Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.Ақынның лирикасы мен поэмалары,драматургиясы мен прозасының тақырыптары,көркемдік ерекшеліктері жайында білім беру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Білімділік:Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.Ақынның лирикасы мен поэмалары,драматургиясы мен прозасының тақырыптары,көркемдік ерекшеліктері жайында білім беру.
Дамытушылық: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірін қорғауға дағдыландыру,дүниетанымын кеңейту,ойлау өрісін дамыту,зерттеу жұмыстарына баулу.
Тәрбиелік: Студенттердің бойында прозаға,жазушылық өнерге құрметін, сүйіспеншілігін ояту,өнерге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ типі: іздендіру сабағы Сабақтың әдіс - тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау,ой белсенділігін арттыру,сұрақ-жауап,әңгімелеу,салыстыру,баяндау.
шығармашылығына арналған презентациялық слайдтар,деректі тарихи мәліметтер,репрессия құрбандары туралы видео-бейне мәліметтер. Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, дайындығына назар аудару.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа сабақ.
Мұғалім:Бейімбет(Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы,Қостанай уезі,Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде(қазіргі Қостанай облысы,Таран ауданы,Майлин атындағы ауылда) туған.Екі жасында әкеден жетім қалған Бейімбет бір байдың сауыншысы боп жүрген анасының қолында тәрбиеленеді.Жетіге жеткен соң өзі де сол байдың қозысын бағады.
Өмірімде көргенім-күңдік,құлдық,
Бұл жалғанда бар ма екен біздей мұңдық...-
деп гөй-гөйлейді.Майлин алғаш рет ауыл молдасынан сауат ашып,хат таниды.Содан соң есігінде жүрген бай үйінде тұратын Әбдірахман Сатыбалдин деген татар мұғалімінен дәріс алады.Көрші ауылдағы Әбдірахман Арғынбаевтың медресесіне түсіп,екі жыл (1910-1912) оқиды.1913-1914 жылдарда Троицкідегі «Уазифа» мектебінде,одан кейін Уфа қаласындағы Медресе-Ғалияда оқиды. «Садақ» атты қолжазба журналын шығарады.1914 жылғы журналдың үш санында «Шұғаның белгісі» повесін жариялайды.1915 жылы дәрігерге көрінбек болып Троицк қаласына қайта оралып, «Айқап» журналында қызметте жүрген С.Торайғыровпен,М.Сералинмен танысады.
Журналда бірнеше өлеңдер жариялайды.1916 жылы еліне келіп,ұстаздық етеді.1919-1921 жылдары ауылдағы Кеңес жұмысына араласады.1922 жылы Сәкен Сейфуллиннің араласуымен Орынборға келіп,баспасөз қызметіне қызу араласады.1923 жылы Қостанай қаласына барып, «Ауыл» деген жаңа газет шығарысады.Көптеген новеллалары,сықақ әңгімелері,белгілі «Раушан-коммунист» хикаяты осы газет бетіне шығады.1925 жылы Қызылордаға келіп,баспасөз және баспа орындарында түрлі қызметтер атқарады.1934-1937 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып істейді.
Б.Майлин 1938 жылы жазықсыз атылды.
Ақындығы. Б.Майлин-ақын.Ол әдебиеттегі алғашқы адымын өлеңнен бастады. «Жаңа әдебиет» журналының 1931 жылғы 6-7 санында: «Менің бұл күнге дейін жазған тақырыбым ауыл туралы ғана болып келеді» деп ашып айтты.Бейімбеттің дала жырларының өзіндік ерекшеліктері мол.
Сенің зарың-зарлайтыным өмірге,
Сенің арың-арлайтыным өмірде.
Майлин жырлаған қазақ ауылы екеу:революцияға дейінгі ескі ауыл,революциядан кейінгі жаңа ауыл.Әйел теңсіздігі тақырыбында «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқан келіншек», «Зәйкүл», «Маржан» сияқты дастандар жазған.Махаббат тақырыбындағы поэмаларға «Рәзия қыз»(1919), «Маржанды»(1933) жатқызуға болады.
Драматургиясы.Б.Майлин «Шаншар молда», «Ауыл мектебі»,«Некеқияр»,«Жасырын жиылыс»,«Келін мен шешей»,«Қос қақпан» сияқты шағын пьесалар мен қазақ даласындағы 1916 жылығ ұлт-азаттық қозғалысына арналған «Жалбыр»,«Амангелді», азамат соғысының қызыл партизандар тұрмысынан туған «Біздің жігіттер» және «Көзілдірік»,«Талтаңбайдың тәртібі»,
«Майдан » тәрізді көпактілі комедиялар мен драмалар қалдырды.
«Майдан»- Майлин драматургиясының жон арқасы тәрізді жоталы туынды.Ол 1930 жылы жазылған.Талантты режиссер Жұмат Шанин 1931 жылғы 14 сәуірде сахнаға шығарды.Драмалық шығарма Қазақстандағы колхоздастыру тарихына,тақырыбына арналған.
Прозасы.Б.Майлиннің көркем шығармадағы көрнекті туындысы- «Шұғаның белгісі».Бұл классикалық туындыға айналған.
«Сексен сом» атты әңгімеде бас кейіпкердің кедей екені айтылмайды,көрсетіледі.
«Кедей теңдігі»-қысқа,бар болғаны үш-ақ парақтан тұратын әңгіме.Осында Бұқабай деген кедейдің ұзын өмірі үш кезеңде,үш түрлі сипатта және ылғи ғана қозғалыс-өсу,өзгеру үстінде суреттеледі.Осының бәрі күшті логикамен өрбіп,қоспасыз шындық қалпында шынайы көрсетіледі.
«Айранбай»-терең психологиялық әңгіме.Мұнда Айранбай етікшінің өзімен аталас Кемелбей-шонжарға тәуелділіктен біржола бас тартып,енді «қазына асырайды» деп «коммуниске» жазылғаны,сөйтіп кедейдің тұрмысы тұрмақ, санасы қалай «революцияланғаны» психологиялық дәлелдермен аса нанымды суреттеледі.
Осы секілді шебер жазылған әңгімелердің бірі- «Арыстанбайдың Мұқышы».Шағын,4-ақ бет шығарма.Сөйте тұра,осының өзі-кішкене әңгімеге үлкен шындық сыйғызып,ол шындықты шыңдап қана қоймай,тастан қашалғандай тип,мезгіл мінезіне суарылған характер арқылы шегелей білудің үлгісі.
Қорыта келгенде,Б.Майлин- қысқа әңгіме жазудың қас шебері.
4.Бекіту.
1.Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылық жолы туралы әңгімелеңдер.