kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мұғалім мәртебесін көтеру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ халқының Ұлы перзенті

Ұстаз. “Ұстаз” деген ұлы сөзді аузыма алсам болды,  Абай атамыз бен  Ыбырай атамыздың  портреті  және бір шумақ  өлеңі ойыма орала кетеді.  Бірі “кел, балалар оқылық” деп жастарды білімге шақырса, енді бірі  “ғылым таппай мақтанба”  білімсіздің күні қараңғы деп қалың еліне жар салды. Сөйтіп  олар Сұлтанмахмұтша айтсақ “қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болып”,  ұланғайыр далаға шуақ болып төгіліп, нұр болып құйылып, қарапайым халықтың көзін ашып, көкірегін оятқан еді.  “Дүниенің кілті – білімде”, “өнер-білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды”  деп қазақтың өркениеті білім мен ғылымда екенін жете түсінген, Ыбырай атамыз салт басты, сабау қамшысымен жүріп-ақ  қазақ педагогикасының  негізін қалапты. Сондай-ақ,  Ұлы ұстаз  қиын-қыстау, қазақтың  балапаны басына, тұрымтайы тұсына ұшқан заманда өмір сүрсе де алғаш рет Алаш даласына мектеп ашқаны қазақ үшін үлкен жаңалық еді. “Мектеп жаны – мұғалім”,  “мұғалім – мектептің жүрегі”  дегенді ескерген ұстаз қажымай-талмай еңбек ете жүріп, балаларға арнап «қазақ хрестоматиясы» деген әдеби кітабын бастырып шығарады. Мұнда әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңарта отырып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн көрсетіп,  балаларға арналған әңгiмелер, өлеңдер жазады.

Сөйтіп Ыбырай атамыз балалар әдебиетінің негізін қалай отырып, көркем әңгімелермен оқушылардың танымын кеңейтіп, өресін биіктеткен  жаңашыл ұстаздың  образына айналған  екен.

“Біз надан боп өсірдік,

Иектегі сақалды.

“Өнер – жігіт көркі” деп,

Ескермедік мақалды”сияқты өлеңдерімен күйіне отырып, ағарту ісіне де ат салысты. «Бай баласы мен жарлы баласы»,  «Қыпшақ Сейітқұл»,  «Надандық» сияқты тұшымды әңгімелердің өзі ойға қонымды, оқырманды бірден баурап алатын шығармалар қатарынан көрінді. Әңгіменің  идеясы мен тақырыбының өзі өміршеңдік, қазақ балаларын еңбекқорлыққа, білімге, ақылды-жігерлі болуға  шақырады. Сондай-ақ,  адамгергшілік пен адалдықтың негізі иман мен исламда жатқанын түсінген ұстаз «Мұсылманшылдықтың тұтқасы» кітабын жазып шығады. Кітаптың  бір өлеңінде:

“Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен,

Кете бер, кессе басың, шындықпенен,

Қорек тал бейнеттен де, тәңірім жәрдем,

Телмірме бір адамға мұңдықпенен.

Әй, жігіттер,үлгі алмаңыз

Азған елдің ішінен.

Алыс-алыс қашыңыздар

Зияндасты кісіден.

Жақсыны көзден салмаңыздар,

Жақсыдан қапыл қалмаңыздар” дейді.

Міне осындай ұлы ұстаздың бастамасымен Алаштың кейінгі қайраткерлері дүниеге келді. Олар да Ыбырай атамыздың жолымен қазақтың ағарту ісіне барын салып,  ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов Алаш үкіметін құрса, Міржақып Дулатов алғаш рет қазақ романы «Бақытсыз Жамалды» жазады. Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш», «Тіл құрал», Халел Досмұхамедұлы «Есеп құралын», Мағжан Жұмабаев «Педагогика» Жүсіпбек Аймауытов  «Психология» кітаптарын жазып қазақтың білім-ғылымының негізін қалаған екен. Сынаптай зырғып, заман дамып одан бері де бір ғасырдан асыпты. Қазақтың қазіргі ұрпағы солар жүйелеген өнер, білім-ғылымын оқып,  тәуелсіз елдің арқалы азаматтары болып күн кешуде. Мұның бәрін неге айтып отырмын?. Осындай есіл ерлер ел есінде қалуы керек. Біз шәкірттер, оқушылар, дария кеуде ұстаздарымыздың айтқанын істеп, үйреткенін үйреніп, қорғасын ойды қорыта айтқан сөздерін санамызға сақтап, жүрегімізге жаттап өссек – мақсатымыз айқын, болашағымыз жарқын болары анық. Мүмкін, әлі талай Ыбырай, Абай, Ахаң атамыз сияқты алыптар дүниеге келетін шығар?.

Атам қазақ: “Ұстазсыз шәкірт – тұл, ұстазға хан да қара да басын иген” деп бекер айтпаса керек.  Арқалағаны – алтын, жегені – жантақ болса да ең құрметке лайық адамдар сол – ұстаздар.

Сөз соңында айтарым, ұстаздарымыздың мерейі үстем, мәртебесі биік болсын!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Мұғалім мәртебесін көтеру

Автор: Адият Хамбар

Дата: 10.05.2017

Номер свидетельства: 414148

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "О?ушыларды? ?БТ-?а дайынды? сапасын арттыруда?ы ?Б мен м??алімдер ?ызметі."
    ["seo_title"] => string(67) "okushylardynubtgadaiyndyksapasynarttyrudagybmienmugalimdierkyzmieti"
    ["file_id"] => string(6) "307447"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1458327952"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "?аза? музыкасыны? ??діреті "
    ["seo_title"] => string(30) "k-azak-muzykasynyn-k-u-dirieti"
    ["file_id"] => string(6) "158919"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421831178"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан "Алатауды? м?збала?ы" атты ?деби кеш"
    ["seo_title"] => string(59) "mukagalimakataievkaarnalganalataudynmuzbalagyattydiebikiesh"
    ["file_id"] => string(6) "278428"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453091252"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Мақала "Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде""
    ["seo_title"] => string(43) "makala_kazakstannyn_bolashagy_kazak_tilinde"
    ["file_id"] => string(6) "514613"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1560418663"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "?аза? хал?ыны? ?алыптасу кезе?дері "
    ["seo_title"] => string(42) "k-azak-khalk-ynyn-k-alyptasu-kiezien-dieri"
    ["file_id"] => string(6) "174641"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424164675"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства