kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі мен ?дебиет саба?ында инновациялы? технологияларды пайдалану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?аза? тілі мен ?дебиеті саба?ында инновациялы? технологияларды пайдалану

«Білім біліктілікке жеткізер баспалда?, ол біліктік сол білімді іске асыру да?дысы» (Ахмет Байт?рсынов)

 Жас ?рпа??а саналы білім беру ?шін м??алімдер ?ауымдасты?ыны? ?осатын ?лесі зор. Ал білім мен т?рбие негізі тіл ар?ылы беріледі. Елбасы Н. ?. Назарбаев атап к?рсеткендей, ?аза?станны? болаша?ы ?аза? тіліні? дамуына, та?дырына тікелей байланысты. Сонды?тан да мемлекеттік тілді? о?ытылу жа?дайына к?п к??іл б?лініп отыр.
Мемлекеттік тіл м?ртебесін ас?а?татып, д?ріптеу, ?олдану аясын ке?ейту жолында ?олданыс?а еніп жат?ан о?ытуды? жа?а технологияларыны? ы?палы зор. Осы т?р?ыдан келгенде ?аза? тілі саба?тарында инновациялы? технологияларды, ?сіресе интерактивті та?таны жиі ?олданамыз.Инновация терминіні? ?зі а?ылшын тіліні? «innovation» деген с?зінен шы??ан, «жа?ашылды?ты енгізу» деген ма?ынаны білдіреді.«Жа?а» деген т?сінік, жа?ында пайда бол?ан. Ашылма?ан, ?ылым айма?ына ж?не практика?а ?атысты, жа?алы? ?рт?рлі т?рде ?олдануы. Практикалы? идея, лабораториялы? іс – т?жірибе, мекемелер мен ?йымдарда жа?а идеяны іске асыру. Со??ы кезде жа?алы? «новация» ??ымы ретінде кездеседі.
Новация дегеніміз – б?л лабораториялы? емес жа?а идеяны бірінші рет ж?зеге асыру, ?ылым ж?зінде пайда болса да, практикада негізделген. Жа?алы? енгізу – мекемеге, ?йым?а ж?не жергілікті айма?ты?, мемлекеттік мекемелерге енгізілген ?лгіге ба?ыттал?ан. [1]
Инновацияда, жа?алы? енгізу, новация бір – бірімен тікелей п?н ретінде байланысты. Инновациялы? процесс т?сінігі, ол барлы? динамикалы? процестерді ?амтып, жа?алы? айма?ында процесуалды? аспектілер, барлы? жа?алы?тарды? ?згеруіне байланысты.
Білім беру ж?йесіндегі инновация - білім ма?сатына жа?ашылы?ты енгізуді к?здейді, о?ыту мен т?рбиені? жа?а ?дісі мен т?рлерін, жа?а мазм?нын ?зірлеуге, ?олданылып отыр?ан педагогикалы? ж?йені тарату мен енгізу мектепті бас?аруды? жа?а технологияларын ?зірлеу, мектеп т?жірибелік орын ретінде мектепті? принципі жа?а білімділік ба?дары ма?сатын, мазм?нын, ?дісін т?рлері мен бас?а компоненттерін к?здейтін ж?йелі сипаттама білім мен т?рбие беруді к?здейді.

Инновациялы? процесті? дамуына 2 - фактор ы?пал етеді:
Объективті фактор – инновациялы? ?ызметті? дамуына ы?пал ететін ж?не оны? н?тижесіні? ??ымын ?амтамасыз ететін жа?дай жасау.
Субъективті фактор – инновациялы? процесті? субъектісімен байланысты, ол инновациялы? процестерді? субъектілері педагог - ?алымдар, м??алімдер мен инновациялы? ба?ытта?ы білім саласыны? ?ызметкері болып табылады[2]
Педагогикалы? инновацияларды классификациялау н?тижесінде біз ?дістемелік инновацияларды к?бірек ?олданамыз.

?дістемелік инновациялар - б?л о?ыту мен т?рбие беру, саба? беру мен о?у, о?у – т?рбиелік процесті ?йымдастыру ?дістемесі саласында?ы инновация. Олар таби?и-?ылыми ж?не гуманитарлы? п?ндерді ?амтитын мектепке дейінгі т?рбиеден жо?ары білім беруге дейінгі о?ыту процесін, кадрларды даярлау ж?не ?айта дайындауды ?амтитын білім беру саласында ке? тара?ан.

Жа?а н?тижеге ба?ыттал?ан білім – инновациялы? білім. ??зіреттілік білім беру жа?дайында ?о?амны? м?дени, ?леуметтік, экономикалы? с?ранысты ?ана?аттандыратын, ?лемдік б?секеге т?теп бере алатын, теориялы? білімін кез келген жа?дайда ?з іс - т?жірибесінде пайдалана алатын білім. [3]

Инновациялы? білім беру – іскерлікті? жа?а т?рі. Инновациялы? ?ызмет о?у ісін дамыту?а, п?ндерді? м?нін тере?детуге, о?ытушыны? к?сіптік шеберлігін арттыру?а бас?а жа?а технологияларды енгізуге, пайдалану?а ж?не шы?армашылы? ж?мыстар ж?ргізуге ба?ыттал?ан. М?ндай технологияларды ?олдану – біріншіден, о?ытушы ?тады, я?ни ол саба?ты тиімді ?йымдастыру?а к?мектеседі, о?ушыны? п?нге деген ?ызы?ушылы?ы артады, екіншіден, о?ушы ?тады, себебі оны? та?ырып бойынша танымы ке?ейеді. Осылайша білім беруді? ?алыптас?ан ?дістемесіне о?ытуды? жа?а технологиясы т?р?ысынан ?згерістер енгізілсе, білім сапасы да арта т?спек.
Я?ни орыс педагогі К. Д. Ушинский айт?андай, ?азіргі заман талабына сай, ?р м??алім ?з білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды саба?тардан г?рі, жа?а талап?а сай инновациялы? технологияларды ?з саба?тарында к?нделікті пайдаланса, саба? тартымды да, м?нді, ?онымды болары с?зсіз деген пікірмен толы?тай келісуге болады.
М??алімні? айт?анын ?зіне ?айталаудан г?рі, о?ушыларды іздендіре отырып, ой - пікірін тайсалмай айту?а ?мтылдыру баланы? ойлау ?абілетін дамытады. Я?ни жа?а технология ?арыштап дамып жат?ан ?о?амда мектеп немесе к?сіптік білім беру т?р?ысынан осы ?дістерді пайдалануды? тиімділігі мол.

?аза? тілі саба?ынан жа?а инновациялы? технологияларды пайдалана отырып, ?з іс - т?жірибемде мынадай ??рылым ж?йесін т?земін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі мен ?дебиет саба?ында инновациялы? технологияларды пайдалану»

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инновациялық технологияларды пайдалану

Тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инновациялық технологияларды пайдалану

«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ол біліктік сол білімді іске асыру дағдысы» (Ахмет Байтұрсынов)

Жас ұрпаққа саналы білім беру үшін мұғалімдер қауымдастығының қосатын үлесі зор. Ал білім мен тәрбие негізі тіл арқылы беріледі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр.
Мемлекеттік тіл мәртебесін асқақтатып, дәріптеу, қолдану аясын кеңейту жолында қолданысқа еніп жатқан оқытудың жаңа технологияларының ықпалы зор. Осы тұрғыдан келгенде қазақ тілі сабақтарында инновациялық технологияларды, әсіресе интерактивті тақтаны жиі қолданамыз.Инновация терминінің өзі ағылшын тілінің «innovation» деген сөзінен шыққан, «жаңашылдықты енгізу» деген мағынаны білдіреді.«Жаңа» деген түсінік, жақында пайда болған. Ашылмаған, ғылым аймағына және практикаға қатысты, жаңалық әртүрлі түрде қолдануы. Практикалық идея, лабораториялық іс – тәжірибе, мекемелер мен ұйымдарда жаңа идеяны іске асыру. Соңғы кезде жаңалық «новация» ұғымы ретінде кездеседі.
Новация дегеніміз – бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру, ғылым жүзінде пайда болса да, практикада негізделген. Жаңалық енгізу – мекемеге, ұйымға және жергілікті аймақтық, мемлекеттік мекемелерге енгізілген үлгіге бағытталған. [1]
Инновацияда, жаңалық енгізу, новация бір – бірімен тікелей пән ретінде байланысты. Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілер, барлық жаңалықтардың өзгеруіне байланысты.
Білім беру жүйесіндегі инновация - білім мақсатына жаңашылықты енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу, мектеп тәжірибелік орын ретінде мектептің принципі жаңа білімділік бағдары мақсатын, мазмұнын, әдісін түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттама білім мен тәрбие беруді көздейді.

Инновациялық процестің дамуына 2 - фактор ықпал етеді:
Объективті фактор – инновациялық қызметтің дамуына ықпал ететін және оның нәтижесінің ұғымын қамтамасыз ететін жағдай жасау.
Субъективті фактор – инновациялық процестің субъектісімен байланысты, ол инновациялық процестердің субъектілері педагог - ғалымдар, мұғалімдер мен инновациялық бағыттағы білім саласының қызметкері болып табылады[2]
Педагогикалық инновацияларды классификациялау нәтижесінде біз әдістемелік инновацияларды көбірек қолданамыз.

Әдістемелік инновациялар - бұл оқыту мен тәрбие беру, сабақ беру мен оқу, оқу – тәрбиелік процесті ұйымдастыру әдістемесі саласындағы инновация. Олар табиғи-ғылыми және гуманитарлық пәндерді қамтитын мектепке дейінгі тәрбиеден жоғары білім беруге дейінгі оқыту процесін, кадрларды даярлау және қайта дайындауды қамтитын білім беру саласында кең тараған.

Жаңа нәтижеге бағытталған білім – инновациялық білім. Құзіреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс - тәжірибесінде пайдалана алатын білім. [3]

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек.
Яғни орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды болары сөзсіз деген пікірмен толықтай келісуге болады.
Мұғалімнің айтқанын өзіне қайталаудан гөрі, оқушыларды іздендіре отырып, ой - пікірін тайсалмай айтуға ұмтылдыру баланың ойлау қабілетін дамытады. Яғни жаңа технология қарыштап дамып жатқан қоғамда мектеп немесе кәсіптік білім беру тұрғысынан осы әдістерді пайдаланудың тиімділігі мол.

Қазақ тілі сабағынан жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, өз іс - тәжірибемде мынадай құрылым жүйесін түземін.





Гильманова Гүлжанар, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Орал қаласы, Батыс Казакстан инженерлик – технологиялык колледжiнің окытушысы.

“Білімді ұрпақ-болашақтың кепілі”,- демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі-мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман тала-бына сай үйлестіре алу міндөті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мұғалім өз білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс.

Міне, қазіргі білім беруді дамыту.оқыту үрдісін жетілдіріп, оны аса жауапкершілікпен ұйымдастырып отыру керектігі туралы ойларды А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды алаш арыстары сол кездің өзінде-ақ айтып кеткен.

Қазіргі танда педагогикалық жаңаша үрдістерде білім мен тәрбие берудегі ізгілендіру, жариялылық, педагогикалық ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік тың ізденістерге сүйене отырып, жаңашылдыққа талпыну қажет екендігін айтады.

Оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық. коммуникациялық желілерге шығу-XXI ғасырдың басты талабы.

“Педагогикалық технология” дегенімізді В.П Беспаленко “Слагаемое педагогической технологии” деген еңбегінде былай дейді: “Оқу-тәрбие үрдісінің алдын-ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асу жобасы”. Технология-қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын, нақты мақсаттардың алдын ала ойластырылған нақты жобасы, ягни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы.

Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу-оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі.

Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалана отырып, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш, шығармашалықпен жұмыс істейтін тұлғаны тәрбиелеу тиімді.

Оқушылардың рухани-шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту салауатты өмір сүру салтының берік негіздерін қалыптастыруда, кешегі мен бүгінгіні салыстыра айта білудегі қабілеттерін шыңдауда пән мүғалімінің атқарар жүгі ауыр. Оқушылардың ой еркіндігін жетілдіру ғылыми шыгармашылыққа баулу-білім беру ісін демократияландырудың негізі болып табылады. Әсіресе, әдебиет пәнін терендетіп оқытуда оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу тәсілдері, әр түрлі ізденіс сипатындағы тапсыр-маларды жүйесімен нақты орындату.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы шын мәніндегі басты жаңалық пен жақсылықтың нышаны болды. XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау тақырыбы-Жолдаудың басты бөлімдерінің бірі “Қазір бой жарыстаратын емес, ой жарыстыратын заман” деп Елбасымыз айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңі екені даусыз Елбасының Жолдауы көзі қарақты, көкірегі ояу, ел болашағын ойлайтын әр ұстазға үлкен жауапкершілік жүктейді.

“Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер”,- деп Ж. Аймауытов айтқандай, сабақ беруді өнер деп бағалау тегін емес. Соның ішінде әдебиет сабағы – асыл өнер сабағы. Асыл сөз өнерін терең ой мен эмоция, сезімге беріліп, шабыттана қиялдау, елестету, болжау мен оқушыларды шығармашылыққа жетелейтін өнер сабағы. Сабақ үрдісінде берілетін мазмұнды бүгінгі күннің өзекті проблемасының байланыстыра өту – балаға ой салу, ойланту, өмір сабағы.

Оқыту-арнайы танымдық іс-әрекет. Ол – негізгі ойдың, ақылдың жұмысы. Оқыту арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Оқыту процесінің жүйелі, түсінікті, нақты қалыптасуы танымдық іс-әрекеттің маңыздылығын арттырады. Олай болса, “Білімдендіруді жүзеге асыратын-мұғалім”, – дейді Ж. Аймауытов.

Ендеше, мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытады.

/Қазақ және әлем әдебиеті. №5-6 (24) 2007 жыл/

Бүгінгі танда технологиялар өз қолдауларын тауып, оқу үрдісінде қолданылуда. Технология – бұл қандай да бір жұмысты, өнерді шеберлікпен іске асыру жиынтығы. Әдебиет сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қолдануға ыңғайлы, былайша айтқаңда, барша үшін қоғамдық маңызы мен мәні зор идеяларды игеруге болатын нақтылы әдістер және тәсілдер.

 

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:

- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;

- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық;

- үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

“Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту” технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:

  1. Қызығушылықты ояту;

  2. Мағынаны тану;

  3. Ой – толғаныс.

Осы кезендердін ұтымды өткізілуі мынадай нэтижелерге кол жеткізеді:

оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді;

басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және түсіністікпен қарауға үйретеді;

өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды;

керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның дамуын қамтамасыз етеді;

ең бастысы – оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады, сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады.

Мысалы, М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын талдау барысында әр оқушы өз ойын айтуға мүмкіндік алады.

Топтық жұмыс:

а) оқушылар поэманы оқып, мазмұнымен танысады

ә) Поэманың басты мақсатын ашады.

Поэманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, бір-бірін толықтыру:

- поэманың кейіпкерлерін атау;

- неліктен Баян інісі Ноянды  өлтірді?

Талдау жұмыстарын, ең алдымен, оқушыларға поэмадағы  басты оқиғаларды тапқызып, әрқайсысына тақырып бойынша сұрақ қойғызу арқылы бастаған тиімді. Оқушылардың өз бетімен ізденуін, белсенді түрде жүмыс істеуін көздеп, “осы оқиғадағы  кейіпкерлер қандай іс-әрекет жасады” деген сұрақ беріледі. Бұл сұраққа жауапты балалар  өз бетінше жеткізуге талаптанады және жұмыстарының нәтижесін дәптерлеріне жазып отырады.

Баян мен Ноянға мінездеме беру бойынша жұмыс

а) поэмадан кейіпкерлердің  мінездерін айқын суреттейтін көрініс көрсетіледі;

ә) сабақ барысында оқушылар өз таңдаулары бойынша «Поэмадағы ең бақытсыз жан» деген тақырыпта «5 минуттық эссе» жазылып, екі топқа бөлініп, әр топ мүшесі өзі тандап алған кейіпкердің өзгешелігін айтады.

Балалар поэманын негізгі тақырыптарын айтады:

Отанын, елін, жерін сүюге, адамгершілікке, сабырлылыққа, мейірімділікке, басқа да өнегелі істерге үйрету.

Осы тақырыптарға сәйкес мақал-мәтелдер айтылады.

Ең соңында поэма мазмұны бойынша суреттер салынады.

Сабақты қорытындылау. Сауалдарға жауап айтқызу:

1) Баян мен Ноянның   жағдайына тап болсаңдар, сендер не істер

едіндер?

2) М.Жұмабаев поэмасынан  өздеріңе қандай тәлім-тәрбие алдыңдар?

Үйге: Поэма бойынша шығарма жазу немесе табиғатты суреттейтін жолдарын тауып, поэмаға қандай қатысы бар екенін анықтау.

Осындай сабақ барысында оқушылар өздерінің, бір-бірінің ой-пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа тың идеялар туғызады. Сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар мұндай сабақтарда оқудың қызықты әрі жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатыңдығын баяңдайды.

/Қазақ әдебиеті. 11 сынып Алматы «Мектеп 2007 жыл»/

Баяндамамды аяқтай келе, жеңіс атаулының бәрі өзіңді жеңуден бастала-ды дегендей, кездескен қиындықтарды жеңіп, кәсіби деңгейімізді дамытып, Елбасы Н. Назарбаевтың: “Біздің міндетіміз-бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу”,- деген пікіріне қосыла отырып, саналы, білімді ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздық рух, дана да, батыр да бас иетін ұлылық тілеймін.

/Қазақ және әлем әдебиеті №5-6 (24) 2007 жыл

 

 

Пайданалынған әдебиеті:

  1. Қазақ және әлем әдебиеті №5-6 (24) 2007 жыл. 19-20-беттері.

  2. Қазақ тілімен әдебиеті орыс мектебінде №2 2009 жыл 18-19-20-22 беттері.

  3. Қазақ әдебиеті 11 сынып Алматы «Мектеп» 2007 жыл 100-111 беттері

  4. Қазақ және әлем әдебиеті №5-6 (24) 2007 жыл. 20 бет.








Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік тілдің дәрежесі біршама деңгейге көтеріліп барып қайта құлдырағаны немесе бәсеңдегені белгілі. Бұл тіл үйретудегі инновациялық технологияларды қолданбағандықтан болса керек. Осы мақсатта 2013 жылдың 9 ақпанында Сүлеймен Демирел атындағы университет қабырғасында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Алматы облысы және қалалық орта мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық технологиялары: Бүгіні мен болашағы » атты ғылыми-әдістеметік семинар болып өтті. семинарда бас қосқан Алматы облысының барлық мектебінен келген 170 аса мұғалім қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың инновациялық технологияларын пайдаланудың негізгі мақсаты мен жолдарын іздестірді. Семинар аясында алыс аудандар мен ауылдардан келген мұғалімдерге университет ұжымы тарапынан арнайы сертификаттар мен мақтау қағаздары тапсырылды. Бұл семинардың негізгі мақсаты қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруға ықпал ету еді.
Семинарға бас қосқандар Қазақ тілінің әлемдік аренадағы орны, оның сөздік қорының байлығы және жаһандану дәуіріндегі өзекті мәселелерін тілгетиек етті. - «Қазақ тілі сөздік қоры жөнінен Арабтар мен Ағылшындардан кейінгі үшінші орынға ие тіл екен. Алайда, сондай мол сөздік мұрамен оның күнделікті тіршілігіміздегі қолдану аясына келгенде әлем бойынша 70-ші орынды тұрақтап тұр екенбіз. Енді сол жетпісінші орыннан төмен сырғып кетпеу үшін біз бүгін дамылсыз еңбек етуіміз керек»-деді семинардың ашылуында сөз алған Сүлеймен Демирел университетінің профессоры Дандай Ысқақұлы.
Семинар барысында Қазақ тілін ұлттық таныммен байланыстыра оқытудың тиімділігі, қазақ әдебиетін оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану жолдары, қазақ орфоэпиясы бойынша тілтанымдық жаңартуларды оқыту жүйесіне енгізу сондай-ақ латын негізіндегі жаңа қазақ жазуы: әліпбиі, графикасы және орфографиясы сынды өзекті тақырыптар бойынша дәрістер жүргізілді. Дәрістерді А.Байтұрсынов атындағы тіл білі институты мен Сүлеймен Демирел университеті профессорлары жүргізді.
Сүлеймен Демирел университеті мен Алматы қалалық білім департаменті бірлесе ұйымдастырған бұндай семинар дәстүрлі түрде өз жалғасын табары сөзсіз.
Нұргелді Әбдіғаниұлы
СДУ филилогия факультетінің ассистенті























Қазақ тілі сабағында  жаңа  технологияларды  пайдаланудың  тиімділігі 

                                             

 

                                                           Г.Мағзұмова, Ақкөл орта мектебінің           

                                                           қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Ата- бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке биылғы жылы 20- жыл толып отыр.Қазақ елі бұл күнде әлемге танымал.Егемен ел болуды армандап,өмірлері күреспен өткен бірнеше буын көре алмай кеткен тәуелсіздік біздің ұрпаққа бұйырды.Тәуелсіздікті  тұғырлы, баянды етуде біздер, мұғалімдер қауымының қосатын үлесі аз емес, өйткені біз



елдің ертеңгі тірегі жас ұрпаққа білім беру ісімен айналысамыз.Бұл  міндет  бізден  өсіп  келе  жатқан  жас  буынды тәрбиелеуге үлкен күш жүгер жұмсауды талап етеді.Білім беру саласы еліміз дамуының басты бағыттарының бірі ретінде таңдалып отырғаны тегін емес. Бүгінде Қазақстанды бүкіләлемдік қауымдастық  қарқынды дамып келе жатқан,келешегі кемел ел ретінде мойындап отыр.               Тәуелсіздік жылдары Қазақстан қоғамының көптеген салаларында едәуір жетістіктерге қол жеткізді.Ел дамуындағы жаңа тарихи кезең мемлекет дамуының жаңа деңгейін қамтамасыз етудегі маңызды факторлардың бірі болып табылатын білім беру жүйесінің алдына үлкен міндеттер қояды.Ол негізінен білім беру жүйесінің халықаралық білім жүйесіне интеграциялануына байланысты осы салаға жаңа үрдістерді батыл енгізу сияқты міндеттерден туындайды.Өйткені,бүгінгі заман талабы бойынша шын сауатты адамның білімі мен біліктілігі, дағдылары әлемнің  кез – келген елінде қолданысқа жарайтын ,яғни халықаралық стандарттарға сай болуы тиіс. Отандық  білім беру жүйесі қызметкерлерінің  қазіргі мақсаты мен міндеті -Қазақстан Республикасының инновациялық-индустриалдық даму стратегиясына сәйкес экономикасы дамыған,бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру жолында еңбек ететін ертеңгі білікті де білімді мамандар даярлау.

   Қазақстан Республикасынының тәуелсіздігінің жиырма жылдығы біз еңбек ететін Ақкөл орта мектебіне тересесін кең ашып келуде.Осы жылдар ішінде мектеп сандаған ұрпаққа білім беріп,тәрбиелеп шығарды.

   Мен осы мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып қызмет істеймін,жалпы еңбек өтілімім он бір жыл.Бұл уақыт ішінде шәкірттерімнің білімнің биік шындарын бағындыруына үлес қосып келемін.Еліміздің ертеңі жастардың қолында. Ал жастарға берілген білім мен тәрбиенің негізі тіл арқылы келеді.Тәуелсіздіктің ең үлкен жетістіктерінің  бірі ана тіліміміздің мемлекттік мәртебе алуы десек, қазіргі уақытта елімізде қазақ тілін меңгеруге баса назар аударылып отырғаны белгілі.Соның бір дәлелі,бүгінде қазақ тілінде сөйлейтін өзге ұлт пен ұлыс өкілдерінің саны өсу үрдісі байқалады. Мен орыс тілінде білім алатын оқушыларға қазақ тілі мен әдебиеті пәні  бойынша  сабақ беремін. «Жүзі басқа болса да жүрегі бір,тілі басқа болса да тілегі бір,атасы басқа болса да Отаны бір»қаншама ұлттар мен  ұлыстардың басын біріктіріп отырған елімізде көп ұлт өкілдері  тұратын ел болуымыз біздің байлығымыз,мақтанышымыз. Мемлекеттік тілде сөйлеуге әсіресе жастардың ұмтылысы мен қызығушылығы артуда. Бұған күнделікті жұмыс барысында көз  жеткізіп  жүрміз.  Елбасы    Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей,Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына,тағдырына тікелей байланысты.Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр. Бұл үдерісті де тәуелсіздіктің жемісі деп білеміз.

   Мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтып,қолданыс аясын кеңейтуде бүгінгі таңда педагогика саласында кең үрдіс алып қолданысқа енгізіліп жатқан оқытудың жаңа технологияларының ықпалы зор.Осы тұрғыда  арнайы технологиялық  ақпараттық құралдар негізіндегі педагогикалық технологияларды біз қазақ тілі сабақтарында да кеңінен пайдаланамыз.Олардың қатарында интерактивті тақтаны  жиі қолданамыз .Жаңа технологиялар білім беру мен тәрбие жүйесін бірдей қамтуымен ерекшеленеді.Жаңа ақпараттық  технологияларды пайдалану-педагогикалық  іс- әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден- бір жолы.

   Ақпараттық  технологияларды пайдаланып оқыту мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді;                                                

- оқу материалын терең түсіну;                                                                       

- оқу мотивациясының  артуы;                                                                   

 -алған білімнің неғұрлым  ұзақ  уақыт есте сақталуы;                                  

Заман талабына сай күнделікті сабақ  барысында  бейне және аудио құрылғыларды,теледидарды,компьютерді,сондай- ақ  электронды оқулықты,интерактивті тақтаны қолдану оқушылардың  тілді үйренуге    деген  белсенділігін  арттырып , ең  бастысы  олардың шығармашылықпен  жұмыс істеуіне жағдай жасайды.                               Сабақ барысында кеңінен қолданып жүрген технологиялардың бірі – модульді оқыту.Модульді оқыту технологиясы негізінен үш бөлімнен тұрады(кіріспе,сөйлесу бөлімі,қорытынды(.                                                  Кіріспе бөлімде мұғалім оқушыларды  оқу  модулінің  жалпы құрылымымен,мақсат -міндеттерімен таныстырады.                                 Сөйлесу  бөлімі танымдық қызметі бойынша оқушының әр сабақ сайын үш күрделілік  деңгейінде берілетін оқу материалын тыңдау,жазу,көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құралады.                                             Оқу модулінің қорытынды бөлімі-бақылау.Бұл бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін,білігі мен дағдырларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде оқу пәнінің ерекшелігіне қарай тестілік тапсырмалар,бақылау жұмыстары,сынақ шығарма немесе диктант жазу қолданыладығ.

   Жалпы айтқанда,оқытудың жаңа технологиялары-алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз етуге арналған оқытудың әдіс- құралдары мен  түрлерінің  жүйесі арқылы оқыту мазмұнын,әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігін қамтиды, ал қажетті мазмұн, тиімді әдістер мен құралдарды таңдау мұғалімнің шеберлігіне  байланысты.Мұндағы оқу мазмұнының мақсаты-оқушының қабілеттілігі мен табиғи алғырлығын,ынтасын дамыту,мүддесі  мен қызығушылығын жүзеге асыруын қамтамасыз ету.Осылайша,әрбір  оқушының шығармашылық ойын қалыптастыруға қажетті білім,білік және дағдылармен қаруландыру арқылы кез келген салада қызмет етуге және бүгінгі сәт сайын жылдам өзгеріп отыратын заман талабына лайық тез бейімделе алатын түлектер тәрбиелей аламыз.

   Қоғам мен мемлекеттің дамуы мен болашағы білім беру саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер артып отыр.Мұғалім өз пәнін терең білумен бірге ақпараттық жағынан өте сауатты,шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлға болуы тиіс.Міне,сондықтан да мен оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгерген ұстаз ғана сапалы білім бере алады деп санаймын.                                                                                                                                                                                                                               

                                                           

                                           

ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бөрібекова Ф.,  Жанатбекова,  Кусаинова А.А.

И.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

 

Резюме В работе изложены рассмотрены основные особенности использования инновационных технологии в учебном процессе

 

Abstrakct  In work are stated actual problems of the system of the formation, as well as are considered main particularities of the use innovation technologies in scholastic process

 

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім  беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді  міндеттейді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. ” Масырова Р.Линчевская Т – “Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.

Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).

Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:

-  дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік,  адамгершілік  қасиеттерді  қалыптастыра отырып,  жеке  тұлғаның  әлеуметтік-психологиялық  жауапкершілін арттырады.

-  қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;

-  оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;

-  саралап   деңгейлел   оқыту   технологиясында   оқытудың   мазмұны   мен   әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.

- ақпараттық  бағдарламалап   оқыту – оқытудың  мазмұнын  пәнаралық  байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

- иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;

- ізгілендіру технологиясында  педагогика ғылымының  алдыңғы  қатарлы  ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала –субъект»,  «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да,  ал  ғылыми   білімдер «оның  тұрмысының  әлеуметтік  жағдайы  мен  іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;

Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге  бөлуге болады .

Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновация  – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта  білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады.

Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен.

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтай біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды:

Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді.

Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайындығы мен мәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үрдістің заңдылықтары, мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үрдістің теориялық негіздерін және жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білуі, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады.

Бейімділік өлшемдерін болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті атады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен оқытушы, ұстаз мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-әрекетті жүзеге асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді.

Танымдық өлшемдері болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерін пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны біліп тануы, кәсіптік білімін өз тәжірибесінде қолдана білуі, инновациялық педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады.

Іс-әрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттерін  анықтай алуы және педагогикалық қарым-қатынастық үрдісті тиімді  жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен өлшенеді.

Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндетттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық -педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу- тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым- қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны  таңдай алуы қажет.

Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық  ептілікті,      шығармашылық белсенділікті болашақ маманның  шығармашылық-ізденушілік   дамыту   кіреді.  Оған болашақ маманның ғылыми – зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік  жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады.

Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен  ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция,  қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң  нәтиже көрсеткіші пайда болады.

Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:  инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.

Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ: білім сапасының төмендігі; білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы; құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы; білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы; білім  алушылар  мен  оқытушылардың  бірлескен  шығармашылық  еңбектерінің болмауы.

Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Инновациялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:

-  білім алушылардың білім, білік сапасын  арттырудағы    жаңа   инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

- жаңа   инновациялык   технологияларды   енгізу   жүйелі  әрі   мақсатты  түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;

- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір         шарты  -  оқу   орындарындағы   білім   беру   процесіне   жаңа инновациялық технологияларды  енгізу екендігі  сөзсіз  түсінікті. Сондықтан  ғылыми-техникалық  прогрестен   қалыспай,   жаңа  педагогикалық   инновацияларды  дер  кезінде қабылдап,   өңдеп,   нәтижелі   пайдалана  білу –  әрбір  ұстаздың   негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.

Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

- әрбір білім алушының білім  алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

-  білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

-  өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

-  аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

 

Әдебиеттер

1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.

2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004

3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008

4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007

5. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза? тілі мен ?дебиет саба?ында инновациялы? технологияларды пайдалану

Автор: ?ліпаева Айгерім ?али?ан?ызы

Дата: 10.02.2016

Номер свидетельства: 291145


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства