сол арқылы тұлға қалыптасады.
Сондықтан да:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, біз де әрбір шәкірттің жүрегіне жол таба біліп, қолымыздан келгенше білім беру саласын жақсартуға бағытталған жұмыстар жасауымыз керек.
Оқытушы өз ісіне деген сүйіспеншілікті
оқушыға деген сүйіспеншілік пен ұштастыра
алғанда ғана шын мәніндегі оқытушы болмақ.
Л. Н. Толстой
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Сабақ – ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы «шығарманы» алдында отырған оқушыларға игерту де оңай шаруа емес. Ол үшін мүғалімнің біліктілігі, іскерлігі, көптеген әдіс-тәсілдерді қолдана білу, айтқанын оқушы жүрегіне жеткізе алатындай шешендігі, шебер ой өрнегі болуы керек.
Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, оқыс әрекеттер кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей сабақ үрдісін түрлендіріп отырады. Бүгінгі таңда озат педагог-ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің неше түрлі жаңа тәсілдері жеткілікті.
Педагогика саласында жаңа әдіс-тәсілдер арқылы баланы жан-жақты дамыту, қай білім саласы болса да, мұғалім балаға тәжірибеде сол саладан білімін қолдана алатындай деңгейде білім беріп, оқытып шығару қажеттілігі негізінде жаңа технология түрлерін сабақты оқыту барысында тиімді кеңінен қолданылуда. «Техно» - грек тілінен алынған , өнер, шеберлік, ал «логос» - ғылым деген мағынаны білдіреді.
Технология дегеніміз – белгілі бір үрдістерді жүзеге асыру жайындағы білімдердің жиынтығы, оқу үрдісін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатка жұмылдырылған алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер. Сонымен бірге оқу үрдісін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы және білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету үрдісінің сипаттамасы.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекщеліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат-мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдісті жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады.
Оқу жоспарын жасағанда оның бағдарламасы мен оқулықтарынғы оқу материалдарын іріктеп, таңдауға оқушылардың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Сондай-ақ әрбір сабақтың мазмұнына қарай амал-құралдарды қолдануда оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне үлкен мән беріледі. Атап айтқанда, оқушы материалын терең түсініп, саналы меңгеруі үшін, оның тақырыптық ішкі заңдылығы мен өзара байланысын дұрыс анықтап, тиісті қорытынды жасай білуі қажет. Оқушы бірінші сыныптан бастап қазақ тілін үйрену барысында тілдегі түрлі атауларды (әріп, дыбыс, буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, сөз бен сөзді байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілері – нүкте, үтір, сұрау белгісі, леп белгісі, сызықша, қос нүкте, түрлі грамматикалық анықтыма, ережелерді) оқып үйренеді.
Қабілеті әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын бірден меңгеріп кету мүмкін емес, тек оның негізгі қажеттілерін ғана есте сақтауы мүмкін.
Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазуларын пайдалану арқылы оқушылардың есте, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілеттерін дамытуға көңіл бөлінеді.
Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Оқушылардың білім сапасының көп жағдайларда төмен болуы, осындай түрлі ойлау әрекеттеріне бейімделмеуден деп айтуға болады.
Қазіргі кезде қазақ тілі мен әдебиетін қандай бағытта, қандай мазмұнда оқыту керек?
Меніңше, коммуникативті-функционалды бағытта болуға тиіс. Сондықтан тілдің коммуникативті механизмін ашу керек. Яғни оның сөйлеу процесіндегі, сөйлем құрудағы, сурет бойынша әңгіме құрастырудағы ролі амал-құралдар арқылы меңгертіледі.
Ең алғаш қазақ тілін үйрету барысында оқушыларға айналадағы өзі қоршаған ортаны, заттарды, құбылыстарды таныстыру көзделеді. Бұлардың бәрі де оқушыларға белгілі бір тақырып айналасында екінші біреудің сөзін есту арқылы, онымен өзі әңгімелесіп, сөйлеу арқылы, мәтінді оқыту арқылы меңгертіледі. Яғни оқушы қазақ тілінде сөйлесу арқылы қарым-қатынас жасайды.
«Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатса оның мұғалімдігі де жойылады» - деген К.Д.Ушинский.
Мұғалім – мектептегі басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып, жетекші болады. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Мұғалім жұмысындағы, әсіресе, сабақ беруіндегі бір ерекшелігі – ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолдана отырып, іскерлік жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ыңғайлы етіп ұсынады.
Әрбір педагогтың инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.
Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ: білім сапасының төмендігі; білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы; құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы; білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы; білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Инновациялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
- жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Мемлекет мәдениетінің айнасы – мектеп. Шын мәнісінде еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, психологиялық жай-күйі халықтық білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс-әрекетінен анық аңғарылады. Осы орайда Әбіш Кекілбаевтың «Уақыттың жалғыз өлшемі бар: ол – адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс» - деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен істі атқарар бір сала – мектеп.
Бүгінгі күн талабы білім беру ісінде көптеген жаңа құндылықтарды жүзеге асыруды қажет етеді. Өйткені, біз мұғалімнен, мектеп басшысынан айрықша ойлануды талап ететін, әлемдік білім кеңістігіне еркін самғауды қажет ететін, айналаның бәрі: өмір, ғылым, мектеп пен оқушылар, мұғалімнің еңбегі т.б. өзгеріп жатқан уақытта өмір сүрудеміз.
Бұл кезең педагог пен оқушының жеке қасиеттерінің, іс-әрекеттерінің реформалау кезеңі, жаңа педагогикалық идеяларды, ойлауды ізгілікке бағыттаудың, балаларды жан-жақты дамытудың ашық жүйесі деп түсінуіміз керек.
Ал мектептегі негізгі тұлға – нағыз ұстазды жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық тәсілдерді жүзеге асырушы жан деп қабылдаймыз. Білім беру үрдісінде демократияландыру мен ізгілендіру бағытын ұстану баланың интелектуалдық қасиетін және тұлға ретінде дамуын қамтамасыз етумен бірге, оның бойына адами құндылықтарды сіңіру, жалпы адамзаттық құндылықтарды қадірлеу болып табылады.
Біріншіден, оқу-тәрбие үрдісінде осындай маңызды мәселелерді жүзеге асыратын адам - мектеп директоры. Осы арада мектеп директорының қандай болу керектігі өз міндетінің мазмұны мен мәнінен туындайды. Қазіргі басшы шығармашыл болуы керек. Ол мектеп алдында тұрған мақсат, міндетті толық жүзеге асырушы, оқу-тәрбие үрдісіндегі олқылықтардың себеп-салдарын анықтап, кемшілікті жоятын, білім берудің, яғни, оқытудың әдіс-тәсілдерін, түрлерін, басқарудың тиімді технологиясын қолдана білетін педагог болуы тиіс.
Екіншіден, оқушылардың танымдық, сезімдік құндылықтарын, педагогикалық іс-әрекеттерді дамыту тікелей мұғалім қызметіне байланысты, өз пәнін терең білетін, әдістемелік шеберлігі шыңдалған мұғалімнің әрбір сабағы оқушылардың пәннің асыл қазынасынн қастерлеуге биік адамгершілікке баулитыны анық, сонымен қатар оқытудың жаңа технологиясын қолдана отырып, сабақ жүргізудің тиімді әдістерін таңдап алу өмір талабы.
Мектептің барлық басқыштарында оқыту оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып құрылады. Танымдық қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып оқыту, оқушылардың денсаулығын сақтау мен шыңдауды мүмкіндігінше қамтамасыз етудегі бейімділіктің негізгі принципі болып табылады. Бұл принципті жүзеге асыру шарты – баланың жасына қарай өзін-өзі бағалауы, психологиялық процестердің ерекшелігі, шығармашылық қабілеттері, т.б. қасиеттері.
Қазіргі мектепте білімнің жалпылама басымдылығын өзгертіп, екпінді заңды қатып қалған білім беруден қызмет әдістеріне, ойлау қабілеттерін дамытуға, сезініп қабылдауларына негізделетін әдіс-тәсілдерге бағыттау керек. Оқушылардың өз бетімен білім алу, мәліметті жинақтауда ізденулеріне, зерттеу жұмыстарына ат салысуға, өз бетімен шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруды күшейту олардың танымдық қызығушылығын, оқуға деген мотивациясын арттырады.
Оқытудың әр түрлі түрлері мен әдіс-тәсілдері бар. Оның ішінде кең тараған түрі – сабақ. Одан басқа лекция, семинар, топпен оқыту, іскерлік ойындар машықтану, олимпиада, экскурсия, үйірмелер, шеберханалар, шығармашылық жұмыстарды қорғау, ҰБТ, шығармашылық сабақтар т.б. оқытудың түрлеріне жатады. Ең негізгі оқытудың түрі – сабаққа тоқталсам, сабақтың бірнеше түрлері мен формалары бар. Олар: семинар сабақ, емтихан сабақ, іздену сабағы, пікірлесу сабағы, көркемдеп оқу сабағы, жобалау сабағы, жарыс сабақ , сот сабағы, конференция сабағы, машықтану сабағы, ойын сабағы, білім мен шығармашылық конкурстары, тест сабағы, өзара оқыту, викторина сабағы, есеп сабағы, пресс-конференция сабағы, фантазия сабағы, саяхат сабағы т.б. Сабақтар қазіргі заман талабына сай, ғылыммен ұштасып жатады, яғни:
1. Оқушы мұғалім оқушы.
2. Дифференциалдап оқыту.
3. Тереңдетіп оқыту.
4. Зерттеу.
5. Ауырдан жеңілге көшу приципін пайдалану.
6. Ашык перспектика принципін қолдану - сияқты көптеген инновациялық методикалық тәсілдер пайдаланылады. Оқытудың қазіргі әдістері мұғалімдердің бүгінгі ұрпағы үшін жаңа көрінгенімен, тиімділігі бұрынырақ дәлелденген. Мысалы жиырмасыншы жылдары Г.А.Ривин «Талгенизм» әдісі деп атап, тиімділігін тәжірибеде дәлелдеген, ұстаз жолын жалғаған шәкірті В.К.Дьяченконың табандылығының арқасында бізге жаңалық болып, жеткен әдісі бойынша оқушылар негізінен серіктесіп немесе топтасып жұмыс істейді. Оқушы өзі қабылдаған жаңа білімді бірден тәжірибеде қолданса, не біреуге үйретсе ғана тез әрі саналы меңгереді, яғни бір нәрсе білсең оны бірден басқаға айт, түсіндір, тәжірибеде қолдан, қажет болса бір емес бірнеше рет. Осы әдіс негізіндегі нәтижені төмендегі сызбадан көруге болады:
дамыған адам
Әдіс Мақсат Мазмұн Нәтиже толық игерілген тақырып
дамыған ұжым
Ұжымдық ойлу іс-әрекеті.
Бұдан басқа көптеген мысалдар келтіруге болады.
Бұрынғы кезде мұғалімнің ісі тек сабақ беру болса, бүгінгі педагогикалық дидактикалық ұстанымдарға жүгінсек, оқытудың басты міндеті мұғалімнің білім беру және оқушының білім алу қызметтерінің біріккен түрі екенін көреміз. Сондықтан дәл қазір оқушының қызметін басымдау қылып, үйренуші тұлға тек шәкірттер екенін үнемі есте сақтап, бүкіл білім беру жүйесінің жұмысын осыған бағыттау керек. Себебі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында мектеп шәкіртін оқу үрдісіне қатысатын басты субъект ретінде қарап, дара тұлғаға заман талабына сай оқыту-тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері болуы тиіс екендігі ерекше аталады. Заман талабына сай білім беруде оқытудың әр түрлі әдістері қолданылады. Оның ішіндегі кең таралғаны өнімді, тиімді оқыту. Бұл әдіс ,негізінен, 12 жылдық білім беруде тиімді - әдіс, өйткені бұл әдістің ерекшелігі белгілі бір объектіні тануында, білімнің өнімділігінде. Қай әдісті алсақ та, ол баланың шығармашыл, өз ой-пікірі бар, зерттеу қабілеті дамыған, тәжірибеде теориялық білімін пайдалана алатын, жеке дара тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізуі керек. Оқыту әдісі – бұл сабақтың негізгі құрамдық бөлігі, сабақтың үш мақсатына жету кілті. Оқыту әдісінің классификациясы:
Білім беру көзі: сөздік, көрнекілік, практикалық;
Оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынастың барысы: шығарма, әңгіме, өз бетімен жұмыс;
Нақты дидактикалық тапсырмаларға негізделу: қабылдауға дайындық, түсіндіру, материалды бекіту;
Оқыту барысында оқушылардың дүниетанымын дамыту: корнекіліктер арқылы түсіндіру, репродуктивті, проблемалық, іздендіру, зерттеу;
Білімді бөлімдерге бөлу немесе топтастыру: аналитикалық, синтетикалық, салыстыру, дамыту, классификациялау;
Ойдың білместіктен білуге қарай ұмтылуы: индуктивті, дедуктивті, прадуктивті.
«Халық пен халықты, ел мен елді теңестіретін тек ғана білім» - деген М.Әуезовтың сөзі елімізде жоғары интеллектуалды жастар – еліміздің абыройын арттырып, әлем алдындағы беделі мен мерейі өсіретіндігіне дәлел. Сондықтан жеке тұлғалардың дара қасиеттерін, дарынын аша отырып жұмыс жүргізу мектептің педагогтар қауымының жұмыла көтерер жүгі.
Қазіргі нарықтық жағдайымызда болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы етіп тәрбиелеуде егеменді елімізде қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр.
Қазақ тілін үйрету барысында оқушыларды қазақ елінің салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, мәдениетімен таныстыру оларды жан-жақты дамуына, тілге деген көзқарастарының қалыптасуына көп көмегін тигізеді.
Әдістеме ғылымы әрқашан білікті мамандардың өзіндік сабақ беру шеберлігімен дамып, жаңарып отырады. Яғни, әдістеме көп жылдар бойы ұстаздық қызметтегі тәжірибе мен күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысты. Өз мамандығын шын сүйетін, өзі оқытатын пәнін жақсы көретін мүғалім әрбір сабағын ерекше дайындықпен және үнемі ізденіс үстінде жүргізеді. Оқушылардың ынтасын арттыру, пәнге қызығушылығын дамыту, білімді берік те саналы жеткізу жолында жаңаша әдіс-тәсілдерді ізденіп қолданады.
Қазіргі кезде қоғамдағы өзгерістер білім беру жүйесінде де ықпал ететіні сөзсіз. Мұғалімге білімді біржақты формада ғана емес, оқушылардың оқуын басқару, бағыт-бағдар көрсетіп, жол сілтеп, кеңес беріп отыру қызметі жүктеледі. Қазақ тілі пәні бойынша оқушы ереже немесе ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық мәселелер, қағидалар меңгертілуі тиімді болып табылады.
«Педагогикалық технологиялар дегеніміз – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі» педагог – ғалым В. М Монохов.
Қазіргі заманның қоғамдық әлеуметтік басты мәселердің бірі басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде сөйлей білуі. Оқу орындарында жаңа технологиялар арқылы оқыту қазақ тілін үйренудің сапалы мен маңызын арттырады.
Соның ішінде білім берудің мынадай жаңа технологияларын атап өтуге болады: - В.Ф.Шаталов технологиясы «Саралап оқыту технологиясы»,
«Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы»,
«Ұжымдық оқыту технологиясы»,
«Ш.А.Аманашвили технологиясы»,
«Ақыл-ой, іс-әрекеттерді жандандырудың тәсілдерін оқыту технологиясы»,
«Модульдік технология»,
Қазақстандағы «Сорос-Қазақстан» жәрдемімен жүзеге асырып жатқан оқытудың американдық үлгілері (дебат, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ойлау дағдыларын жетілдіре отырып, мақсат қою технологиясы),
«Ынтымақтастықта оқыту технологиясы». Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі ол – білім берудің ізгілікті және дамытушылық сипаты, жеке адамды қалыптастырудағы бағытталған ролы және жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі болып отыр. Жеке тұлғаның жалпы дамыту, әсіресе, шығармашылық қабілеттерін дамыту проблемасы біздің еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық өміріне енуі үшін қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болуының себебі, өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім беру мен тәрбиелеу, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын жетілдіруді, кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін талап етеді.
Әдістемелік инновациялардың көпшілігі интерактивті оқыту әдістерімен байланыстырылған. «Интерактив» сөзі ағылшынның «interact» сөзінен шыққан, мұндағы «inter» – бірлесіп, өзара, «act» – әрекет ету деген мағынаны береді. Яғни интерактивті оқыту дегеніміз – сұхбат арқылы оқыту. Сұхбаттық оқытуды дәстүрлі сабақ формасында да ұйымдастыруға болады, бірақ ол «оқытушы – оқушы», «оқушы – аудитория» сызбасы бойынша ғана ұйымдастырылады. Ал интерактивті оқытуда «оқушы – оқушы», «оқушы – оқушылар тобы», «оқушылар тобы – аудитория», «оқушы – құрылғы» сызбасы бойынша ұйымдастырылады.
Интерактивті оқыту – танымдық әрекеттерді ұйымдастырудың арнайы формасы, яғни білім алу процесін ешкім сырт қалмайтындай етіп ұйымдастыру. Интерактивті оқыту формасында оқушы мен оқытушы арасындағы қарым – қатынас үлгісі де өзгереді: оқытушы белсенділігі төмендеп, оқушы белсенділігі артады. Ал оқытушының міндеті – оқушы белсенділігін, шығармашылығын арттыру ояту үшін қолайлы жағдай туғызу болып табылады.
Жаңа білім алу процесі оқушы үшін қолайлы атмосферада жүргізіледі. Интерактивті технологияның тәрбиелік мүмкіндіктері де маңызды: оқушылардың коммуникативтілік қасиеттерін дамыту мүмкіндігін береді. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білуге, басқалардың пікірін тыңдауға үйренеді. Жасқаншақ оқушылар жүйкелеріне түсетін салмақтан да арылады, өйткені оқушылар оқытушы тарапынан ескерту алудан қорықпайды.
Бүгінгі таңда оқытушылар өз тәжірибелерінде әр түрлі оқыту технологияларын қолдануда. Солардың бірі М.Жанпеисованың модульдік оқыту технологиясы. Мен өз тәжірибемде модульдік оқыту технологиясын қолданамын, өйткені ол маған сабақтарымда интерактивті оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігін береді.
Бұл оқыту технологиясының ерекшелігі тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін – өзі бекіту, қарым – қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы.
Оқу модуль қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.
Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Осы технологияның басты ерекшелігі – оның тек білімді ғана меңгеруге ғана емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасаған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттануға белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталады.
Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғыснан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге қазақ тілі мен әдебиетінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын. Көбіне 5 жолды өлең, РАФТ, инсерт, Венн диаграммасы, топтастыру сияқты әдістерді сабағымда жиі қолданамын. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының басты ерекшеліктері мен қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы қолданылу жолдарына тоқталмақмын. Алдымен, бұрыннан өткізіп жүрген дәстүрлі сабақтар. Мен қазіргі жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақтарды салыстыра отырып, төмендегі айырмашылықтарды байқадым. Дәстүрлі сабақтар үрдісінде
Мұғалімнің әдістері 1. Тақырып түсіндіреді. 2. Кейіпкерлер туралы немесе қазақ тілі бойынша ережелерді түсіндіру. 3. Шығарманың идеясын анықтайды, талдайды. 4. Шығарма жазу тапсырылады.
Оқушының іс-әрекеті
1. Мазмұнын айтып береді. 2. Кейіпкерлерге мінездеме береді, қазақ тілі бойынша ережені айтады, жаттығу орындайды. 3. Тақырып бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады. 4. Тақырып бойынша шығарма жазады.
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша өткізілген сабақтар үрдісіндегі өзгерістер және нәтижесі
Мұғалімнің іс-әрекеті 1. Топқа бөліп, ой қозғайды. 2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды. 3. Шығармадағы ең құнды мәселелерді анықтау ұсынылады, зерттеледі. 4. Образдылық ерекешелігін тануға бағыттайды, орнына өздерін қойып қарайды, салыстырады. 5. Ойларын жазуды ұсынады. 6. Қорытынды жасауға бағыттайды.
Оқушының іс-әрекеті
1. Топтарда жұмыс жасайды. 2. Мәтінмен өздері танысады. 3. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралайды. 4. Жеке кейіпкерлерді талдайды, олардың іс-әрекетін зерттейді.
Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені – бүгінгі күн талабы.Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.
Бұл технология әлемдік педагогикада жаңалық емес.Ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learning» – бірге үйрену деген мағынаны білдіреді.
Түсіндірме сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі: Жобалау технологиясы – оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі.
Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2- ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған.Оның негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ.Дьюидің ілімін жалғастырушы – Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. «Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық.Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе -- бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі.» - деген екен Хилпатрик.
20 –шы ғасырдың басында жобалау технологиясы Ресей педагогтарының назарын өзіне аудара бастайды. Дегенмен, бірқатар себептерге байланысты , бұл әдістеме кеңінен таралмай, тоқтап қалды:
-жеке баға мен сынақты ұжымдық сынаққа көшіру салдарынан жеке оқушы білімінің төмендеуі т.б. себептер.
Кеңес үкіметі кезеңіндегі мектептерде жобалау технологиясын енгізуге асықпай жүргенде, ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерде: АҚШ-та, Канадада, Англияда, Австралия және Жаңа Зеландияда ол кеңінен таралып жатты.Еуропаның да бірқатар мемлекеттерінде ол кең тамырын терең жая бастады.
Әрине, уақыт өткен сайын бұл технология да бірқатар өзгерістерге ұшырап отырды.Еркін тәрбиелеу ойынан туындаған жобалау әдістемесі біртіндеп «тәртіпке бағынып», білім беру әдістемесі құрамына табыспен еніп отыр.
Бірақ оның негізі, түпкі мақсаты қай кезде болса да қала бермек – оқушыны білім алуға және сол білімін мектеп қабырғасынан шыққанда нақты проблемаларды шеше білуде қолдануға үйрету.
Қазақ педагогикасының атасы Ыбырай Алтынсариннің
«Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық» деген өлең жолдарында осы технологияның негізгі ұстанымдары жатыр.
Өйткені, бұл технология бойынша оқудағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеттері түбегейлі өзгереді. Салыстырып көрелік:
Оқушының іс-әрекеті:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
-Оқушы-оқыту субъектісі.
-Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы.
-Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект.
-Бағыт-бағдар беруші, кеңесші.
-Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы.
-Оқушының жетістігін құптаушы.
-Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі.
-Ынталандырушы, мақсат қоюшы.
-Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға.
-Мақсаттарға жетелеуші.
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Жобалау технологиясын қолдануымның нәтижесі - аудандық ОҒҚ қатысып, қорғаған оқушыларымның жазған ғылыми жобалары. Сондай-ақ сабақ барысында да мынадай жұмыстар жасалды:
Мұғалім – зерттеуші, тәжірибе жинақтаушы, алмастырушы болып ұтымды әдістерді көрсетуі керек. Ең алдымен мұғалім өзі дайын болу керек, жүйеге келтірілген жұмыс оқушыға қызық болады. Оқушылардың таным ой-қабілеттерін дамыту үшін сабақта сан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану дұрыс.
Сонымен оқыту технологиясы бұрыннан келе жатқан классикалық педагогика жетістіктерінен іздене отырып, оны жаңа өнімді әдістермен байытуды, білім алуды оқушының өз іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруды талап етеді.
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа».
Н.Ә.Назарбаев
Пайдаланған әдебиеттер.
«Қазақ тілі: әдістеме» журналы. №4, 2009 жыл.
«Қазақ тілі: әдістеме» журналы. №2, 2010 жыл.
«Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепта» журн. №2,2008ж.
«Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепта» журн. №3,2008ж.